Ахметова К., Асанов Қ. А 94 Махаббат



бет2/11
Дата20.06.2018
өлшемі394,75 Kb.
#43731
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

* * *
Тыныш түндер ылғи да табылса еді,

Айдың нұры бөлмеңе ағылса еді.

Жаман дауыс бұзбасын тәтті ұйқыңды,

Жаңбыр әні оятсын, жаным, сені.
Жылы демің жүзіме білінсе еді,

Ертегі айтып көздерім ілінсе еді.

Бөгде дыбыс бұзбасын ертегіңді,

Ерке шуақ оятсын, күнім, сені.
Жүрегінен оянып сезім селі,

Мамаң сені ұйықтатып көз ілсе еді.

Қорқынышты үн жетпесін құлағыңа,

Құстар үні оятсын, қозым, сені.

Әйтпесе, оятайын өзім сені.
* * *

Өсіп келе жатырсың келбетті өрен,

Көрініп тұр мақсат тау сен беттеген.

Биігіне шығарсың ата-анаңның

беделімен емес, тек еңбекпенен.
Үмітпенен қарайды ұлына өркім,

Өз басына түскенше ұғынар кім?

Ұлым! Мен де білдірем тілегімді,

Еңбегіне елікте ұлылардың!
Болмасаң да сірә ақын, сірә ғалым,

Тынбай аққан тыңдашы бұлақ әнін.

Өмір жолын оқышы байыппенен

Әл-Фараби сияқты ғұламаның
Ұлы ойиылдар, мықтылар әлемде өткен

Мақсатына жетсе де әрең жеткен.

Адамзатқа лайық жеңіс, табыс,

Айналайын, келеді бәрі еңбекпен!
Менің кірбің түспей ме жақсы атыма –

Сенің біреу ісіңе тақса кінә.

Жамандықтан бойыңды аулақ ұста,

Адалдықпен жет, балам, мақсатыңа!
Сәттіліктің ерекше салты мүлде,

Мен отырмын ұйықтамай шам түбінде.

Баяғының адамы, білесің бе,

Жылайды екен бос өткен жарты күнге.
Өсіп келе жатырсың келбетті өрен,

Көрініп тұр мақсат тау сен беттеген.

Біздерде жоқ ептілік сенде болмас,

Білім ізден, бедел жый еңбекпенен!
* * *

Күтемін қандай да бір жақта жүрсең

Жақсы ұрпақ бола білсең мақтаным - сен.

Атаң жоқ

Асауларға құрық салған,

Құлыным, абайлашы атқа мінсең!

Қозымсың алғашқы уыз сүтімді емген,

Өзіңнен қуаныштың құтын көргем.

Жетімдеу жыртық көңіл

дүниеге

Талпынып сен келген соң бүтінделген.
Есіме түсер сол бір қайдағылар,

Әлі де сүт беремін қаймағы бал.

Есейіп келесің ғой, бір ақылым:

Не нәрсе істесең де, ойланып ал!
Жығылсаң сүрінемін құлыным деп,

Жылыттың құшағымды жылы күн боп.

Сенің де парызың көп мына өмірде,

Ақ сүтімді ақтауың - ұлы міндет!
Перзент деп ана жүрек дүрсілдемей

Тұрған ба?

Айтсам дейді бір сыр көмей.

Мен сенен таудан биік үміт күтем,

Қалқиып көп ішінде жүрсін демей.
Назар сал сақтап келген салтыма бұл,

Жақсымды берсем дедім халқыма кіл..

Ұлсың ғой, жігітсің ғой,

Сол себепті

Ұлы іске жастайыңнаң талпына біл!
* * *
Балам!

Сен жігіт болсаң кең түлғалы,

Алдында белгілі кеп жол тұрмағы.

Сан сынға шыдай біл,

Тек төзе көрме

Жала сөз айтса біреу Ел туралы!

Тасқынның қабаттаса толқындары, Мүмкін ғой жартастың да солқылдауы.

Сен ерсің!

Айрылма асыл қасиеттен,

Жаман сөз естімейін сен туралы!

* *

Көйлек киіп боранда жалаң қабат,

Қазынасын жанымның өлеңге орап...

Қарындасын біреулер төрге өрлетіп,

Жатқан кезде тұрдым-ау төмен қарап.
Ағасына солардың өкпесі не,

Аламын мен әр түрлі сәтті есіме.

Біреулердің кызықтым –

Ақыл беріп,

Қамын жеген қамқорны әпкесіне.
Бөлегенде думанға көше керім,

Сыздағаны жүрегім неше менің

Ертіп жүрсе біреулер есейгенше

Аппақ ішлі жамылған шешелерін.
Үйреніп те кетіппін жоққа кілең

Тастай алмай сыпырып ноқтаны мен,

Көндігіппін жазмышқа, жақындар аз,

Әке кеткен тағдырдың соқпағымен.
Еркелесем мен де деп тұрам кілең

Міндет қылар кімім бар?

Шыдамды - мен.

Жүрген жолды бір шолып,

Ұлым, қызым,

Сендерге айтып отырған бұл әңгімем.
Сендер барда, жалым бар, қанатым бар,

Айтқан сөзін ананың бала тыңдар.

Көп себеппен төменге көп қарадым,

Сендер мені жоғары қаратыңдар!
Кіммен келдім бұл күнге, қалай келдім,

Құрметіне бөлену оңай ма елдің?

Жүрегімді тербетіп,

Ой көзімен

Жүріп өткен жолыма қарай бердім.
Қарай бердім, бір жерден арай көрдім,

Теріппін ғой гүлдерін талай белдің

Қанаттыға ілесіп қалықтаушы ем,

Тұғырына тұрмыстың қалай көндім?
Бала күнім - өмірдің гүлстаны,

Неге менен баянсыз жылыстады?

Бір қолымнан қуаныш жетелесе,

Бір қолымнан жібермей мұң ұстады.
Мұхиттайын бұрқанған ұлы ағыста

Мұңға көнбей, ұмтылдым қуанышқа.

Өмір - ғұмыр жетелеп бір соқпақпен,

Өлең - ғұмыр тартыпты бір алысқа.

* *


Арасында ауылдас, бауырластың

Талай-талай асуды дауылда астым.

Ауырмасам бір өмір кешермін мен,

Сендер барда, бәлкім, мен ауырмаспын.

Бақытты болындаршы сен екеуің
Алтын күнді сүюші ем. Бірге ерермін,

Өз жайымды баяндап үлгерермін.

Өлеңімді тыңдайтын елім барда

Бірдеме етіп мен деген күн көрермін.

Бақытты болыңдаршы сен екеуің
Баяғы, баяғы сол замандардан

Айнымас бір тілек бар адамдарда.

Анасы бірге болсын балалармен,

Әке деген - әке тек анаң барда.

Бақытты болыңдаршы сен екеуің
Кейде әр түрлі хабардан сескенем де,

Сыбырлаймын отырып кеште өлеңге.

Әр түрлі сыбағасы, тағдыры бар

Осынау әжім-әжім ескі әлемде.

Бақытты болыңдаршы сен екеуің
***

Я, Раббым!

Жазира мен Жарқынды жеткере гөр,

Жебей гөр, туса қиын сәттер егер.

Талпынғанда тауаны қайтпайтұғын

Табан тірер таудай нық бақ бере гөр!
Қолдай гөр, қонар болса көркем өнер,

Ел мұңын жоқтар болса ертең егер,

Қорғалақтап тұрмасқа топ алдында

Қолдаунысы көп болар мәртебе бер!

Жасанып жылжығанда заман - көштер,

Жаратқан, менің екі баламды ескер.

Жалғанда арманда боп опынбасқа,

Асыл жар, алтын орда, адал дос бер!

Әмин!
МӘРТ КӨҢІЛ
Иншалла, қолымда жақсы зат болса,

Жарлы, мұқтаж жандарды жарылқауға жететін,

Жаны мұңды жандарды бақыттырақ ететін.
Таразыға тартылмас, өлшенбейтін өлшеммен,

Табиғаттың өзіндей тегін сыйлық берсем мен.
Жаны жақсы жандарға жастайымнан көп сенген

Құрма ағашы сияқты жемісімді төксем мен.
Күннің нұры сияқты шапағатымды таратсам,

Түгесілмес, түпсіз пәк махаббатымды таратсам.
Балалыққа менің де кеткен еді мол есем,

Балалардың барлығын мейірімге бөлесем.
Ептілерге ұқсамай, тең құрбыны дос көрсем,

Ең ақылды патшадай ел бірлігін ескерсем.
Алақаным жабылмай,

Атымтайдай мырза боп,

Қайырыма кетсе көп қайырылған ырза боп.

Әзиз халқым көбейіп, уайымымды азайтсам

Заманынан озатын заты гауһар сөз айсам?

Арман не?!

ӨЛЕҢ



Несіне осы өлеңді жазамын мен,

Тарттым қой жетерліктей азабын мен.

Білмеймін қалай еріп кеткенімді

Муза кеп сыбырласа ғажап үнмен.
Ынтық боп нем бар еді осы өлеңге,

Қалмайды дегбір - өлең десе, менде,

Қалайша күймей қалғам,

Жап-жалаңаш

Қолыммен қызыл шоғын көсегенде?
Кім мені жадылады, дуалады,

Қолым да, жүрегім де сұранады.

Неліктен жаным содан жұбанады?

Сол ғана шаң-тозаңды жуа алады.
Жәй сөздер... Кенет өлең құралады...
***
Кенен жасы - Тәңірден сұрағаным,

Тындау сөйтіп бұлбұл мен бұлақ әнін.

Мейлі, тіпті, болмасын ұнағаным,

Ештеңе етпес сүрініп, құлағаным.

Елім, далам, балам мен өлең болса,

Қалғанының табармын бір амалын.
Қайырлы өмір Тәңірден тілегенім,

Иманды істен іздермін жүрек емін.

Сабыр күтіп, дақпыртқа бой алдырмай,

Өмір сұру - арманым, міне, менің

Көркем ғұмыр - көргенім - жақсылық боп,

Биіктесе, біртіндеп жыр-еменім,

Сен риза боларсың білем, елім!

Түзу тірлік Тәңірден тілегенім.

***
Шүкір, шүкір деймін мен,



Жазғырып елді көрмеппін.

Анаға лайық мейіріммен

Қол созып бесік тербеттім.

Гүлдеген кезде шиелер,

Астында нөсер, бұршақтың

Асқар тауым деп сүйенер,

ӨЛЕҢІМ, саған мұң шақтым.
Мін көрдім маздап жанбауды,

Қызыл қан неге ұйысын?!

ТАҒДЫРЫМА ТИГЕН ТАҢДАУЛЫ,

ТӘҢІРДІҢ ТӘЖДІ СЫЙЫСЫҢ.
Өкініштеріме өзім құн

Төледім жанды теңселтіп.

АДАЛДЫҒЫ ҮШІН СӨЗІМНІҢ,

ЕЛІМНІҢ АЛДЫНДА ЕҢСЕМ ТІК!
***

Мезгілмен де сырластым, араймен де,

Өзенмен де үндестім, тоғаймен де.

Ақ қағаздың бетіне жұлдыз шашып,

Махаббатымды жеткіздім қалай да елге!
Сырымды орап ақ қағаз арасына,

Жырым жетер туған ел даласына.

Бесік жырын шығардым балама арнап,

Басқа ана да айтсын деп баласына.
Қанат қағып, сыймаймын үйге, міне,

Өкінбеймін өртеніп, күйгеніме.

Сезімімді көркемдеп, бейнеледім,

Айтуы үшін арулар сүйгеніне.
Аяғам жоқ өлеңнен жанымды түк,

Жасын шумақ шығардым жалын жұтып.

Ізгілікке үйреттім інілерді,

Табиғатты жырладым тамылжытып.
ЖАЛҒЫЗ ДОСЫМ

Ізімгүлге

Жалғыз досым, алыстасың менен сен,

Жалғызсырап түсті бүгін өр еңсем.

Жас баладай қуанатын едім мен,

Көздеріңнің шуағына бөленсем.

Қиналдым мен,

Бірақ сендей кім ұқсын

Өзің ғана мейірбансық тұнықсын

Өмір ащы, өне бойым сыздайды,

Жан жарасын жүрек қалай ұмытсын.
Сені ойлаймын, оймен кейін шегінсем,

Иығымды сүйеп саған егілсем,

Жұбатар ең бір ақылды сөз тауып,

Тіршілікке талпындырар едің сен!

1975 ж.
ЖАСЫЛ ЖАҒАЛАУ
Жағалау. Жұлдыз сезім туды ойымда.

Үн қатпай маужырайды гүл, мойыл да.

Үп еткен самал соқпай,

жапырақтар,

Тып-тыныш ұйықтап жатыр су бойында.


Шығамын жағалауға салқын демей,

Әр түрлі әсер етер әр түндегі ой.

Алыста шегірткелер шырылдайды,

Әупілдек кептен бері әупілдемей.


Ол жайлы білмес бала елде еспеген.

Естілмес су түбінен енді ескі елеқ

Жұлдызы шүпірлеген туған жерге

Бір мекен жер бетінде тендеспеген.


Мақпал түн! Сұлулығын жаяр барша,

Ай жарық.

ашылады бояу қанша.

сан түрлі дауыс толып кетеді екен

Далаға

Бұлбұлдары оянғанша.


Қалайша аппақ түнде жата алармын.

Армандар - алыс. Оған апарар кім?!

Әупілдек әупілдемей кетті неге,

Жалықтым дауысынан бақалардын,


Тірлікті ұнатпаймын, тегінде, ұсақ.

Биікке талпынады көңіл құсы ақ.

Түнде де ағып жатыр аппақ өзен

Тоқтаусыз өтіп жатқан өмір құсап.

Көтерсе ерекше бір күй еңсені,

Тегілер сезімнің де иен селі.

Күндіз де, түнде де аққан өзеніндей,

Туған жер, демалыссыз сүйем сені.


КӨКТЕМ, КӨК ТЕРЕКТЕР
Бұл көктемді алты ай қыс күтіп едіндер,

Осылай басталады екен бүкіл өмірлер.

Тал, теректер, түн бойы толғақ қысып,

Бебеу қағып, ынырсып, уһіледіңдер.


Азабыңды түсіндім мен басыңдағы,

Дөңбекшиді қою бұлт - қорғасындағы.

Сезінгендей майданды енді осындағы –

Түні бойы сыңсыған жел басылмады.


Мұндай кезде қалайша тыншымақ қырлар,

Күндіз сезген қуатын күншуақтың қар.

Қас қарая толғатқан ана - ағаштар,

Таң ата талықсып барып, бүршік аттындар!


Көктем ғой бұл жылынар суық құмдар да.

Көк теректер, айтпай-ақ мұны ұқтыңдар ма?

Күн нұрымен маужырап қалғисыңдар,

Түні бойғы күресті ұмыттыңдар ма?

Өмірге өмір қосып, тынықтыңдар ма?
Мен білемін бұл таңды шын күткеніңді,

Түні бойы сездіріп тірлікке мұңды.

Күн шыққанда тұрсыңдар жасыра алмай

Шуақ кескен көк бүршік - кіндіктеріңді.


Жер-Ана да бұл сәтті күтіпті Ай, Күннен,

Күрсінді ол да жасыңды жұтып қайғыңмен.

Түніменен толғатқан көк теректер,

Таң ата бүр жарғандарыңмен құттықтаймын мен!


ЖАПЫРАҚ - ЖАЗДЫҢ ЖҮРЕГІ

Жапырақтар,

әр түрлі ән құрарсыңдар,

Алдарыңда әр түрлі тұрар сындар.

Нәзіктерім, сендермен сырласайын,

Менің нәзік жанымды ұғарсыңдар.


Ұғарсыңдар, ұғу да, тану да арман,

Жасарыңдар,

жасқанбай жауын, қардан.

Дайын тұру қажет-ак барлық сынға,

қорықпандар салқыннан, дауылдардан.
Қорықпандар шөлден де, аптаптан да,

Өр өзені өмірдің катты аққанда,

Құларсыңдар биіктен, оған дейін

Қол соғыңдар әр күнгі аппақ таңға.
Тіршілікте боран да,

Құйын да бар,

Қайдан сенің түсінсін күйіңді олар?

ЬІлғи жақсы болуды тілегенмен,

ЬІлғи жақсы боп қалу қиын болар...
Солай, алда әр түрлі тұрарсындар,

Тұрарсыңдар,

әр түрлі ән құрарсыңдар.

Нәзіктерім,

сендермен сырласайын,

Менің нәзік жанымды ұғарсыңдар.


ТАҢ ШАПАҒЫНА ҚҰШТАРМЫН
Мен даланың қызымын Ел деп туған,

ІІІөлдеп туғам көктемге гүлдеп тұрған.

Жыр боп құйған жаңбырмен жаным бірге,

Табиғатпен тамырлас келбет - тұлғам.


Мен даланың қызымын алды жарық

Жазда шыққан бүршікпін талды жарып.

Жапырағыма жарығын төгіп тұрар,

Аспанымда бір жұлдыз мәңгі жанып.


Біздің патша көңілді бағалар кім?

Арғыны, бергіні ойлап шамалармын.

Бабалардың бойымда кегі оянып,

Басады даналығы аналардың


Өмірімді өлеңнің ойы қашап,

Сыртта - құрмет, үйімде - дайын ошақ.

...Үйлесім болу керек дүниеде,

Бақыт та болу керек бойыңа шақ.

Астарланып мұң қалса іште әркімнен,

Күн нұрымен, күлкіммен тыстармын мен.

Таулардың тасасына кідірмейтін

Таң шапағына жанымдай құштармын мен.


БІРГЕ ТУҒАН ҮШ БАЛА
Кұсқа қара топтана үшқан ана,

Үша алмаған ақында күш бола ма?

Терезеден қараймын ойға батып,

Ойнап жүрген бір туған үш балаға.


Қандай жақсы адамның бала шағы,

Сезімдері тап-таза тамаша әлі.

Анасы бір, тілі бір үшеуінің

Қандай болар, кім білсін, болашағы?!


Кетер болса, жолдарда жиі шалғай,

Жүрер ме екен бір-бірін қиыса алмай.

Қиыса алмай жүргенге не жетеді,

Кең далаға кетпесе сыйыса алмай...


Шіркін, бұлар өскен соң қатты ойланса,

Алыс кетпес, қазыққа ат байланса.

Алтын бесік толады-ау бөтен күйге,

Әлдеқалай үш бауыр жатқа айналса.


Үш жүрекке жұлдыздан құлап таза ән

Тұрар.


Үшке бөлінбес бірақ та заң!

Асылатын ежелден ас салынып,

Үш аяқты ошаққа бір-ақ қазан.
Өмір түрлі жүктерін артты маған,

Балаларға бұл ойын қатты ұнаған.

Уайыммен қарадым үш балаға,

Бір шананы үш жаққа тартқылаған...


АНА ТІЛІ

Немесе “Қай тілдерді білесіз?

деген сураққа жауап

Өнер дерті көтеріп ыстығымды,

Өлең жазып өткіздім қысқы күнді.

Барлық тілді білем мен, Муза келсе,

Адам түгіл түсінді құс тілімді.

Бұл сөзіме айтпассың дау, қарағым,

Бір құдірет барлығын баурағаным.

Барлық тілді білем мен,

Байронды яки Петрарканы

арнаған Лаураға әнін,

Өз тіліме қаласам, аударамын.
Жазғы гүлдей жырларым қаулар әлі,

Россияның сөйлетем тал-дарағын.

Құстың тілін аударса Россини,

Россинидің әуенін аударамын.


Аударамын жұлдыздар әңгімесін,

Аударамын жүрек пен жан күресін.

Табиғаттың өнердің музыканың

Баламасын табуда мәңгі үлесім!


Бояуларын сөйлетем небір күздің

Тілін тауып, күшсіз-ақ темірді үздім.

Түннің тілін ұққандай түсінемін

Аппақ ойын қап-қара негр қыздың


Кетпесін деп ауаны түтін бояп,

Жыр жазамын әр сөзім үкімдей-ақ.

Ауа тілін, гүл тілін түсінемін

Икебана мектебін бітірмей-ақ.


Судың тілін түсінем, тап-таза ақса,

Жыңғыл жырын түсінем отқа жақса.


ДҮНИЕ ТІЛІН ҚАБЫЛДАП ЖҮРЕГІММЕН,

СӨЙЛЕТЕМІН ҚАЙТАДАН ТЕК ҚАЗАҚША!


ХАЛЫҚ ӘНІ

Қазақтың халық әні!

Қазынамсың!

Адамзат қазынаңнан азық алсын.

Үйреткен

Даналыққа, адалдыққа

Сен деген -

Жігерлі де нәзік әнсің!


Ұшы жоқ, қиыры жоқ боз даладан

Ұшқан ән,

Бота болып боздаған ән.

Мұңды қыз,

Мұзбалақ ер, бозбаладан

Қалған ән,

Қалың шерді қозғаған ән!

Дүние-ай!

Бас - еріксіз,

Көңіл - кыран.

Ән - еркін, еркін үнім - бағым, мұрам.

Қазақтың кең даласы керемет күй,

Аспаны - тұнып тұрған көгілдір ән!
Қазақтың халық әні!

Қазынамсың!

Адамзат қазынаңнан азық алсын.

Асыл сөз, асқақ рух әуелеген,

Сен деген - жігерлі де, нәзік әнсің!
Астана
Өнерлі орда, аспаны - ән,

Жаңбыр - нұрмен жуынған,

Көшіп кеттің, Астана –

Жауһар Жетісуымнан.


Алатаудан бата алған,

Арқадағы қаламсың

Қаратаудан апарған

Қара мәрмәр қалансын.


Ақтауымнан алынған

Ақтастарым көрінсін.

Көкшетаудан шағылған

Көк тастармен өрілсін.


Асқақ тұрған қалпы - айбын,

Айбатымен танылсын.

Ағашынан Алтайдың

Айшықты есік салынсын.


Әміриаттан алғызған

Асыл шамдар ілінсін.

Ұсталарға салғызған

Ұлы сесі білінсін.


Аппақ Есіл аққанда

Айдың нұры ашылсын.

Ай орнына батқанда

Күннің нұры шашылсын.


Бір қарағай, бір емен,

Орманымдай созыл сен.

Көктен медет тілеген,

Қолдарымдай созыл сен!


Береке бол халқыма,

Әулетіме кие бол.

Сәулеттеніп жарқыра,

Дәулетіме ие бол!


Ұқсап ыстық құшақка,

О шетің мен бұ шетің

Ақсұңқардай ұшақтан

Ақылдылар түсетін.


Астана бол, аман бол,

Ақылман бол, амал бол.

Тайсалатын тәмам қол,

Тәуелсіздігіме қамал бол!


Қара өлеңім жететін,

Қайда барсын ол да ұзап?

Жалғыз - менің мемлекетім,

Жан далам да жалғыз-ақ.


Өс, Астана, өркенде,

Көзіңде - байтақ, жерұйық.

Бүгін де және ертең де

Ел мүддесінен не биік?!


ЖҰЛДЫЗЫМ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ

1

Тақ Тараз. Жалқы Тараз жаһандағы,



Түп қазық, туған үйім Отандағы.

Ықылым замандардың шаны жұққан

Шаһарлы шежіремнің қаһарманы!
Тегім — сен, кітабым сен — парағы алтын.

Сен - дәлел, дамыса егер, дала халқы.

Милед пе, миллениум бе, саған да тән –

Дәуірге сәлем бердің дана қалпың

Маңдайы, мақтаныны түркілердің!

Түлесін рухыңмен ұлтым енді!

Жамбы атып, жарысса — озған, нұр тілеулі

Еркесі ем еркіндікке ынтық елдің –

2

Көшеңе жұлдыз аулы көшіп келіп,



Жаңа үйлер жатыр екен қосып көрік.

Баяғы төртқақпалы қамал емес,

Бұ күнде қала - тыныш, есікте - кілт.
Қағазға қауырсын боп қадалатын

Ақынға жақсы болар самала түн.

Мандайға біте бермес бірсыдырғы

Халқына, қаласына адал әкім.


Абсенттей жүйріктерің жүлдеңді ілген.

Қашан да қасиетінді білгенмін мен.

Қалады ел жадында, тарихында –

Тұлғалар туған жерін гүлдендірген.

3

Ақбақайдың алтыны, Шудың мысы,



Қаратаудың байлығы - бұл күнгісі.

Алынбақшы алауы - келешегі.

Тоғайында тотысы, бұлбұл құсы.
Тасып аққан Таластың шағын көргем.

Төскейіңнен мыңғырып малың да өрген.

Алақанға ал да сал, нәсіпті елім,

Алла саған нығметін, дәнін берген.


Келешегін ойлаған Біртуары,

Керегедей қабысқан ынтымағы,

Емізігі кеппеген бесікті елдің

Ақ жарылқап алдынан Күн туады!!

4

Берілген ұлылардан бағасы-шың



Тарихтың салихалы саласысын

Киелі, әулиелі, көне Тараз

Сүюдің, сұлулықтың қаласысың!
Сұюдің Айша бибі бопты Арындай.

Далада қызға ескерткіш жоқ та мұндай.

Кезінде Шах Жаханның Мұмтазға арнап,

Өлмейтін Тәжмахалды соққанындай.


Малыңды есте иығар жұт алғаны.

Дарақты отын етіп бұтарладық.

Көрінген күндік жерден кұмбездерді,

Дариға-ай, Тәжмахалдай күте алмадық...

5

Білемін өтелмеген борышымды.



Керекте бере алмадым қол ұшымды.

Бар еді таудай-таудай армандарым,

Жеткізбей қаңбақ кылып жел ұшырды.
Достарға соға алмадым мені күткен.

Күтеді сонда да олар зор үмітпен.

Таласқа түскендей-ақ алтын елдің

Қайтамын махаббатына шомылып мен.


Қадайды желегіме жеңгем де үкі,

Жабады иығыма белдер күпі.

Пейіштің теріндейсің төркін қала,

Жүрегім - қай уақта да сендердікі!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет