Ахметова К., Асанов Қ. А 94 Махаббат



бет10/11
Дата20.06.2018
өлшемі394,75 Kb.
#43731
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
МӘҢГІ ЖАСА, МӘҢГІ ТҰР !
Қызылорда қаласының

80 жылдығына

Ұлы ұлтымның

Рухы мен салт-дәстүрін сақтаған.

Сырдың елі

Талай-талай қырандарды баптаған.

Қасиетті топырағын Басқан сайын күш кернеп Мен де осынау

Астанада туғаныма мақтанам!
Ізі жатыр

Бұл қалада бабалардың тозбаған Өмір жырын

Көңіл сырын қыл қобызы қозғаған.

Тектіліктің

Түп тамыры дәуірлерге ұласып Ұрпақтарға

Үлгі болған ұлан байтақ боз далам!
Қызылорда

Бір Алланың рахымымен жаралған.

Қорқыт баба

Қобызына топырағынан нәр алған.

Қайран халқым

Тар жол тайғақ кешулерде мұқалмай Нәпақасын

Теріп жеген Сырдария мен Аралдан!
Туған қалам,

Гүлден, жайна, өркендей бер, өсе бер,

Болашаққа

Алып барсын сұлу, даңғыл көшелер.

Қасиетің мен

Қазынаңды қас дұшпанға алғызбай Ғасырлардан

Ғасырларға аман-есен кеше бер !

Саған деген

Көкірегімде басылмайды - ау ән-жырым,

Бір сен үшін

Арманым жоқ арқаласам нар жүгін.

Бар қазаққа

Орда болып, ой мақсатын шыңдаған Ұлы елімнің

Тарихында бөлек сенің тағдырың!
Келген сайын

Ауаңды да құмарланып жұтамын.

Бабалардың

Әрбір басқан ізін кие тұтамын.

Сен туралы

Шежірелер үзілмесін бір сәт те

Жас ұрпақтар

Жаза берсін өзің жайлы кітабын!
Жастайымнан

Жазулы еді жүрегімде есімің

Қартайсам да

Сәбиің боп басымды исем несі мін.

Саған деген

Сағынышым мен махаббатымды тербетіп,

Мәңгі жаса,

Қызылорда менің алтын бесігім !
14.09.2005 жыл

АНАМА ХАТ


Армысың әзиз, жан ана,

Жүрсің бе, мұңды күн кешіп.

Алыста жүрген балаңа,

Сағынышыңмен ғана тілдесіп.
Түсінем, барлық халіңді,

Қартайдың жылдар шаршатып.

Жаныма алып, жарымды,

Барушы ем, сені аңсатып.

Биыл да тағы келер деп,

Күтумен жүрген шығарсың

Қартайған шақта елер деп,

Көзіңді жасқа бұларсың.
Сегіз ек сенен тараған,

Алтауы-туған ауылда.

Амандық тілеп Алладан,

Төзіп ең талай ауырға.
Кетіпті-ау, қайран анам-ай,

Әжімнен жүзің көрінбей.

Мейіріміңе сенің даладай,

Көңілім жүр ме бөлінбей.
Шолжаңдау әрі еркелеу,

Қолында жүріп кенжеңнің

Қартайдың бәлкім, ертелеу,

Тағдырыменен ел-жердің
Сан рет шектің сапар да,

Алатау ғажап баурайға.

Қаланың заңы қатал да,

Алмадық па екен баурай да!
Шуы мол, қала тірлігі,

Жақпады, бәлкім, артықпа?

Сағынтып ауыл жыңғылы,

Тұрады-ау дәйім тартып та.
Аман бол, ана, хош енді,

Тағдырға болмас еш өкпе.

"Ұмыттың-деме-шешенді",

Сағынып жүр деп есепте!
Уайымдап кейде болма алаң

Нүктесін қоям хатымның

Бөлене берсін бар балаң

Шуағына махаббатыңның!
ӘКЕ ТІЛЕГІ
Ұлым!

Өмір сені ағызар ағысында,

Сынар тағы тайталас жарысында.

Бір басыңа бақытты үйіп-төгіп,

Жақындатар көз жетпес алысын да.
Сол кездері масайрап асып кетпе,

Жалғандықты жаныңнан қашық ет те.

Өрлігіңмен толқынға қарсы жүзгін,

Жұдырықтай жүректі ғашық ет те.
Арамдықты ешқашан ту етпегін,

(Берілмейді адамға жүрек теғін)

Ұлым, дұрыс өткізіп кұрметтегін

Жастық деген өмірдің ұлы өткелін.

Ерлік ісің еліңді қуанттырып,

Өн бойыңды өртесін тұрақты үміт,

Өзге қызға алаңдау ұят болар,

Өзің сүйген бір қызға ұнап тұрып.
Бағалайды бұл өмір білімдісін,

Асып тұрсын досыңнан білім күшің.

Ұлы еліңнің бағалап бүгінгісін,

Ұмытпа оның тарихын, бұрынғысын.
Орындалсын тілеген жиі арманың

Ез боп өссең өртеніп - ұялғаным.

Ұлым, саған осылай үміт артып,

Көкірегімнен құйылтып күй арнадым!
Наурыз, 1975 ж


СЫР ЕЛІ
Ғажап еді, Сыр елінің даласы,

Қалың тоғай, жыңғыл жиде арасы...

Табиғаты тым қаталдау болса да,

Топырағында бақыт тапқан баласы.
Өкпек желі, өңмеңімнен өтеді,

Мұндай мінез көргенім жоқ о, тегі.

Адамдары аңқылдаған жүрекпен

Бір көргеннен туысқан боп кетеді.
Ежелден-ақ ел түрағы құт мекен,

Төрт түлігі түгелімен сүтті екен.

Қорқыт бабам қобызымен күңіреніп,

Бұл далада неше дүлдүл өтті екен?
Соры шыққан бұл аймақта тақыр көп

Керісінше жыр жазатын ақын көп.

Суын ішіп, еңбек еткен жандарды

Шеттерінен бағалар ем батыр деп.
Тоңсам дағы жапырақтай қалтырап,

Маған ыстық бүл өлке мен атырап.

Ардақтаймын аялаймын мәпелеп,

Туған жерім - қасиетті топырақ.
Өз бақытым - Сыр бойында туғаным

Арманымды Алматыда қуғаным.

Осы жерден қанаттанды емес пе

Қазағыма қалқан болған ұлдарым!
Қайран Арал қайта сен де толасың

Баяғыдай құт мекені боласың

Безек қағып шырылдама, шағала,

Теңізіңе сен де қайтып қонасың
Тұрған кезде аман-есен Ай, Күні,

Жетеді екен Сырдың қазба байлығы.

Жаңа заман қыспағына ұшырап.

Ұрпақтарым көрмесінші қайғыны.
Мен осыны тілейінші Тәңірден,

Бақыт лебі есіп жатсын әр үйден.

Азаттықтың дәмін татып келеміз

Құтылғалы Ресейлік өмірден.
Бақыт-байлық екеуі де бір ұғым,

Туған жерім - махаббатым, тұнығым.

Бақ жұлдызы биіктерде болсын деп

Жақсылықтың жолын ашып жүр ұлың!
Атамекен, айналайын, ардағым,

Жаңа істермен жарқылдасын алдарың

Мұраты үшін қасиетті халқымның

Көре бергін Тәуелсіздік таңдарын!

29 желтоқсан, 2000 ж.
АМЕРИКАҒА ХАТ
Қыз баласың

Жолың нәзік жауапты.

Саған қалай

Тұнжыратам қабақты.

Бала кезден зейін-зерек өсіп ең

Өз-өзіңе қоя білген талапты.
Саған бәрі

Қызығып та қарайтын

Сен болғанда Жарық еді маңай тым.

Сенің әрбір қылықтарың ақылды

Мәртебемді өсіруге жарайтын.
Оқу іздеп,

Кеттің, қызым, ел асып.

Арманыңмен

Армаңдарың ұласып.

Сағынумен сені күттік тағатсыз.

Көңіліміз көтерілмей құлазып.
Жат елдесің

Қалай екен жағдайың?

Америка

Озық ел ғой әрдайым.

Өңшең мықты өмір сүрген сол жерде

Қызым сенін, жарқырасын маңдайың!
Қыз болсаң да

Менің қалқан қорғаным!

Саған арнап

Талай жырды толғадым

Қазақ қызы мықты екенін дәлелдеп,

Өз күшіңмен докторлық та қорғадың!
Соңғы кезде

Сирек келіп елге тым.

Көрсең шіркін,

Алматының келбетін.

Өзің туған осы сұлу шаһарға

Айырбастамас едің сен де жер бетін!
Медеу тұтып

Сөздеріңді көңілге.

Бетті бұрдық

Имандылық сенімге.

Жүрегінді жүрген шығар мазалап,

Үлкен-үлкен мақсаттарың сенің де!
Мейлі, қызым,

Жұрт не десе, о десін.

Сенің асқақ Армандарың өлмесін.

Қазақстан - сенің алтын бесігіқ

Сол бесігің сағыныпыңцы тербесін!

6 қазан, 2001 ж.

ТАҒЫ ДА АНА ТУРАЛЫ



Қартайыпсын,

Қажытты ма тірлігің

Ойлаймын деп сегіз бала бірлігін.

Барлығын да есейттің де ұшырдың

Бір құлының –

Алматыда жүр бүгін.
Жан да емессің

Жастайыңнан алымды

(Көрерсің-ау басқа жазған бағыңды)

Жалғызсырап қалдың-ау сен

Бұл күнде

Ақиретке аттандырып шалыңды.




Сезем, ана,

Жағдайыңды түсінем.

Бала көңілін сезетінсің түсінен.

Бір жақсылық көрсетем деп езіңе

Ақ батаңмен - Алматыға ұшып ем.
Аңсағаңда

Келінің мен балаңды.

Астанаға айырбастап далаңды

Келесің-ау танымайтын қалаға,

Жаутандайсың –

Түрлі ой билеп санаңды.
Тым басқаша –

Бұл қаланың тірлігі.

Ауылға да ұқсамайды бірлігі.

Барлығы да қарбаласта жүреді,

Өкінеді -

Босқа кетсе бір күні.
Біз осылай

Күн кешеміз әрдайым,

Күн сүймейді кей сұлудың мандайын.

Қозғалысы асығыстау қалада Кешір, ана,

Болмаса егер жағдайың
Әлсін-әлсін

Нөсерлеген жауынға

Селт етпейді тарихы мол тауың да.

Өзің мұнда тұрғанмен де жер басып,

Сезім-ойың-

Жетелейді ауылға.
Қос немерең

Әз жанынды тербетсін,

Далаңа да, балаңа да қажетсің

Сезем, ана көңіліңді айтпай-ақ,

Кіндік қаның

Тамған жерге не жетсін!

Наурыз, 1982 ж.
***

Ауылға келдім тағы да,

Сағынып туған анамды.

Жанымның жаркын бағы ма,

Қадірлеп өтер бағамды.
Анамның көріп әжімін,

Өткенді еске ап ойландым.

Жаркылдап айтар наз үнін,

Жасықтау етіп қойған кім?
Ағайын-туыс, осында,

Мұнымды кімге шағамын.

Осында сырлас досым да.

Білетін жанның бағамын.
Баяғы көлдер, өзендер,

Алдымнан шықты-ау, аймалап,

Өтті ғой небір кезеңдер,

Көз алдымнан қайталап.
Бәрі де ыстық көзіме,

Нәзіктеу жаным егілер.

Жеңгемнің жарқын сөзінен

Жылылық бойға тегілер.
Мен өскен жерде ежелден,

Тұлғалы биік тауым жок,

Балалық кезден сезем мен

Балдан де тәтті қауын көп!
Ұмытпас деймін Жеңісін,

Бағына бакыт қонғанда ер.

Бәрінен қымбат мен үшін,

Кіндік қаным тамған жер!

ӨЗ ҮЙІМ


Тыңдасам да бұлбұл құстың бақта әнін,

Дей алмаймын парызымды ақтадым.

Кей шақтары қажытқанда тірлігім,

Жасыра алман жаныма да батқанын.
Сол кездері ыстық мекен өз ұям,

Тонып қайтам кей көңілдің сызынан.

Есікті ашып, пальтомды іліп балалар,

Қуанады сүйген жарым, жүзі ұяң
Көргеннен соң жеңгесінің пейілін,

Ризалықпен аттанады кей інім.

Татулықты аңғартқандай үйдегі

Адамдарға деген ыстық мейірім.
Көзбен көріп таңның сұлу атқанын,

Көзбен көріп күннің сұлу батқанын.

Барсам-дағы қандай жақсы жерлерге

Өз үйімнен жайлы мекен таппадым.
Өз үйіңде мүмкін емес жабығу,

Парызымыз ең алдымен - жан ұғу.

Үйден ұзап шыға қалсам сәл ғана

Басталады бір ғажайып сағыну.
Қонақтарға айқара есік ашылған,

Айтылады небір әсем асыл ән.

Туған жердің топырағында тұрсам да,

Өз үйіме жеткенімше асығам.
Тыңдамаймын әлдекімнің өсегін,

Көз алдымда бүгінім мен кешегім.

Құдірет күш бар-ау сенде ғажайып,

Қуаныным, өз үйім - өлең төсегім!
Уақыт кейде өтіп кетер байқалмай,

Айтам деген әндерін де айта алмай.

Бақыт, байлық барлығы да сол болар,

Тұрса егер шаңырағым шайқалмай.
Жаза басқан қадамыма күйінем,

Жақсы істерді көрсем әр кез сүйінем.

Аттаныңдар ренжімей, ей, достар,

Аңқылдаған акьіндардың үйінен!
АЛАТАУЫМ - ДАРА ТАУЫМ

Алатау, асқағымсың тірегімсің

Мен өлсем де, өлмейтін жүрегімсің

Шартараптан ағылып келген адам

Қасиетіңді өзіңнің біле білсін.
Баурайың - нұрлы қала, жырлы қала,

Сүйетін сұлу ән мен жырды ғана.

Тұрасың айрықша бір айбар шашып

Нұрланса Алматыдай түнгі қала.
Шыңдарың ақша бұлтпен таласады,

Ал кейде ақ бұлттан да әрі асады.

Тағдырдан жаралғандай жақын болып.

Алматы сеніменен жарасады.
Алатау, барам десем - бағың дайын,

Тұрасың Толағайдың тағындайын.

Таң атса алдыменен сені көрем,

Қалайша сағынбайын, табынбайын!
Кейде сен қатпар-қатпар әжімдейсің

Ал кейде кереметтің өзіндейсің

Алматы әлдеқалай боп қалар деп

Анадай күндіз-түні көз ілмейеің!
ЖАДЫРАТШЫ ЖАНЫМДЫ
Наурызым менің маңдайыма біткен бағым ең

Келдің бе тағы қызылды-жасыл тағып өң

Мейірімге толы махаббатыңды сезіндім,

Құрысып денем, бұйығы болып қалып ем.
Даламды әсем, алқызыл гүлмен көмкеріп,

Келдің бе барлық сұлулықтарды өңгеріп.

Бояуға толы мезгілдердің де бәрімен

Салыстыра алмаспын өзіңді бүгін тең көріп.
Жаныма менің жақсылық нұрын себелеп,

Оралды қайта ұясына сұлу дегелек.

Қырларға сонау көктемді сыйлап жүргендей

Қос қанаттарын шапаттап ұшқан көбелек.
Халқымның жүзі жадырап қалды өзіңмен,

Бар болмысыңнан әдемілікті сезінген.

Күн нұры болып төгіліп тұрған тәрізді.

Періште пейіл мен сүйген қыздың көзінен.
Кектемнің лебі сағынтып сонда ескен-ді,

Санамда қайта жаққандай болдым өшкенді.

Наурызым менің сен келген сайын далама,

Бақытты шақты басымнан қайта кешкем-ді.
ҚҰТ-БЕЛЕС

Жақсыбайга

Ей, Жақсыбай!

Бала кезден мұратты ең

Айтқан сөзге

Уәдеңе де, тұрақты ең

Өмір-теңіз айдынында адаспай

Бір келеміз Құдай берген қуатпен!
Бірқалыпты

Мінезің бар байыпты.

Нық ұстайтын

Теңіздегі қайықты.

Азаматсың аңқылдаған ақ жүрек

Сұлу өмір сүруге әр кез лайықты.

Тағдырыңнан Тарылмаған тынысың

Сүйген жарың

Ынтымағың - Ырысың!

Ата-тегің Арқа жақтан болғанмен

Сыр елінің ардақ тұтқан ұлысың!
Елгезексің

Сөзді айтқызбай ұғатын.

Ұлтың үшін

Бүйрегің де бұратын.

Сирек бітер қасиет бар бойында.

Бір жақсылық жасасам деп тұратын.
Тарылмаған

Ашық-жарқын пейілің

Саған ұқсап

Өссем дейді кей інің

Айналаңа шуақ шашып жүресің

Тұла бойың тұнып тұрған мейірім!
Алпысқа да

Келіп жеттің алқынбай.

Еркін, Әділ

Жаркырайды алтындай.

Немере мен шөбереге зерделеп

Өсиетіңді айта берші, сарқылмай!
Тағдыр бізге

Тек жақсылық тосқан-ды.

Жоғалтпайық

Бірге жүрген достарды.

Мына өмірдің қызығына бәріміз

Тоймайықшы, Тойлайықшы, Тоқсанды!

15 сәуір, 2005 жыл.
НЕКЕ САРАЙЫНДАҒЫ ОЙ
Тамаша таңның арайын әр күн көрем мен,

Шұғылалы шағын жұптаймын сұлу өлеңмен.

Осынау сәтте ғажайып-көңіл күй кешем,

Жақсылықтың бәрі жаныма жақын дегенмен.
Көз жауын алып, мамыражай маңғаз маңайым,

Ертемен тұрып таза ауа жұтып алайын.

Шығыстан шыққан шартабақ күннің сәулесі,

Емірене сүйді Алматы неке сарайын!
Бұл жерге бүгін үмітпен келген жастар көп,

Күлімдеп қарар көз жетпес сонау аспан көк.

Шырқайды түгел махаббат жырын қосылып,

Шынымды айтсам шынайы одан басқа ән жоқ.
Жүздері жарқын, қуаныш толы кеудесі,

Қалыңдық әппақ, күйеудің әппақ-жейдесі.

Мөлдіреп тұрған көгілдір аспан астында,

Махаббат болып бәрің де бүгін сөйлеші!
Еңсесі биік қашанда осы ақ үйдің

Құт мекен болып, ұл-қызын қосып әр үйдің

Алмасып жүзік, жұбайлық өмір басталып,

Сарайда әсем салтанатпенен шалқиды үн.
Басталып той да, келіннің беті ашылып,

Жолына оның көл-көсір шашу шапылып.

Қуаныштан аяқ баса алмай толқып ене жүр,

Келіннің қолынан шай ішкенінше асығып.
Ән-күйге толы айнала бүгін жыр анық,

Билейді бәрі әуенге сазды бұралып.

Қуаныштан аяқ баса алмай толқып ата жүр,

Баласының басы екеу болғанына қуанып.
Сананы билеп ізгілік атты жақсы үміт,

Жұбайлар мұнда аяғын алғаш басты нық.

Халкымның бүкіл қуаныштарына айналсын,

Осы үйден барлық таралып жатқан жақсылық.
Есіме түсіп, өзімнің сол бір шақтарым,

Қыдырып жүріп жыр жазған әсем бақтарым.

Дәл мұндай Сарай болмады менің тұсымда

Ескілеу үйді имене ғана аттадым.
Әрине, оған айтылмас менің өкпем де,

Өзегін өртер өкінген ғана өткенге.

Мың мәрте алғыс айтамыз бүгін тағдырға,

Күләш екеуміз осы күндерге жеткенге!
Кеудемде менің маздайды жалын жыр-ойлар,

Кәусар сезімді жоқ шығар адам ылайлар.

Ұрпақты болсын,

Бақытты болсын деймін мен,

Бүгінгі және болашақтағы жұбайлар!

12.06.1978 ж.
ТАБИҒАТЗАҢЫ

Айнала көңілсіздеу қонырқай күз,

Сүрықсыз келбетіңе таңырқаймыз.

Кеудемізден күн шығып тұрған кезде

Жаным-ау, сонша неге жабырқаймыз?
Еркешім, еркелеші, жасыма тек,

(Қажетіңді берейін басыңа әкеп)

Сәл нәрсеге кеңілің құлазымай.

Жақынырақ отыршы қасыма кеп!
Болмашыдан туғызбай мың күн егес,

(Бір күндері болар-ау күлкім де елес)

Табиғаттың заны бар, өмір-бақи

Тек күншуақ көруің мүмкін емес.

XI. 1989 ж.
ҰЛЫМА
Жарқылдашы, болмашы жасық балам,

Сен жасысаң мен де бір жасып қалам.

Сен төбенің басына бара жатсаң

Ал мен сол бір төбеден асып барам.
Жігерсіздеу болмашы, өтінемін,

Баулысам деп өзіңді бекінемін.

Қанын, тегің бәрі де менікі еді.

Қайсар мінез таппасам өкінемін.
Он жетіге толсаң да баладайсың,

Болашақты бағдарлап қарамайсың

Өз халқыңның әуенің ажыратпай

Даңғазалы әуенге данадайсың!
Құлың болғым келеді бүгін сенін,

Жүрегімді сыздатар сүрінгенің

Достарыңмен сөйлесіп өз тіліңде

Дәстүріңді ұмытпа, ұлым менің!
Халықпыз ғой онсыз да жарасы мол,

Айналайын көзімнің қарасы бол!

Он-бойыңнан далаңның исі аңкыған

Ең алдымен Қазақтың баласы бол!
1989 ж.

ТҮНГІ АЛМАТЫ


Сүттей әппак, Айлы түн,

Жымыңдайды жұлдыздар.

Уақыт та жайлы тым,

Жарасады ұл-кыздар.
Бейне түгел қала - шам,

Қараңғылық азап қой

Көктебеден қарасаң

ТҮНГІ Алматы ғажап қой.
Зеңгір көгім - келісім!

Жалт-жұлт еткен жақұттай,

Өлең жолы мен үшін

Жаңа тапқан бақыттай.
От, Құдырет қарашы,

Түнім жарық күндізден.

Көк пен жердің арасы

Жалғасқаңдай жұлдызбен.
ТАБИҒАТПЕН ҮНДЕСУ...
Өмір-күрес. Белімді буып бекем,

Бақытымды тынымсыз қуып келем.

Қаншалықты кеудемді қымтасам да,

Сумаңдайды оңмеңдеп суық деген.
Ыстығын да, боранын, ызғарын да,

Көрдім талай денемнің қызғанын да,

Жастығымның тарқатып базар, бағын,

Аяңдадым көңілсіз күз бағына.
Өмір заңы осылай екендігін

Білгендеймін дәлелдеп, көкем бүгін

Үндес болсам арман жоқ табиғатпен,

Сезілмесе болды ғой бөтендігім.
ОҚЖЕТПЕС

Оқжетпес, неткен сұлу, көркем едін,

Жүрегін кімдердің сен өртемедін

Біраз күн Бурабайдың суын ішіп,

Төсіңде сайраңдадым, еркеледім.
Қалайша кәусарыңа қана алайын,

Шаншылған аспанға ұзын қарағайың

Танытар тосын мінез табиғатың

Күніне мың өзгерген баладайын.
Ұласқан ғасырлардан ғасырларға,

Ұқсайды мыңқ етпейтін тасың нарға,

Ғажайып шабыт беріп жыр жаздырдың

Сәкендей қайталанбас асылдарға.
Өткеннен шежіре боп тіл қатқансың

Жатқандай ғасырларға жырлап тасың

Ұмтылған арманына ару қыздай

Бүгінге қол созады "Жұмбақтасың".
ӨКІНБЕЙМІН
Ақ таңдарым арайлап атқанында,

Бақытымды таптым ба, таппадым ба!

Тіршіліктің қызығын қуып жүріп,

Көре алмадым кей күннің батқанын да.

Тәтті тірлік табиғат құшағында –

Құбылыс көп өмірдің пәк танында

Бәрі, бәрі өтеді қас-қағымда.
Бәрін, бәрін түйсініп ұққаныммен

Тек өзімнің ойымнан шықпадым мен.

Биік-биік жолдағы белестерде

Айналама көз салып тоқтадым мен.

Жетсем, жетем өзімнің мұратыма

Бойымдағы лаулаған оттарыммен

Өмір өзі сыйлаған соқпағымен.
Десе біреу сенбеймін; өмір бекер,

Ғұмыр бойы олардан көңіл кетер,

Түсінгенге тамаша таңды көру –

Жан-жүйесін жасартып жеңілдетер

Бір-ақ рет келетін бұл фәниден

Данаң да етер, шалқыған "серің" де өтер

Қалған ізің көңілді сенімді етер!

Сезінемін күн сәуле ғажаптығын,

Күн нұрынан құлпырған таза ақ гүлім.

Дүниеде дөңгелеп өтер бәрі

Өткеніндей осыдан аз-ақ бұрын,

Балам, жырым - қалдырған асыл мұрам

Өкінбеймін өмірге, қалса осылай –

Бейбіт күнім, бақытты азат күнім!
КҮН НҰРЫ БОЛЫП ТАРАЙЫН
Мен осы неге мұңаям,

Жарқылдап жүрер шағымда.

Ұйкымнан ауыр оянам,

Атпайды кейде таңым да.
Беріле берсең ойларға,

Жабырқай түсер жаның да.

Созайын мен де ойды алға.

Ойнасын сезім қанымда.
Жігерсіз болып езіліп,

Жүрмейін ойдың астында,

Құпия күшке кезігіп,

Ұғайын сырын тастың да.
Мен осы неге мұңаям,

Жаркылдап жүрер шағымда.

Тәңірім, маған бер аян,

Ататын аппақ таңында.
Әлдилеп тұрған әлемге,

Ғашық боп мәңгі қалайын.

Сәулесі аздау бір елге

Күн нұры болып тарайын.
Ұланың едім от үнді,

Қақпаған ешкім бетімнен.

Өзіңнің берген отыңды

Өшірме, өмір, өтінем!?
ҚАРБАЛАС

Бұрқыратып көп қарды,

Алтын күрек соқты бір.

Еске салып көкпарды,

Басталды бір от дүбір.
Бәлкім, соңғы қыспағы,

Салқындыққа ақырғы.

Қалған қарды қыстағы,

Қара жерге батырды.
Шешіп тастап шекпенді,

Қыс қалғандай бұртиып.

Көргендейміз көктемді

Келе жатқан қылтиып.
Мықтылықты әрқашан,

Мойындаған дұрыс-ау.

Егер байқап қарасаң –

Жаратылыс - ұлы іс-ау!
ОҢАША КЕЗДЕ ОЙЛАНАМ
Сыймаймын, сірә, үйіме,

Отырам ұзақ мұң кешіп.

Шексіз де шетсіз дүние,

Көкірегімде жүр көшіп.
Жан адам жайлы сыртынан,

Айтпадым өсек құнығып.

Көктемнің сұсты бұлтынан,

Іздеген едім жылылық.
Жамандық жайлы мен тіптен,

Ойлануға да қорқамын,

Отырғам әр кез кеңдікпен,

Келтіріп сәнін ортаның
Жақсылық және жамандык,

Жүреді екен егіздей.

Жамандық аты - надандық,

Жақсылық деген теңіздей.
Жетем бе ойдың түбіне,

Тірлікке ұсақ ашынам.

Құбылып тұрған күніне

Опасыздардан шошынам.
Өмірдің кейбір күйінен,

Отырам ғажап мұң кешіп.

Қиын да қызық дүние,

Көкірегімде жүр көшіп.
МАЙ АЙЫНДА ЖАУҒАН ҚАР
Алатауға қара бұлттар байланып,

Қызық екен қар жауғаны майда анық.

Алдыменен жаңбыр құйып өтті де,

Арты лезде кетті қарға айналып.
О, ғажап-ай, көріне енді "қыс" мықтың

Қайда кетті қызуы мөл ыстық күн.

Көз алдыма ақпан айы елестеп,

Ауа райы кетті өзгеріп түстіктің
Май-мамырда әппақ шапан киінген,

Қатты аядым бұтақтарды иілген.

Үлбіреген тіршілікті мұңайтып,

Неге сонша бұл табиғат күйінген.
Жан-жағына беріп тұрған көрікті,

Қатты аядым гүлін төккен өрікті.

Енді-енді көтерілген көкөніс,

Басып қалған мұздай қарға көніпті.
Май айында бәрімізге батты ызғар,

Табиғатпен доспыз ба, өлде жатпыз ба?

Екі ортада тепе-теңдік сақталмай,

Ренжітіп жүрген осы жоқпыз ба?..
САҒАН АРНАЙМЫН ЖЫРЫМДЫ
Атырсақ та тағдырдың таңын бірге

Түсіне алмай келемін әлі күнге

Қызық өмір кешсем де,

Әр күнімнің

Болмайтындай бір сенсіз сәні мүлде.
Сен екенсің жанымның бақыт, бағы,

Керегі жоқ байлық пен жақұт тағы.

Тағдырымнан тек қана сұранарым –

Сыбағамды алмағай уақыттағы.
Жабықсаң да қарайсың жаркын ғана,

Қызықпайсың дәулетке, алтынға да.

Соқпақтардан сүрінбе,

Сергек срін,

Асулардан аса бер, алқынба да.
Әжім түсіп, ағарды самайың да

Қиындықтың кердің ғой талайын да.

Көре білген адамға көп нәрсе бар

Өзің жазған өлең-жыр сарайыңда.
Үзілмесін жаныңнан үміт деген,

Жеңіл іске сен едің желікпеген.

Қоныраудай сыңғырлап күлкің шықсын,

Көңілінде болмасын күдік деген.
Жарқылдашы, жаныңнан мұң айықсын,

Мен ұқпасам,

Өзгелер қалай ұқсын?

Иілмеген ешкімге бір басыңа

Не құрмет, көрсетсем де ылайықсың

* * *


Саған арнаймын жырымды –

Жаныма жалау болғаның үшін,

Ақтарып барлық сырымды,

Жүрегімнің небір толғанысын.
Басқаның ыстық құшағы

Өзіндей өртеді ме екен?

Бакытым - осы ошағым,

Керегі жоқ ертегі бөтен.
Саған арнаймын жырымды

Аққудай үлбіреген құсым.

Жанында жүргенім үшін,

Бірге өмір сүргенім үшін.
СЕЗІМТАЛ АҚЫН БОЛҒАН СОҢ
Білемін нәзік жаныңда

Қорғасын ауыр мұң барын.

Сағыныш толы сарында

Жазылған кейбір жырларың
Әсемдік әлем іздейсің

Өмірде мына тым қатал.

Күдеріңді де үзбейсің

Іздейсің адам тыңдатар.
Бәрі де, бәлкім, орынды,

Ұмтылу ізгі мұратқа.

Өзіңнің жүрген жолыңда

Қалмасаң болды ұятқа.
Қаталдау мына заманда

Кездерің көп қой ой қысқан.

Көңілің аппақ саған да

Жаласын жабар кей дұшпан.
Көлеңке менен күншуақ

Келеді қатар алмасып.

Жаныңда жүрсін жыр-қуат

Болашағыңмен жалғасып.
Басыңа бақ та қонған соң

Сезіну оны бөлек қой.

Сезімтал ақын болған соң

Мұңды да болу керек қой.
МЕН ДЕ ӨЗІМШЕ ТҮРЛІ-ТҮСТІ БОЯУМЫН
Жүргенімде мейірімге жарымай,

Кейде мені түсінбейсін, жаным-ай.

Сәл сүрінсем қабақ шытып қаласын,

Өзіңе аян мінезімді танымай.
Мен де өзімше сырға толы жүрек ем,

Жаным жұмбақ қыр-сыры мол бір әлем.

Дариясынан кете алмайтын құстардай,

Байыз таппай жүрегімде жүр өлең
Өмір мені үйреткен соң әр қилы,

Көңілім де әрқалай боп шалқиды.

Өзімсініп өбектеген адамға

Нәзік жаным қорғасындай балқиды.
Көңіліңе түсірмеші қаяу-мұң,

Мен де өзімше түрлі-түсті бояумын.

Таба білсең сол бояудың өз орнын,

Айтқаныңа көне берем, аяулым!
ҚУАНЫШ
Сен туғанда гүлжазира көктем-ді,

Кез жіберіп бағдарласам өткенді.

Перзентхана есігінің алдында,

"Ұл!" дегенде төбем көкке жеткен-ді.
Қуанғаным кетпес әлі есімнен,

(Кездерім де жоқ емес-ау ееірген)

Алматыда туып едің көктемде,

Ал, тұсауың Сыр бойында кесілген.
Төрт жасыңда қайтып келдің қалаға,

Қайта үйреніп туған әке, анаға.

Күн сайынғы мейіріміміз өзіңе

Бірте-бірте жақындатып бара ма?
Зеректігің ата-анаға бөлек-тін,

(Бала үшін бүл қасиет керек тым)

Өзіңше бір сыр түйгендей боласың

Қарап тұрып құбылысына теректің.
Жассың ғой сен

Жүрген талай жайды ұқпай,

Киындыққа қарайсың ба қаймықпай!

Салдың талай киіз үйді, ауылды,

Тарпып тұрған тұлпарды да айнытпай.

Боларсың ба бір кездері елге гүл,

Елтіп кетпе желпіп өткен желге құр.

Өз парызын өтеу керек Отанға,

Жер бетіне тірлік үшін келген ұл!
КӨЗ АЛДЫМДА ТӘЙ-ТӘЙ

БАСЫП ЖҮРГЕНІҢ
Көз алдымда тәй-тәй басып жүргенің

Көшірмеме ұқсап құйттай бір менің

Қайталанбас бақыт еді біз үшін

Әрбір заттың атын атап, білгенің
Тұла бойың бір ғажайып толған үн,

Өзің жайлы талай жырлар толғадым.

Түсініспей қалған кезде мамаңмен,

Анық, ботам, шын дәнекер болғаның
Уақытты қалайша мен тоқтатам,

Сен туғанда бар-тын, бүгін жоқ атаң

Бір-ақ күнде ашылған гүл сияқты

Тез-ақ өсіп қалыпсын ғой, ақ ботам!
Енді саған айта алмаймыз ақыл да,

Болғың келер азабы көп ақын да.

Күрделі ғой өмір деген дария,

Ақыл-оймен тереңірек жақында.
Өткел тұрса, қажыма сен, бас алға,

Ботам меніқ көзіңе еш жас алма!

Тұңғышым ең тағдырымнан сұраған,

Біздер үшін мейірімді бол қашанда!
ӘДЕМІ ӨЛЕҢДІ АҢСАУ
Нәзіксің ғой жаңа өскен гүлден де,

Нұр төгілер езу тартып күлгенде.

Әдемі өлең жазылмады-ау деймін,

Сен
Ас үй жақта ыдыс жуып жүргенде.

Үй тірлігі барлығы да назарда,

Сенсіз үйде қайнамайды қазан да.

Әдемі өлең жазылмады-ау деймін,

Сен

Кеткеніңде жылдам басып базарға.

Жүрмейсің де мендей жиі думанда,

Қолың сенің шықпай қойды судан да.

Әдемі өлең жазылмады-ау деймін,

Сен

Көпіршітіп кір көйлекті жуғанда.

Талантыңды бойыңдағы ескер де,

Күнделікті тірліктерге дес берме

Әдемі өлең жазылмады-ау деймін,

Сен

Кеткеніңде кездесу мен кештерге.

Тәңірдейін табынасың жолы аққа,

Іштей налып, шыдамайсың олаққа.

Әдемі өлең жазылмады-ау деймін,

Сен

Бәйек болып әзірленсең қонаққа.
Таразылап кез тастасаң өткенге,

Жоқ емес-ау маған сенің өкпең де.

Өлең жазған жарасады ақынға,

Гүл өскені жарасқандай көктемде!
Шабыт беріп туған жерің мекенің

Шыққан емес ешқашанда жеке үнің

Елдің қызы, ердің жары болудың

Түсінемін тым жауапты екенін.
ӘЙЕЛ
Өткен күнге көз салып қарасаныз,

Әр дәуірдің жылдарын санасаныз,

Мейлің ұлық болсаң да, мейлің дана,

Әйел-ана алдында аласамыз.
Қажеті жоқ оған еш дәлелдің де,

Салты солай, достым-ау, қай елдің де.

Жиырмасыншы ғасырдың еншісінде

Жоқ емес қой үлесі әйелдің де.
Жер-жаһанды көрсең де бірдей жүріп,

Әйел шығар алдыңнан күндей күліп.

Сымбатына амалсыз бас иесің

Сиқырласа нәп-нәзік гүлдей қылық.
Арнап бала, жарына бар асылын,

Жанұяның ойлайды жарасымын.

Мейірімі де шексіз ғой, тұңғиық қой,

Кеңдігіндей дүние даласының
Қарлығаштай қамқоршың қанатың да,

Өміріңнен зор орын алатын да.

Әйел деген шешілмес жұмбақ екен

Қол ұстасып жүрсең де санатыңда.
Жаны сезім әйелдің бойында алау,

Сол алауды аңсайтын жайың бар-ау.

Білімсіздік дер едім ерлер үшін

Ұлылығын әйелдің мойындамау.
СЕНТУҒАНДА
Сен туғанда куанғаным соншалық,

Бар табиғат тұрғандай бір ән салып,

Бүкіл әлем сәби болып кеткендей,

Қарай берем құмарлықпен тамсанып.
Сенен бастап кеудемнен жыр ағыттым,

Өзің болып куәгері уақыттын,

Біздің үйдің жарық болды түні де,

Базарына айналдың сен бақыттың
Тәй-тәй басып, сен бастаған жол басы

Келеді ұзап, тағдыр сені қолдасын.

Теңізге де барып қайттың мамаңмен,

Секілденіп ең сенімді жолдасы.
Білем, ботам, өмір деген тәтті үміт,

Алқынбаиы, асықпашы аптығып.

Өмір сырын зерттегейсің қатты ұғып,

Сапарыңа тілейінші сәттілік.
ЕЛІКТЕУ
Ұлым-ау, сырларыңды жайшы маған,

(Айып болмас, сірә да, хал сұраған.)

Суреттерден сен салған көрем дәйім

Құлагерді құлағын қайшылаған.
Өмір - сурет, салуды ұнатасын,
Оны тағы әкеңе сынатасың

Ақ қағазға айнытпай түсірші бір

Өзің керген ауылдың жыра, тасын.
Бояуды да таңдайсың орныменен,

Кімге тартып суретші болдың екен?

Өзім саған бәрін де үйретіп ем,

Озып бара жатырсың енді менен.
Айнытпай-ақ саласың тұлпарларды,

Болашаққа осылай жол таңдалды.

Қастеевтің суретін көп қарайсын,

Қалдыр солай өзің де қолтаңбаңды.
ОЙЛАН, БАЛАМ!
Жақсы өлеңді жазшы дейсін, оп-оңай,

Саған жеңіл, маған қиын, ботам-ай!

Көкірегімнен күн сәулесі таралып,

Жанарымда нұрын төгіп жатады ай.
Жүрегімді қинамаса бір құйын,

Жақсы өленді жазу маған тым қиын.

Өлең деген теңіз болса егер де,

Маржан іздеп тереңіне сүңгиін.
Бәрі, бәрі жүрегімде назарда,

Бәлкім, бір күн соның бәрі тозар да.

Өлең деген жазылады шабытпен,

Өлең деген сатылмайды базарда,
Ойланам да қалам алып толғанам,

Нәзік жаным осы үшін болды алан,

Өлең жазған адамдардың жүрегін

Түсінуге тырысқаның жөн, балам!
СЫРДАРИЯҒА
Талай ғасыр шежіресінен сыр құрап,

Сұлу Сырым ағып жатыр сылдырап.

Өткенге де өкпесі жоқ сияқты,

Тамыр жайып жағасынан мың құрақ.
Келген сайын ауылыма сағынып,

Күтер достар жаны қалмай жабылып.

Асығамын бір шомылып қайтуға,

Қалатындай бар күнәмнан арылып.
Қайран Сырым, шежірелі ғұламам,

Бүкіл елге сенің нәрің ұнаған.

Қасиетті мәртебеңе бас иіп,

Тағзым етем, мейірімді Ұлы анам!
АУЫЛЫМ - АЛТЫН БЕСІГІМ
Оңаша ойда отырып,

Түсірем еске бар әнді.

Кеудені күйге толтырып,

Сағынам туған даламды.
Сағынам оның әр тасын,

Жыңғылын және шеңгелін.

Болса да боран, бұрқасын,

Туған жерім ғой-ол менің
Жиденің иісін сағындым,

Гүлдейтін жаздың айында.

Жабайы өскен талыңды,

Айырбастамаймын қайыңға.
Түсірем жиі сені еске,

Ауылға жазған хатымда,

Өзіңде қалды емес пе,

Балалық махаббатым да?
Сенде өткен ғажап күндерді

Қалайша бүгін ұмытам,

Сәл тоңып қалған гүлдерді,

Жүрегімменен жылытам.
Албырттау бала кезімде

Бесігім едің тұрақты.

Қараймын саған,

Өзіңде

Жастығым қалған сияқты.
Қанғам жоқ емір сырына,

Шығамын талай жолға әлі.

Ұяңнан ұшқан ұлыңа

Тілеуқор болсаң болғаны.

ТУҒАН ЕЛІМ
Сәулесімен бойымда от өретін,

Еркелік пен назымды көтеретін,

Маған барлық бақытты әкелетін,

Сенсің ыстық Отаным, туған елім!
Өзің барда білінбес жалқылығым,

Сеніменен жалғасқан жарқын ұғым.

Сәбилердің сүйемін бал қылығын,

Ғажап мекен, мейірімді туған елім!
Барлық» барлық белдерің таныс маған,

Бір сәтте де кезім жоқ алыстаған.

Жана алмасам өлгенше намыс маған,

Байтақ өлке, баянды туған елім!
Жолдарыңа әрқашан сүранатын,

Бас білмеген асауға міне алатын,

Сенен мәңгі шабытты жыр алатын

Мен өзіңнің үлыңмын, туған елім!
КҮЗ
Бар бояуы мезгілдің қаныққанда,

Табиғатты өзіңцей жан ұққан ба?

Дір-дір етіп қалтырар жапырақтар

Қамыққанда, әр күні, жарық таңда.
Қанаттары күнменен шағылысқан,

Аққу - құстар бұлттарды жарып ұшқан.

Қол шатырды қалқан ғып төбесіне,

Жастар отыр көктемді сағынысқан.
Сарғыш түске боялып атырап бар,

Сыбдырлайды сыр тартып жапырақтар.

Таңғажайып табиғат алмасуын

Суретшінің көзімен бақылап қал!
КӨКТЕМ КЕЛДІ
Көктем келді кек белді гүлге орап,

Соқпайды енді суық жел күнде борап.

Құрт-құмырсқа тыныстап еркінірек,

Кемпір-шалдар бой жазды күнге қарап.

Сылдыр-сылдыр ағады бұлақ күліп,

Тұтанады қайтадан іхырақты үміт.

Дала, шіркін, құлпырып кетіпті ғой,

Шыға келсем қырқаға құр ат мініп.
Кайран көктем, сен-дағы өтесің-ау,

Жүректерде қалмайды от осынау.

Қызыл-жасыл әлемнің ғажаптығын

Бәріне де дәлелдеп кетесің-ау...
ДҮНИЕГЕ ҚАРАЙМЫН ҒАШЫҚ КӨЗБЕН
Күннен-күнге анылып жан сарайым,

Аппақ танды тау жақтан қарсы алайын,

Мөлдірлігін сол таңның сезінейін,

Тазалығын айтып мен жар салайын.
Бар табнғат сол мезет құлақ тосса,

Сүп-сүйкімді саусағын құрақ созса.

Дүниеге қараса махаббатпен,

Соны жырлап, әніне бұлақ қосса.
Адамдарға қараған ашық жүзбен,

Өтсем деймін жақсылық шашып сөзден,

Мына өмірге қараған мен сияқты,

Бар тіршілік қараса ғашық көзбен.
СЕНСІЗ ӨМІР КӨҢІЛСІЗ
Жаным, менің көңілімді жүдетпе,

Сыздап жатыр небір ойлар жүректе.

Сен де өмірге жарқынырақ қарапы,

Өміріңді өксітпесін құр өкпе.
Жылдар жылжып, келе жатыр тағы күз,

Ортақ өмір, өртақ тағы әніміз.

Менің сенсіз, сенің менсіз өмірде

Бұдан былай келіспейді сөніміз.
Дала бүгін - ыстық болса, ертең - сыз,

Саған деген қүрметім де өлшеусіз.

Жылдан-жылға барамын ба қартайып,

Қызық емес тойға барсам мен сенсіз.
Шаттық думан болса деп ем жан-жағың

Еркелетсем деп ем сені, жан жарым.

Қайсарлықпен бірге қарсы тұрайық,

Тағдыр өзі білер сон-соң ар жағын.
ЕЙ, МЕНІҢ НҰРЛЫ КӨКТЕМІМ
Жыр қүйып көңілдерге нүр сіңдіріп,

Қаламда, даламда да жүрсің күліп.

Мамыражай мерейлі шуағыңмен

Кәрі қысты жібердің күрсіндіріп,

Ей, менің нүрлы көктемім!
Жиып алып бойыңа бар күлкіні,

Қыз біткеннің шіркін-ай, балбұл өңі.

Көкейімнен кетпейді-ау жаңғырығып,

Таңсәріде шырқаған бұлбұл үні,

Ей, менің нұрлы көктемім!
Жаным қайран қалады жарастыққа

Екеу -екеу мәз-мейрам қала, сырт та.

Жас сәбидің көзіндей мөлдірейді

Күн сүйдірген бейкүнә таңғы шық та,

Ей, менің нұрлы көктемім!
Болар, бәлкім, бұл жылдың жазы бөтен,

Жаңбыр құйды көктемнің назы ма екен?

Сұлулықпен бәрін де табындырған

Мен өзіңе мәңгілік тағзым етем,

Ей, менің нұрлы көктемім!
АҢҚАУ ҚЫЗЫМ, АҚБОТАМ
Саған деген шын әкелік ақ батам:

Ауырманы, айналайын, ақ ботам.

Бала күнің саған бақыт сыйласын,

Жадырасын сен қуанған шақта, Отан.
Сен ғой, көкем, біздің үйдің базары,

Тек сенімен қабағымыз ажарлы.

Өзің барда ән-күйіміз тым асқақ,

Сен ауырсаң - тағдырдың сол азабы.
Қызықсың сен, өзіңменен күнде біз

Бір қуанып, бірге өмір сүреміз.

Ботам сенін, сыңғырлаған даусыңнан

Тіршіліктің тәттілігін білеміз.
Сүйсіндірер қылықтарың көп сенің

Қуантады акылды боп өскенің

Айналайын, аңқау қызым, ақ ботам,

Тірлігіңде болсын кызық, кешкенін,
ТУҒАН ЖЕРІМ - ТАҒДЫРЫМ!
Ер жетіп ем, жұтып кәусар тұнығын,

Туған жердің ұлымын да, құлымын.

Қайран Дария! Толқыңдарың жоқ бүгін

Қайда түпсіз иірімін, жылымың?
Дария бойы нар қамысқа малынып,

Толқындары жатушы еді жар ұрып.

Көзге сұлу көрінетін көктемде

Шеңгелдерім гүл-қоңырау тағынып.
Өтті сонда балалығым, қызығым,

Керкі қандай ғажап еді күзінін,

Осы күні сағынамын мен тіпті

Масалар мен соналардың ызыңын.
Алыстапты соның бәрі бүгінде

Есту қиын шағаланың үнін де.

Жанарлары жабырқаулы, байқасам,

Бір үрей бар адамдардың түрінде.
Күн болар ма ақ толқынмен жарысар,

Қырғауылмен, қаз-үйрекпен табысар.

Арал жақтан көтерілсе түзды жел,

Байқоңырдан будақ-будақ шаң ұшар...
Күріш сеуіп, артығымен жоспарлап,

Шындықты біз айтатынбыз астарлап.

Барлығын да қолмен істеп өзіміз

Кесапатқа қойыппыз ғой баспалдақ
Кең далаға қалдырсақ деп елеулі із,

Туған елге боламыз деп тіреу біз.

Көре тұра қиянаттың не түрін

Әділдікті айта алмадық біреуміз.
Сенде менің балалығым, қалды үнім,

Туған елім таусылмайтын ән жырым.

Жалға берген Байқоңырым сияқты

Мұңдылау боп көрінеді тағдырың
***
Өз жерім, өз мекенім таныс маған,

Тау-тасы жоқ мен көріп, таныспаған.

Жүрегіммен бір соғып тұрған шақта,

Туған жерден кезім жоқ алыстаған.
Сол мекенмен менің де табысым бір,

Болашаққа бастайтын ағысым бір.

Күндіз-түні ол жайлы толғанамын

Туған жермен қашанда намысым бір.
ХАЛҚЫМДЫ ОЙЛАП КҮНІНЕ
Денем ауыр, зіл батпан,

Екі аяғым бір баспай.

Қарағанға тіл қатпан,

Қара түнмен - мұңдастай.
Айналаны түп-түгел,

Айдан анық көремін.

Сумаңдайды ептілер, -

Көздің жасын төгемін.
Қу түлкілер бұлаңдар,

Мазақ қылып ақылды.

Жаңа шыққан жуандар

Аямайды ақынды.
Мұңға баттым, амалсыз

Жүрегімде бар сыздау.

Халық қалды қамалсыз

Жас балалар арсыздау.
Көптің күні - азапты,

Аз ғана топ байыды,

Ауылдағы қазақтың

Момындығы - айыбы.
Бүтіндеудің сырын айт,

Сөгілуде іргелер.

Бәрін айт та, бірін айт

Қазақ қайтіп күн көрер!
Халқымды ойлап күніне

Мұңға батам мың рет.

Қазағыңның үніне –

Құлақ салшы, құдірет!
АЛАТАУ
Еңсең биік, тұлғаң үлкен, қарасам,

Бұл табиғат жемісі ғой орасан.

Мен өзімді бақытты деп санар ем,

Баурайында күн кешуге жарасам.
Биік шыңың асқақ және айбарлы,

Етегіңді бақытты ел жайлады.

Құйқылжыған құстың ғажап үнінен

Жаным менің үлбірек сыр байлады.
Таңнан тұрып алғаш сені көремін,

Көремін де кеудеме жыр өремін.

Қараймын да асқақ алып тұлғаңа,

Сенің мәңгі екеніңе сенемін.
Шыңың биік, төңірегің терең құз,

Көрдің талай істерді де келеңсіз.

Тау болмаса дала сәні келмейді,

Өмірім де өмір емес, өлеңсіз,
Алатауым, көркің әйбат шынар-ау,

Тағдыр бізді талай-талай сынар-ау.

Арманым не баурайыңа, әйтеуір

Жағып кетсем мәңгі сөнбес бір алау!

МАЗМҰНЫ
КҮЛӘШ АХМЕТОВА
ЖАРАТҚАНҒА ЖАЛБАРЫНУ 4

ЖАРАТЫЛЫС 5

МАХАББАТТЫ ҚОРҒАУҒА ШАҚЫРАМЫН 6

ТАҢ 8

ҚАНДАЙ ТАҢ! 9

ҚАЗАҚСТАНЫМ 9

ӨЗ ЕЛІМ

МЕН БІР БАҚЫТ ІЗДЕП ЖҮРМІН, ДОСТАРЫМ 1 1

ХАЛЫҚ 1 2

САМҒАУ 13

ТАЛАСТАҒЫ ЖЕР АТТАРЫ 14

ҮШАРАЛ 15

АЙША БИБІ ... 16

САРЫАҒАШ САЗДАРЫ 1 7

САРЫАРҚА 19

КӨГІЛДІР КЕШТЕРІНДЕ КӨКШЕТАУДЫҢ 20

АҚ ЖАЙЫҚТАН ҚАЙТАРДА 22

ҚАР 24

НАУРЫЗҒА ШАҚЫРУ 25

АҚПАН АЙЫ 26

МҰҢ 26

ҚАМЫҚҚАНЫМДА, ТАРЫҚҚҚАНЫМДА 2 8

ШІЛТЕР 28

БІЛЕМ, ӘКЕ 30

ҚЫЗЫҒЫН ТҰҢҒЫШ ПЕРЗЕНТТІҢ 30

БАУЫР 32

БІЗДІҢ ЖАҚТЫ БІЛГІҢ КЕЛСЕ СЕН ЕГЕР 33

ЕКЕУСІҢДЕР, ЕНДІ ЖАЛҒЫЗ ЖҮРМЕҢДЕР 34

БОТАҚАНДАРЫМ 34

ОЙНАЙ ҒОЙ 3 5

ТЫНЫШ КҮНДЕР ЫЛҒИ ДА ТАБЫЛСА ЕДІ 36

ӨСІП КЕЛЕ ЖАТЫРСЫҢ, КЕЛБЕТТІ ӨРЕН 36

ЖАҚСЫ ҰРПАҚ БОЛА БІЛСЕҢ 37

БАЛАМ, СЕН ЖІГІТ БОЛСАҢ 38

КІММЕН КЕЛДІМ БҰЛ КҮНГЕ 40

АРАСЫНДА АУЫЛДА 40

Я, РАББЫМ 4 1

МӘРТ КӨҢІЛ 41

ӨЛЕҢ 42

КЕНЕН ЖАСЫ, ТӘҢІРДЕН СҰРАҒАНЫМ 42

ШҮКІР, ШҮКІР, ДЕЙМІН МЕН 43

МЕЗГІЛМЕН ДЕ СЫРЛАСТЫМ 43

ЖАЛҒЫЗ ДОСЫМ 44

ЖАСЫЛ ЖАҒАЛАУ 44

КӨКТЕМ, КӨК ТЕРЕКТЕР

ЖАПЫРАҚ - ЖАЗДЫҢ ЖҮРЕГІ

ТАҢ ШАПАҒЫНА ҚҰШТАРМЫН

БІРГЕ ТУҒАН ҮШ БАЛА

АНА ТІЛІ

ХАЛЫҚ ӘНІ

АСТАНА

ЖҰЛДЫЗЫМ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ

ЗЕРДЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ТҰТАСТЫҒЫ - ҚАСИЕТТІ ІС

АЛАТАУДЫҢ БАСЫНАН БҰЛТ ӨРІЛТЕ

РУХТЫҢ БОСТАНДЫҒЫ

АТА ЖҰРТ

ҮШАРАЛДЫ САҒЫНУ

АЗАН

МІНӘЖАТ

РУХЫММЕН ӨРІП ШЫҚҚАН МҰНАРАМ

НЫСАП

ДӘУЛЕТ

ҚАРАШЫ БҰЛТТАРДЫ



АБАЙЛАП ЖҮР, АЛАТАУДЫҢ АСҚАҒЫ

ЕЛДЕ

МАХАББАТЫМЫЗ ҮШІН

МАМЫРДА МАРХАББАТПЕН ҚЫРҒА ШЫҚТЫМ

ТУҒАН ЖЕР ТОПЫРАҒЫНДА

АҢҚАУ ТҰЙЫҚ

АЯУЛЫ ДОС

ӨТКЕН ІСКЕ ӨКІНІШ

ЖАЙ ҒАНА ТЕРБЕЛЕДІ

СЕН ҚАЛАСАҢ

ӨКІНІШ ӨЛЕҢІ

КЫЗ СӨЗІ

МАХАББАТ ЖАЗДЫҢ БАҒЫ

ТҰҢҒЫШ РЕТ

КЕУДЕМ ТОЛЫП

КӨКТЕМ ДЕ КЕЛДІ

ХАБАРЛАСПАЙ КЕТКЕНІҢ

АРАДА ҚАШЫҚТЫ ҚТАР

СЕН ҚОРЫҚПАҒАН

ТЫҢДАҢЫЗШЫ

ҚЫЗДАРҒА

АҚША БҰЛТТЫҢ АСТЫНДА

БАТЫЛ ҚАДАМ

АУЫЛДЫ АҢСАУ

БІТПЕГЕН ВАЛЬС

СУЛАРҒА СУЛАР

ТАМАДАНЫҢ ТІЛЕГІ

АНА СӨЗІ

КЕЛІН БОП СЫРҒА ТҮСКЕНДЕ

ТУҒАН ҮЙГЕ СӘЛЕМ ДЕ!

ЕКЕУІМІЗГЕ БАЙЛАНЫСТЫ

МЕНІ СҮЙСЕҢ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет