Адамзаттың асыл тәжі мұхаммед (с а. у.) пайғамбардың өмірі


VII ТАРАУ ИСЛАМ ШЕҢБЕРІНІҢ КЕҢЕЮІ



бет3/107
Дата13.10.2023
өлшемі1,26 Mb.
#185222
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107
Байланысты:
Adamzatty 1187 asyl t 1241 zhi 1

VII ТАРАУ
ИСЛАМ ШЕҢБЕРІНІҢ КЕҢЕЮІ
Мәдиналық алғашқы мұсылмандар ……………………………… 274
Бірінші Ақаба келісімі ……………………………………………. 278
Екінші Ақаба келісімі ……………………………………………. 281
Хижрет бағыты - Мәдина ………………………………………… 286
Омар бастаған мұсылмандардың көші ………………………….. 289
Дарун-Нәдуаның қорқынышты қаулысы ……………………….. 290
Пайғамбарымыздың хижреті ……………………………………. 292
Құба мешіті және алғашқы хұтбалар ……………………………. 306
Пайғамбарымыз Мәдинада ………………………………………. 312
Мекке кезеңін түйіндейтін болсақ ………………………………. 316
Пайдаланылған әдебиеттер ………………………………………. 323


Адамзаттың ардақтысы

Біз бәріміз де Құдайдың құлы, Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметі болғанымыз үшін ерекше шүкіршілік етсек керек?! Біздің пайғамбарымыз Аллаһтың соңғы елшісі, ең сүйікті құлы, бүкіл әлемге түсірілген Құран кітаптың иесі, олай болса, Мұхаммед те күллі ғаламның пайғамбары екендігі даусыз.


Аллаһтың құдіретімен айрықша жаратылған жанның туғаннан өмірден өткенге дейінгі өмірбаянын әрбір мұсылман көкірегіне түйіп, көзінің қарашығындай сақтап білсе, нұр үстіне нұр болары хақ. Өйткені мүбарак пайғамбарымыз адам баласына аса қажетті екі дүниенің пайдасы мен зиянын жібекке тізген меруерттей етіп мөлдіретіп толғап айтқан. Мұхаммедтің (хадис) – киелі сөздерінің әр лебінен шипа, пенденің ауыр жолына тура бағыт-бағдар сайрап тұр. Осы саладағы олқылығымызды толтырарлықтай дер кезінде екі том кітап жазған (Мұхаммедтің өмірбаяны) Дамира Өмірзаққызы Ибрагимге ризамыз.
Бір ескерер мәселе, пайғамбарымыздың «Мұхаммед» деген атының өзі жан баласы қызығарлық «мақтаулы» деген мағынаны береді. Бұл жөнінде біз сөз етіп отырған қолжазба кітапта былай делініпті: «Дүниенің сұлтаны – пайғамбарымыз туылған сәтте атасы Әбдімүттәліп Қағбаның жанында Құрайыштың ақсақалдарымен бірге әңгіме-дүкен құрып отырған. Сүйінші хабар оған жетті... Торсық шеке немересін құшағына ала салып емірене аймалады... Ұлы Әбу Тәліпке ұстатып тұрып: «Осы баланы саған аманат еттім, мәртебесі биік, ерекше құрметке бөленетін жан болады»,- деді. Шаранаға ат қою құрметі атасына берілді, атасы ойланбастан: «Мұхаммед болсын»- деді. Арабтарда жаңа туған сәбиге ата-бабаларының атын қою рәсімі ежелден бар, көпшіліктің «Неге аталарымыздың бірінің атын қоймадың?» деген сауалына атасы: «Ұлымның өмірінің ғибратты да баянды болып, Аллаһ тарапынан да, адамдар тарапынан да мақтауға лайық болғанын қалаймын»,- деп жауап берді...» Осы кішкентай ғана үзіндінің өзінен пайғамбарымыздың туа салып жұрттың назарына іліккенін көреміз.
Мұхаммедтің бүкіл тірлігі адам баласына үлгі-өнеге, ғылымға толы. Бұл Аллаһтың нұры жауған киелі жанның істеген әрбір ісі, сөйлеген әрбір сөзінде (хадис) мүлтік жоқ таза, айрықша шындығымен ерекшеленеді. Дамираның осы біз сөз етіп отырған екі том дүниесі мүбарак жанның адам қызығарлық сыртқы сұлу бейнесін, ішкі жан тазалығын барынша қаз-қалпында қазақтың айшықты тілімен жеткізуге тырысқаны көрініп тұр. Бұл еңбекті оқи отырып, пайғамбарымыздың биік пайым-парасатына, алғырлығына, ақылының түпсіз тереңдігіне, досына адалдығына, әсіресе сабырлылығына дән риза боласыз. Мысалы, Бәдір соғысында қасында азғана сахаба, қару-сайманы да мардымсыз, көлік те жоқтың қасы. Жасанған, мұздай қаруланған, өзінен бірнеше есе көп жауға қарсы тұру қандай қиын. Бұл жағдайды оқып отырып, біз күйіп-пісіп жанымызды қоярға жер таппадық, ал Мұхаммед болса, өзін салмақты да сабырлы ұстайды, өзім білем, «айттым бітті, кестім үзілді» деп тұрған жоқ, қайта жолдастарымен ақылдасып, қиын істің түйінін оңай шеше білді. Аллаһтың арқасында алынбайтын қамалды алды, жеңілмейтін жауды жеңді. Жұрт айтса сенбейтін даңқты жеңіске ие болды.
Дамира Пайғамбарымыздың муғжизаларының («Құран Кәрім», «Миғраж», «Құбыланың өзгеруі») кереметтігін де түсінікті тілмен әдемі баяндаған. Ол жан-жақты ізденген, көп оқыған, пайғамбарымыздың «бесіктен бейітке дейін ғылым үйрен» деген өсиетін ұстанған, ары да, жаны да таза жан екен. «Адамзаттың асыл тәжі» еңбегінің ендігі жерде ел-жұрты оқып қызығын көрсін, Аллаһ еңбегін жандырсын, алдағы жақсы істеріне де сәттілік тілеймін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет