Ахметжанов о. Н. Жануарлардың КӨз аурулары оқу құралы семей, 2012 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет54/147
Дата06.02.2022
өлшемі7,92 Mb.
#79188
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   147
Байланысты:
7e7b7439-84b7-11e3-9ea3-f6d299da70eeкоз-3
7e7b7439-84b7-11e3-9ea3-f6d299da70eeкоз-3
Жас қапшығының қабынуы (dacryocystitis) дакриоцистит. Ол жас өзектерінің қабынуымен қоса жүреді. Барлық жануарларда, оның ішінде жылқыда, ит пен мысықта жиі кездеседі. Себептері де бірдей. Танау қуысының қабынып, жас – танау өзегінің тарылуы, бітелуі салдарынан жас қапшығына шамадан тыс жиналған сұйыққа инфекция түсіп көбейуі салдарынан іріңді қабынудың дамуы.
Белгілері. Дакриоциститтің клиникалық белгілері жас өзектері қабынуымен өте ұқсас.
Емі. Дакриоциститтің жеңіл түрі жас өзектері қабынуындағы тәсілдермен емделеді. Ал асқынған түрінде операция арқылы жас қапшығы, кейде онымен қоса жас өзектері және жас безі қоса сылып алынып тасталады. Бұл операцияның жағымсыз тұстары да бар. Жас қапшығын сылып алып тастағаннан соң жарақат екінші реттік тартылып бітумен жазылып, қалың дәнекер ұлпа өсіп, жас - танау жолын бітеп, жастың сыртқа ағуына әкеледі.
Операция техникасы. Малды (ұсақ жануарлар операция столына) байлап бекіткен соң жас безінің айналасына 0,5% новокаин сіңіріліп анестезиясы жасалады. 10 – 15 минуттан соң көздің ішкі бұрышындағы таға тәрізді өзектің ішінен, оның көтеріңкі жиегін бойлай терісі, тері асты борпылдақ ұлпасы, ішкі байламы тілінеді. Тілінген тері астынан жас өзегі мен жас қапшығын тауып, қысқышпен ұстап, қоршаған ұлпалардан ажыратып, көтеріп тұрып, жас қапшығының аяқ тұсынан және жас өзегінің жоғарғы тұсынан кесіп, оларды сылып алып тастайды. Операция тілігіне тігіс салынып, ары қарай асептикалық жарақат ретінде емделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет