ЖҰЛДЫЗЫМ БИІГІМНЕН ТӨГІЛМЕГІН
Махаббат - мәңгі айтар жырым менің
Қыздарға ашылмаған сырым ба едің:
Нәзік бір ұсынбаған гүлім бе едің
Сәулелі шуағы мол күнім бе едің?
Әлде сен тұңғиық бір көлім бе едің
Тіпті бір түсініксіз шөлім бе едің?
Әйтеуір, жүрегімнің төрінде едік
Есімде жұлдыз болып көрінгенің..
Жұлдызым, биігімнен төгілмегін!
БІР ҚАРЫНДАСҚА
Тым мөлдірсін,
Мөлдірлігің бұлақтай.
Жассың және жаңа шыққан құрақтай.
Қарағанда құралайдай сұлусың
Ешбір адам кете алмайтын ұнатпай.
Жарасады бойыңа әсем кылығың
Екі қөзің-тұнде жанған шырақтай.
Айдай аппақ дейін десем өзіңді,
Сенен гөрі көмескілеу бірақ та Ай.
Толқығаның - төгілетін сынаптай.
Жайтаңдайсың жарда ойнаған лақтай.
Жақындасам,
Жеткізбейсің жырақтай.
ЖҮРЕГІМНІҢ ШУАҒЫН АЯМАЙЫН
Шыныменен ұйқымды ұмыттым мен,
Сағат сайын өзіңе құнықтым мен.
Сен болмаған шақтары мына өмірден
Бақыттың мәнін ұқпай жүріппін мен.
Достарға да, бәріне ұнадың сен,
Бастау алар мөп-мөлдір бұлағым сен.
Қара түнде беймезгіл сапар шексем,
Адастырмас Ай жарық- шырағым сен.
Мендей сені сүйе алмас жан адам да,
Қуат алған көкірек қарағанда
Барлығына төзейін жалғыз өзім,
Жаным, бірақ сен-дағы жараланба.
Мәңгі сені әлдилеп, аялайын,
Жүрегімнің шуағын аямайын.
Мәңгі көктем басымда тұрса-дағы,
Сенсіз қалай жапырақ жая алайын!
Секілдісің сен маған жарық, күнгей,
Дәлелденбес жырымды жазып бермей.
Ажарыңа қанбаймын күндіз-түні,
Нұрға ғашық болатын нәзік гүлдей.
Жаулап алдың жанымды бір қылықпен,
Өзіңе тән өзгеше жылылықпен.
Бір ақынға қалайша көндің екен,
Мың ақынды жырлатар ұлылықпен?!
ҮМІТТІ ЖАЛҒАП АРМАНҒА
Бостан-бос, қалқа, төкпе жас,
Тағдырға артып өкпе-наз.
Бақытты болып жайраңдап
Өмірден мынау өткен аз.
Егілме, жаным, егілме,
Егілген қиын, тегінде.
Орның бар сенің өзіндік
Отаның туған еліңде.
Баянды көп пе жалғанда,
Үмітті жалға арманға.
Досың да кейде опасыз,
Қалады көңілің жардан да.
Шықты деп кейде жалқы үнім,
Жылама, өксіп, алтыным.
Жүру де үлкен бақыт қой
Алдыңда туған халқыңның
ТӨРТ МЕЗГІЛ ДЕ КӨКТЕМДЕЙ
Сенен басқа ешкімге
Болған емен шын ғашық.
Мұндай сезім кештім бе
Жүргенімде сырласып?
Ысытасың бойымды,
Бұған қандай бар амал?
Мазалайды ойымды
Мойнындағы орамал.
Жүргеніңде жеңіл бір
Көктем иісі аңқиды.
Орамалың көгілдір
Көз алдымда қалқиды.
Табиғатқа көктем кеп,
Таратады шуақты.
Айналамыз көкпеңбек,
Орамалың сияқты.
Сенсіз гүлзар бағында
Босқа өмірім өткендей,
Сен бар кезде жанымда,
Төрт мезгіл де көктемдей.
КҮН СӘУЛЕСІ ТӨГІЛСЕ
Күн сәулесі тегілсе,
Күдіретін білдірер.
Ғашық жарың көрінсе,
Көкірекке күн кірер.
Көптен бері аңсаған
Екі құшақ ашылар.
Шын сағынған болса адам,
Моншақ жасы шашылар.
Ғашық жүрек - күй дерсің
Көңіліңнен арылмас.
Сүйгендерде - үйлесім,
Сүймегендер сағынбас.
НӘЗІК ЖАНЫҢДЫ ТҮСІНДІМ
Әуені көп бұл күнде
Неге тұрмыз түк үнсіз.
Ұнамайды күлкім де,
Болдым ба әлде сүйкімсіз?
Сезім деген бір бұлақ
Бара жатыр жетелеп.
Үндемейсің сен бірақ,
Наз айтпайсың еркелеп.
Түсіне алмай себебін,
Мүң толтырдым жүрекке.
Іштей сезіп келемін
Бар екенін бір өкпе.
Желдің жібек толқыны,
Тербеледі майса шөп.
Сәулем, саған сол күні
Ұсындым мен бәйшешек.
Бәйшешекті ұсындым,
Жайраң қақтың тезінен.
Нәзіктікті түсіндім
Назыңның да өзінен.
БҰРҚАНЫС
Қарағаның қалқам-ау, тым сүйкімді,
Ұрлап алдың білдірмей түнгі ұйқымды.
Кез алдымда көлбеңдеп сызыласың
Жүрегіме шерткізіп мұңды күйді.
Ұзақ еді күткенде апта қандай,
Менің күйім жаныңа батпағандай.
Қиығымен көзіңнің қарап қана
Жүресің - ау, қылығым жақпағандай.
Қай жағымнан білмеймін ұнарымды,
Тоқтата алар емеспін жыр-ағынды.
Ешбір жанға қарағым келмейді енді,
Жоғалтпасам деймін мен сыңарымды.
Бұл не сезім қайнаған, бұркыраған,
Бұрқыраған,
Кеудемнен жыр қураған.
Буырқанған сезімдер болғандығын,
Рақаттана еске алар бір күні адам.
ІНЖУ СЕЗІМ
Сен де мені сүйіп едің ғашық боп,
Мен де сені сүйіп едім ғашық боп.
Қос сезімнің шуағына шомылып,
Келеміз біз теңіздейін тасып көп.
Ортақ болып әніміз де сәніміз,
Кетпегендей қадіріміз, дәміміз.
Қырық жасқа келген кезде білдік-ау, -
Бір топта екен және біздің қанымыз.
Әр күн сайын бірге атып танымыз,
Бір үйдеміз.
Бірге және жанымыз.
Балалар да ержетіпті байқаусыз,
Өзіміз де баладаймыз әлі біз.
Келеміз біз мастанбай да ісінбей,
Жоқ нәрсеге көңілімізді түсірмей.
Кейде бірақ дос-жарандар жүреді
Біздің ақын жанымызды түсінбей.
Аман болсақ мақсатқа да жетерміз,
Талай көктем, талай жаз да, өтер күз.
Махаббаттық жыры бітпей жүректе,
Кемпір-шал боп жүрейікші екеуміз.
КҮН ШЫҒЫП, ӘЛІ ДЕ АЙ ТУАР
Өзінсің мәңгілік сүйгенім,
Деп едің ақ қайың түбінде.
Сол болды көңілге түйгенім,
Жолымыз бір болды бүгінде.
Қалайша үмытам сол шақты,
Көңілім көктемдей гүл ашқан.
Болды ғой жауын да, бұршақ та,
Аяғы шаттыққа ұласқан.
Күн нығып, әлі де Ай туар,
Өткеннің бәрін де еске алып.
Біз жайлы кеп сөздер айтылар,
Бірақ та даттамас еш халық.
КҮННІҢ НҰРЫ ҚУАТСЫЗДАУ КӨРІНЕР
Сенің даусың естігенге әдемі,
Сезілгендей махаббаттың әлемі.
Сағынғанда өн бойыма дем беріп,
Айығамын ауруымнан емделіп!
Сенің көркің көктемдегі гүл дерсін,
Сұлулыққа әрқашанда үндерсің
Сенің кезің түңғиық-ау, тұңғиық,
Тұрғандайсың дүниеге нұр құйып.
Ғажабын-ай сендегі ыстық сезімнін,
Жүрегіммен талай-талай сезіндім.
Мейіріміңнен маған ғана төгілер
Күннің нұры қуатсыздау көрінер.
ТОҚСАН ҚЫЗДАН ТАҢДАҒАН СӘУЛЕМ ЕДІҢ
Тағы мені елітті сенің әнін,
Сенің әнін, жаным-ау, менің әнім.
Бірімізді-біріміз көре алмасақ,
Өмір сүре алмаймыз, - ұғынамын.
Мұнша неге сен мені әуреледін,
Шақырып ем өзіңді, әу демедің
Себебі де бар нығар сүюімнің
Тоқсан қыздан таңдаған сәулем едің
Көйлек киіп кең етек үлбіретіп,
Өн бойыңнан әдемі гүл түлетіп.
Отырыста тегілтіп сөз сейлейсің
Көкейіңді ғажайып бұлбұл етіп.
Әмбеге аян жанымның сәні екенің
Сәні екенің және де жар екенің
Күнде көріп қуанам екеумізде
Ортақ өмір Отаны бар екенін.
СЕН ҮШІН
Тоқмейілсіп көңілің жайлана ма
Сүйіктіңді үнсіз ғана ұғудан.
Мейіріммен қараймын айналаға,
Саған ғашық болудан.
Сен үйреттің табиғатты сүюді,
Оның нәзік сырларын.
Махаббатқа от боп жанып күюді,
Онда ғажап жыр барын.
Жылылыққа бөлегендей ғаламды,
Төгіледі шапағат.
Ұлылыққа, ізгілікке адамды
Шақырады махаббат.
Сыйлығы бар, үлесі бар әр күннің
Естен кетпес жарқылы.
Биіктерге, белестерге талпындым
Сені сүю арқылы.
Қарағанда мөлдірейсің елжіреп,
Мойындайсың бар тәніңмен мені шын.
Болсам деймін қорықпайтын ержүрек
Сүйген жарым сен үшін.
ТҮС
Жатқан шақта тәтті ұйкыға беріліп,
Сен келесің көз алдыма керіліп.
Аппақ мүсін ақ мамыққа оранып,
Жақындайсың кейде кейін шегініп.
Қолды созып, құшақтауға ұмтылам,
Дөңбекшимін, төсегімнен мың тұрам.
Көз жұмулы, сезім ояу бірақ та,
Мен осылай әбігермін ұйқыдан.
Таң қаламын жас жүректің ісіне,
Ақ нүр шаііып аппақ бөлме ішіне,
Табыстырған тәтті түнде біздерді
Махаббаттың құдіретті күші ме?!
Өзімді-өзім сезінгендей жан бөтен,
Төсегімнен түрегелем таңертең
Күндіз-түні жүрсең де өзің жанымда,
Өн мен түстің айырмасы бар ма екен?
ӨЗІҢДІ АҢСАП ОТЫРАЙЫН, СҮЙІКТІМ
Сені аңсаудан таусылды ғой шыдамым,
Бірақ бірақ таусылмайды жыр-әнім.
Айға қарап, өзінді ойлап тұрамын
Айсыз түнде болдың менің шырағым.
Сені аңсаудан таусылды ғой тағатым,
Бірақ, бірақ талар емес қанатым.
Ауа болдың маған тыныс алатын,
Жұлдызымсың жанатұғын дара тым.
От сезімге оранайық, орансақ,
Мен білмеймін не берерін келер шақ.
Бірақ, бірақ бір минутым қалғанша
Отырайын, сүйіктім-ау, сені аңсап.
АЙНАЛДЫМ ҒАЖАП КҮНДЕРДЕН
Тауға да бардым сені іздеп,
Бауға да бардым сені іздеп.
Толғанып жатты теңіз көк,
Толқыныменен сені іздеп.
Кездескен барлық гүлдерден,
Қараңғы тілсіз түндерден,
Сені іздеу үшін мұң берген
Айналдым ғажап күндерден!
ҰҚСАСТЫҚ
Атар таңды қатар көріп келеміз,
Батар күнді қатар көріп келеміз.
Қарсы тұрған дауылды да жеңеміз,
Аман болса ақ желкенді кемеміз.
Сен де, жаным, жыр жазасың түнімен,
Мен де әр кез жыр жазамын түнімен.
Бал жинаған арадаймыз гүлінен,
Муза бізді жебер нәзік үнімен.
Тағдырдың да асуы көп тосатын,
Жолдары көп ажыратып, қосатын.
Бәйге атындай делебесі қозатын,
Ақиқатын айтсам дейді қос акын.
МҮМКІН ЕМЕС
Барлық ойым, үміттерім дін аман,
Жалбарынып еш нәрсені сұраман.
Барлығына адамдардың айқайлап,
Айта алмаймын тазамын деп күнәдан.
Пайдаланып болар-болмас желеуді,
Бәлкім, бір кез ренжіттім біреуді.
Бәлкім, бір кез ұмытқан да шығармын
Жарымды да жақсылыққа бөлеуді.
Әлдекімді аяусыз-ақ сынармын,
Ұнатпайтын жандарға да ұнармын.
Көптен бері кездеспеген бір қызбен
Жолығысып, сырласқан да шығармын.
Керегі жоқ мені сенің қорғауың
Тілер едім гүл сезімнің солмауын.
Жарық пен түн тұрған кезде алмасып,
Мүмкін емес күнәсіз де болмауым...
ӨЗІҢ БАРДА..
Өрте менің өзегімді, өрт-сезім,
Сенен бөлек өмір сүрген жоқ кезім.
Сен арқылы он бойымда қан ойнап,
Түсіп кете жаздайтынмын отқа өзім.
Сезім, сезім - бойымдағы қуатым,
Болашаққа бастап ылғи тұратын.
Өзің барда тау-тастарды қопарып,
Өзің барда биіктейді мұратым.
Ешқашан да таусылманы, сезімім,
Ақбастауы мендегі өмір көзінің
Сенің арқаң - ғашық болсам өмірге,
Сенің арқаң-жарқын шықса өз үнім.
НАЗЫ БӨЛЕК ЖАН ЕДІҢ
Көрінесің әрдайым
Тау түлғадай өктем боп.
Өкпелетіп алмайын
Тұрғанында көктем боп.
Назы бөлек жан едің
Нарқын білер әрненің
Сүйгенімде бал ерін,
От боп тиер бар демің
Базарым да, барым да,
Ақылдым да данамсың
Сен тұрғанда жанымда,
Бәрі түгел, дарамсың
Кінә тақпа ал маған,
Көрсет аппақ көңілді.
Қылығыңа танданам –
Жаңа көрген секілді.
ЖЫРМЕНЕН ЖАНЫМ ЖАҢҒЫРЫП
Жырменен жаным жаңғырып,
Жанады өнер жұлдызы.
Жар болды маған мәңгілік,
Қазақтың акын бір қызы.
Бакытым - екі балам бар,
Олар да жақын өнерге.
Тірлігім әр кез алаңдар,
Қосарым және өлеңге.
Екеуін көріп күн сайын,
Жастықты еске алармын.
Оларға қалай ұрсайын,
Оларсыз қалай жанармын?
Қайғысыз, мұңсыз күн кешіп,
Өссе екен күнде жайрандап.
Ғасырмен жаңа тілдесіп,
Жүрсе екен деймін сайрандап.
Өмірден ғажап ой алам,
Көкірек күйге толар мың
Күн сайын ерте оянам,
Саулығын тілеп солардын
ӘЛІ ЕСІМДЕ
Ғажап тірлік,
Ғажап өмір бәрі де,
Құлақ тоссаң бұлбұл құстың әніне.
Бұл өмірге келгендеймін қайтадан,
Керексіздей шипа су да, дәрі де.
Емшім де бар,
Дәрім де бар жанымда,
Сондықтанда, ей, жүрегім, жалында!
Бір жан маған берді барлық сезімін,
Бұл да менің сезімдегі бағым да!
Көптен бері
Аңсап жүр ем бұл күнді,
Айырбастап мұңды шаққа күлкімді.
Өзіме-өзім таң қалғандай қараймын,
Кеудеме де ғажайып бір жыр тұнды.
СӘУЛЕ БОЛЫП ТӨГІЛЕМ
Ойлар кейде тыным бермей,
Ұйқым қанбай тұрамын.
Кейде жаным сіңіргендей
Көктеменің шуағын.
Табиғатқа таң алдында
Ғашық көзбен үңілем.
Жан жарымның жанарында
Сәуле болып төгілем.
Болса досқа жүру мұңды,
Қолтығынан демейін.
Жүректегі жылуымды
Аямай-ақ белейін.
Терең ойға батып кетсем,
Шаршағаным байқалар.
Бір адамды бақытты етсем,
Содан жаным жай табар.
ҚОЛТАҢБА
Қашан да өмір кездесуден тұрады,
Ақтарылып ықыластың бұлағы.
Ақындармен болған сонау бір кеште
Бір қыз менен қолтаңбамды сұрады.
Шынымды айтсам, қуаныштан дірілдеп,
Қыз қарайды жас жанары күлімдеп.
Іркілместен жазып бердім кітапқа:
“Рухани серік болсын жырым!” - деп.
Айналайын, ақын жырын түсінген,
Шықпай қойды сол қыз менің түсімнен.
Мың сәулеге бөленіп бір қайттым-ау,
Бір Сәулені қуантқаным үшін мен.
ӨКПЕЛЕМЕШІ
Жаным, менің көңілімді жүдетпе,
Сыздап жатыр небір ойлар жүректе.
Сен де өмірге жақынырақ карашы,
Өміріңді өксітпесін құр өкпе.
Жылдар жылжып, келе жатыр тағы күз,
Ортақ өмір, ортақ, біздің әніміз.
Менің сенсіз, сенің менсіз өмірде
Бұдан былай келіспейді сәніміз.
Дала бүгін - ыстық болса, ертең - сыз,
Саған деген құрметім де өлшеусіз.
Жылдан-жылға барамын ба қартайып,
Қызық емес тойға барсам мен сенсіз.
Шаттық думан болса деп ем жан-жағың
Еркелетсем деп ем сені, жан жарым.
Шашпай-төкпей, өткізейік тізбектеп
Екеумізге ортақ ғұмыр маржанын.
КӨҢІЛГЕ ҚАЯУ ТҮСПЕСІН
Қылығың жарасатын назым едің
Назым едің не деген нәзік едің
Сен тұрғанда өзгені неғылайын
Махаббатымның негізгі қазығы едің.
Күн кештік жауында да бұрқасында,
Серік бөп өлең-жырың жүр қасыңда.
Ас әзірлеп жүргенің қандай әсем
Ыдыстар мен дыбыстар ортасында.
Қабақ шытпай бәріне үлгересің
Не көрсең де бізбенен бір көресің
Күннен-күнге биіктеп бара жатыр
Халқың сүйген өзіңнің жыр белесің
Бірте-бірте қартайып барамыз ба,
Жігіт болды кешегі баламыз да.
Бұрынғыдай өрекпу мінез де жоқ,
Сыпайылык, сыйластық арамызда.
Қаяу түспей көңілге, сезімге де,
Салмақ түссе қарсы түр езілме де.
Қабақ шытсаң сәл ғана қатуланып,
Оңай тимес, аяулым, өзіме де.
КҮТКЕНІҢДЕ СЕН МЕНІ
Мұң толады жүзіңе өкпелесең
Ажарлана түсесің еркелесең
Бәрінен де балаша мәз боласың
Жұмысымнан үйге де ерте келсем.
Көңіліңнің түсіндім нәзіктігін,
Саған олең дәл мендей жазыпты кім?
Қоңырауын есіктің көп күтесің
Ал кешіксем, білемін, жазықтымын.
Көңілдердің пернесін бір басатын,
Достарым да жоқ емес сырласатын.
Бүгін тағы сыр шертіп көп отырдық,
Кездесіп қап 'Жұматай - құрдас ақын.
Ата-баба дәстүрін жалғадым да,
Таза ұстадым өзімді ар алдында.
Айналайын аяулым, аман болсам,
Сені әр кез қуанту арманым да!
ЖАЗИРАҒА
Көз алдымда тәй-тәй басып жүргенің
Көшірмеме ұқсап кұйттай бір менің
Қайталанбас бакыт еді біз үшін
Әрбір заттың атын атап, білгенің.
Тұла бойың бір ғажайып толған үн,
Өзің жайлы талай жырлар толғадым.
Түсініспей қалған кезде мамаңмен,
Анық, ботам, шын дәнекер болғаның
Уақытты қалайша мен тоқтатам,
Сен туғанда бар-тын, бүгін жоқ атаң
Бір-ақ күнде аиылған гүл сияқты
Тез-ақ өсіп қалыпсың ғой, ақ ботам!
Енді саған айта алмаймыз ақыл да,
Болғың келер азабы көп акын да.
Күрделі ғой өмір деген дария,
Ақыл-оймен тереңірек жакында.
Өткел тұрса, қажыма сен, бас алға,
Ботам менің көзіңе еш жас алма!
Тұңғышым ең тағдырымнан сұраған,
Біздер үшін мейірімді бол қашанда!
Достарыңызбен бөлісу: |