Адамныњ жеке басына ќарсы ќылмыстар


ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ



Pdf көрінісі
бет10/20
Дата04.04.2022
өлшемі479,55 Kb.
#137799
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
Дәрістер тезисі (1)
семинар №10 опни
 
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ 
ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР 
1.Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың 
жалпы сипаттамасы.
2.Терроризм. Кепілге алу. ¦йымдасқан қылмыстық топты немесе 
қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, 
қылмыстық қоғамдастыққа қатысу.
3.Бандитизм. Банда т‰сінігі.
4.Әуе немесе су кµлігін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, 
сонымен қатар қолға т‰сіру.


5.Жаппай 
тәртіпсіздіктер ‰шін жауаптылық. Қарудыњ зањсыз 
айналымымен байлагысты қылмыстар.
6.Бұзақылық және тағылық. 
 
Адамды, оның құқықтары мен бостандығын ең жоғарғы әлеуметтік 
құндылық деп тану адамдардың қауіпсіз тіршілігін, қоғамдық және 
мемлекеттік құрылымдардың қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ете 
алатын, тиісті әлеуметтік жағдайлар құрылуына байланысты. Азамат-
тардың еңбек етуі мен демалуы, мемлекеттік тәртіпті қорғау үшін қажетті 
жағдайлар құруға бағытталған құқықтық шаралар жүйесі адамдардың, 
қоғамдық және мемлекеттік мүдделердің әлеуметтік қорғалуын 
қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздік 
және қоғамдық тәртіпке бағыттылған қол сұғушылық үшін жауаптылық 
көздейтін ҚР ҚК 9-тарауының нормалары осындай шаралардың қатарына 
жатады. 
Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың 
ерекшелігі олардың қоғамдық қатынастардың қалың тобы үшін зиянды 
екендігінде (жеке бастың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың 
және басқа әлеуметтік құрылымдардың қалыпты жұмыс атқаруының 
қауіпсіздігі үшін). Бұл санаттағы қылмыстарды жасау кезінде тек жеке бір 
адамның мүддесіне ғана емес, қоғам өмірінің қауіпсіз жағдайларына 
тұтасынан, яғни қоғамдық маңызды мүдделерге зиян келтіреді. Осыған 
байланысты, түгел қоғам өмірінің қалыпты және қауіпсіз жағдайлары, 
қоғамдық тәртіп, түрлі жұмыстар жүргізу және жалпыға бірдей қауіпті 
заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік сияқты әлеуметтік құндылықтар ті-
келей қылмыстық ықпалға ұшырауы мүмкін. 
ҚР жаңа ҚК жалпыға бірдей қауіпсіздікті қоғамдық қауіптілікті оның 
тар мағынасында ғана емес, сол сияқты қоғамдық тәртіпті, халық 
денсаулығын, қоғамдық адамгершілікті, т.б. қамтамасыз етуші қоғамдық 
қатынастардың үлкен тобының құрамдас бөлшегі ретінде қарастырады. 
Бұл қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы ҚК-те қоғамдық 
қауіпсіздік (кең мағынасында) және қоғамдық тәртіп деп аталып, ҚР ҚК 9-
тарауына кіретін қылмыстардың текті объектісін құрайды. 
Заңға сәйкес, ҚК 9-тарауының нормаларымен қарастырылған 
қылмыстардың объектісі - қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп 
болып табылады, яғни, қоғамның әр мүшесінің өмір сүру жағдайының 
қауіпсіздігін, әр түрлі жұмыстар жүргізу кезінде және жалпыға бірдей 
қауіпті заттарды қолдану барысында жеке бастың, қоғамның немесе 
мемлекеттің мүдделерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей қоғамдық 
қатынастардың жиынтығы. 
Объективті жағынан алғанда, қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық 
тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы жасалады:
а) терроризм (ҚК 233-б), адамды кепілге алу (ҚК 234-б), бұзақылық 
(ҚК 257-б), және басқалары. Жекеленген қылмыстар тек әрекетсіздік 
арқылы жасалады, мысалы, атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚК 253-б). Қо-


ғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы бірқатар қылмыстар 
әрекет арқылы да, әрі әрекетсіздік арқылы да жасалуы мүмкін: атом 
энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚК 244-б), тау-
кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін 
бұзу (ҚК 245-б) және басқалары. 
Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың 
көпшілігі формальды құрамдас қылмыстар қатарына жатады: заңсыз 
әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (ҚК236-б), қаруды заңсыз 
жасау (ҚК 252-б), т.б. Кейбір қылмыстардың құрамы материалды болып 
құрастырылған, мысалы, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (ҚК 256-б). 
Субъективті жағынан алғанда, қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық 
тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі кінәнің қасақана түрінің 
болуымен сипатталады. Бірқатар қылмыстар тек абайсызда жасалады, 
мысалы, атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚК 253-б). ҚК-тің 233, 234-2 бөлім, 
235,237,238,239 және 240-баптарында көзделген қылмыстарда мақсат 
міндетті белгі болып табылады. 
Қарастырылушы қылмыстардың субъектілері - 16 жасқа толған 
тұлғалар. Ал ҚК-тің 233, 234,242,255 - 1,2-бөлімдері, 257,258-баптарымен 
көзделген қылмыстардың субъектілері - 14 жасқа толған тұлғалар болып 
табылады. Көп жағдайларда бұл қылмыстардың субъектілері жеке тұл-
ғалар болса, жекеленген жағдайларда - арнайы белгілері бар тұлғалар 
болуы мүмкін. 
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар қоғамдық тыныштық 
жағдайын, әлеуметтік құрылымдардың қалыпты қызмет атқаруын, түрлі 
жұмыстар жүргізу кезінде немесе қоғамдық заттарды қолдану кезінде жеке 
бастың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерінің қауіпсіздігін 
қамтамасыз етуші қоғамдық қатынастарға елеулі зиян келтіруші немесе 
мұндай зиян келтіру қаупін тудырушы, қылмыстық заңға көзделген 
қоғамдық қауіпті әрекеттерден тұрады. 
Қарастырылушы қылмыстарды тікелей объектілерге байланысты 
төмендегідей топтарға бөлуге болады:
1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. Қылмыстардың аталған 
тобы қоғамдық өмірдің кез-келген бөлігінде жасалып, тұтас қоғам өмірінің 
қалыпты, қауіпсіз жағдайын сақтау саласындағы ең маңызды мүдделерді 
қозғауы мүмкін. Олардың қатарына Қазақстан Республикасы ҚК 
233,234,235,236,237,238,239,240,241, 
242,243-баптарымен 
көзделген 
қылмысты әрекеттер жатады. 
2. Түрлі жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзумен 
байланысты қылмыстар. Бұл топты Қазақстан Республикасы ҚК 
244,245,246-баптарымен көзделген қылмыстар құрайды.
3. Жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзумен 
байланысты қылмыстар. Бұл топқа Қазақстан Республикасы ҚК 
247,248,249,250,251,252, 253, 254,255,256-баптарымен көзделген әрекеттер 
кіреді. 


4. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. Қоғамдық тәртіп - 
қылмыстың объектісі ретінде қоғамдық тыныштықты, азаматтардың 
еңбектенуі, демалуы, тұрмысы үшін, сонымен қатар, кәсіпорындардың, 
мекемелер мен ұйымдардың жұмысы үшін қалыпты жағдай қамтамасыз 
ете алатын қоғамдық қатынастар жүйесінен тұрады. Бұл топтағы 
қылмыстарға Қазақстан Республикасы ҚК-нің 257 және 258-баптарымен 
көзделген әрекеттер жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет