Мемлекеттiк меншiк - мемлекет қоғамдық байлықтың белгiлi бiр бөлiгiн (жердi, суды, оның байлықтарын, өндiрiстiң мемлекеттiң өмiр сүруi үшiн аса маңыздыларын) өз меншiгiне алады.
Миграция- көшiп қону. Бұл еңбекке жарамды адамдарды жұмыс бабына байланысты бiр елдi мекенге ауысуы.
Материалдық - техникалық база – шаруашылықтың барлық салаларын түгелдей электрлендіру, осының негiзiнде өндiрiстiң технологиясын, техникасының ұйымдастырылуын жетiлдiру;
Мамандыру - кәсiпорынның бiрыңғай өнiмдер шығаруға, мысалы: трактор немесе станоктар шығаруға бейiмделуi.
Менеджер - өндiрiс, өткiзу және қызмет көрсету саласындағы ұйымдастыру және басқару жөнiндегi кәсiптенген маман, оның қолында белгiлi бiр әкiмшiлiк - шаруашылық дербестiк болады.
Менеджемент -өндiрiстi дамыту, оның тиiмдiлiгi мен қарқындылығын арттыру мақсатында қолданылатын басқару негiздерiнiң, әдiстерiнiң және құралдарының жиынтығы.
Меншiк - материалдық игiлiктердi иемденудiң тарихи қалыптасқан түрi, белгiлi бiр тарихи қоғамның өндiрiстiк қатынастарының ең негiзгi сипатын бейнелейдi.