Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Жарақаттанудың алдын алу, алғашқы көмек



бет88/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД
Тезис дәріс ОФД, Тест тапсырмалары, Тест тапсырмалары, қаймақ
Жарақаттанудың алдын алу, алғашқы көмек Жарақат – бұл терінің немесе сілемейлі қабықша бүтіндігінің бұзылуымен жүретін механикалық ықпалдан болған тіннің зақымдалуы. Жарақат сыртқы және терең болады. Сыртқы жарақат кезінде тек тері немесе сілемейлі қабықша зақымдалады. Терең жарақат қуысқа (кеуде, ішперде) еніп, ішкі мүшелерді зақымдауы мүмкін. Жарақаттаған құрал мен тіннің зақымдалу сипатына қарай жарақаттар кесілген, шабылған, айналасы жырымдалған, үшкір қарудан болған, зақымдалған, тістелген, оқ тиген болып ажыратылады. Белгілері. Кез келген жарақат ауырсыну тудырады. Ауырсыну дәрежесі мен сипаты жарақаттың көлеміне, сипатына және орнына байланысты. Кейде ауырсынудың қатты болатыны соншалық, зардап шегуші ауыр халге душар болады.
Жарақат кезіндегі алғашқы жәрдем:
1) қан кетуді тоқтату;
2) жарақатты қайта ластанудан қорғау.
Соғылу – тіндер мен мүшелер құрылымының елеулі бұзылуысыз жабық зақымдалуы. Соғылу құлағанда немесе қатты затқа ұрылғанда орын алады. Әдетте жұмсақ тіндер мен ұсақ қан тамырлары зақымдалады, алайда ішкі мүшелер де зақымдалуы мүмкін: іш соғылғанда – ішперде қуысы мүшелері (ішек, бауыр, көкбауыр және т.с.с.), кеуде соғылғанда - өкпе, бас соғылғанда – ми зақымдалады және т.б. Көбінесе бас және аяқ-қол соғылады.
Жұмсақ тіндер соғылуының белгілері: соғылу тұсындағы әлсіз ауырсынулар, кішкене немесе көбірек таралған, жайылған ісіну – қанталау, дененің соғылған бөлігінің қозғалысы шектелген және ауыртады. Ішперде қуысы мүшелерінің зақымдалуымен сипатталған іштің соғылуы кезінде қатты ауырсыну, құсу байқалады; бауыр, көкбауыр зақымдалғанда, ішке қан кету белгілері пайда болады (тері мен сілемейлі қабықшаның бозаруы, бас айналу, есінен тану, жіті көрініс беретін жалпы әлсіздік, тамырдың жиі және әлсіз соғуы).
Соғылу кезіндегі алғашқы жәрдем. Жұмсақ тіндер соғылған кезде, жарақат орнына суық нәрсе (суық суға малынған сүрткіш; мұз не қар салынған пакет) қою керек, қансыраған жерге басып тұратын таңғыш таңу керек (4-сурет). Соғылған дене бөлігін тынышталдырып, соғылған аяқ-қолды жоғары күйде ұстайды; мысалы, қолды орамалмен байлап, асып қояды. Терінің бүтіндігі бұзылған кезде, залалсыздандырылған таңғыш таңады. Іші соғылған кезде, ішкі мүшелердің зақымдалуынан күдіктенген кезде, зардап шеккен адамды медициналық мекемеге жатқызу қажет. Зардап шеккен адамға тамақ және сусын беруге болмайды.
Сыну – бүтіндігінің бұзылуымен сипатталатын сүйектің зақымдалуы. Сыну кезінде сүйектің зақымдалуымен бірге айналасындағы жұмсақ тіндердің бүтіндігі бұзылады, жақын орналасқан бұлшықет, тамырлар, жүйкелер және т.б. жарақаттанады. Сынумен қоса, тері зақымдалған кезде немесе жара болса, сынуды ашық сыну деп атайды, терісі бүтін болса, жабық сыну болады.
Белгілері: 1) зақымдалған сүйекке ауырлық түскенде, ауырсынудың арта түсуі; 2) сынық айналасын ұстағанда ауырсыну; 3) зақымдалған жердің (аяқ-қолдың) қимылдай алмауы (өте сирек жағдайлардан тыс); 4) сынған жердегі дене бөлігі формасының өзгеруі; 5) қанталау; 6) сынған жерде сүйектің дұрыс қимылдамауы. Зардап шеккен адамның жалпы күйі сынықтың сипатына байланысты және ауыр болуы мүмкін (бассүйек, жамбас, сан және т.б. сүйектерінің сынуы), дене қызуы көтерілуі мүмкін.
Аталған белгілердің кейбіреуі кейбір сынықтар (жарылу) кезінде орын алмауы мүмкін, сондықтан сынық болуы мүмкін деп күмәнданған кез келген зақымдалуды сүйектің сынуы деп қарастырылып, зардап шеккен адамға тиісті көмек көрсетілуі тиіс.
Сыну кезінде көрсетілетін алғашқы көмек. Дененің зақымдалған бөлігін (аяқ-қолы) толық тынышталдыру қажет және сынған жердегі сүйектің сынған бөліктерінің қимылдауын болдырмау қажет. Бұл үшін дененің зақымдалған бөлігін иммобилизациялау қажет, яғни, оны қимылсыз күйге келтіру қажет, мұны ұстап тұратын таңғыш таңу немесе, ең дұрысы, тасымалдау шендеуішін таңу арқылы жүзеге асыруға болады. Тасымалдау иммобилизациясы үшін дайын стандартты шендеуіштерді қолдану қажет, олар болмаған жағдайда, шендеуіштер қолда бар, оқиға орын алған жерден табылған заттардан жасалады – таяқ, тақта, ағаш бұтағы, картон, ағаш қабығы, сабан бумасы, күрек және т.с.с. Барлық шендеуіштер жеткілікті дәрежеде ұзын және мықты болуы қажет.Шендеуіштерді дененің жалаңаш бөлігіне таңған жөн, алайда, алғашқы жәрдем көрсеткен кезде, тасымалдау шендеуішін киімнің үстінен таңу қажет. Егер шендеуіш дененің жалаңаш бөлігіне таңылса, оны мақтамен, орамалмен орап қою қажет, әсіресе сүйек шығып тұратын жерін. Мақтамен оралған шендеуіш дененің зақымдалған бөлігіне толығымен жанасып онымен бір бүтіндей болып тұруы керек. Мұны дәке, орамал, сүлгі, жіп және т.с.с. қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Көптеген сыну жағдайларындағы иммобилизациялаудың негізгі ережесі: таңылған тасымалдау шендеуіші кем дегенде екі буынды ұстап тұруы қажет (сынған жердің үсті және асты жағынан). Мысалы, сирақ сынған кезде, ол тізебуын және тобықбуынды ұстап тұруы керек, иық сүйегі сынғанда – иықбуын, шынтақбуыны, кәріжілік-білезік буынын; жамбас сүйегі сынғанда ұршықбуын, тізебуын, тобықбуынды ұстап тұрады. Аяқ не қол саусақтарының ұшы бос болуы керек.
Талып қалу кезінде көрсетілетін алғашқы көмек. Басқа қанның келуін күшейту үшін зардап шеккен адамды басы мен денесінің жоғарғы жағы аяғынан төмен болатындай етіп, жатқызу керек. Аяқ астына білікше қоюға немесе аяқты төңкерілген орындық үстіне орналастыруға болады. Сыртқы киімді шешіп, не түймесін ағыту қажет, бөлмеге таза ауаның кедергісіз енуіне жағдай жасау үшін терезені ашу керек. Мүсәтірлі спирт бар болса (аммиактың 10 % ерітіндісі), оның буын иіскету керек (мақтаны малып!). Аммиак буын иіскеу мидағы тыныс алу орталығын іске қосады, осылайша адам жылдам «өзіне-өзі келеді». Белгілі бір уақыттан соң, зардап шеккен адамның күйі жақсарған соң, тұрып, қою шай немесе кофе ішуі қажет. Талып қалудың себебін анықтап, тиісті диагностика мен ем қабылдау үшін міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.
Талып қалудан соң зардап шеккен адам өзіне-өзі келмесе немесе зардап шеккен адам белгілі бір уақыттан соң тағы да талып қалса, онда шұғыл дәрігерлік жәрдем қажет – жедел жәрдем шақырту қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет