Адамныњ жеке басына ќарсы ќылмыстар


Халықтыњ денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар



Pdf көрінісі
бет11/20
Дата04.04.2022
өлшемі479,55 Kb.
#137799
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
Дәрістер тезисі (1)

Халықтыњ денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар.
1.Халықтыњ денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстардың 
жалпы сипаттамасы. 
2.Халықтыњ денсаулығына қарсы қылмыстар.
3.Есіркі заттардыњ немесе ж‰йкеге әсер ететін заттардыњ зањсыз 
айналымы. 
4.Қоғамдық адамгершілікке қарсы қылмыстар. 
Адам денсаулығы мен оның моральдық хал-ахуалы қазақстандық 
қоғамның өміршеңдігінің және оның барлық жүйелерінің қалыпты қызмет 
атқаруының кепілі болып табылады. Бұл орайда, табиғи ортаны неғұрлым 
тиімді пайдаланудың да маңызы зор. Сондықтан, Қазақстан Рес-
публикасының Конституциясында бұл аталған игіліктерді, яғни халықтың 
денсаулығын (29-бап), қолайлы айнала ортаны(31-бап), тарихи және 
мәдени мұраны (37-бап) қамтамасыз ету мен қорғаудың негізіне жататын 
ең маңызды принциптер жарияланған. 
Халықтың денсаулығы мемлекет пен қоғамның өз қызметін 
ойдағыдай атқаруының және одан әрі дамуының ажырамас шарты болып 
табылады. Адамгершілік және халықтың денсаулығы, қоғамдық өмірдің 
қажетті элементтері ретінде, өздерінің мемлекет тарапынан қорғалуын 
талап етеді. Сондықтан, мемлекет халық денсаулығы мен адамгершілікті 
қылмыстық-құқықтық тәсілдер арқылы қорғауды өзінің міндеті санайды. 
Аталған принциптердің сақталуы - ең алдымен, ерікті іс. Алайда, 
көптеген тұлғалар бұл принциптерді бұза отырып, тиісті қоғамдық 
қатынастарға зиян тигізеді. 
Көрсетілген әрекеттерге қарсы қол сұғынушылықтың алдын алу және 
онымен күрес жүргізу үшін Қылмыстық кодекске халық денсаулығы мен 
қоғамдық адамгершілікке қарсы жасалған қылмыстар үшін жауапкершілік 
қарастыратын нормалардан тұратын 10-шы тарау енгізілген. 
Қоғамдық адамгершілік пен халық денсаулығына қарсы жасалатын 
қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі-олардың денсаулыққа зиян келтіруі 
жеке тұлғаның денсаулығына ғана емес, көптеген адамдардың 
денсаулығына (халық денсаулығына, белгілі бір жердегі немесе белгілі бір 
аймақтағы халықтың бөлігінің денсаулығына) және қоғамның өндірістік 
бастауларына тиетіндігінде. Еліміздің Президентінің Қазақстан халқына 
арнаған –«Қазақстан-2030» атты жолдауында есірткі заттардың заңсыз ай-
налымының біздің қоғамымызға қарсы қоғамдық қауіптілігінің арта 


түсуіне байланысты, есірткі заттарын тасымалдау және тарату үшін 
жауапкершілікті қатайта түсу керек екендігі атап көрсетілген. 
БҰҰ Бас Ассамблеясының 1998 жылдың 8-10 маусым аралығында 
Нью-Йорк қаласында есірткі заттардың, жүйкеге әсер ететін заттар мен 
прекурсорлардың заңсыз дайындалуына, ұқсатылуына, айналымына және 
осыған байланысты әрекеттерге қарсы күреске арналған Арнайы 
сессиясының өткізілуі өркениет тағдырына төніп тұрған қауіптің апатты 
жағдайда екендігін білдірсе керек. 
Қылмыстық заңда адам денсаулығы мен қоғамдық адамгершілікті 
қамтамасыз ету ережелерінің бұзылуынан бұл игіліктерге зиян тигізетін 
немесе тию қаупін туғызатын деп қарастырылған қылмыстар халық 
денсаулығы мен қоғамдық адамгершілікке қарсы жасалған қылмыс деп 
түсіндіріледі. 
Халық денсаулығы мен қоғамдық адамгершілік қарастырылушы 
қылмыстар бойынша, тиісінше, олардың топтық объектісі ретінде жүреді. 
Халық денсаулығының өзі де жеке әлеуметтік құндылық бола тұра, саяси, 
экономикалық, құқықтық, педагогикалық және түрлі басқа да шаралар 
арқылы қорғалып отырады. Қарастырылушы қылмыстардың бірқатарында 
қылмыстың заты орын алуы кездеседі, мысалы: есірткілік заттар (ҚР ҚК, 
259-бап), есірткі заттарды дайындау үшін пайдаланылатын аспаптар (ҚР 
ҚК, 263-бап), қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттаушы 
шығармалар(ҚР ҚК,274-бап). 
Халық денсаулығы үшін заң бойынша қылмыстық жауапкершілік 
орнату - аталған игілікті жүзеге асыруды қамтамасыз ету барысындағы 
қылмыстық-құқықтық шара болып табылады. 
Қылмыстарды қарастырылушы тобының топтық объектісі болып 
табылатын халық денсаулығы - бұл көптеген адамдарды қауіпсіз 
жағдайлармен қамтамасыз етуші қоғамдық қатынастардың жиынтығы. 
Қоғамдық адамгершілік осы қоғам иелерінің тәртіп, идея, әдет-ғұрып, 
әділеттілік, 
борыш, 
намыс, 
абырой 
туралы 
көзқарастардың 
қалыптастырған ережелері мен нормаларынан тұрады. 
Объективті жағынан алғанда халық денсаулығы мен қоғамдық 
адамгершілікке қарсы жасалатын қылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы 
жасалады: есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз 
дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау немесе сату (ҚК 259-бап), 
жезөкшелікпен айналысуға тарту (ҚК 270-бап) және т.б. 
Кейбір 
қылмыстар, 
мысалы 
санитарлық-эпидемиологиялық 
ережелерді бұзу (ҚК 267-бап) әрекет жасаумен қатар, әрекетсіздік арқылы 
да орын алуы мүмкін. 
Халық денсаулығы мен адамгершілікке қарсы қылмыстардың 
көпшілігі заңға сәйкес құрамынан тұрады (мысалы, есірткі заттарды 
немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру (ҚК 261-бап), 
порнографиялық заттарды заңсыз тарату (ҚК 273-бап)және т.б.). Қылмыс-
тардың біраз бөлігі материалдық құрамнан тұрады: қауіпсіздік 


талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау 
немесе қызмет көрсету (ҚК 269-бап). 
Субъективті жағынан алғанда қарастырылушы қылмыстардың негізгі 
бөлігі қасақана қылмыстар болып келеді.Атап айтсақ, олардың қатарына 
есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып 
алу (ҚК 260-бап), адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп 
төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру (ҚК 268-бап) және т.б. 
жатады. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу (ҚК 267-бап), 
қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, 
жұмыс орындау не қызмет көрсету (ҚК 269-бап) сияқты қылмыстар 
абайсыздықтан жасалады. 
Қылмыстардың қарастырылушы түрінің субъектілері-16 жасқа толған 
тұлғалар. Алайда, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды 
ұрлау не қорқытып алудың (ҚК 260-бап) субъекті ретінде 14 жасқа жеткен 
тұлға да танылуы мүмкін. Бірқатар құрамдарда қылмыстың арнайы 
субъекті болуы мүмкін,мысалы, ҚР ҚК 265-бабы бойынша.
Көпшілік жағдайларда қылмыстардың субъектілері тек жеке тұлғалар, 
ал жекеленген жағдайларда-арнайы міндетке ие тұлғалар (ҚК 268-бап) 
болып келеді. 
Халық денсаулығы мен қоғамдық адамгершілікке қарсы жасалатын 
қылмыстардың барлығын қылмысты қол сұғынушылық объектісінің 
ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлуге болады: 
1) халық денсаулығына қарсы жасалатын қылмыстар. Бұлардың 
қатарына басым көпшілігі есірткі заттары мен жүйкеге әсер ететін 
заттардың заңсыз айналымына қатысты қылмысты істерден тұратын ҚК-
тің 259,260,261, 262,263,264.265,266, 267,268,269,272 - баптарында 
қарастырылған қылмыстар кіреді. 
2) қоғамдық адамгершілікке қарсы жасалатын қыл-мыстар. Бұлардың 
қатарына ҚР ҚК-інің 271,272,273, 274, 275-баптарында қарастырылатын 
қылмысты әрекеттер жатады. 
Халық денсаулығына қарсы жасалатын қылмыстардың, ең алдымен, 
өздерінің затының ерекшелігі бойынша анықталатын өзіне тән өзгешелігі 
болады. Бұл орайда, аталған қылмыстың заты болып табылатын тек 
есірткілік заттар мен жүйкеге әсер ететін заттар осы қылмыстар тобының 
барлық қылмыстарын біріктіруші ортақ ұйтқы болып табылады. 
Есірткілік құралдарға синтетикалық сипаттағы немесе өсіп-өнетін 
заттармен қатар олардан жасалатын дәрілік препараттар, сол сияқты, дәл 
осылардың қатарына халықаралық конвенциялар бойынша жатқызылатын 
өсімдіктер, сонымен қатар, Қазақстан Республикасында бақылауға 
алынуы тиіс есірткілік заттар тізіміндегі адам денсаулығы мен 
психикасының (жүйкесінің) тәуелділігін тудыратын өсімдіктер жатады. 
Есірткі заттарға қатысты қылмыстардың затына жататын есірткілік 
заттар мен жүйкеге әсер ететін заттардың
қатары "Қазақстан Республикасында бақылауға алынуы тиіс есірткілік 
заттар, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорлар тізімінде" белгіленген 


және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 10-наурызында 
қабылдаған "Бақылауға алынуы тиіс есірткілік құралдар, жүйкеге әсер 
ететін заттар мен прекурсорлар туралы" 186-шы қаулысымен бекітілген. 
Осы тізімде бақылауға алынуы тиіс прекурсорлар қатары да белгіленген: 
1) есірткелік құралдар - Қазақстан Республикасының заңына, 
"Есірткелік құралдар туралы 1961 жылғы ортақ конвенцияға өзгерістер 
туралы" 1972 жылғы протоколға сәйкес енгізілген өзгерістерімен қоса 
"Есірткілік құралдар туралы 1961 жылғы ортақ конвенцияға" сәйкес "Ба-
қылауға алынуы тиіс есірткілік құралдар, жүйкеге әсер ететін заттар және 
прекурсорлар тізіміне" кіргізілген синтетикалық немесе табиғи текті 
заттар; 
2) жүйкеге әсер ететін заттар - Қазақстан Республикасының 
халықаралық шарттарына, соның ішінде, жүйкеге әсер ететін заттар 
туралы 1971 жылғы конвенция сәйкес және "Қазақстан Республикасы 
заңына сәйкес бақылауға алынуы тиіс есірткілік құралдар, жүйкеге әсер 
ететін заттар және прекурсорлар тізіміне" енгізілген синтетикалық немесе 
табиғи текті заттар; 
3) прекурсорлар - Қазақстан Республикасының халықаралық 
шарттары, соның ішінде, БҰҰ-ның есірткілік құралдар мен жүйкеге әсер 
ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1988 жылғы 
конвенциясына сәйкес және "Қазақстан Республикасының заңына сәйкес 
бақылауға алынуы тиіс есірткілік құралдар мен жүйкеге әсер ететін заттар 
тізіміне" енгізілген есірткі құралдары мен жүйкеге әсер ететін заттарды 
өндіру, дайындау, өңдеу кезінде пайдаланылатын заттар; 
4) есірткі құралдары мен жүйкеге әсер ететін заттардың аналогтары 
(теңдестері) - Үкімет қаулылары және БҰҰ-ның халықаралық 
конвенциялары арқылы есірткілік құралдар немесе жүйкеге әсер ететін 
заттар ретінде бекітілмеген, шектен тыс пайдаланылуы халықтың денсау-
лығына 
қауіпті 
болатын, 
қоздырушы, 
депрессивті 
немесе 
галлюцинациялық күй кештіретін, химиялық құры 
лымдары мен қасиеттері ғ1,2,3 таблицаларға кіргізілген заттардың 
құрылымдары мен қасиеттерімен ұқсас келетін, синтетикалық немесе 
табиғи текті заттар; 
5) есірткілер -"Қазақстан Республикасында бақылауға алынуы тиіс 
есірткілік құралдар, жүйкеге әсер ететін заттар және прекурсорлардың 
тізіміне" енгізілген, қиянатты түрде қолданылуының салдары халық 
денсаулығына нақты қауіп төндіруші, есірткілік құралдар немесе жүйкеге 
әсер ететін заттар деп ажыратылатын өсімдіктер, заттар немесе 
препараттар; 
6) Қазақстан Республикасында бақылауға алынуға тиіс есірткілік 
құралдар, жүйкеге әсер ететін заттар және прекурсорлардың тізімі (бұдан 
кейінгі жерде-Тізім)-халықаралық конвенциялар негізінде Қазақстан Рес-
публикасының үкіметі бекіткен, әрқайсысы нөмірге тізіліп, тиісті 
таблицаларға біріктірілген, Қазақстан Республикасында бақылауға алынуы 


тиіс есірткілік құралдар, жүйкеге әсер ететін заттар және прекурсорлар 
тізімі; 
7) есірткілік құралдарын, жүйкеге әсер ететін заттардың және 
прекурсорлардың айналымы-есірткілік құралдары, жүйкеге әсер ететін 
заттар мен прекурсорларды зерттеу, өндіру, өңдеу, жеткізіп алу, сыртқа 
шығару, өткізу, тасымалдау, жөнелту, ие болу, сақтау, бөлу, ұқсату, пай-
далану немесе жойып жіберуге, құрамында есірткілік заттар бар 
өсімдіктерді өсіріп, жинап, дайындауға байланысты қызметтердің 
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес рұқсат етілген және бақылауға 
алынған түрлері; 
8) есірткілік құралдардың, жүйкеге әсер ететін заттар мен 
прекурсорлардың заңсыз айналымы-есірткі құралдары, жүйкеге әсер ететін 
заттар мен прекурсорлардың Қазақстан Республикасының заңын бұза 
отыра жүргізілетін айналымы; 
9) есірткі құралдарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды қиянатпен 
қолдану (есірткі құралдарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз 
қолдану) есірткі құралдарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды 
дәрігердің белгілеуінсіз қасақана заңсыз тұтыну; 
10) есірткі құралдарын, жүйкеге әсер ететін заттарды және 
прекурсорларды жеткізіп алу және сыртқа шығару - есірткі құралдарының, 
жүйкеге әсер ететін заттардың және прекурсорлардың бір мемлекеттен 
басқа мемлекетке немесе бір мемлекеттің бір аймағынан басқа аймағына 
ауысуы; 
11) есірткі құралдарының, жүйкеге әсер ететін заттар мен 
прекурсорлардың өткізілуі - есірткі құралдарының, жүйкеге әсер ететін 
заттар мен прекурсорлардың бір мемлекеттен басқа мемлекетке үшінші 
мемлекеттің жері арқылы ауысуы; 
12) есірткі құралдарын, жүйкеге әсер ететін заттар мен 
прекурсорларды тасымалдау және жөнелту - есірткі құралдары мен 
жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорлардың тасымалдау әдісі мен 
сақталу орнына қарамастан, Қазақстан Республикасының көлемінде заңсыз 
орын ауыстыруына қатысты кез келген қасақана әрекеттер
13) халықаралық конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасында 
бақылауға алынуы тиіс есірткі құралдары, жүйкеге әсер ететін заттар мен 
прекурсорлардың тізіміне енгізілген, құрамында есірткілік заттар бар 
өсімдіктерді егу және апиынды, көкнар мен сора (каннабис) немесе басқа 
да есірткі құрамдас өсімдіктерді өсіру; 
14) есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттардан құрамдас 
өсімдіктерді жинау- халықаралық конвенцияға сәйкес Тізімге енгізілген, 
құрамында есірткілік заттар бар егілген немесе жабайы өсімдіктер жинау; 
15) нашақорлық - есірткі құралдарына немесе жүйкеге әсер ететін 
заттарға, не осылардың теңдестеріне (аналогтарына) тәуелді болу 
салдарынан организмнің жүйке қызметі мен денсаулығының қатты зардап 
шегуінен туындаған ауру; 


16) дәріден улану-халықаралық конвенциялар мен республикалық заң 
актілеріне сәйкес тізімдерге енбеген, жүйке белсенділігіне тигізетін әсері 
есірткі құралдары мен жүйкеге әсер ететін заттардың әсерімен ұқсас 
келетін, түрлі текті дәрілік емес заттар мен дәрілік препараттарды 
қиянатпен қолдану; 
17) нашақор - денсаулығы мен жүйкесі кез келген есірткілік, жүйкеге 
әсер ететін заттарға немесе олардың аналогтарына (теңдестеріне) тәуелді, 
денсаулық сақтау мекемесі белгіленген тәртіп бойынша "нашақорлық" 
диагнозын қойған тұлға; 
18) 
арнайы 
емдеу-сауықтандыру 
мекемелері 
(орталықтар, 
ауруханалар, диспансерлер, бөлімдер немесе кабинеттер) заңмен 
белгіленген тәртіп бойынша нашаға қарсы көмек көрсетеді; 
19) дәрігерлік куәландыру - нашаға мас болған күйін анықтау 
мақсатымен тұлғаны емханада тексеру; 
20) дәрігерлік зерттеу "нашақорлық" диагнозын қою немесе жоққа 
шығару мақсатымен тұлғаның емханада жатып зерттелуі; 
21) ерікті түрде емделу - нашақорлықтан, дәріге құмарлықтан немесе 
есірткіні қиянатпен қолданушылықтан науқас адамның не оның заңды 
өкілінің келісімі бойынша жүргізілетін ем; 
22) еркінен тыс(мәжбүрлеп) емдеу - есірткілік немесе жүйкеге әсер 
ететін заттарды заңсыз тұтынуды одан әрі жалғастыру немесе өз еркімен 
емделуден бас тарту кезінде нашақорлыққа ұшыраған тұлғаны соттың 
шешімі негізінде емханаға жатқызып емдеу; 
23) дәрігерлік куәландырудан, дәрігерлік зерттеуден немесе емдеуден 
бас тарту- есірткі құралдарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды 
тұтынушы тұлғаның дәрігердің белгіленген емі мен ұсыныстарын 
орындалуымен қатар, құқық қорғау орны қызметкерінің дәрігерлік куә-
ландырудан немесе зерттеуден өтуге байланысты нұсқауын қасақана 
орындамау; 
24) бөлшек сауда - есірткі құралдарын, жүйкеге әсер ететін заттарды 
және прекурсорларды жеке тұтыну үшін дәрігердің жазып берген рецепті 
бойынша бір-бірлеп немесе азғантай мөлшерде сату; 
25) көтерме сауда - есірткі құралдарын, жүйкеге әсер ететін заттар мен 
прекурсорларды ірі мөлшерде сату; 
Есірткеге қатысты қылмыстардың қатерлігінің сипаты мен деңгейі, ең 
алдымен, бұл қылмыстардың заты болып табылатын есірткілік құралдар 
мен жүйкеге әсер ететін заттардың қаншалықты қауіпті екендігімен анық-
талады. Оларды қиянаттықпен тұтыну адамды оның бойында да, 
жүйкесінде де есірткіге тәуелділіктің пайда болуымен сипатталатын ауруға
нашақорлыққа әкеліп соқтырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет