Адамныњ жеке басына ќарсы ќылмыстар



Pdf көрінісі
бет13/20
Дата04.04.2022
өлшемі479,55 Kb.
#137799
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
Дәрістер тезисі (1)
семинар №10 опни
КӨЛІКТЕГІ ҚЫЛМЫСТАР 
1.Көліктегі қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
2.Темір жол, әуе немесе су кµлігі қозғалысы мен оларды пайдалану 
қауіпсіздігініњ ережелерін бұзу (ҚК 295-бабы).
3.Кµлік құралдарын ж‰ргізуші адамдардыњ жол қозғалысы және кµлік 
құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы.
4.Жол кµлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу.
5.Кµлік құралдарын немесе қатынас құралдарын қасақана жарамсыздыққа 
келтіру. Кµліктіњ қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді 
бұзу . 
Көлік қозғалысы мен оны пайдалану қауіпсіздігі көліктің (темір жол, 
су, әуе, автомобиль) апатсыз жұмысын жүзеге асырумен қатар, адам өмірі 
мен денсаулығын, құнды мүлікті, қоршаған табиғи ортаны қорғауға да бай-
ланысты қоғамдық қатынастардың кең көлемінен тұрады және бұл 
қатынастар экономикалық, техникалық, әлеуметтік және құқықтық 
сипаттағы шаралар арқылы жүргізіледі. 
Осы айтылғанға сүйене отырып, көліктегі қылмыстарға қылмыстық 
заң тұрғысынан көлік құралдарын пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі 
аясындағы қоғамдық қатынастарға қол сұғушы және зиянды зардаптарға 


әкеп соқтырушы немесе соқтыруы мүмкін қоғамға қауіпті іс-әрекеттер 
(әрекет немесе әрекетсіздік) ретінде қарастырылатын қылмыстар деген 
анықтама беруге болады.
Механикалық көлік құралдарын (темір жол, су, әуе және автомобиль) 
пайдалану мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясындаға қоғамдық 
қатынастар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 12-ші тарауы-
на кіргізілген қылмыстардың топтық объектісі болып табылады.
Механикалық көлік құралдарын пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі 
аясындағы қоғамдық қатынастар тікелей объект, ал жәбірленушілердің 
өмірі мен денсаулығы, не мүліктің сақталғандығы - қосымша объект 
ретінде танылады.
Көліктегі қылмыстардың объективті жағы әрекет немесе әрекетсіздік, 
қоғамға қауіпті зардаптар және олардың арасындағы себепті байланыс (ҚК 
295-бап, 304-баптың 2 және 3-бөлімдері, 305-баптың 2-бөлімі) сияқты 
міндетті белгілердің болуымен сипатталады, яғни құрылымы жағынан 
материалдық болып келеді. Талқыланатын баптардың кейбіреулері 
формальды үлгіде тұжырымдалған, оған ҚК 304, 305, 306-баптарының 1-
бөлімдерін жатқызуға болады. 
Көліктегі қылмыстар туралы баптардың диспозициялары, негізінен
бланкетті сипатта болып келеді. Заңның бұл шешімі темір жол, су, әуе 
және автомобиль көлігі ұдайы жетілдіріп отыратындықтан, көліктің бұл 
түрлерін пайдалану мен қозғалыс қауіпсіздігінің тиісті, қылмыстық заңның 
реттеуші күшімен кезінде қамтылмаған, ережелерінің де сөзсіз өзгеріске 
ұшырайтындығынан 
туындайды. 
Сондықтан 
ғылыми-техникалық 
прогрестің дамуы жағдайында қоғамдық қатынастардың аталған тобын 
қылмыстық-құқықтық тұрғыдан тиімді түрде қамтамасыз ету бланкетті 
диспозициялары бар нормалардың болуымен тікелей байланысты. 
Бұл орайда сүйенетін нормативті актілердің ең маңыздылары ретінде 
ҚР Конституциясын, ҚР 1994 жылғы 21 қыркүйекте қабылданған ”Көлік 
туралы” Заңын, ҚР 1996 жылғы 15 шілдеде қабылданған ”Жол 
қозғалысының қауіпсіздігі туралы” Заңын атауға болады.
Сол сияқты, бұл қатарға: 
а) темір жол көлігі бойынша - ҚР темір жолдарының жарғысы, ҚР 
темір жолдарын техникалық пайдалану ережелерін, ҚР темір 
жолдарындағы поездардың қозғалысы мен маневрлер жұмысы бойынша 
нұсқауды және т.б.;
б) су көлігі бойынша - Кемелер соқтығысуын болдырмаудың 
халықаралық ережелерін, Кемелерді техникалық пайдалану ережелерін, 
Саудамен теңізде жүру кодексін және т.б.;
в) әуе көлігі бойынша - ҚР-ның әуе кодексін, ҚР-ның әуе жолдарымен 
жолаушылар, қол жүгін, жүктер тасымалдаудың ережелерін, ҚР-ның 
азаматтық авиациясында ұшу жұмыстарын жүргізу бойынша нұсқауды, 
ҚР-ның азаматтық авиациясында әуе көліктерін техникалық пайдалану 
бойынша нұсқауды;


г) автомобиль көлігі бойынша - Қазақстан Республикасындағы жол 
қозғалысының 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген ережелерін 
жатқызуға болады. 
Көліктегі қылмысты дұрыс бағалау үшін, қылмыстың заты ретінде 
көліктің түрін дәл анықтаудың маңызы зор. Рельспен жүретін 
механикалық көлік (локомотивтер, дрезиндер, вагондар, жартылай 
вагондар, платформалар, цистерналар, крандар, метро поездары) өзінің 
ведомстволық меншігіне қарамастан темір жол деп танылады. 
Су жолы көлігінің қатарына (теңіз және өзен кемелерінің) 
жолаушылар таситын, ғылыми-зерттеу, көлік, табыс табушы (балық 
аулаушы, краб аулаушы, т.б.), өңдеуші (жүргізуші базалар мен жүргізуші 
заводтар), қосымша (буксирлер, т.б.), техникалық (түпті тереңдеткіш, түпті 
тазалағыш снарядтар, кабель жүргізуші, т.б.), құтқарушы, спорттық 
кемелер, соның ішінде, ауа толтырылған тіректегі, сүңгуір қанатты 
кемелер де жатады.
Заң су жолы көлігінің қатарына, сонымен бірге, бас двигателінің 
қуаттылығы 75 ат күшінен кем шағын мөлшерлі теңіз және өзен 
көліктерін, жалпы сиымдылығы 80 регистірлі тоннадан кем өздігімен 
жүрмейтін көліктерді, азаматтардың меншігіндегі моторлы кемелерді 
(двигатель қуаттылығына қарамастан), желкенді кемелерді, 100 және одан 
да көп килограмдық жүк көтере алатын ескекті қайықтарды, байдаркалар 
мен үрленетін қайықтарды жатқызады
1
.
Әуе көлігінің қатарына азаматтық авиация көлігімен қатар әуеде 
ұшатын басқа да құралдар (гидроұшақтар, ұшақтар, тікұшақтар, 
автожирлер, аэростаттар, дирижабльдер, планерлер, т.б.) жатады. 
Заң көліктегі қылмыстардың жоғарыда аталған заттарының қатарына 
қатынас жолдарын, байланыс және белгі беру құралдарын қосады. 
Қатынас жолдары ретінде: темір жолда - кәдімгі, тар табанды, балалар 
темір жолы, кәсіпорындарға, кен орындарына, шахталарға, т.б. тартылған 
жеке жолдар; су көлігінде - мұхиттың немесе теңіздің ашық жерлері, 
бұғаздар, каналдар арқылы кеменің жүретін жолы, сол сияқты, ішкі су 
жолдары (кеме жүретін және сал ағызатын өзендер, көлдер); әуе көлігінде - 
әуе жолдары мен жергілікті әуе жолдары танылады.
Белгі беруші құралдарға жататындар: темір жол көлігінде - жолдың 
автоматты және жартылай автоматты блокадалануы, локомотивтің 
автоматты белгі беру жүйесі; су көлігінде - маяктар, қалқып жүретін 
белгілер, навигациялық (суда жүру) белгілер; әуе көлігінде - радиомен 
белгі беруші жүйелер, жарықпен белгі беретін қондырғылар және т. б.
Темір жол көлігіндегі- радиобайланыс, сым арқылы байланыс; судағы 
- рациялар, телетайптар; әуе көлігіндегі - радарлар, ультрақысқа 
толқындағы радиобайланыс, борттағы жауап бергіш құралдар, т.б., 
байланыс құралдары болып табылады. 


Субъективті жағынан алғанда, көліктегі жасалатын қылмыстардың 
басым көпшілігі қылмыстық менмендік немесе қылмыстық немқұрайлық 
түрі ретіндегі абайсыз кінә ретінде сипатталады. Бұл қылмыстардың 
кейбіреулері (ҚК 297, 306-баптары және 305-баптың 1-бөлімі) тек қасақана 
жасалуы мүмкін.
Талқыланушы 
іс-әрекеттердің 
субъектілері 
ретінде, 
ҚК-тің 
жауаптылықты 14-жастан бастап жүктейтін 299-шы бабынан басқа 
жағдайларда, ақыл-есі дұрыс, 16-жасқа толған кез келген жеке тұлғалар 
таныла алады. Көліктегі қылмыстардың бірқатарының субъекті (ҚК 295, 
302, 305, 306-баптары және 298-баптың 1-бөлімі) - арнайы субъект болуы 
мүмкін. Көліктегі қылмыстарды екі топқа жіктеуге болады:
1. Көлік құралдарын пайдалану және қауіпсіздігі ережелерін бұзумен 
тікелей байланысты қылмыстар. Бұлардың қатарына ҚК-нің 295-298, 300, 
302, 306-баптары арқылы жауаптылық көзделген қылмыстар жатады.
2. Көлік құралдарын пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі 
ережелерінің бұзылуымен байланысы жоқ қылмыстар. Бұл қатарға ҚК-тің 
299, 301, 303-305-баптары арқылы жауаптылық көзделген қылмыстар 
жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет