Дүниежүзiлiк нарық- өзара сыртқы сауда, тағы басқа да экономикалық қатынастар түрлерi арқылы байланысқан елдердiң арасындағы нарықтарының жиынтығы, яғни тауар айналасының өрiсi. Дүниежүзiлiк нарықтың тауар айналымы халықаралық еңбек бөлiнiсiне негiзделедi. Дүниежүзiлiк нарықта бәсеке заңы әрекет етедi, сол үшiн бәрi де тырысады.
Е
Еркiн сауда аймағы - экономикалық интеграцияның сатысы (құрылуы). Еркiн сауда аймағының шеңберiнде оған кiретiн елдердiң - аймақ мүшелерiнiң арасындағы тауар айналымына тарифтiк және мөлшер жағынан шек қоюшылық жойылатын болады.
Еңбек биржасы - жұмысшы күшiн, еңбектi алып-сату кезiнде жұмысшылар мен кәсiпорындар арасындағы делдалдық қызметтi жүйелi атқаратын мемлекеттiк мекеме.