Күтілетін нәтиже: мысалдар арқылы қатынас ыдыстардың түрлерін және оның қасиеттері туралы біледі. Жеке,топта жұмыстану арқылы шығармашылық қабілеттері дамиды. Топта жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа үйренеді. «Оқушының жұмыс парағы» тапсырмалары, деңгейлік тапсырмалар,оқушылар постермен жұмысты өз бетімен орындайды.
Сабақты тиімді өткізу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаландым: СТО, АКТ,диалогтік тәсіл, Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау, БББ,Блум таксонгомиясының бөлімдерін қолдандым. Сынып оқушыларымен жұмыс жүргізу барысында жеке, жұптық жұмыс ұйымдастырылды. Сабақтың көрнекілігі ретінде слайд презентацияда жасалған материалдар мен тапсырмалар құрылған топшамалар қолданылды. Сабақты бастар кезде ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру кезінде психологиялық ахуалдан кейін оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалап, сабақ алдындағы көңіл-күйлерінің көтерілуіне жағдай жасап, үй тапсырмасын тексеру барысында жедел сұрақтар арқылы сұрақ қоя отырып кері байланыс орнату арқылы диалогке шақырдым. Сабақ барысында орындалған тапсырмалар арқылы мен өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Мынадай нәтижеге қол жеткіздім: алған білімдерінің нәтижесінде оқушылардың ой қорыту,тұжырым жасау, өзара бәсекелестік арқылы ойталқыға келуі, сол арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының қалыптасқандығын байқадым.
Сыни тұрғыдан ойлау мән мәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Мен осы сабағымда оқушыларға логикалық есептер беру арқылы сыни тұрғыдан ойландыра білдім деп ойлаймын.
Бұл сабақта ең алдымен стикерлердің көк,жасыл,қызыл түстері арқылы оқушыларды 3 топқа бөлдім, сабақ барысында әр топқа тақырып бөліп, топта талдап, постер дайындау тапсырылды. Оқушылар жаңа тақырыпты түсіндіріп, талдап, өзара талқылап, әңгіме түрінің «топтық» жүйесін іске асырып, тақырыптарды жан – жақты талдады.Топтар талқылап болғаннан кейін, негізгі ұғымдарды постер бетіне түсіріп, постер қорғауға дайындалды. Топта талқылау барысында байқағаным оқушылардың жауапкершілікті сезініп, тақырыпты талқылауға салғандары. Топ ішінен постер қорғауға шығып, салған суреттерін, түсінігі бойынша мысалдар келтіріп нақты жеткізе білді. Зерттеуге алған А деңгейіндегі Ж есімді оқушы «Қатынас ыдыстар» тақырыбында шайнектің шүмегінің неліктен ұзын,қысқа болуының себебін түсіндіру арқылы баяндап, физика пәнінен білімдерінің шыңдалуына өткен тақырыпты кіріктіру негіз болғандығын байқатты. Оқушы — мұғалім рөлінде жаңа сабақты тобына баяндауда, бір – біріне сұрақтар қоюда диалогтік баяндау көрініс тапты деп ойлаймын. Бұл жағдайда оқушы өзіне жүктелген жауапкершілікпен қатар өзін – өзі реттеп, қалай оқу керектігін үйренді. Мен өз тарапымнан оқушыларға сенім білдіруді, олардың пікірлерімен санасып, төзімділікпен тыңдауды және төмен деңгейлі оқушылардың да жақсы нәтиже көрсете білетінін көрдім.
Сабақта талантты және дарынды оқушылармен жұмыстану үдерісі нақты жоспарлану қажет. Сабақ барысында әр оқушының дарындылығын және талантын бағалап отыру, оларды көре білу мұғалімнің басты парызы екендігін біліп, оқушыларды тақырып бойынша түрлі тәсілдерді ұсына отырып ерекше таланттардың бар екендігін біліп отырдым. Модуль білім берудің кез – келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Сондықтан да осы сабақ барысында мен талантты және дарынды балалармен жұмыстану барысында оқушыларға логикалық есептер мен қатар деңгейлік есептерді де берген болатынмын. Сыныптағы С деңгейіндегі А. З. Д есімді оқушылар өздеріне тапсырылған тапсырманы тиянақты орындап, логикалық есеппен қатар, деңгейлік есептерді де шығарып топта талдап отырды. С деңгейінің есебін шығару барысында да С деңгейдегі оқушылар формулаларды қорытып, халықаралық бірліктер жүйесіне айналдырып, есептің жауабын еселік бірліктер түрінде шығарып отырды. Осы оқушының есеп шығаруға деген дарындылығын бұрынғы сабақ барысында да байқаған болатынмын, бірақ, осы сабақ барысында ол оқушының дарындылығы деңгейлік тапсырманың жоғары дәрежелі есебін аз уақыт ішінде өрнектеп, қорытындылап шығаруы оқушының дарынды екендігін анық көрсетіп отырды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс -тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Оқушыларға білім беруде ақпараттық технолгияларды пайдалану өте тиімді рөл атқаратынын тәжірибе барысында қолдану арқылы көз жеткізуге болады. Осы тұрғыда мен есептің жауабын және бағалау шкалаларын интербелсенді тақтаны пайдаланып және сергіту жаттығуын жасау барысында бейнероликтер көрсетуде пайдаландым. Мұғалім ретінде интербелсенді тақтаның оқушылардың денсаулығына зиянды екендігін ескеріп, он минут уақыттан артық қолдануға болмайтындығын біліп отырдым, тек есеп шығару сәтінде және тест қорытындысын шығарған кезде ғана қолдандым.
Оқыту үшін бағалау- бұл білім алушылар өздерінің қай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үрдісі Сабақ барысында оқыту үшін бағалаудың бағдаршам арқылы, топтық және жұптық бағалауды қолданған болатынмын. Тест тапсырмасын оқушылар топпен (1- топ- 3 – топтың, 3- топ - 2 – топтың, 2 – топ - 1- топтың ) жұмыстарын тексерді. Бұл тұста оқыту үшін бағалау жүзеге асып, жиынтық бағалаудың қорытындысы өрнектелді. Жаңа сабақты түсінгендерін оқушылар стикердің түстері арқылы (жасыл бәрі түсінікті, сары – әлі де түсіндіруді қажет етемін, қызыл – түсініксіз) бағалаған болатын. Оқушылардың барлығы да стикердің жасыл түсін көрсетіп, барлығы түсінікті екенін білдірді. Жаңа тақырып түсінікті болғандықтан, оқушыларға маршруттық картада есептер беріп, есепті шығару барысында жұптық бағалау жүргіздім. Алдымен бағалау критерийін көрсетіп, есептің деңгейіне байланысты қойылатын шкалалармен таныстырып, жұптарын бағалауды ұсындым. Бағалаудың бұл әдісінен мен: оқушылардың өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі бағалауы нақтылыққа, әділдікке, бірін-бірі сыйлауға, өз пікірін дәлелдей алуға үйрететінін, өзін жеке тұлға ретінде қабылдап, сыныпта орны барын түсінуге жағдай туғызатындығын байқадым. Сабағымның әр сатыларында көшбасшылардың тапсырма орындау барысында айқын көрініп отырғандары сабақ барысында мұғалім ретінде ең бірінші орынға өзімнің көшбасшылығымды қойып, кейін сыныптағы В, С деңгейіндегі оқушылардың постер қорғау кезінде және талқылауда, бағалау барысында өз ойларын ашық жеткізіп, пікірлерін, ұсыныстарын жүйелі беруі, оқушының « көшбасшы» екендігін көрсетті. Мысалы: постер қорғау кезінде бірінші топтың жұмысын екінші топ мүшесі В деңгейіндегі А есімді оқушым басбармақтың жоғары қарап бағалауын былай түсіндірді, «бірінші топтың қорғауы және қатынас ыдыстардың түрлерін ажырата алуы ұнады деп, сынып ішіндегі саналы ой арқылы өз бағалауын түсіндірген оқушы болды. Сабақтың постер қорғау сәтінде де С деңгейіндегі Д есімді оқушым өз тобының жұмысын сапалы түсіндіріп, шайнектердің ерекшелігін ашып көрсетті. Бұл оқушының ерекше пайымдап түсіндіруі сол топтағы және сыныптағы көшбасшы екендігін айқындалып, көрсетіліп отырды.
Сабағымның аяқталу сәтінде оқушылар мен мұғалім арасындағы қатынастың қолжетімді болуын ескеріп, сабақ соңында кері байланыс орнатып отырдым. Бұл сабағымда кері байланыстың мына түрін қолдандым, яғни «Кезбе тілші» әдісін қолданған болатынмын. Тілші рөлін сомдауға оқушыларды ортаға шақырғанымда сыныптағы С деңгейіндегі Д есімді оқушы тілші болуға дайындығын білдіріп, қалған оқушылардан бұрын ортаға шықты. А деңгейіндегі Н есімді оқушы телефон шалушы ролін сомдаса, зерттеуге алған В деңгейіндегі А есімді оқушы оқушыларға бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар қойды.
Мен бұл сабағымда сабақ өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатынасып, берілген тапсырмаларды орындады. Оларға критерий бойынша өзін – өзі бағалау, топта жұмыс істеу оларға ұнады. Жаңа тақырыпты меңгеру барысында топпен талқылап, постер дайындап, бірлесіп, топтасып орындау оларға ұнады.
Сабақта бағалау формативті түрде жүргізілді. «Екі жұлдыз, бір тілек», «Стикер», «Критерий бойынша» бағалау (критерийлерді пайдаланып өзін – өзі бағалау) әдістері қолданылып, оқушылар арасында өзара бағалау жүргізілді. Формативті бағалау сынып оқушыларының көзқарастарын жеткізе білуіне, сыныпта кемшіліктерін болдырмауға, жарыса оқуға, белсінді болуға итермеледі.
45 минутқа жеті модульді сыйдырып, сабақ өткізу өте қиын болды. Оқушыларға сабақта қолданылатын әдістерді түсіндіруге, ойларын тиянақты қылып жеткізуге, бір-бірін бағалауға үйрету көп жұмыстар мен уақытты талап етті. Жаңа әдістер оқушылар үшін қызық болғанымен, мәнін түсініп тапсырмаларды орындау қиындық тудырды. Сұрақ қою барысында төмен дәрежелі сұрақтар көптеп қойылды. Сондықтан да келесі сабақтарда жоғары дәрежелі сұрақтар қоюға дағдыландыру керекпін деп түйдім.
Бағдарламадан үйренгенімді сабақта қолданған тұстарым: Дұрыс мақсат қоя білу, бөлімдердің байланысы, оқушымен қарым-қатынас жасау, жекелей – жұпты-топтық жұмыс жүргізу реті, деңгейлік тапсырмалар орындату, ең бастысы оқушының оқу жетістігін өзі бағалай алуы. Осы курс арқылы рефлексия мен кері байланыс туралы ұғымымды кеңейте отырып, курс барысында ол екеуінің оқу үдерісінде қатар жүргізілетінін, кері байланыс жүргізу арқылы рефлексия жасай алатынымды ұғындым. Өз тәжірибемде үлкен, айқын өзгерістерге қадам бастым, бұрынғы тиімді деп өткізіп келген дәстүрлі сабақ берудің үлгісін, қазіргі оқып жатқан курстың негізінде құрылған. сабақтың үлгісімен салыстырсам айырмашылықтары айқын көрініп отырғаны байқалады. Дәстүрлі әдіс бойынша 45 минут бойы өзіміз сөйлеп, өзіміз іс-әрекет жасап, барымызды салып түсіндіріп, түсінбеген жерін бірнеше рет қайталап жататын тұстарымыз болатын. Бағдарламаның көмегімен түсінгенім, 45 минут бойы тек мұғалім ғана сөйлемей оқушы да сөйлеуі тиіс, оқушы да өз ойын айтып түсіндіріп, сұрақтар қойып, бірге жұмыстануы тиіс. Мұғалім барлық балаға жалпы түсіндіргенімен қатар, оқушылар жұптасып бір-біріне түсіндіргенде баланың ойында тезірек сақталады.
Екінші өткізген ашық сабағымның тақырыбы: