Ахметова К., Асанов Қ. А 94 Махаббат



бет9/11
Дата20.06.2018
өлшемі394,75 Kb.
#43731
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ЖАРҚЫНҒА
Сен туғанда гүлжазира көктем-ді,

Көз жіберіп бағдарласам өткенді.

Перзентхана есігінің алдында,

“Ұл!” дегенде төбем көкке жеткен-ді.
Қуанғаным кетпес әлі есімнен,

(Кездерім де жоқ емес-ау есірген)

Алматыда туып едің көктемде,

Ал тұсауың Сыр бойында кесілген.
Төрт жасыңда қайтып келдің қалаға,

Қайта үйреніп туған әке, анаға.

Күн сайынғы мейіріміміз өзіңе

Бірте-бірте жақындатып бара ма?
Зеректігің ата-анаға бөлек-тін,

(Бала үшін бүл қасиет керек тым)

Өзіңше бір сыр түйгендей боласың

Қарап тұрып құбылысына теректің
Жассың ғой сен

Жүрген талай жайды үқпай,

Қиындыққа қарайсың ба қаймықпай!

Салдың талай киіз үйді, ауылды,

Тарпып тұрған тұлпарды да айнытпай.
Боларсың ба бір кездері елге гүл,

Елтіп кетпе желпіп өткен желге құр.

Өз парызын өтеу керек Отанға,

Жер бетіне тірлік үшін келген ұл!
СОҢЫНДАМЫЗ ЕКЕУМІЗ БІР ҚИЯЛДЫҢ
Сен қуансаң

Мен де қатты қуандым,

Сен ұялсаң

Мен де қатты ұялдым.

Екеумізге күн де, түн де ортақ қой,

Сонындамыз екеуміз бір қиялдың
Біреулер жүр сыртымыздан сөз етіп,

Қате басқан кезімізді күзетіп.

Бәріне де шыдаймыз-ау,

Тек қана

Кетпесе екен абайсызда көз өтіп.
Бір келеміз ортақ өмір отын ап,

Жүргеміз жоқ көптен қалып, тоқырап.

Жұрт не десе, о десінші сыпсыңдап,

Көпке қарсы шаша алмаймыз топырақ.
Мақсат айқын, бағытымыз түп-түзу

Балаларды болашаққа жеткізу,

Күншілдердің күңкілдерін елемей,

Әрбір күнді өлең-жырмен өткізу.
СЕН ҒАНА
Күндіз-түні ойлап жүрем сен жайлы,

Сен жайында бұлбұл - жүрек жырлайды.

Бұл табиғат барлық бақыт, байлығын

Аямай-ақ саған ғана сыйлайды.
Бас айналып сендегі арда сезімнен,

Қайта-қайта сүйе берем көзіңнен.

Сен арқылы жұдырыктай жүрегім

Ғашық болу кереметін сезінген.
Күннен-күнге мөлдірейсін, сонысын,

Бұл өмірден түсіндім мен соны шын.

Жаным сыздап жабырқаған шағымда

Сенсің маған беретұғын қол ұшын.
Қандай ғажап сеніменен болғаным,

Өзің жайлы талай жырды толғадым.

Бұл өмірде жүргеніңде жер басып,

Мен болармын ең сенімді қорғаның
Тірлік тәтті болмас, сірә, сыз батпай,

Сағыныш-мұң жүректерді сыздатпай.

Өмір тосқан кедергінің бәрін де

Қатар тұрып, қарсы алайық міз бақпай.
БІР СЕЗІМ БАР
Күй күмбірлеп төгілсе көмейімнен,

Өмірімді өлеңмен өрейін мен.

Саған деген іңкәрлік билеп алса,

Оның жолын қалайша бөгейін мен!
Неткен ғажап дүние қарағанға,

Бұлбұл әні тоғайға тарағанда.

Құштарлықпен қараймын мына өмірге,

Шуағыңнан таусылмас нәр алам да.
Бір-біріне мұншама ұнар ма адам,

Сүйген сайын өзіңе кұмарланам.

Әнші Мұхит айтқандай менің көңілім

“Дүниеде еш нәрсеге тына алмаған”.
Алғандаймын өзінді еншілеп мен,

Қуат берші кеудеме, берші көктем.

Дауыл тұрып, бұлт ойнап мазалаған

Бір сезім бар кеудемде өршіл, өктем!
БОЛСА ЕГЕР ЖАРАСЫМ
Жүргеніңде күн сайын назарымда,

Қиянатың жоқ еді,

Таза арың да.

Рақатын татып ем махаббаттың

Тартқызайын дедің бе азабын да?
Соңғы кезде танытып өзге қабақ,

Жиі-жиі жүреміз сөзге кеп-ақ

Ренжудің біздерге керегі не,

Жүрейікші көңіл мен көзге ұнап.
Өмір - шабыт ақынға жыр алатын,

Кездері де жоқ емес сыналатын.

Сезім керек біздерге, жырлар керек,

Күн шыққандай кеудеден шыға алатын.
Көңілі аппақ мен үшін ай мүсін ең

Сырласамын қажысам қай кісімен?

Біз де бір күн өткенге өкінерміз,

Қайрылмайтын күндердің қайғысымен...
СЕН ЕМХАНАДА ЖАТҚАНДА
Тағдыр деғен мүнша неге тым қатал,

Айтқанын ол бәрімізге тыңдатар.

Жақсы көрер жалғыз жарың ауырса,

Өзіңе де мехнаты шын батар.
Шын батады ауырғаны жарыңның

Тірлігіңнің болады екен бәрі мұң

Сен жоқ кезде айта алмаймын біреуін,

Өзің барда айтып жүрген әнімнің
Жалғыз аттан шаң нықпайды емес пе,

Қызық емес, сенсіз гүлді белес те.

Саулығыңды сағат сайын тілейміз,

Минут сайын түсіреміз сені еске.
Мамам қайда? - деп сұрайды қызың да,

Мамам қайда? - деп сұрайды ұлың да.

“Жұмыста ғой” десем сенбей қарайды...

(Оларды алдау мүмкін емес пынында).
Жоқтатпауға тырысып-ақ бағамын,

Сен салатын бесік жырын саламын.

Жақсы көріп тұрсаң-дағы он жерден,

Орны бөлек екен, жаным, ананың
АЙЛЫ ӨЗЕН
Жүрші екеуміз қырға шығып қайтайық,

Махаббатқа куә болсын Ай ғана.

Көптен бері қалған терек қартайып,

Жастық шағын еске алсын ойлана.
Жұпар - ауа, жатсынбай бір аймала.

Бейнемізді су бетіне түсірген

Ай сәулесін жапырақпен таса ғып,

Махаббаттың қүдіретті күшімен

Өміріміз қалса екен жасарып.


ЕГЕР СЕНІ ШЫНЫМЕНЕН СҮЙМЕСЕМ
Менде, жаным, қалмады еш басқа амал,

Жағдайым жоқ тағы сенен жасқанар.

Күндіз-түні жүрегімді жайсам да,

Секілдісің алынбайтын тас қамал.
Қарсы алмашы қабақ иытқан күйде сен,

Кеш те болса келсем болды үйге есен.

Баяғыда-ақ шайқалмас па шаңырақ.

Егер сені шыныменен сүймесем.
Қызың өсіп, ер жетуде ұл анау,

Сондықтан да керек саған жыламау.

Барлық кызға сыйлы болған жіптке

Азап болар әйеліне ұнамау...
БАҚЫТТЫ СЕЗІНДІМ ӨЗІМДІ
Өмірден өзге тірек ұмыт қалып,

Мұңайып торыққанымда,

Қалған шақта сезімім тұйықталып,

Бақытты сезіндім өзімді

Жаныңды мол ұққанымда,

Жарым болып жолыққаныңда.
Дір-дір етіп сынаптай сырғып сезім,

Аймалап алқынып едім.

Жәудірей карадын қиылып көзің

Алаулап сен де жалындап тұрдың

Елестетті маған, алтыным, өңің

Батар күннін жалкьшын керім.
Көргем жок дәл сендей сұлу мүсін,

Қылығың да басқаша өзгелерден.

Армандаған талайлар сұлумысың

Тағдыр бізді кездейсөқ табыстырмаса,

Бакытым боп келер ме ең



Алаулап сезім оты өзгерер ме ең.
Мен енді тапқандаймын

Сан жылдар іздеген бақытымды.

Армысың аяулы ақмаңдаилым,

Бұл жүрегім сен үшін жаратылды!

Арман жок өзіңменен бірге өткізсем

Күнім менен түнімді ең ақырғы.

АСҚАҚ ЕДІ ӨМІРДЕ МҰРАТЫМ ДА
Жақындатқан біздерді жылдар ма екен,

Бағынбайтын уақытқа кім бар екен.

Сенің сұлу, нәп-нәзік болмысынды

Қараулардың көзінен қорғап өтем.
Асқақ еді өмірде мұратым да,

Ұшып келем жылдардың қанатында.

Кей кездері тәкаппар теңіздеймін,

Мінезім бар момақан болатын да.
Аралап өмірімнің жасыл бағын,

Көрсең ғой көңілімнің тасынғанын.

Дүние, дөңгелеші көз алдымда,

Жанарымнан еш нәрсе жасырмағын.
Тыныштығы өмірдің - берекеміз,

Берекесі кетпейтін ел екенбіз.

Биік-биік белеске талпынармыз

Аман болсак, аяулым, сен екеуміз.
ЖАПЫРАҒЫН ЖАЙҒАНДА ЖАСЫЛ БАҒЫМ
Жапырағын жайғанда жасыл бағым,

Жаным, саған жетуғе асығамын.

Сол бір шақта жүзіңнен нұр төгіліп,

Тең бола алмас алтындай асылдарың
Жанарыңның жарқылы жай отындай,

Жан сырыңды түп-түгел жаятындай.

Іңкәрлікпен әлдекім қарай қалса,

Көз жанары жасқанып таятындай.
Жарқын жүзің не деген әдемі еді,

Ауруымнан, апыр-ау, тағы емдеді.

Өзіме-өзім сенбеймін қарасам да,

Қандай ғажап тіршілік әлемдегі!
Дәл осы шақ саған да ұнайды анық,

Күннен-күнге келесің шырайланып.

Сендей жарды таппаспын өмір бойы,

Жұмыр Жерді шықсам да мың айналып.
ҚОЛ ҰСЫНСАМ...

Қол ұсынсам қарамадың алмадың

Күңгірттеніп көрінбеді алдағым.

Жалғызсырап қалғандаймын сол мезет,

Сезінбедім айналамда жан барын.

Сенің нәзік түсініп ем жаныңды,

Мұнша неге кең пейілің тарылды?

Махаббаттың тауқыметін тартсам да,

Мәңгілікке қорғап өтем арымды!
ТАҒДЫРЫМЫЗ О БАСТАН ҮНДЕС ЕДІ
Көк көйлегің желменен тербетілген,

Таң арайын көремін келбетіңнен.

Жабырқамай жүрсін деп,

Саған кілең

Бар жақсылық тілеймін жер бетінен.
Қуантады мені де әр қадамың

Биіктерден көріну бар талабың

Оңай емес жар болып, бала сүю,

Оқу сосын мендегі жан-парағын.
Тағдырымыз о бастан үндес еді,

Сәуле болса кеудеде гүл де өседі.

Өзіңе аян аңылдақ мінезіммен

Қуантқым кеп тұрады күнде сені.
Демеймін мен Төлеген, сен Баянсың

Әжептәуір бүгінде елге аянсың

Талай тарпаң ісіме келіспессің

Ақ көңіл екеніме қол қоярсың
РИЗАМЫН
Сен маған сүйкімдісің сүйкімдісің!

Бұлақтай сыңғырлаған күлкің үшін

Өзіңді алғаш көрген күннен бастап,

Ұмытқаным рас қой ұйқымды шын.
Махаббаттан ешқашан жерімегем,

Бакыттымын, жаным-ау, сеніменен.

Саған деген інкәрлық жүрегімнен

Мың рақмет тағдырға сені берген!
БӘРІНЕ ДЕ ЖҮРЕСІҢ БӘЙЕК БОЛЫП
Сені бәрі мақтайды достарымнын,

Сірә, мол-ау өмірге қосқан үнін

Әділдікпен бағаңды беріп жатса,

Айтылмағаны екен ғой босқа әніңнің
Сөзіңмен де үлгісің ісіңмен де,

Сендей нәзік әйел жоқ түсінгенге.

Кейде өзің де аңғара бермейсің-ау

Ұшып келе жатқанын құсың өрге!
Бәлденбейсің ешқашан дарамын деп,

Мінезіңе қайран боп қаламын көп.

Бәйек болып бәріне жүресің сен,

Қайтсем достың көңілін табамын деп.
Заман жақсы, бүгінде батыл ой көп,

Еш бөлмейсің алыс не жақын ғой деп.

Жеме-жемге келгенде сол достарың

Сыйласа ғой, шіркін-ай, ақын ғой деп.
САПАРҒА ЖИІ ШЫҒАСЫҢ
Хат та жоқ, хабар да жоқ сен кеткелі,

Адастырмас деп едім жер өткелі.

Сағыныштан сарғайып звандап ем,

Сенің орның мен үшін бөлек, тегі.
Ұмытқаның жөн бе еді, ұмытқаның

Сені аңсаудан барады құрып халім.

Ұмыттың ба, білмеймін әлде, жаным,

Арадағы сезімнің тұнықтарын.
Өзің жоқта қалдым ба аласарып,

Көңіліңе көргем жоқ жара салып.

Акындықты егерде бұлақ десем, -

Жүруші ем ғой өзіңмен таласа ағып.
Бір ауыз сөз білдірсең нең кетеді,

Керегі жоқ, сәулем-ау, өңге, тегі.

Оңаша қап кей сәтте отырғанда,

Жаным түгел жауын боп селдетеді.
Бәлкім, мұның бәрін де құп аларсың

Ақылға сап, өзіңше толғанарсың

Сонан соң егілерсіқ төгілерсің

Қағаз бен қаламыңды қолға аларсын.
БАЛДЫЗҒА
Қайын жұртым, кызығы мол көктемім,

Ол ауылға орны болмас өкпенің

Сөз дегенде ұстарадай тілі өткір

Үшаралда балдыздарым көп менің
Ақын жүрек бір соғады халқымен,

Балдыздарым, неткен сұлу жарқын ең!

Ойнап қалам орайын бір келтіріп,

Әзілдесіп ата дәстүр салтымен.
Кейде олар да жібермейді есесін,

Айтылады өзіме де неше сын.

Жездеке деп еркелеген кезінде,

Бір керемет сезімдерді кешесің
Жезде менен балдыздардың арасын

Жарастырған, дәстүр, қандай данасың!

Жастығынды аңсағанда кей шақта

Балдыздармен шер тарқатып аласың
Кей балдызым тіл қатуға ерінер,

Кей балдызым апық-жарқын көрінер.

Қайын жұрттан қайткың келмей қалады-ау,

Назданып бір күлгенде сол перілер.
ҚЫЗ СЫРЫ НЕМЕСЕ ӨКІНІШ
...Мектептен соң Алматыға келіп ем,
Алғашқы рет астананы көріп ем.
Ойымда оқу. Алаңдатпай өзгесі,
Өзіме-өзім серттескендей сеніп ем.

Бірақ бәрі ойлағандай болмады,

Жас жүрегім басқа бір ән толғады.
Әли атты абитуриент кездесіп,
Меніменен жастық жолын жалғады.

Ол да мені сүйетұғын шынымен,
Еліктірді ұзақ уақыт сырымен.


Ептеп өлең жазатын да сияқты,

Мені ылғи жұбататын жырымен.
Екеуміз де бақытты едік соншалық,
Бақтың барлық түкпіріне жол салып.
Қол ұстасып, құшақтасып жүруші ек,
Құстарменен таңды бірге қарсы алып.

Астананы білмейтін ек онша көп,
Абитуриент. Қалтамызда ақша көп.
Балмұздаққа тоймайтынбыз....


Ойлаушы ек

Өмір шіркін сондай тәтті болса деп.
Оқу қалды, тіптен оны ұмыттым,
Күннен-күнге тәтті өмірге құнықтым.
Жақын тартып кеткенім бе соншалық,
Бөлмесіне іздеп барам жігіттің

Ол да өзінше кітабынан бас алмай,
(Отырғандай көрінеді қаша алмай)
Көрген бойда асыламын мойнына,


Албырттықпен ентігімді баса алмай.
Құштарлықпен қарайтын-ды ол маған,

Екеумізге ортақ болды бір ғана ән.

Күні-түні сол туралы ойлаймын,

Мұндай сезім бұрын менде болмаған.
Бізді күтіп қалатындай гүл бақ та,

Сүйген жүрек алып-ұшпай тұрмақ па!

Таң атқанша ән де айтып, би билеп,

Үлгереміз Тұманбайша жырлап та.
Бір керемет күй кешетін өз басым,

Ойлаушы едім сол сезімдер тозбасын.

Тағдыр қатал екендігін кеш білдім,

Деген шығар кейін мені боздасын.
Махаббатқа бас айналып кеткен бе,

Ол да, мен де өкінбедік өткенге.

Екеуміз де түсе алмадық оқуға,

Жол болмады конкурсқа жеткенде.
Не істеу керек? Акылдастық екеуміз,

Екеуміз де бір ауданнан екенбіз.

Әли айтты: - Алматыда қаламыз!

Ал мен айттым: - Жоқ, ауылға кетеміз!
Дәм бұйырып қалдық біздер қалада,

Хат жіберіп ата менен анаға.

Олар бізді бетімізден қаққан жоқ,

Кінә артпай білім қуған балаға.
Сүйгендіктен Әлиге де сеніп ем,

Деп ойлаушы ем, “неменеге бөлінем?!”

Жаңа жылда үйленеміз деген соң

Серт байласып уәдемді беріп ем.
Бірақ, бірақ екінемін тістеніп,

Күз де етіп, таянған-ды қыс келіп.

Бір жолдасым шақырды, - деп, - қонаққа,

Өтінді Әли біздің үйге үш келіп.
Барлығы да басталды ғой сол үйден,

Дастарқанға шарап, тағам мол үйген,

Менен сұлу бір қыз болды сол кеште,

Дәл сол кеште айрылдым мен Әлиден...
Қарай алмай достарымның бетіне,

Бармақ шайнап жылай берем өкіне.

Шарасызбын, дәрменім жоқ бойымда,

Кеткендеймін дүниенің шетіне.
Сол кеткеннен сүйгенім де мол кетіп

Жас жаныма жара салып меңдетіп,

Ағынымен алып кетті тұрлаусыз,

Өмір деген орны толмас кем-кетік.
Амал нешік, тағдырыма көнемін,

Жылап-сықтап әлі күнге келемін.

Нұржан атты сәбилі боп мен қалдым,

Есіме алып кейде Әлидің елеңін.
Содан бері хабарсызбын онымен,

Жүрген шығар бізге түспес жолымен.

Жеңілтектеу жігіт екен өмірде,

Сүйгендіктен коп сағындым оны мен.
Мүсіркеген көргенім жоқ бір жанды,

Талай рет алма ағаштар бүр жарды.

Күндіз-түні өкінемін қайысып,

Ең болмаса көрмеді-ау деп Нұржанды.
Мен осылай қателестім, алдандым,

Өкініштің уын ішіп солғанмын.

Айдан аппақ үмітімді мерт қылып,

Қанатымнан қайрылып қалғанмын.
Кәусар сезім болатын-ды бойымда,

Алдану да жоқ еді ғой ойымда.

Өзегімді өртейді ғой сәт сайын,

Өткізілмей қалған менің тойым да!
Бәріне де тағдыр иығар кінәлі,

Әлиге де арта алмаспын күнәны.

Бақытсыздау әйел болсам қайтейін,

Бақыты үшін шырқалмаған бір әні.
Көкірегім толған, аға, кеп арман,

Жиырма бесте самай мынау ағарған.

Тағдырыма тәлкек еткен не шара?

Қайдан табам үмітімді жоғалған?
Ақынсыз ғой... Сырымды айтып ашылам,

Қалам тартып, толғанарсыз осыған.

Менен өткен қателікті жас кыздар

Еш уақытта өткізбесін басынан.
АЛЫСТА
Сағындым сені сарғайып,

Жаным-ау, мүнда бар ма айып?

Табысып сүйген жүректер,

Махаббат жырын толғайық!

Махаббатымызды қорғайық!
Қылығың бөлек өзгеден,

Бұрын мен қалай сезбегем.

Біз үшін, қалқам, бақыт қой

Сүюдің өзі көзбенен.
Қараған сәтің тым өзге,

Өзіңе біткен мінез бе?

Күлетін едің сыңғырлай,

Жылайтын едің лезде.
Бәрін де соның сағындым,

Бағасын білдім лағылдың

Күлкіңнен күннің нүрын ап,

Жасыңнан алқа тағындым.
Сағындым сені сарғайып...

Жаным-ау, мұнда бар ма айып?

Іздейді сүйген жүректер,

Махаббат жырын толғайық!

Махаббатымызды қорғайық!
СЕН ЕКЕУМІЗ
Қызығамын мен сенің шаңдығыңа,

Бөленетін бейнеңді таңғы нұрға.

Сүйген қандай өзінді құмарланып,

Бар дүние айналып бал ғұмырға.
Сен жайлы ән, жаным-ау, салатыным,

Сен жүрген жер жайқалып баратыным.

Сен болмасаң өмірде,

Білесің бе

Жан-жарыңның қайғырып қалатынын?!
Жүргенің де әдемі шай қайнатып,

Жыр оқисын, өмірді, елді ойлантып.

Барлық байлық, мансаптың керегі жоқ,

Менің сені тапқаным қандай бақыт?!

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет