ЖАЗЫЛҒАН ЖЫРЛАР
Жазылған жырлар! Жанымның құйттай құстары,
Жайлап жүрсіңдер тірліктің қайсы тұстарын?
Сендерді көріп сүйсініп жүр ме достарым,
Таңырқап жүр ме, табалап жүр ме дұшпаным?
Ұшырып ем ғой, шарттараптарға барсын деп,
Сендерден біреу керегін тауып алсын деп.
Ғимараттардың басына емес, өмірге
Ғашық жандардың кеуделеріне ұя салсын деп.
Құйттай құстарым, жаныммен жіпсіз жалғасқан,
Сау жүрсіңдер ме ақ қанаттарың талмастан?
Қалған жоқсындар ма қалтарыстарда елеусіз
Ғажап саздарды тыңдаған кезде таңғы аспан?
Қона алдындар ма махаббаттардың бағына,
Төге алдыңдар ма сағыныш толы лағыл ән?
Жанымның даусы сендерге елі аманат,
Жеткізе алмасаңдар неғылам?
соны ойлап жиі қамығам.
Құйттай құстарым! Көмейлеріңде жыр-ән бар,
Жолдарың ауыр, арымай талмай шыдандар.
Құйттай құстарым, құласандар да, өтінем,
Адамдардың тек жүрегіне жетіп құлаңдар!
***
Көктем келсе - құлпырар гүл әрқашан,
Жапырақ жайса - бітеді шынарға сән.
Ештеңеге шаттана алмайсың сен –
Қаулап өскен шалғынға қуанбасаң
Қуанышсыз жүректе құралмас ән,
Қайғы басса есіңе ал мұны әрқашан.
Ештеңеге риза бола алмайсық
Жаңа жауған ақ қарға қуанбасаң
Бірде қажет, бірде артық ойдың өзі.
Қажырлансаң кетеді қайғы безіп.
Сүймегенің табиғат-анамызды
Сүйсінбесең туғанда Ай-білезік
.
Жүрекке мейірім мен жылу көмек.
сүйсінбеуге бола ма сұлуға ерек?
“Ойлай берсеқ ой да көп, уайым да көп”,
Шыққан Күнге қуана білу керек!
БАСТАУ
І
Сол бір күн әлі есімде
Өзіңмен алғаш танысқан.
Арбасып қалған кезіңде
Көздердің оты сан ұшқан.
Тулайды жүрек тулайды,
Өзіңді күнде көрсем де.
Сезімді төзім шындайды,
Жабырқау болып жүрсем де.
Көзіңнің жарқын нұрынан
Алғандай болдым шуақты.
Сол сәуле балғын жырыма
Таралып жатқан сияқты.
II
Кездесе қалсаң бақта әсем,
Жүректің шертіп сырларын.
Айтушы ең кейде жатқа сен
Қасым мен Қадыр жырларын.
Сәулелі аппақ жүзіңнен
Көремін таңғы ақ арай!
Аңғалдық билеп сезімді,
Қараушы ем саған баладай.
Қаламыз кейде біз үнсіз,
Төбеден әсем ай қарап.
Табиғат бізді үздіксіз
Тұрғандай сол кез аймалап.
Кеудеме күй боп қонасық
Жанарың бейне жалындай.
Кейде сен ерке боласын,
Таудағы киік лағындай.
Сезімдер селі тасқанда
Дария тулап жатқандай.
Сүйсініп бізге аспанда
Ай жүзуші еді ақ маңдай.
Шын сүйдім сені жүрекпен,
Жазған соң солай тағдырым.
Сол болды маған тірек те,
Сол болды менің ән-жырым.
ЖҮЗІМДІКТЕ
Алғаш рет өзіңмен
Жүзімдікте кезіктім.
Бал татыған сөзіңмен
Көріндің сен нәзік тым.
Курстағы қыздардың,
Қылықтысы өзің бе?
Басқалардан қызғандым
Қарап қалған кезіңде.
Жүзім қандай тізілген,
Тиіп кетсең үзілген!
Алмаймын мен көзімді
Жүзімнен емес, жүзіңнен.
Жәудірейді жүзім де,
Жәудірейді көзің де.
Сұлу ма едің өзің де,
Сұлу қылған сезім бе?
Шырын еді жүзім де,
Шырын еді сөзің де.
Сондай ма едің өзің де,
Сол бір ғажап сезім бе?
Іштім өмір бал, уын,
Астым талай асқарды.
Саған ғашық болуым
Жүзімдікте басталды.
СҮЙЕМ ДЕСЕҢ
Жақындатпақ болып алыс-жырақты
Күндіз-түні алдым қолға шырақты.
Егер мені сүйем десек
Қаңтар да
Көктем болып кететұғын сияқты!
Өзіме-өзім көп қойдым ба сұрақты,
Таудан құлап қанша мөлдір су ақты?!
Егер мені сүйем десең Мына түн
Күндіз болып кететұғын сияқты!
БҰРЫН ҚАЛАЙ СЕЗБЕГЕМ
Өртесе де өкінбеймін от демін,
Әлі өткен жоқ дәуренімнің көктемі.
Сен жоқ кезде алаңдаймын алқынып,
Өн бойыма жетпегендей оттегі.
Сен болсаңшы сезімімді арбаған,
Әнім болшы мәңгі ешкім салмаған.
Жырақ кетсен, кұс боп ұшып жетейін,
Ақ қанаты аспанында талмаған.
Қандай бақыт табылғаның қасымнан,
Менің үшін қайталанбас асыл ән.
Сол асыл ән шырқай берсе биіктен,
Жүрегіңе жол табуға асығам.
Көкірегімнен шықпай қойды наз үнің,
Шыр айналып жүрек деген қазығын.
Өзге жанға аландамай өтермін,
Сезімімді арбаса да сазы мың
Тек өзіңмен әсем сазды күйге енем,
Махаббат па от құшаққа күймеген.
Мынау ғажап дүниеге ғашық қып,
Өзің болдың бар еркімді билеген.
Өмір бойы аялаумен өтемін,
Жүрегімді түсінбесең не етемін.
Бұрын қалай сезбегенмін, тәңір-ау,
Махаббаттың мұнша күшті екенін!
АҢСАУ
Сен бе екенсің қыздардың гүл шынары,
Сен бе екенсің қап-қара түн шырағы.
Қабақ түйсең түседі қараңғылық,
Көздеріңнен күлгенде күн шығады.
Маған ыстық өзіңнің таныс тұлған,
Таныр едім көрсем де алыс қырдан.
Тағдырыма табынам мен, әйтеуір,
Өзіңменен өмірде табыстырған.
Өзің салған дертіңнен айықпаймын,
Сені аңсатар шаштарын жайып қайың
Сен жоқ жерде сенделем,
Көк теңізде
Дауыл күнгі адасқан қайықтайын.
Айып етпе биікке шыға алмасам,
Түсінбейсің сен неге жыр арнасам?
Түк көрмеймін, айналам түн сияқты.
Тезірек кеп күнімді шығармасаң!
САҒЫНУ
Найзағай ойнап, күн күркірегенде,
Көктемгі жаңбыр сіркірегенде.
Жаңбырдан кейін кыр түлегенде
Мен сені сағынып едім.
Арайлап ақ таң атқан шағында,
Айнала нұрды жапқан шағында,
Елес боп маған ақ моншағың да,
Мен сені сағынып едім.
Көлеңке ұзарып, кұн батар шақта,
Бұлбұл құс әнін тындатар шақта,
Ғашық боп дүние тіл қатар шақта
Мен сені сағынып едім.
Аралап сонау сағымды мекен,
Жүрсің бе көріп бағыңды бөтен?
Егіліп әлде кішкене жүрегің
Сен де мені сағындың ба екен?
КӨЗІМНЕН ОТ ЖАРҚЫРАП ШАШЫРАДЫ
Есімде сенен хат ап куанғаным,
Жас сәбише мәз болып жұбанғаным.
Қөзімнен от жарқылдап шақырады,
Қуаныштан, апыр-ай, жүре алмадым.
Қайта оқимын хатыңды алып бүгін,
Таза сезім тұрғандай шашып нұрын.
Күнге ұмтылған ғажап гүл қандай болса,
Менің саған дәл сондай ғашықтығым.
БАҒАЛАЙ БІЛ
Менің барлық болмысымдағы
Қуанышым мен қайғымды
Жақсылыққа жоруынды өтінем.
Саған деген алғысымды
Махаббат деген ұғымды
Жан көзімен көруіңді өтінем.
Менің барлық болмысымдағы
Пәктікті
Мысқыл күлкіңмен жараламауыңды өтінем.
Немесе анау қол ұшындағы
Алтын, күміс мүлкіңмен
Бағаламауыңды өтінем.
Менің барлық болмысымдағы
Бақыттылық пен шаттықты
Түсініп қана кезігуіңді өтінем.
Өмір деген жол тұсындағы
Адалдық пен ақтықты
Тек жүрегіңмен сезінуіңді өтінем.
ӨН БОЙЫҢА ЖАРАСЫП ҚЫЛЫҚТАРЫҢ
Сырласпасам сенімен көз ілмеспін,
Дәл мендей боп түсінбес өзінді ешкім.
Қандай ғажап сыбырлап сөйлегенің
Ықыласыңнан рахат сезім кештім.
Мен осылай жаңарам сеніменен,
Сезілгендей өзіме жеңіл денем.
Өн бойыңа жарасып қылықтарың
Жылытасың жанымды деміңменен.
Өзіме аян жаныңның асылдығы,
Сеніменен көмейдің ақылды үні.
Арманы жоқ сәбидей мөлдірейсің
Жүрегіңде жатса да ғасыр жүгі.
СҰЛУЛЫҚҚА ТАБЫНУ
Сымбатыңа жарасқан жүріс қандай,
Көз тартады жарқырап күміс мандай.
Сұлулыққа оранған табиғаттан
Саған шексіз әсемдік жұғысқандай.
Келісіммен келбетің пішілгендей,
Тіл қатуға тұрмын мен күшім келмей.,
Жігіттсрге қарайсың тәкаппарсып,
Ғашық болып қаларын түсінгендей.
Мұндай көркем болар ма адам деген,
Сұлулықта шек жоқ қой бола берген.
Көз қиығын салмай-ақ кеттің етіп,
Ауық-ауық мен-дағы алаңдап ем.
Сәйкес етіп тұлғаңа киінбесек
Ойлы сұлу болмасақ сүйінбес ем.
Талай жақсы жігітке тәкаппарсып,
Бір жаманға болғаны-ау иілмесең..
ӨЗІҢМЕН КЕЗДЕСКЕНДЕ
Жандар едік бұрын мүлдем белгісіз,
Ғашық болып қалдық неге сенгісіз?
Екеумізде екі тағдыр болатын,
Бақыт құсы екі бөлек қонатын.
Тұла бойым тұнып тұрған мейірім,
Көл-көсір боп кеткен неге пейілім?
Ғұмыр бойы көрмегендей қыз демін,
Жалын-шоққа күйіп-жанып төзбедім.
Мың рақмет, назы бөлек көріктім
Сезімімді күншуақ боп еріттің
ЖАРҚЫЛДА, ЖАҚҰТЫМ БОП
Жаным-ау, саған деген
Құмарым басылар ма?
Осынау әлемде мен
Тұрамын асығам да.
Ғажайып сұлулығың
Кеудеме гүл еккендей.
Күлгенде жылылығың
Жанымды түлеткендей.
Ынтықтық жатты ойымда,
Оны мен жеңем қайдан?!
Көз тарттың, ақ қайыңдай
Тамырын терең жайған.
Қонбасын бетіңе мұң,
Жарқылда жақұтым боп.
Кетпеші, өтінемін,
Басқаның бақыты боп.
ӨЗІҢДІ ҚИМАҒАНДА
Көп болды кездеспедік, сыр ашпадық,
Бұрынғыдай гүл теріп, қыр аспадық
Өткен күнді еске алсақ бүгіндері,
Соның бәрі жатқандай расталып.
Есіңе алып сен-дағы жүр шығарсың,
Бәлкім, ыстық деміңе тұншығарсың
Сойқан дауыл соқса да солқылдатып,
Құламайтын кеудемнен бір шынарсың
Жан емеспін жалғанда мұңсыз, жайлы,
Сағыныштан жүрегім кіл сыздайды.
Ғажап екен өзіңмен жер-дүние,
Өзіңсіз жүрегімде - бір мұз қайғы.
Білем, сәулем, есімде қимағанын,
Қия алмаған күндерді ойға аламын.
Сол бір шақтар керемет тәтті екен ғой,
Сағынамын, соны ойлап қиналамын.
ӨЗІҢДІ ОЙЛАҒАНДА
Сағындым, сәулем, сағынышқа орап кеудемді,
Тірлікте мына сағынбас жандар бар ма екен?
Сен жақтан әр кез алғандай болам мен демді,
Өзіңсіз маған жазира далам тар мекен.
Жүрек пен жүрек ұғысқан шақта мұңдасып,
Сәулешім менің сағынбау сені күнә, айып.
Алыстап кетсе аңсайды екен шын ғашық
Ғажайып сезім қалады екен мұңайып.
Зымыран уақыт жылжиды алға байқатпай,
Бойына сіңіріп жастықтың, жарқын аптығын.
Жүрсің бе сен де сезімді мөлдір шайқатпай,
Ойлаған кезде басылып бір сәт шаттығың
НЕГЕ ІЗДЕЙМІН?
Мен осы, жаным, сені неге іздеймін?
Себеп - сенсіз өмірді сезінбеймін.
Өзің деймін жалыны жүрегімнің,
Жанымның жарақаты өзің деймін.
Мен осы, жаным, сені неге іздеймін?
Себеп - сенсіз өмірді сезінбеймін.
Махаббаттың баянды шағында мен
Жаным мәңгі өзіңмен егіздеймін.
Көңілімнің көгілдір құсы ма едің
Өңім түгіл кіресің түсіме мың
Көздеріңнің тұңғиық жанарында
Бір тылсым бар айтпай-ақ түсінемін.
Санамыздан сұрқайлық сырылыпты,
Жанымыз қалар мәңгі жылылықты.
Бір сәтке үнсіз ғана ұғысайық,
Паш етіп махаббаттағы ұлылықты.
Мен осы, жаным, сені неге іздеймін?
Себеп - сенсіз өмірді сезінбеймін.
Өзің деймін жалыны жүрегімнің
Жанымның жарақаты өзің деймін.
ӨКПЕЛЕТІП АЛДЫМ БА?
Адал едім, аңқау едім алдында,
Абайсызда өкпелетіп алдым ба?
Риясыз жүрек назын түсінбей,
Айтшы, сәулем, шын ренжіп қалдың ба?
Жаутаңдадың жанарыңа жас тұнып,
Тұнжырама, қабағыңды аш, күліп.
Кешіре гөр, кетпесе тек болғаны
Көңілінді алаң етіп басқа үміт.
Сеземісің сүйген жанның шын халін,
Ұқпадың ба кеудемдегі сырды әлі?
Төбе болып кеткен бәрі сияқты
Өзің барда шығып жүрген шыңдарым.
Ойымда жоқ саған деген жат тілек,
Өтермін-ау мәңгі өзіңе бақ тілеп.
Қаншалықты өкпелесеқ аяулым,
Боласың сен соншалықты тәттірек.
МОЙЫНДАУ
Сенсіз қайда кетейін,
Тыным бермес елесің
Сені жырлап өтейін,
Жұрт не десе, о десін.
Жаныңды кір шалмаған,
Кез жанарың әлі нұр.
Сенен артық жар маған
Табылмайды бәрібір.
Аялайды елің де,
Жыр маржанын тересің
Күннен-күнге мені де
Мойыңдатып келесіқ
Болашаққа көшейік, -
Жыр жазады екенбіз.
Қызық күндер кешейік,
Жүп жазбастан екеуміз.
СЕНІҢ НҰРЛЫ КЕЛБЕТІҢ
Сен деп қана соғатындай жүрегім,
Күндіз-түні өзінді ойлап жүремін.
Бір ғажайып көріністі әкелер
Жалт етіп бір қарағанда нұр өңің
Сезім селі тасқындайды тереңде,
Бәлкім, содан буырқанып келем бе?
Тілеп жүрмін,
Сенің нұрлы келбетің
Қалса екен деп өлмейтұғын өлеңде.
СЕЗЕМІСІҢ
Сен деп қана жүректегі жарық күн,
Өзіңді ойлап күндіз-түні зарықтым.
Сені аңсаған шақтарымда алыппын,
Мың-мыңдаған ортасында халықтың
Сені бір сәт еске алмасам, аяулым,
Теңізінен сыртқа шыққан балықпын.
Сен қалайсық жаным, оны сезбегем,
Жан шығарсың сағынышқа тезбеген, —
Арманыңа жететіндей көздеген,
Ешқашан да күдеріңді үзбеген?
Бір-бірінен айнымайтын күндерде
Өзіңді іздеп, күніне мың өзгерем.
СУ СЫЛДЫРЫ, СЕНІҢ КҮЛКІҢ ЕКЕУІ
Су сылдыры, сенің күлкің екеуі,
Анық маған - шын бақытым екені.
Сенің нәзік үлбіреген ерінің
Ерініме тиіп кетсе от еді.
Қылығың да үқсамайды ешкімге,
Әлде, жаным, ерке болып өстің бе?
Махаббаттың қүдіретін сездім мен,
Бір ғажайып толқын - ағыс кештім де.
Желсіз түннен сыр ұққандай тыныш бақ,
Төбемізде ай барады жылыстап.
Дәл осы кез мына нұрлы дүние
Тұрғандай тек махаббатпен тыныстап.
ЖАҢАРЫП СЕЗІМ БОЙЫМДА
Жаңарып сезім бойымда,
Қалғандай болдым жеңілдеп.
Жарқырап жатты жолым да,
Жан-жағым бәрі керім, көк.
Бұркырап менен жыр - өлең,
Бұлтты аспаннан күн шығар.
Сезімді естіп тілеген,
Жүрегім, жаным, тыншығар.
Құшағыңды сен жайғанда,
Сұлусың әр кез Айдан да.
Махаббат деген майданда
Жеңіске жүрек тойған ба?!
ЖҮРЕГІМ ЖАЗАДЫ ӨЛЕҢ
Сүйкімді еркелейсін,
Құшаққа оратылып.
Жүректі өрте дейсіқ
Жалыннан жаратылып.
Бұл неткен ғажап сезім,
Өмірде қайталанбас.
Көтердім “азапты” өзім,
Сенсіз жан жай таба алмас.
Жүрегім жазады өлен,
Бір болып өзіңменен.
Дүние ғажап екен
Шынайы сезімменен.
АЛАУЛАП КЕТТІМ СОЛ ШАҚТА
Көзіңде тұнып моншақтар,
Құшақтай бердім беліңнен,
Алаулап кеттім сол шақта
Ып-ыстық отты лебіңнен.
Төңірек түгел ғажайып,
Өзгеріп бара жатқандай.
Көңілден күдік азайып,
Ақ таным жайлап атқандай
Сезімнен балқып сонда мен,
Құлап кетуге шақ қалдым.
Құдіретіңмен қолдап еқ
Махаббаты мол шақтарым.
Сулары қайнап көлдердін,
Өзгеріп кетті-ау бар ғалам.
Сүйіскен біздер сол жердің
Өртеніп кетпегеніне таң қалам.
КӨКТЕГІ АЙ ДА ҚЫЗЫҒЫП ҚАРАП ҚАЛСЫН
Атқан тандай ақ құба түсің қандай,
Қарағанға шын бақыт ұсынғандай.
Асқақтықтың алдында талай жігіт
Тіл қата алмай, әлсіреп қысылғандай.
Сәулем, мүны сен-дағы құп аларсын,
Бәлкім, мені жазғырып кінәларсың?
Тұла бойым махаббат тұнып тұрған,
Жайбарақат қалайша тұра аларсың!
Ақын жүрек бар сырын ал ақтарсын,
Өткен күндер - бір кітап парақтарсың
Көтеріп ап кетейін көшеменен,
Көктегі Ай да кызығып қарап қалсын.
ОРТАҚ ӘН
Сенің әнің менің де тындайтыным,
Менің әнім сенің де тыңдайтының
Білесің бе, жаным-ау, екеуміздің
Жүрегіміз бір әнді жырлайтынын?
Мұндай шақтар бәріне кез келмейді,
Екеумізге ілессін сөздер мейлі.
Саған деген махаббат бұл өмірде
Дар алдында тұрсам да өзгермейді.
Шаршамайды сен жаққа басқанда аяқ,
Менің көңілім күндізгі аспандай ақ
Сені көрген минуттық көз ақыма
Өмірімді сыйлар ем жасқанбай-ақ.
АППАҚ НҰРМЕН АТАТЫН ТАҢЫМ БА ЕДІҢ
Өзің жайлы таусылмас әнім менін,
Көз алдымнан кетпейді жалынды өңің
Саған деген құмарлық басылмайды,
Аппақ нұрмен ататын таным ба едің
Сеніменен төңірек жасыл ғалам,
Тек өзіңмен, күнім-ау, тасып алам.
Найзағаймын сенімен жарқ-жұрқ еткен,
Сен жөқ кезде жабырқап, жасып қалам.
Күмбірлеген кеудемнен жыр аткылап,
Оянады ойымнан бір ақ бұлақ.
Сенсіз жерде жүремін қаңбақ болып,
Өзің барда сезінем қуаттырақ.
Сезем мәңгі әйтеуір күн иығарын,
Ақиқат бұл өзгермес “біл, шырағым!”
Көз алдымда құлпырып сен жүрмесеқ
Судан шыққан балықтай тұншығармын.
Достарыңызбен бөлісу: |