Адамныњ жеке басына ќарсы ќылмыстар



Pdf көрінісі
бет12/20
Дата04.04.2022
өлшемі479,55 Kb.
#137799
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
Дәрістер тезисі (1)
семинар №10 опни
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАР 
1.Экологиялық қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері.
2.Жалпы сипаттағы экологиялық қылмыстар. 
3 Ерекше сипаттағы экологиялық қылмыстар. 


Өндірістің нығаюына, жер бетіндегі халықтардың өсуіне байланысты 
бүкіл әлемде сол сияқты жеке нақты бір елдің көлемінде қоршаған ортаны 
жақсарту, қорғау мәселесі өткір сұрақ болып отыр. Қазақстанның эколо-
гиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, экологиялық қылмыстар үшін 
жауаптылықтың нормаларын белгілейтін ҚР Қылмыстық кодексі белгілі 
бір роль атқарады. 
Экология деген сөз грек тілінен аударғанда 
OІCOS-
үй, тұрақ, мекен 
loqos
- оқып үйренуді білдіреді. 
Экологиялық қылмыстар-бұл қоғамдық қатынастарға, қоршаған 
ортаға теріс әсер ететін немесе оны тиімді пайдалануға кедергі болатын 
қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамдық қауіпті әрекеттер. 
Экологиялық қылмыстардың топтық объектісі болып, табиғи 
ресурстарды, адамға қажетті табиғи қоршаған ортаны және халықтың 
экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заңмен қорғалатын 
қоғамдық қарым-қатынастар табылады. 
Аталған қылмыстардың тікелей объектісі болып табиғи байлықтардың 
нақты кейбір түрлерін тиімді пайдалану мен олардың экологиялық 
қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қоғамдық қарым-қатынастар табылады. 
Экологиялық қылмыстардың заты болып табиғи ресурстардың кейбір 
түрлері танылады: жер, ауа, өсімдік, жануар т.б. Қарастырылатын 
қылмыстардың заты болып өндірісте адам еңбегінің шығыны болмаған 
табиғи ресурстар болып табылады. Экологиялық қылмыстар меншікке 
қарсы қылмыстардан осындай белгілері арқылы айрықшаланады. Егер 
адам ормандағы ағаштарды кессе, мұндай жағдайда жауаптылық ҚК 291-
бабы бойынша пайда болады, егер қала ішінде егілген шыршаны кессе 
және де көрсетілген қылмыстар құрамының орны белгілері болса ҚК 175-
бабымен дәрежеленуі мүмкін. 
Қылмыстың объективтік жағы бойынша экологиялық қылмыстар көп 
жағдайларда әрекет арқылы жүзеге асырылады, бірқатар түрлері 
әрекетсіздік күйде жасалынуы мүмкін. Мұндай қылмыстардың көбі 
материалдық қылмыс құрамына жатады. 
Қылмыстың субъективтік жағы - абайсыздық, ал зиянды салдарына 
байланысты қасақаналық және абайсыздықтың белгілерімен сипатталады. 
Экологиялық қылмыстардың субъектісі болып, 16 жасқа толған есі 
дұрыс адам танылады. Кейбір, аталған тараудың қылмыс құрамының 
түрлері арнайы субъектінің белгілерін қамтиды (ҚК 277, 294-баптары). 
Заң әдебиеттерінен экологиялық қылмыстардың әр түрлі тұрғыдағы 
топтастыруын кездестіруімізге болады. Олардың арасынан төмендегі 
берілетін экологиялық қылмыстардың бөлінуі анағұрлым қолайлы деп 
тануға болады. 
1. Жалпы сипаттағы экологиялық қылмыстар: "Шаруашылық және 
өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы" (ҚК 277-
бабы); "Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биоло-
гиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың 
бұзылуы" (ҚК 278-бабы); "Микробиологиялық немесе басқа биологиялық 


агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ереже-
лерінің бұзылуы" (ҚК 279-бабы); "Суларды ластау, бітеу және сарқу" (ҚК 
281-бабы); "Атмосфераны ластау" (ҚК 282-бабы); "Теңіз аясын ластау" 
(ҚК 283-бабы); "Жерді бүлдіру" (ҚК 285-бабы; "Ерекше қорғалатын табиғи 
аумақтар режимінің бұзылуы" (ҚК 293-бабы); "Экологиялық ластау 
зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау" (ҚК 294-бабы). 
2. Өсімдіктердің (флора) және жануарлардың (фауна) сақталуына 
қарсы қылмыстар: "Ветеринарлық ережелердің және өсімдіктердің 
аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің 
бұзылуы" (ҚК 280-бабы); "Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу" 
(ҚК 287-бабы);"Заңсыз аңшылық" (ҚК 288-бабы); "Жануарлар дүниесін 
қорғау ережелерін бұзу" (ҚК 289-бабы); "Жануарлар мен өсімдіктердің 
сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-
әрекеттер" (ҚК 290-бабы); "Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу" (ҚК 291-
бабы); "Ормандарды жою немесе зақымдау" (ҚК 292-бабы). 
3. Жер қойнауының сақталуына қол сұғатын қылмыстар: "Қазақстан 
Республикасының құрылықтық шельфі туралы және Қазақстан 
Республикасының айырықша экономикалық аймағы туралы заңдардың 
бұзылуы" (ҚК 284-бабы); "Жер қойнауын қорғау және пайдалану 
ережелерін бұзу" (ҚК 286-бабы). 
Қылмыстық кодекстің басқа тарауларында қоршаған ортаға қол 
сұғатындығы үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін нормалардың 
орын алатындығын ескеруіміз қажет, мысалы, ҚК 161-бабы "Экоцид", ҚК 
268-бабы "Адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін 
мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру". 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет