Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы



бет89/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Алғашқы жәрдем. Химиялық күйік кезінде немесе соған күдіктенгенде, терінің бетін тез арада және мол мөлшерде (ең дұрысы, су құбыры шүмегінен аққан судың қатты ағыны астында) 5-10 минут бойы сумен шаю қажет. Мүмкіндігінше тез арада жедел жәрдем шақырту қажет! Химиялық күйікті маймен майлауға, қатты байлауға болмайды.
Химиялық күйіктен зардап шеккендерді жедел түрде ауруханаға жатқызу қажет.
Байламның созылуы мен үзілуі көбінесе тобықбуын тұсында пайда болады; олар буын тұсында, кенет және шамадан тыс қимылдағанда пайда болады.
Белгілері: 1) зақымдалған байлам мен буын тұсында кенеттен, қатты ауырсыну сезіледі, 2) буын тұсындағы қимылдар шектелген және ауырсыну тудырады, 3) буын тұсында ісіну пайда болуы мүмкін (қансырау және буын қуысы).
Байламның созылуы мен үзілуі кезінде көрсетілетін алғашқы көмек. Ең алдымен, зақымдалған және ісіген жерге суық зат қою керек, содан соң, қысып тұратын таңғыш таңып, буынды қимылдатпайтындай етіп, аяқ не қолға шендеуіш таңу қажет.
Буын шығуы – сүйектің буын басталатын жерінің тұрақты жылжуы, ол буын қызметінің бұзылуына әкеледі. Буын шығуы буынның кенет, шамадан тыс қимылдауы, жоғарыдан созылған аяқ-қолға құлау, буын тұсына тиген соққы нәтижесінде және т.с.с. Буын шығуы көбінесе иық, шынтақ және жамбас буынында кездеседі. Кейде буын шығуы сынумен қоса жүреді. Көп жағдайда буын шығуы зардап шеккен адамның өміріне қауіп төндіретін ауыр жарақат болып табылады.
Белгілері: 1) зақымдалған буын тұсында ауырсыну; 2) буынның қалыпты қимылы жоғалады (аяқ-қолды қимылдатқанда, серпілгендей болады); 3) аяқ-қолдың мәжбүрлі қалыпта болуы; 4) буын тұсында аяқ-қол формасының өзгеруі.
Күн тию күн сәулелерінің ұзақ уақыт бойы басқа әсер етуі нәтижесінде орын алады. Ауырсыну күннің тікелей әсерінен 3-5 сағаттан соң басталады. Балалар мен егде жастағы адамдарда күн тию ерте басталуы мүмкін.
Күн тиюдің белгілері: дене қызуының көтерілуі, қалтырау (суықты сезіну), бас айналу, беттің қызаруы, тамыр соғуы мен тыныс алудың жиілеуі. Жүрек айну, құсу, іш өту, қатты терлеу байқалуы мүмкін. Ауыр жағдайларда – есінен тану, құрысу, тыныс алудың бұзылуы.
Алғашқы көмек: зардап шеккен адамды көлеңке немесе салқын жерге жатқызып, мол мөлшерде сұйықтық ішкізу қажет, басына суық компресс қою. Егер зардап шеккен адам есінен танып қалса немесе бас айналу, құсу байқалса, жедел жәрдем шақырту қажет.
Ыстық өту жоғары ауа температурасы (температурасы жоғары және нашар желдетілетін орын-жайда жұмыс істеу; ауа температурасы 28-30 *С-тан жоғары болған кезде далада жүру) кезінде ағзаның жалпы қызынуы нәтижесінде орын алады. Ыстық өту кезіндегі белгілер мен алғашқы жәрдем көрсету күн тию кезіндегідей.
Тамақтан улану – тамақ токсикоинфекциялары – бактериялармен уланған әр түрлі азық-түлікті тұтыну салдарынан пайда болған жіті инфекциялық аурулар. Ауру зиянды азық-түлікті тұтынғаннан бірнеше сағат өткен соң және, тіпті, 1-2 тәуліктен соң байқалуы мүмкін. Көбінесе ескірген балық немесе ет өнімдерінен, сондай-ақ саңырауқұлақтан улану кездеседі.Сапасы төмен және ескірген азық-түлікті тұтынудан бас тарту қажет. Азық-түлікті суықта сақтау қажет. Консервілерді тұтынарда аса мұқият болу керек, олардың сапасына күмәніңіз болған жағдайда (ыдыс қақпағының көтерілуі, жаман иіс, ерекше түс және т.с.с.), тұтынудан бас тартыңыз. Тамақтан уланудың белгілері: аурудың жіті (аяқ астынан) басталуы, өзін-өзі нашар сезіну, ауыз қуысының кебуі, жүрек айну, жеген тамағын құсу, іші ауру, бас ауру, іш өту, дене температурасының 38-39 *С-қа дейін көтерілуі.
Улы жылан, жәндік, жануарлардың шағуы
Жылан шағуы. Жанасу мүмкіндігі бар улы жыландар ішінде аса қауіптісі - кобра, сұр жылан және көлбаржылан (қарасұр жылан). Улы жыландар өздігінен шабуыл жасамайды, тек қана олардың мазасын алғанда ғана. Улы жыландар жаз мезгілінде кешкі және түнгі уақытта белсендірек болады. Жылан шаққанда, оның ұзын тістерінен шыққан у тері астына және одан тереңірек енеді. Тістеген орнында теріде ірі нүктелер (улы тістердің ізі), олардың арасында ұсақ нүктелер байқалады. Жылан уының иісі болмайды. Жылан жүруі ықтимал жерлерде олардан қорғану үшін келесі шаралар ұсынылады: былғары немесе резеңке етік, қалын жүн шұлық кию, киіз төсемесіз жерге жатпау, жыландарға қатысты, әсіресе, түнгі уақытта аса мұқият болу қажет. Белгілері. Тері бетінде жылан шаққан жердің ізі, қанталау және ұлғайып, шаққан жерден алысқа таралып кететін ісік. Дене қызуы көтеріледі, зардап шеккен адам мыналарға шағымданады: бас айналу, ауыз қуысының кебуі, шөлдеу, жүрек айну, құсу. Белгілі бір уақыттан соң ұйқышылдық, кейде мазасыздық және құрысу пайда болады.
Алғашқы көмек. Зардап шеккен адамға толық тыныштық қамтамасыз етіп, көп мөлшерде сұйықтық (шай, кофе) беру қажет. Аяқ-қолға бұрау таңу, жарадан уды сорып алу, жараны тіліп жіберу пайдасыз, әрі қауіпті. Зардап шеккендерге алкоголь берудің қажеті жоқ, өйткені ол жылан уының сіңуін тездетеді. Шаққан жерді қайнаған, бөлме температурасындағы сумен немесе әлсіз (ашық қызғылт) «марганцовка» ерітіндісімен (бір стакан суға 2-3 түйіршек) шайып жіберуге болады. Уды залалсыздандыру үшін арнайы сарысуды енгізу мақсатында тез арада жедел жәрдем шақырту қажет.
Жәндіктердің шағуы. Әсіресе, құршаян мен қарақұрттың шаққаны қауіпті. Құршаян Орта Азияда, Қазақстан даласында және Кавказдың су жиегі аудандарында кездеседі. Күндіз олар тығылып қалады, ал түнде төсекке, аяқ киімге кіріп кетуі мүмкін.
Құршаян шағуының белгілері. Шаққан жері қатты ауырады, ісінеді, ісік тез жайылады, кейде күлдіреп кетеді. Зардап шеккен адамның шағымдары мынадай болуы мүмкін: жалпы әлсіздік, бас ауруы, құсу, іш өту, терлеу, сілекей бөліну.
Құршаян шаққан кезде көрсетілетін алғашқы көмек.Шаққан жерге суық зат қойып, зардап шеккен адамға мол мөлшерде сұйықтық (жылы шай, морс, таза газдалмаған су) беру қажет, қалтырай бастаса, көрпе жабу қажет. Қарақұрт Орта Азия, Кавказ, Қырымда таралған. Көбіне қарақұрт адамға жазда шабуыл жасайды.
Қарақұрт шағуының белгілері. Шаққан жерінде қызыл нүктелер, ішінде сұйықтық жиналған күлдір бөртпе, ісік, қатты ауырсыну және күйдіру сезімі пайда болады. Зардап шеккен адам әлсізденіп, кеуде тұсында, белінде және аяқ-қолдарында ауырсыну, бас ауруы, дене қызуы пайда болады. Тыныс алу жиілейді және қиындайды.
Қарақұрт шаққан кезде көрсетілетін алғашқы көмек. Уды бейтараптандыру үшін ауруханада болатын қарақұртқа қарсы сарысуды енгізу қажет. Жедел жәрдем келгенге дейін, зардап шеккен адамның үстіндегі шаққан жерді сіріңкемен немесе қыздырылған темір затпен күйдіру қажет (теқ шаға салысымен). Шаққан жерге суық зат қойып, мол сұйықтық ішкізу керек. Осыдан соң, мүмкіндігінше тез арада ауруханаға жеткізу керек.
Кененің шағуы. Кенелер мамыр айынан қыркүйек айына дейін, яғни жылы кезеңде белсенді болады. Кенелер орманды жерлерде, қала сыртындағы үйлердің (саяжай) өсімдіктері мен бұталарында мекендейді. Кененің шағуы жүйке тінін зақымдайтын ауыр ауру – энцефалиттің жұғуына алып келуімен қауіпті. Кене энцефалиті – жіті нейровирустық инфекция. Инфекцияның қайнар көзі – ағзасында вирус бар икс тәрізді кенелер. Вирустың қосымша тасымалдаушысы кеміргіштер (тышқан, ала тышқан, қоян) мен үй жануарлары (ешкі, сиыр) болуы мүмкін. Вирус жануарлардың сүтіне енуі мүмкін. Кене ауыртпай шағады, өйткені ауруды басатын зат бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет