Ахметова К., Асанов Қ. А 94 Махаббат


ҚЫЛЫҒЫҢ ҚЫЗЫҚ ЕКЕН БАЛАДАН ДА



бет7/11
Дата20.06.2018
өлшемі394,75 Kb.
#43731
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ҚЫЛЫҒЫҢ ҚЫЗЫҚ ЕКЕН БАЛАДАН ДА
Сен осы сезбейсің бе, шырағым-ау,

Көзіме бір көргеннен ұнадың-ау.

Қипақтап тіл қата алмай тұрғанымда,

“Ұнаймын ба, Сізге?” - деп сұрадың-ау.
Шын сезім жүрегімді мазалаған,

(Жалған болса лайық жазаны алам)

Ғашықтардың жүрегін жыр кернейді,

Сүймегендер ештеңе жаза алмаған.
Лапылдап жалын кеуден, өрт-сезімнен,

Шарпиды ұшкын атып от - көзіңнен.

Дүние сеніменен неткен ғажап,

Есейгенде бар еркім кетті өзімнен!
Қызығып жігіттер де қарар еді,

Жүрегі қарттардың да қағар еді.

Адасқан абайсызда аққу құстай,

Көз жазып қалмасам мен жарар еді.
Қиылып қинайсың-ау қарағанда,

Қылығың кызық екен баладан да.

Бойдағы саған деген сезімімді

Суыта алмас өмірде жан адам да,

Қылығың қызық екен баладан да.
ТАБЫСУ

Есімде бәрі есімде,

Қаһарлы кыстың кешінде,

Айнала ақ қар болатын

Туған жердің төсінде,

Жолыққанымызда бесінде.
Қызарып күн де батқан-ды,

Ақ боран ұлып жатқан-ды.

Елемей табиғат дүлейін,

Қос жүрек сырын ақтарды,

Қаңтарда тіл тапқан-ды.
Бойды билеп қанағат,

Арнағандай шапағат.

Содан бері, аяулым,

Аялайды біздерді

Мейірімі мол махаббат.
ТОЙДАҒЫ ТЕБІРЕНІС
Сеземін - жеп-жеңілсің сағымнан да,

Жаным жарқын мен сені сағынғанда.

Ақпан айы болатын. Бәрі де аппақ

Сен алғаш аппақ желек жамылғанда.
Көргенім жоқ дәл мұндай таза күнді,

(Білмедім бұл жайлы өлең жазарымды)

Қарай берем ынтығып саған сол сәт

Әлсін-әлсін аударып назарымды.
Дәл осы кез тұрғандай санаңда мен,

Жалғыз қалған еліктей алаңцап ең

Далада кыс. Үй ішін жылытқандай

Дос-жаранның мейірімі саған деген.
Сыртта соғып тұрса да ақ борасын,

Сен де маған көзіңді тоқтатасың

Тілек айтып сол тойда әке бізге,

Ана берді дәстүрлі ақ батасын.
Жақсы сөз - жарым ырыс бойымызға,

Жастық-ай, жүрегі ыстық, ойы қызба!

Бір қыз қимай жылаған шығар, бәлкім,

Талай адам қуанған тойымызға.
Өміріңнің өттің де бір өткелін,

Білдің бе екен жүрегің дір еткенін.

Алматыға оралдық содан кейін

Дос-жаранның жиып ап тілектерін.
Сеземін мен - жеңілсің сағымнан да,

Жаным жарқын мен сені сағынғанда.

Ақпан айы болатын.

Бәрі де аппақ

Сен алғаш аппақ желек жамылғанда.
ЖАЙ ТАППАСПЫН ӨЗІҢЕ СЫР АҚТАРМАЙ
Сені аңсаған сәтімде, жарық Айым,

Мөлдіреген бұлақ боп ағылайын.

Саған деген толассыз сезіміммен

Қара түнде сәуле боп жағылайын.
Күндіз-түні сені ойлап егілейін,

Егілейін, бірақ та жерімейін.

Саған деген ғажайып сағынышпен

Шөл далаға нөсер боп төгілейін.
Өзің жақтан бір самал жұбатқандай,

Қол бұлғайды көк белді қырат қалмай.

Мазасыздық билейді өн бойымды,

Жай таппаспын өзіңе сыр ақтармай.
СЕЗДІҢ БЕ ЕКЕН

Қалар еді көз жанарым,

Саған мәңгі қарауды.

Сездің бе әлде, - тез қарадың –

Бой шарпыған алауды.
Сұлулығың жолдасыңдай

Сыр ашатын сұратпай.

Сезім кейде - қорғасындай,

Сезім кейде - сынаптай.

ҚАРАЙ БЕРЕМ
Нұр жүзіңнен арай көрем,

Күннің нұры аусын қанша.

Жаным, саған қарай берем

Көз жанарым таусылғанша.
Дүр сілкінтіп бойымдағы

Ерке мінез кылықтарың

Шайқап өттің ойымдағы

Теңіз-сезім тұнықтарын.
СУЫМАЙДЫ ОТ ҚҰШАҚ
Саған деген сағынышым сарғайды,

Күзгі ағаштың жапырағындай тым әлсіз.

Уақыт бірақ екеумізді жалғайды,

Сенем оған күмәнсіз.
Саған деген сағынышым сарғайды,

Күзгі суық ұрған шалғын шөп кұсап.

Уақыт бірақ ұмыттыра алмайды,

Суымайды от құшақ.
БІТСЕ ЕГЕР ҰШАТЫН ҚАНАТ МАҒАН
Көк белдерден,

Көк өзен,

Көктемдерден,

Есіміңді сұрадым өткендерден.

Мендей ғашық, білмеймін, болды ма екен

Арманына қол созып кеткендерден.
Алыстасын, аяулым, аңсатты әнін,

Жанарыңның шашарсың моншақтарын.

Альбомыңды ақтарып мені іздей ме

Сүп-сүйкімді, сұп-сұлу саусақтарың
Сен де, бәлкім, үздіге қарап маған,

Сияқтысың шаныңды тарақтаған.

Дәл осы сәт жаныңа барар едім,

Бітсе егер ұшатын қанат маған.
БАҒЫҢДЫ ТІЛЕП АЛДАҒЫ
Саркылғанша бойдағы қуат-күшім,

Мен сені сүйіп өтерім анық

Өмірімнің жалғасы сияқтысын,

Жүрсем бе екен өзіңді көтеріп алып.
Жеңілдермін сонда мен сағыныштан

Денемді қорғасындай басқан.

Жүрегімді ой кернеп, жалын қысқан.

Көздерімде тұрғандай анылмай аспан.
Неге сонша іңкәр боп жаралғанмын,

Жүрегіме жиып ап азапты бар.

Сағыныш боп бойыма таралған мұң, -

Сияқты бір сен берген ғажап тұмар.
ОЙЛАМАЙЫН ДЕСЕМ ДЕ ОЙҒА АЛАМЫН
Ойламайын десем де ойланамын,

Сенің салған әніңді ойға аламын.

Құдіретті күш кернеп өн бойымды,

Ғажап сазды әуенге айналамын.
Шалқып-тасып өзімше отырамын,

Күй сезімге кеудемді толтырамын.

Дүниенің сезініп рақатын,

Кірпік ілмей ақ таңды атырамын.
Арай бер деп ататын таңдарыма,

Тәңірімнен тілеймін жалбарына.

Тағдырыма мың мәрте алғыс айтам,

Сағынатын өзіңдей жан барына.
ЖАНЫМДА ЖҰЛДЫЗ ЖАНАДЫ
Сол күні бөлек күй кештім,

Сезімге балқып ғажайып.

Сенімен ғана үндеспін,

Махаббат әнін жазайық.
Құштарлық сезім сананы

Билеп ап кеткен еріксіз.

Жанымда жұлдыз жанады,

Ойларым қанып көріксіз.
Сүйсіне бізге нұр төгер,

Төбеден ару Ай қарап.

Сонан соң жайлап күн келер,

Тұрармын сені аймалап.
Жаратылыстың занымен

Қалайша ғашық болмайын?!

Ғашық боп қалсам жаныммен

Махаббат жырын толғайын.
КҮНДЕРГЕ ҚУАНАМЫН
Жалт етіп қарағаның

Жаныма нұрын септі.

Жайқалып дара бағым,

Алқызыл гүлін төкті.
Асқақ ем, бүгін танда

Алдыңда аласардым.

Бойдағы буырқанған

Сезіммен таласар кім?
Бір кезде жыр нөсері

Біздерді табыстырған.

Қызғанып кейде сені

Кеудеме намыс тұнған.
Қиын да кызық күндер

Барады бастан өтіп.

Арбайды қызыл гүлдер,

Арманды асқақ етіп.
Бакыт қой күле білген,

Аралап гүл алабын.

Өзіңмен бірге жүрген

Күндерге қуанамын.
СҰЛУЛЫҚҚА ТАБЫНУ
Шашы қара, көзі қара, ақ мүсін,

Ажар - көркін ашқандай ма ақ тісі?

Сұлулықты мұрат тұтқан сол бір қыз

Кімге ертең болар екен бақ құсы?
Құлын мүше құрық көрмей өскен бе,

Сүйген адам айрылғандай естен де:

Көз алдыма елестетіп отырам,

Дүниеден мұңды бір күй кешкенде.
О, сұлулық! Әлемдегі мықтылық,

Сонау кезде көздеріне шық тұнып,

Сұлу әйел кіріп келсе бір үйге

Ылғи шалдар қарсы алыпты тік тұрып!
Бұлбұл сайрап тоғайынан, бағынан,

Тұрған кезде құйқылжытып лағыл ән.

Рухани күш беретін қашанда

Сұлулықты пір тұтамын, табынам!!!
ЖАЛЫҒАТЫН ЕМЕСПІН
Қандай ғажап құдыреті сезімнің

Саркылмастай қуат берген бойыма.

Талай-талай елжіредім Езілдім,

Еш нәрсені тұрақ етпей ойыма.
Кей күндері азаптандым аңсаудан,

Бір тосын күш басып тастап еңсемді.

Бірақ, бірақ жалықпадым Жазудан

Жүрегіме саған деген өлеңді.
ҚОСЫЛҒАНДАЙ БОЙЫМА ШЫРЫН БАҚЫТ
Қоңыр үнмен сөйлеген даусың қандай,

Тыңдамасам тағатым таусылғандай.

Өр тұлғаңнан жылылық сезінемін

Өн бойыңда мейірімді маусым бардай.
Әдемі әуен жанымды шымырлатып,

Қосылғандай бойыма шырын бақыт.

Дүниенің бәрі де ұмыт болар

Сен назданып шакырсаң бір үн қатып.
Аяулысын, сен маған ақмаңдайлым,

Тұңғиық бір сезімге батқандаймын.

Үлбіреген жаныңа жүк түсірме

Маған-ақ бер болса да батпандай мұң
ҮНСІЗДІК
Өзің жайлы өріледі жыр-әнім,

Жайрандаймын таңнан күліп тұрамын.

Сенің әрбір жан сүйсінтер қылығың

Қызығы мол махаббат деп ұғамын.
Аңсап талай телефоннан даусыңды,

Күте-күте тағатым да таусылды.

Біле тұра бермейсің сен бір хабар,

Естіп тұрып үндемейтін тау сынды.
ҚҰШТАРЛЫҚ
Мен сені аңсап күткем,

Аңсап күтіп, жаным-ау, шаршап біткем.

Меніменен қосылып құстар біткен

Ән шырқайды дамылсыз құштарлықпен.
Түсінем кұйтақандай құстың тілін,

Солардың ортасына түстім бүгін.

Келе алмайтын хабарың жетті-дағы,

Қиял-құсқа мініп ап ұштым, күнім!
Көктем келсе жер беті көктейтін-ді,

Сенсіз менің күндерім өтпейтін-ді.

Барлығы да жанымнан табылғанда,

Сенің ғана дауысың жетпей тұрды...
БІР ҒАЖАЙЫП ШАТТЫҚ КЕРНЕП БОЙЫҢДЫ
Таңмен бірге оянасын, арайлым,

Бір ғажайып шаттық кернеп бойынды.

Кұштарлықпен құмар қанбай қараймын,

Жаңа ғана өткізгендей тойыңды.
Табиғатпен сияқтысың ағайын,

Жоқ қой сенің жасанды бір қылығың

Сүйсінумен сағат сайын қарайын,

Қуанышқа куә болсын ұлы күн.
КӨКТЕММЕН БІРГЕ ҚҰЛПЫРЫП
Көктем шықты аппақ қар еріп кетті,

Қызғылт, нәзік гүлдерін ерік төкті.

Бұл дүние жаңарып жатқандықтан

Күрегіме махаббат толып кетті.
Сағынамын өзіңді тағат таппай,

Кей күндері бойыма тамақ батпай.

Төсекке де тып-тыныш жата алмаймын,

Бір көрінсең қайтеді алақтатпай.
Үлбіреген аяулым, өзі гүлдей,

Көктем шықты өзіңнің сезіміңдей.

Кеткім келді аралап кең даланы,

Ләйлісіне асыққан Мәжнүндей.
ҚИЫЛА ҚАРАҒАНЫҢ
Ерекше толқытады
Қиыла қарағаның
Шабытты шалқытады
Шашыңды тарағаның

Қалқатай, қара қасың
Қарлығаш қанатындай.


Көргенді қаратасың
Көздері талатындай.

Сен гүлдей ырғалғанда,

Жыр толып жүрер кеуде.

Сенімен бір болғанда
Дүние түгел менде.

ҒАШЫҒЫҢ БОЛЫП ҚАЛАЙЫН
Сағынам сені сәт сайын,

Бұлтқа барып батса айым.

Бетімді менің желпіп тұр

Жапырағымен жас қайың
Келем деп едің кешікпей,

Даусыңды сенің есітпей.

Уәделі жерде мен тұрмын,

Жер-ана тербеп бесіктей.
Бәріне төзіп бағайын,

Көзіммен көріп талайын.

Көктегі сұлу Ай болсан,

Жұлдызың болып жанайын.

Таратып таңнын арайын,

Ғашығың болып қалайын!
ІҢКӘР ШАҚ

Тағы да сені еске алып,

Оңаша ойда отырам.

Көңілсіз келген кешті анық

Көңілді күйге толтырам.
Рақмет саған, сүйіктім,

Осынау шақты сыйлаған!

Сенімен ғана биікпін,

Сенімен ғана қиналам.
Жасырам, жаным, несіне,

Мен үшін сенен бар ма асыл.

Сен түскен шақта есіме,

Дүние мәңгі жап-жасыл!

ІЛЕДЕ


Толқыннан әсем ән тыңдап,

Жаныма жаркын түсті рең

Кешкі күн қойған алтындап,

Келеміз Іле үстімен.
Ағысы қатты Іленің,

Құйғанша асық Балқашқа.

Шаттықтан шалкып күлемін,

Сыр айтып кербез қалқашқа.
Жүректің сырын білген бе?

Заулайды жүйрік катер де.

Сүйіктің бірге жүргенде,

Сезілмейді екен қатер де...
Сөйлесіп тәтті сыбырлап,

Қылығың бөлек білемін.

Қөңілдер жатыр шымырлап,

Толкындарындай Іленің
Қол бұлғап бізге тұрды ауыл,

Шоршиды сазан балық та.

Тұрса да алда бір дауыл

Мен барда жаным қорықпа!
ЖЕР-ДҮНИЕ ТЕРБЕСІН ӘНІМЕНЕН
Басқа еді ғой о баста бәрі мүлде,

Бір қалыпты ататын таным күнде.

Тірліктегі сәтті бір сапарымда

Жолықтың да,

Көндірдің әміріңе.
Жан едің-ау жайрандап көзі күлген,

Дірілдедің махаббат сезімімен.

Содан бері Төлеген, Қозы да емес,

Мәңгі іңкәр Мәжнүннің өзімін мен!
Әдемісің Жібектен, Баяннан да,

Құсым болып қонғансың ой-арманға.

Көзімді ашсам, ойлаймын сен туралы.

Қолымды ұстап жатсаң да оянғанда.
Еркелеші, нәзігім, бір үн қатып,

Менде ақыл-ой қалмады шынында түк.

Жер-дүние тербесін әніменен,

Екеумізге тыңдатсын жырын Бакыт!
ЕКІ ЖҮРЕК ТОЛҚЫДЫ
Біз екеуміз кездеспесек сол күні,

Әлеміңде махаббаттың

Ұлы оқиға болатынын сезер ме ек?

Егіз сезім қосылды да өзен боп,

Екі жүрек толқыды.
Екеумізді кездеетірген жерлерді

Тілейікші енді ешқашан

Қалмасын деп басып қар,

Сол жолдарда жолықсын деп ғашықтар!

Сол жолдарды ұмытпашы сен де енді!
АЙ. ЖІГІТ. ҚЫЗ.
Кәусәр күлкі сыңғыры

Бейне бұлақ сылдыры.

Ай жайылар аспанда,

Бұлтқа оралып шылбыры.
Көзімді мен ашсам тек,

Қандай ғажап аспан көк.

Мен ойлаймын сол қызды

Аймен алып қашсам деп!
ҚЫЗДАРДЫҢ СЫЛҚЫМЫ ЕДІҢ
Әлемдегі ең күшті

Сен болдың бұйырғаным.

Сендегі бар болмысты

Көзіме құйып алдым.
Қыздардың сылқымы ең

Көңілімді өзің аштың

Сыңғырлаған күлкіңмен

Шөлімді де өзің бастың
ҚОШТАСУ
Сен кеттің сәулем, жарқылдап,

Мен қалдым мұнда мұңайып.

Көңілім бар-ды аңқылдақ,

Өзіңе ғана лайық.
Көркемі едің көп қыздың

Көрінбей жүрген көптен бір.

Жарығы едің жұлдыздың

Жалт етіп көктен өткен бір.
Қеттің-ау қимай, қия алмай,

Тағдырға артып көп өкпе.

Есімді мен де жия алмай,

Сүйендім сұлу терекке.
Қайтемін, басқа жоқ амал,

Айтатын біздер ән қайда?

Берген де жоқсың орамал,

Қалсам да сенен шалғайда.
Бәлкім, бұл заңы уақыттың

Қауқарсыз еткен сезімді.

Кешірші, жаным, бақытты

Бағаламаған кезімді.
Ойларсың сен де кейде енді

Сезімді қауыз ашпаған.

Мұнды да ерке бейнеңді

Бір кезде, бәлкім, еске алам!
ОЙЛАЙСЫҢ БА?
Бұлтты жарып төбемнен ай қарайды,

Бірақ сенсіз кештерім жайнамайды.

Күн де ортақ,

Түн де ортақ екеумізге,

Айдың нұры сені де аймалайды.
Бұл көңілім қалайша алар тыным,

Өткіземін ойменен дала түнін.

Дүрсілдейді жүрегім сағыныштан,

Сезесің бе бірдей боп соғатынын.
Жас кезінде болмаған кімдер ғашық,

Алыстады басқаша енді алмасып.

Түн ішінде жел ұрса терезенді,

Мен бе екен деп қарарсың

пердеңді ашып.
ЖҮРЕЙІН НАЗАРЫҢДА
Қарағым, сүйкімді едік

Көктемнің бүршігіндей.

Кетпейді сиқыр лебін,

Кеудемде күлші күндей.
Татайын шырынын мен,

Махаббат азабын да.

Табайын жыр үніңнен,

Жүрейін назарыңда.
Жасырсын несін көңіл,

Ұнамды бал қылығың

Дәлелдеп өтсін ғұмыр,

Махаббат мәңгілігін.
СЕНІ ІЗДЕЙМІН АҚ ҚАЙЫҢ АРАСЫНАН
Мен сенімен, жаным-ау егіздеймін,

Толқындары тулаған теңіздеймін.

Ақ қайыңға қараймын, сені іздеймін,

Жұлдыздардың ішінен сені іздеймін.

Төгіледі жапырақ жаңбырдайын,

Суық күзде кездестін, не ғылайын.

Жапырақты жапырып келе жатсам,

Сен боп маған көрінер, жаным, қайың
Баурап алды, қалқаным, мені елесің

Гүл боп түрып елеске бөленесің

Ақ қайыңды құшақтап ұзақ тұрып,

Біраздан соң біліппін сен емесін.
Сезсең жаным, бұл жерді мүлде бөлек,

Арман құсы қонады кеудеме кеп.

Есіміңді айқайлап шақырар ем,

Тұрғандайсың еркелеп үндеме деп.
Ақ қайыңға ағаш жоқ тең келетін,

Мен келетін немесе сен келетін.

Осы жерде көрдім мен тазалықты

Ғанықтарға ғажайып дем беретін.
Сені іздеймін ақ қайың арасынан,

Сен болмасаң жұрдаймын жарасымнан.

Бір мазасыз күй кешем көптен бері,

Толкынындай теңіздің аласұрған.
САҒЫНЫШ САЗЫ
Күй күмбірлеп кеудемнен есілгенде,

Сені іздеймін жанылып есімнен де.

Қалай шыдап жүргенмін

Есіміңді

Бір тосын күй санамнан өшіргенде?!
Елеңдеумен өткіздім күндерімді,

Бір сағыныш кеудемде күнде өрілді.

Әшекейі әдемі сәулем едін,

Сеземісің сені іздеп жүргенімді.
Сүйеніп ек сүйіп ем,сол шақтарым

Елес қана,

Еске алар болсақ бәрін.

Жаны жарқын, аяулым,

Көз алдымда

Жанарыңнан үзілген моншақтарық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет