Ақырғы аялдама(әңгімелер жинағы)



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата06.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#79589
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ақырғы аялдама әбіш кекілбайұлы
Деловой английский язык и перевод, Классическая и современная литература 150 вопросов, 4ток адебиет бжб, 9кл тіл ТЖБ, бәсекелестік және монополия, Титулка-1 курска ОТС-11, Титулка-1 курска ОТС-11, 3,5, 3,5, эссе, Документ Microsoft Office Word (2), Документ Microsoft Office Word (2), генетика1Карагойшина Аружан20-09, Презентация1
АҚ ҚАЙЫҢ
Бекеннің ресторан табылдырығынан аттағаны бүгін. Онда да қоярда
қоймай жетелеп жүрген Мəлік. Мана институтке түскендердің тізімі
оқылғанда-ақ:
— Бала бұны кешке бір оқсатып жуалықшы, — деп қойған. 
Бекен Мəлікті бала күнінде бірер рет сыртынан көріп шырамытқаны
болмаса жыға танымайтын. Осылай шығарда көкесі: «Бекенжан Алматың о
шет, бұ шетіне жетіп болмайтын үлкен шаһар көрінеді. Көзтаныс біреу
болмаса, сен құсаған аузы аңқиған қара баланың қай мəшіненің астында
қаларын бір Алланың өзі білсін. Ана Сыдықтың баласы сонда қызметте
қалыпты ғой. Қары(кəрі) нағашымыз еді, хат жазғызып берейін. Сол
панасына алсын. Нəйістік жасап жоламай жүрме. Сенің бір жетім
тайлақтай меңірейіп шеттеп жүретінің бар. Онда арам өлесің. Барған
бойыңда тауып алып, таныс», — деп қатты тапсырған. 
Сөйткен Мəлігі сексеуілдің томарындай шымыр қара жігіт екен. Танауы
тəмпіш, шашы да тістескен бұйра. Ұшып-қонып тұрған көзіне қарап,
жылпос біреу ме деп қалып еді. Жоқ. Астанада жүргенімен, ауыл
жігіттерінен көп ұзап кете қоймаған аңқылдақтау адам боп шықты. 
Бүгін түс қайтқалы бері бұны сылап-сипап əуре. Кетерде көкесі ауыл
дүкеніне түскен жаңғыз габардин костюмді бұған алып бергенді.
Чемоданның ең түбіне тыға салған киімде не сықиыт қалушы еді. Мыж-
мыж. Оны да ретке келтірген Мəлік. Дүкеннен дүкен қоймай аралап,
жағасы қаңылтырдан да қатты вьетнамның ақшаңқан көйлегін əперді.
Керуетінің басында самсап тұрған көп галстуктың біреуін мұның мойнына
тағып көріп еді, бұл қылғынып қалатындай қашқақтай берді. Мəлік бəрібір
күштеп таққызды. 
Қазір үйренген сияқты. Қозғалып кетсе, əлденені күйретіп алардай,
шеткерірек столда сіресіп отыр. Мəлік тағамдардың аттары жазылған
қағазға тұқшиып қалыпты. Бекен көзімен ресторанның бұрыш-бұрышын


түгел тінтіп шықты. Көзі ешқайда аялдамады. Біржаққа ұзақ үңілсе, екінші
жақта бір қызық болып жатып, содан құр қалатындай, жортақтата көз
салады. 
Бақтың ішіндегі бұл көк жасыл үйді ол бұрын тек сыртынан көретін.
Анау əн салатын жердің бергі жағындағы алаңқайда оқшау ақ қайың бар.
Сабаққа əзірленіп шаршап кеткенде сол жерге кеп отырып демалатын-ды.
Осы бір темір тор шарбақтын маңы сапырылысып жатушы еді. Ара-тұра
тəлтіректеген біреулер де шығатын. Сонда көкесінің: «— Ондай үлкен
шаһарда не жоқ дейсің, шырағым. Əсіресе, шайханасына жолама, өңшең
маскүнем...» — дегені есіне түсетін.
Сүйтіп, сыртынан тітіркеніп жүргені самаладай жарқыраған сəулетті жер
боп шықты. Ішіндегі адамдары бірінен бірі өтеді. Өңшең сызылып,
мызылып қалған ибалы адамдар. Киімдерін айтсаңшы. Əйел шіркіндердің
де не келбеттілері болады екен ғой. 
Сол арада залдың бір басындағы сахна сияқты биік тұғырдың үстіне бес-
алты жігіт шыға келді. Əжептəуір үлкен үй селкілдеп кеткендей болды. Ың-
жың. Сəл мазасыздау. Бірақ, қызық. 
— Бекен, не жейсің, не ішесің?
Мəліктің даусынан жалт бұрылса, столдарының жанында бүлдіршіндей
қыз тұр. Сəлемдескені болар, иек тұсы сəл иілгендей болды. 
— Өзіңіз айта беріңіз. 
Қыз бұның дəл шынтағының тұсына блокнотын қойып, жазып алып
жатыр. Бұндай білекті Бекен бұрын-соңды көрген емес. Сүйегі жоқтай
жұмсақтығы көрер көзге беп-белгілі. Аппақ-ау аппақ. Мəліктің айтқанын
жазып алды да, тық-тық басып келесі столға беттеді. Онша иіліп-бүгілген
артық тағзымы жоқ. Өйтіп бағатындар қалтаңды қайтсем көбірек қағам деп
жүретін көз бояушылар ғой. Мына қыздың қимыл-қозғалысында ондай
бөтен-бұдыр ештеңе байқалмайды. Жүзі де бап-байсалды. Сол тық-тық
адымымен асханаға кіріп кетті. 
Шамалы уақытта шыға қоймады. Сахна жақтың тарсыл-тұрсылы, шаң-
шұңы кебейді. Залда сəл түтін көтерілген бе қалай... Бағанағы аппақ
перделер кəгіс таратқан сияқты. 


Мəлік көрші столдарды көңілсіз шолып, салғырт отыр. Бекен бірдеңе
сұрап мазалағысы келмеді. Ас тасып жүрген даяшылардың үсті-басын,
əсіресе аппақ мекиеннің келте айдарындай бастарына таңып алған бас
киімдерін қызықтай бастады. 
Бір уақытта барып бұлардың даяшы қызы да шықты. Ақ уыз өңі
күреңітейін депті. Темір табақша көтерген нəзік саусақтары сынып
кетердей майысып тұр. Ешкімге, ештеңеге тіке қарамай, ұяң көз тастап,
бұлардың столына бағыт алды. Жаңағы жазып алған жеріне, бұның дəл
шынтақ тұсына өкеп табақшасын түсірді. Дастарханды түзеп, тез-тез
шанышқы, пышақ қойып, бір ибалы бап-пен табақ таратты. Шампанды
ашайын деп еді, Мəлік өзіміз-ақ ашармыз дегендей ишара қылды. Ол
асхана жаққа қайта кетті. Бекен шанышқыға қол созды...
Бұған дейін аузына шарап алмағандықтан ба, əлде қазір əлденеге ала
қызып отырғандығынан ба, Бекенге шампан тез əсер етті. Тісіңді
сындырардай мұп-мұздай суық өңешті қарып кетердей болып еді, көкірек
тұсы оқыс жылынып барады. Мəліктің алдында жатқан ақ құйрық
сигареттің бір талын тісіне қалай қыстырып үлгергенін өзі де байқамай
қалды.
— Міне, жігіт, — деп Бекен тамызық тосты. 
Оркестрдің қасындағы микрофонға тұла бойы буылтық-буылтық, тарғыл
көйлек киген тарғыл əйел барып тұрды. 
Мохорка күйдірген мұрттай жіп-жирен шашын бір желп еткізіп тағзым
етті. Басын қайта көтере беріп, қос құйрығын көк сиямен тіле тартқан
қиғаш көзін залға бір жүгіртіп алды. Қыдырымпаз жанарын кілт кідіртіп,
ебедейсіз үлкен аузын кере, темекі тартқандықтан сарғайып кеткен ірі
тістерін көрсете күліп, əн бастап кетті. Тарғыл əйелдің даусы да тарғыл
сияқты. Бекеннің құлағына түрпідей тиді. Мынау əйел əн салған соң
залдың түтіні бұрынғыдан да көбейіп кеткендей. Адамдардың күңгірт
жүздері əр қилы киім көк ала түтіннің арасынан су ішіндегі нəрседей
алашабырланып көрінеді. Бас айналдыратындай. 
Бекен тағы да даяшы қызды іздеді. Ол алыста емес, тап қастарында,
терезе түбіндегі бос столда отыр екен. Залмен кеп ісі жоқ. Күңгірттеніп
бара жатқан кешкі көкке, барған сайын аралары жиілеп, тұтаса қарауытқан


қарағайларға қарап терезеге үңіліпті. Сырттағы тор шарбақтың ішінде де
жұрт көбейген. Бекеннің беті ауған жаққа лаға беретін қаңғыбас жанары
терезеден секіріп түсіп, шарбақ ішінде сыра сораптан отырғандарды кесіп
өтіп, қара ала, сары ала киінген кəрия күзетіп тұрған темір қақпаға барып
тіреліп кері қайтты, 
Даяшы қыз қыбыр етпей əлі отыр. Кішкене жұмырығына жағын
таяныпты. Толық болғанмен қысқа емес сағақты мойны бір ерекше сəнмен
иіліпті. Мөлт қара шашты желкеде, самайда — еш жерде қобыратпай
төбеге қарай кетере түйген. 
Баста сызданып баққанмен келе-келе мінезін таныта алатын жеңілтек
адамдай ресторан іші бағанағы байсалды сəулетінен айырыла бастады.
Оркестрдің тап түбіндегі шеткі столда отырған біршөкім үшкіл мұрты бар
сұр кительді қып-қызыл адам қолқалап «чечен вальсін» орыңдатқызып еді,
ас үйдің есігіне тақау столдағы арық қара орнынан атып тұрып, кең балағы
тірсегіне оратылып, тəлтіректеп барып, оркестрдің сол қанатында рояльда
отырған бұйра шаш əйелдің білегінен ұстай алды. 
— А-ақ маңдайлым, — деді қырылдап, қалтасынан жалма-жан қызыл ала
қағазын суырып алып. 
Оркестр ойнап кетті. Қылқылдаған қунақы əуен төгіле жөнеліп еді,
бұлармен көрші столда отырған жуан сары мен шиқан қызыл мықыр адам
таң атқалы қызыл кеңірдектесіп отырған дауларын тия қойып:
— В диких степях... — деп гүж ете қалысты.
Одан арғы столдағы тұмсығы кегіс, желке шашы уда-дуда семіз бəйбіше
жұдырығымен столды қойып қалып еді, иін тіресіп тұрған шынылар бір-
біріне соқтығысып баж ете қап басылды. 
Оркестр бір желдіртпелеу əуенді безектетті. Жаңағысыны бəріне селқос
құлақ сап, сигареттерін түтіндетіп отырған талдырмаш қара торы жігіт пен
жалбыр шашын қақ маңдайдан шорт кесіп кекіл қойған көбелек етек қара
қыз орындарынан атып-атып тұрып, билей жөнелді. Арбасқан теке
лақтардай бір-біріне біресе шап беріп, біресе кейін шегінісіп кетеді. Екі
иық, мықың тірсеқ екі қол — бəрі де делебе қоздырар жүйткіме ырғаққа
ілесе алмай жанталасып бағуда. 


Осынша дырдудың ішінде бағзы бір салтанатты тыныштықтан қалған
жаңғыз жұрнақтай даяшы қыз міз бақпай бұрынғы орнында əлі отыр. Өзге
даяшылар дуылдатып жатқандарға я тістерін жарқырата күліп, бастарын
изеп қошамет білдіреді, я еріндерінің бір қиығына салмақты салыңқырай
күлімсіреп, кекесінді нышан білдіріп жүр. Даяшы қыз оның бəрінен аулақ.
Əдепті жанарында бір буалдыр мұң бар сияқты. Қарашығы тым керенау
қозғалады. 
Бұлар отырғалы да біраз болыпты. Мəлік қызды есепке шақырды. Ақша
ұсынып жатып, əлдене айтып еді, қыз бағанадан бері осы арада ғана езу
тартты. 
Залдан шыға бергенде:
— Бекен, сен анау эстрада жаққа бара бер, мен бір таныс адамды көзім
шалып қалды, сəлемдесе шығайын, — деді Мəлік. Бекен тор шарбақтан
шыға беріп, артына бұрылып қарап еді, бұлар тұрып кеткен ашық терезенің
жанында даяшы қызбен Мəлік сейлесіп тұр екен. 
Бекен өзіне таныс ақ қайыңның жанына келді. Ар жақтағы эстрадада
ойын көріп отырған жұрт əлденеге қыран топан күліп жатыр.
Бір-бірімен бой таластыра тығыз өскен көп теректің ішіндегі сəл ашық
алаңқайда алтын шаш екі қайың əлденеғе жетімсіреп жалғыз тұр. Оның
қап-қара түнгі аспанның астынан алыстағы шамның сүйқылт нұрына
шомылып, баданадай-баданадай боп мөлдіреп көрінетін жапырақтары
бірдеңеге өте-мете ұқсайтын тəрізді. Дəл неге ұқсайтыны қанша ойланса
да, есіне түсіре алмады. 
— Бекен, неғып тұрсың? 
Шамасы, қуып жеткен Мəлік болса керек.
— Ой, бала, ағаң қатырды. Əлгі қызды көрдің ғой. Анада біздің бір қаққан
жігіт айтып еді. Көнді. Ертең демалысы көрінеді. 
Бекен тыңдаған да жоқ, ұққан жоқ. Мəліктің аузынан шыққан сөздер
Бекеннің көңілінде суға батпаған шөп-шаламдай қалқып жүр. Көзін ақ
қайыңнан айырар емес. Ə, есіне енді түсті. Көз жасына ұқсайды екен.
Түнжыр қара алып жанардан ағып келе жатқан алып тамшылар секілді.


Жүріп кетті. Мəлік қатарласып, қолтығынан алды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет