Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны


Екінші тарау «Бөкенбай Қараұлы және XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығы» аталып



бет2/2
Дата05.11.2016
өлшемі0,51 Mb.
#864
түріДиссертация
1   2

Екінші тарау «Бөкенбай Қараұлы және XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығы» аталып, Бөкенбай батырдың ата-бабасы және өскен ортасы, өмірі мен қызметі қарастырылады.

XVIII ғасыр қазақ даласы үшін жоңғарлар, башқұрттар, түркмендер, Жайық казактары шабуылдаған жан-жақтан төнген қауіппен ерекшеленді.

Бөкенбай Қараұлы Кіші жүздің Жетіру тайпасының Табын руынан шыққан XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ тарихында елеулі орын алған тарихи тұлға. Бөкенбай Қараұлының көші-қон жерлері Табын руының ата қонысы Кіші жүздің Елек, Жайық, Қобда, Ойыл, Бұлдырты, Қалдығайты, Сағыз өзендері бойларында, Сырдарияның төменгі ағысы, Арал теңізі маңайында болды.

Н.Жетпісбай «Бөкенбайдың туған жылы, нақты туған жері белгісіз, шыққан ру тармағына карап біз оны Шыңғырлау, Қобда немесе соларға жақын аймақтарда дүниеге келген деп жорамалдаймыз. Кез-келген батырдың атын шығаратын көбіне оның жас күнінде көрсеткен ерлігі не шайқас алдындағы жауымен шығатын алғашқы жекпе-жегі еді. Бұл тұрғыда Бөкенбайдың жас кезі туралы көп дерек жоқ, бірақ ол да жас Әбілқайыр секілді ақтабаннан көп бұрынғы Еділ қалмақтарымен соғыстарда көзге түскендігі сөзсіз. Оның атын алты алашқа мәлім қылған 1710ж. өткен Қарақұм жиыны болатын»,- деп жазады [41, 72 б.]

Әбілқайыр ханға арналған зерттеу жұмысында Ж.Жақсығалиев: «Табын руының жылқышы деген атасынан шыққан Қарабатырұлы Бөкенбай батыр, Әбілқайыр ханның қазақ халқын Ресейге қосу жолындағы күресінде оң қолы болған, халыққа қадірлі, мол дәулетті, үлкен беделді адам болған. Әдебиетте бұл бұл Бөкенбайды 1723-1729 жылдары іс жүзінде қазақ жасақтарына қолбасшы Орта жүз, арғын Қанжығалы Бөгенбаймен, Керей Бөгенбай батыр Маянбайұлымен де шатастырулық бар», - деп атап өтеді [27, 150 б.].

Бөкенбай Қараұлы - Табын Жаманкерей – Амандәулеттен тарайтын жиембет руынан келіп шығады. Жиембеттен бес ұл, оның ішінде Бөкенбайдың әкесі Қарабатыр (Бисембі) туады. Қарабатырдың Танысқожа және Бөкенбай атты екі ұлы және асырап алған Жарбол (Түрікпен), Айткелтір, Балғын деген үш ұлы болады. Осы әулеттен Жиембет батыр, Қарабатыр, Бөкенбай батыр, Тіленші батыр, Есенаман батыр, Жоламан батырлар қазақ жерінің тұтастығы үшін күреске қатысады. Бөкенбай Қараұлының жастық шағы мен сол тұстағы қызметі немесе қатысқан соғыс жорықтары жайында деректер сақталмаған. Бөкенбай батырдың хандықтың ішкі саяси істеріне араласуы Қарақұм мәслихатынан басталып Кіші жүздің Ресеймен одақтасу үрдісімен жалғасты. 1710-1742 жылдар аралығында Бөкенбай батыр Әбілқайыр ханмен бірге Қазақ ордасында орын алған маңызды оқиғаларға белсене араласты. 1726 жылы Әбілқайыр мен Сәмеке хандардың қалмақ хандығына қарсы жасаған жорықтарына белсене қатысқан батыр 1727-1728 жылдары бір жылдай Есет батырмен бірге қалмақ ханы Цэрен Дондук ұлысында аманатта болып, екі көшпелі хандық арасындағы тыныштықты сақтауда қызмет атқарады.

Қазақстанның Ресейге қосылуы процесінде қазақ билеушілері арасында екі топ (партия) пайда болды. Осы екі партияның да негізгі сенім білдіргендері батырлар мен билер болатын. Қазақ-орыс қатынасындағы батырдың қызметі А.Тевкелевтің «Әбілқайыр хан мен Бөкенбай батыр Кіші орданы тыныштандырып, Орта жүзге Сәмеке ханға Құдайназар мырзаны жіберді. Адамгершілігі мол әрі ақылды Бөкенбай маған (Тевкелевке –Г.Қ.) оң қабақ танытқаннан бастап ісім алға баса бастады»,- деген жазбаларынан анық көрінеді [42,С.55]. Бұл жағдайды Н.Г.Аполлова «Тевкелевтің қазақ батырларының ең ірі өкілі Бөкенбаймен кездесуі болды» - деп жазады [39, С. 205]. 1737 жылы башқұрттар, Жайық казактары, Еділ қалмақтары Кіші жүзге қайта қауіп төндіруіне байланысты әскери әрекеттер күшейді [43, 22-23пп.]

Осы жағдайларға байланысты 1738-1740-шы жылдары Ресей әкімшілігі Әбілқайырмен келіссөздер өткізді. Бөкенбайдың Ресей әкімшілігімен келіссөздерге қатысқандығы туралы П.И.Рычков: «В.Н.Татищев Бөкенбай батырды қошеметтеп қарсы алып, сый-сияпат жасап, жанына Таймасты қосып, ханға қайтарды», - деп жазады [4].

XVIII ғасырдың 40-шы жылдары қазақ-түрікмен қатынасында шиеленіс басталады. Нәдір шах Бұхара мен Хиуа жерлерін өзіне бағындырып, Кіші жүздің оңтүстік-батыс шекараларына қауіп төндірді. 1742 жылы Төлеп батыр, Барақ сұлтан мен Есет батырлар қол жинап, түрікмендерге соққы береді. Қайрақлы тауында мықты бекініс жасап, орнығып алған түрікмендерді толық жеңуге мүмкіндік болмайды. Осы жылдың сәуір айында қазақ әскері мен түрікмендер арасында болған шайқаста Бөкенбай батыр өзінің жүзден аса батырымен бірге қаза табады [44, 49 б.].

«Батырлар институты және қазақ мемлекеттілігін сақтап қалу үшін күрес» аталатын үшінші тарауда Бөкенбай батырдың ұрпақтары Тіленші және Жоламан батырлардың қазақ жерінің саяси құрылымын сақтаудағы күресі қарастырылады.

Тіленші батырға қатысты мәліметтер орыс әкімшілігінің қазақ-орыс қатынасына қатысты ақпараттарымен қатар ауыз әдебиетінде – батырлар жырында да сақталды. Тіленші батырға байланысты деректер «Асау Барақ» жырында мол. Тіленші батырдың есімі қазақ жерлері Ресей империясына қосылғаннан кейінгі империяның өзінің отарлық саясатын бастап жүргізе бастаған кезеңдеріндегі азаттық күресі жылдарында, әсіресе Сырым Датұлы бастаған көтеріліс жылдарында тарих төріне шықты. Бұған дейінгі кездерде Жетірудың бас биі болған тұсында Тіленші батыр екі бірдей азаттық соғысына қатысып, 1773-1775 жж. Е.Пугачевтің және 1783-1797 жж. Сырым батыр бастаған көтерілістерінде көзге түсті.

1775 жылы патша үкіметі Кіші жүздің жергілікті басқару жүйесіне өзгерістер енгізіп, қайта құрды. Басқару жүйесінде Шекаралық комиссия құрылып, шекаралық линиялар қалпына келтіріліп, оларды бақылауда ұстайтын қарулы әскердің саны көбейтілді. 1743, 1747, 1759 және одан кейінгі жылдары «олар бұдан былай іс-қимылдарға бармас үшін зұлымдар мен бүлікшілерге қарсы әскери жорықтар ұйымдастыру» жайында шешімдер қабылдайды [45, С. 164]. 1785 жылдың басында Барақ батыр 2000 сарбазымен, Табын Бөкенбайұлы Тіленші батыр 1500 адамымен Сырым тарханға қосылған. Зерттеулер 1785 жылы Датұлы Сырымның өз жасағында 2700 адам болғанын көрсетеді [46, 94 б.]. Тіленші және Барақ батырлар бастаған 3500 қол келіп, Сырым батырдың өзіне қараған ауылдардан 3500 адаммен Сырым сарбаздарының саны 7000 адамды құраған. Қозғалыстың негізгі орталықтары Байбақты, Табын, Тама руларының ұлыстары болды. Смирнов отрядына Ембі өзенінің бойында «Байбақты, Кете, Шекті, Табын, Шеркеш, Таз, рулары Сырым, Барақ, Тіленші деген атақты ұрыларының басшылығымен жиналып жатыр, Сырымның жанында 2700, Барақтың жанында 2000, Тіленшінің жанында 1500 адам бар» деген хабар келеді [33, С.205]. 1784 ж. 24 наурызында табындар ауылдарын талқандап, екі мыңнан астам жылқысын айдап әкеткен Назаровтың отрядына Тіленші, Барақ батырлардың жасақтары қарсы тұрды. 1785 жылы шілде айында қазақ даласынан келген депутаттар 1784 ж. өлке бастығы болып тағайындалған О.А.Игельстромға хат тапсырады. Кіші жүздегі көтерілістің өршіп, Сырым батырдың елдегі беделінің өскенін көрсеткен бұл хатқа Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Табын, Тама, Кете, Беріш, Жағалбайлы, Масқар, Есентемір, Жаппас, Қызылқұрт, Таз, Шеркеш, Байбақты және басқа да Кіші жүз руларының старшындары қол қойған 53 адамның ішінде Табыннан – Тіленші батыр, Байбақтыдан – Сырым батыр, Масқардан – Дөнен батыр болды. Хаттағы талаптары бірдей қанағаттандырылмағанмен де ханды биліктен аластату жайы бойынша 1786 жылы қыркүйек айында Нұралы хан орнынан алынып, ордада старшындар съезі шақырылды. Жиылыста Табын, Кердері және Тама руларының старшындары сайланып, Тіленші батыр Табын руының бас старшыны болып тағайындалды [47, 24 б.].

XVIII ғ. 80-жылдарындағы көтерілістің барысына белсене араласқан Тіленші батыр тоқсаныншы жылдары күрестен алшақтай бастайды. Тіленші Сырым бастаған күрестен уақытша қол үзгенімен 1792 жылдардың өзінде де жалпы көтерілісшілерден бөлінген жоқ. Ол туралы М.Вяткин «Тіленші Бөкенбаевтың позициясы да толқиды. Жаз шығысымен атқа мініп, сөзге кірісуге» келіседі дейді [33, 317 б.]. Бірақ көп ұзамай 1799 жылдың аяғында1800 жылдың басында қайтыс болды.

Батырлар әулетіндегі азаттық үшін күресті енді Бөкенбайдың немересі, Тіленшінің ұлы Жоламан жалғастырды. Оның есімі мұрағат қорларында 1817 жылдан бастап кездеседі. Г.Ф.Генс Жоламан және оның отбасы жайында мынадай мәліметтер келтіреді: «Жоламанның жас шамасы елулерде. Оның өзінен біраз жас кіші екі інісі бар. Өзінің 10 ұлы, тағы бір інісінің 9, және бір бауырының 2 ұлы бар, барлығының ержеткен балаларының саны 21. Жоламаның өзінде 800 жылқы, 2000 қой, 50 түйе бар. Және әрбір бауыры, ұлдары, жиендері, немерелері бәрінің жеке меншіктегі малдары болды, оның бәрі қомақты байлықты құрайды. Осы мол дүние-мүліктің иесі болып басында Жоламан тұрады. Оның қарамағындағы туысқандары оның адамдары болып саналады. 3000 жауынгерлік жасағы, яғни қырғыздары бар» [48, 56 п.].

Жоламан Тіленшіұлы 1822 жылдың 27 тамызында табын, тама руларының батырлармен бірігіп, орыс-казак форпостарына шабуыл жасайды. Қыркүйек айында жасақшылар саны 1000-ға жетеді [49,1,2пп.]. Шерғазы сұлтан Жоламанның қарулы әскермен хан ордасын шабуға дайындалып жатқаны туралы Ресей әкімшілігіне мәлімдеме түсіреді [50, 45 п.]. 1822 жылдың күзінде Жоламан Тіленшіұлы 500 қолмен Елек бойына шабуылдар ұйымдастырды [51, 16-п.]. Жоламан Тіленшіұлы бастаған табын руының қарсылық күресі 1835 жылы бұқаралық сипат алады. Патша әкімшілігі мен әскерилері батырға «бүлікші», «қарақшы», «банда», «шайка», «хищник» деген теңеулерін тағады [52, 3 п; 19-20 пп.].

Жоламанның Есет батыр бастаған күреспен байланыста болғаны географиялық аймағының жақындығымен бірге күрес себептерінің ортақтығымен түсіндіріледі. Олардың өзара байланыста болғанын Елек бекінісінің бастығы подполковник Поплавскийдің 1838 ж. 4 тамыздағы рапорты көрсетеді: «получил из киргизской степи извещение, что называемый так батыр Джуламан соединились с подобным ему Исетом Котибаровым и с однородцами собравшимися около 3 тыс.человек» [53, 32-п].

Жоламан Тіленшіұлы бастаған азаттық күрестің алғашқы кезеңі 1817 ж. Орынбор шекаралық комиссиясының өкілі В.Топориннің іс-әрекетіне наразылық білдіруден басталды [54,3-4 пп.]. Күрестің екінші кезеңі батырдың елдегі ахуалды патша шенеуніктеріне баяндап жазған хаттары, дипломатиялық шаралары арқылы көрініс тапты. Соңғы кезеңді батырдың тікелей әскери соғыс қимылдарын бастауы, ашық күрес жолына түсуі деп анық айта аламыз.

Жоламанның адамгершілігі мол адам екендігін батырдың ауылында сегіз ай тұтқын болған Падуровқа қатысты «Он пробыл в плену восемь месяцев. Джулламан держал его конечно довольно хорошо» деген мәліметтен көре аламыз [55, 51, 51е/б пп].

1848 ж. 23 қазанда шекаралық комиссияның Жоламан батырдың 1838 ж. 17 қыркүйектегі Анинский станицасына шабуылын тексеру туралы тапсырмасына старшын Арыстан Жантөрин: «Шекаралық комиссияның 1848 ж. 25 тамыздағы №10538 хатына орай Аннинск станицасынан жылқы айдап кетушілерге және казактар Розенин мен Волковты өлтірушілерге қатысты ешқандай шара қолдана алмайтынымды жеткіземін. Біріншіден, ол оқиғаның орын алғанынан бері он жылдан астам уақыт өтті, екіншіден, осы жағдайға кінәлі батыр Юламан Тлянчин әлдеқашан өмірден өткен»- деп жауап жазады [56, 9 п.].

Патша үкіметі дәстүрлі басқару құрылымдарымен қатар батырларды да жоюға бар күшін салды. Тіпті «Орданы басқаруда ханның өзінің де бізге тиімді не тиімсіздігін анықтап алуымыз қажет, болмаса басқарудың басқа түріне көшкен жөн» деп патша әкімшілігі ойларын анық жазды [57, 2,3,4 пп.]. Әкімшілік реформалар батырлар институтының жойылуына алып келді.

Қорытынды
Қорытындыда зерттеу тақырыбынан туындаған ойлар тұжырымдалды. Батырлар институтының қазақ даласында қалыптасуы ерте орта ғасырларда басталып даму жолынан өтті. Сондықтан зерттеу қорытындысы құрылымның әр кезеңіндегі даму үрдісі Бөкенбай батыр мен оның әулетінің тарихымен байланыста қарастырылды. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар институтының күрделі әлеуметтік құрылым ретіндегі басты белгілері қалыптасты. Оларды алдымен батырлар институтының кезеңдері, батырлардың әлеуметтік табиғаты және батырлардың қоғамда атқарған қызметі деп бөліп зерттеу тиімдірек болып табылады. Осы бөлініс негізінде қарасақ: біріншіден, батырлар ерте орта ғасырларда, Түрік қағандықтары тұсында қалыптасты; екіншіден, ол он сегізінші ғасыр мен он тоғызыншы ғасырдың бірінші жартысында гүлдену кезін басынан кешірді; үшіншіден, ресейлік отарлық әкімшіліктің ықпалымен батырлар институтының жойылуына арналған шаралар жүзеге асырылды. Патша үкіметі «батырлыққа жол бермеу саясатын» ашық ұстанды. Қазақ даласын басқарудың жаңа жүйесін жасау кезінде Хандар кеңесінің ережесі үшін дайындалған құжаттарда «батырлардың пайда болмауы» жайында нұсқау берілген [58,166-167 бб.]. Батырлар институтын күштеп жоюға жасалған іс-шараларға халық ұлт азаттығы үшін күрескен батырлардың өмірі мен қызметіне арнаған жырларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу арқылы жауап берді.

Батырлардың қоғамдағы функциясы, біріншіден, батырлардың басты қызметі жауынгерлік қызмет, ел қорғау, соғыс өнерін, әскери тәлім-тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жеткізу болып табылады. Екіншіден, елдегі саяи басқару жүйесін, ел тыныштығын сақтап қалу жолында мемлекеттің саяси институттарымен бірге мемлекет мүддесі үшін қызмет ету. Үшіншіден, елдің саяси өмірі мен ішкі және сыртқы істеріне белсене қатысу. Төртіншіден, мемлекеттің саяси тәуелсіздігін сақтап қалу ісінде қазақ билеушілері билермен қатар батырлармен кеңесіп, маңызды шешімдер қабылдап отырды.

Батырлар институты - қазақтардың тарихи даму процесінде табиғи түрде көшпелі қазақ қоғамының қажеттілігінен туындап, қалыптасқан құрылым. Сонымен, қорыта келгенде, батырлар институты артына мол тарих қалдырған ұзақ даму жолдарынан өтті. Қай кезеңде де ол елінің, жұртының біртұтастығы үшін, тәуелсіздігі үшін қызмет етті деп анық айта аламыз. Батырлар институты тарихын зерттеу арқылы оның жаңа беттерінің нәтижесінде бүгінгі еліміздің тәуелсіздігінің іргесінің бекуіне септігін тигізетіндігі анық. Сонымен бірге қазақ батырлары тарихы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтіні белгілі.


Пайдаланған деректер тізімі
1 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. - Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б.

2 Герберштейн С. Записки о Московии. - М.: МГУ, 1988. – 430 с.

3 Кестль Джон. Дневник путешествия в 1736-м году из Оренбурга к Абулхаиру, хану Киргиз-Кайсацкой Орды. (Пер. с нем. В.Штаркенберга, В.Скорого (регистр). – Алматы: Жибек жолы, 1998. – 152 с. 13 ил.

4 Рычков П.И. Топография Оренбургской губернии. – Оренбург: Типография. Бреслина Б.Б, 1887. – 406 с.;

5 Андреев И.Г. Описание Средней Орды киргиз-кайсаков. – Алматы, 1998. – 280 с.

6 История Казахстана в русских источниках ХVІ-ХХ веков. Первые историко-зтнографические описания казахских земель. Первая половина XIX века. / Составители И.В.Ерофеева, Б.Т.Жанаев. Т. 5. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – 620 с. +4 с. вкл.

7 Мейендорф Е.К. Путешествие из Оренбурга в Бухару. (Перевод с французского) Предисловие Н.А.Халфина. - М.: Главная редакция восточной литературы издательства «Наука», 1975. -180 с.

8 Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких Орд и степей. – Алматы: Санат, 1996. – 656 с.

9 Бларамберг И.Ф. Военно-статистическое обозрение земли киргиз-кайсаков Внутренней (Букеевский) и Зауральской (Малой) Орды Оренбургского ведомства // Военно-статистическое обозрение Российский империи. Т. 16. Ч. – 1, СПб., 1848. – 322 с.

