Эффузиялық тау жыныстары – лаваның жер бетінде немесе жер қыртысының жоғарғы қат-қабаттары арасында суынуынан түзілген атпа магмалық тау жыныстары.
Агломерат (латынның aglomeratus - деген сөз) - металлургияда темiрдi әк таспен және кокспен қыздырып күйдiргенде алатын темiр рудасының кесектерi.
Акционер- акция ұстаушы, басқалармен бiрге акционерлiк кәсiпорынның ортақ иесi.
Акционерлiк қоғам - нарықты қатынастар жағдайында қаржыны орталықтандырудың бiр түрi. Бiрнеше жеке қаржының бiрiгуi арқылы акция шығарып оны сатудан түскен пайданы өзара дивидент түрiнде бөлiсуге бағытталған қоғамдастық.
Акция- иесiнiң акционерлiк қоғам капиталына белгiлi мөлшерде үлес қосқандығын куәландыратын бағалы қағаз. Ол дивидент түрiндегi пайданың бiр бөлiгiн алуға құқық бередi.
Аренда - жердi, малды, егiстiктi, кәсiпорын, құрылысты, техниканы, үйдi, мүлiктi уақытша немесе ұзақ мерзiмге пайдалану үшiн жасалған шарт бойынша белгiлi уақытқа жалдап алу немесе жалға беру, келiсiлген аренда ақысы төленедi.