10 Мейер Л. Киргизская степь Оренбургского ведомства. – СПб., 1865. – 288 с.; Крафт И.И. Сборник узаконений о киргизах степных областей. – Оренбург, 1898; Соныкі, Из киргизской старины. – Оренбург, 1900. -157 с.; Витевский В.Н. И.И. Неплюев и Оренбургский край в прежнем его составе до 1758 г. – Казань, 1897. Т.I. – 292 с.; Т. II. – 293-616 с.; Т.III. – 201 с.; Терентьев М.А. История завоевания средней Азии. Т.1. Спб. 1903.; Добросмыслов А.И. Тургайская область. Исторический очерк. – Оренбург, 1900. – 524 с.; Харузин А. Киргизы Букеевский Орды. Том І. – Москва: Типография Левинсон и К. 1889. – 550 с.;

11 Алекторов А. Е. Указатель книг, журнальных и газетных статей и заметок о киргизах. – Казань, Топография Императорского университета. 1900. – 965 с.

12 Валиханов Ч.Ч. Соб.соч. в пяти домах, т.4, -Алматы, 1985. - 258 с.

13 Досмұхамедұлы Халел. Таңдамалы (Избранное). -Алматы: «Ана тілі», 1998, - 384 б.

14 Тынышпаев М. История казахского народа. – Алма-Ата: Қазақ университеті, 1993, -224 с.; Асфендияров С. История Казахстана. -Алма-Ата: Қазақ университеті, 1993. -304 с.

15 Чулошников А.П. Востание 1755 г. в Башкирии. Издательство АН СССР Москва. Ленинград, 1940. – 108 с.; Рязанов А.Ф. Отголоски Пугачевского восстания в Киргиз-Кайсацкой Малой Орде // Советская Киргизия. 1924, № 10; Соныкі, Сорок лет борьбы за национальную независимость казахского народа (1797-1838 гг.) – Кзыл-Орда: Изд. О-ва изучения Казахстана, 1926. – 152 с.; Соныкі, Батыр Сырым Датов. // Советская Киргизия. 1924, №10. – С.94-113.; Соныкі, Кенесары. Исторический очерк. – Алма-Ата: Айкап. 1993. – 200 с.; Шахматов В.Ф. Внутренняя Орда и восстание Исатая Тайманова. – Алма-Ата: Издательство АН КазССР, 1946. – 252 с.;

16 Вяткин М.П. Батыр Сырым. – М.-Л.: Издательство АН СССР, 1947 – 390 с.; Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. – М.: АН СССР, 1957. –342 с.; Соныкі, Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында (оқу құралы) –Алматы: Санат, 1994. – 416 б.; Соныкі, Царское правительство и институт султаната среднего жуза в ХІХ веке // Известия АН КазССР серия общественная №2. Изд. наука КазССР. Алма-Ата 1968. – 34-40 с.

17 Аполлова Н.Г. Присоединение Казахстана к России в 30-х годах ХҮІІІ в. – Алма-Ата: АН ССР, 1948. – 254 с.; Соныкі, Экономические и политические связи Казахстана с Россией в ХVІІІ-начале ХІХ в. – М.: АН СССР, 1960. – 456 с.; Басин В.Я. Россия и Казахские ханства в ХVІ-ХVІП вв. (Казахстан в системе внешней политики Российской империи). – Алма-Ата: «Наука», 1971. – 276 с.; Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Казахстан в составе России ХVІП – начале ХХ века. – Алма-Ата: Наука, 1971. – 274 с.; Сабырханов А. Қазақстан мен Россияның ХVІІІ ғасырдағы қарым-қатынасы. – Алматы: Ғылым, 1970.– 138 б.; Соныкі, Ұлы бетбұрыс. – Алматы: Мектеп, 1981. – 294 б.; Нусупбеков А.Н. Вопросы истории Казахстана. – Алма-Ата: Наука, Каз ССР, 1989. – 343с.; Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца ХVІІІ и первой половины ХІХ веков. – Алма-Ата: «Наука», 1960. – 294.; Соныкі, Общественный строй казахов первой половины ХІХ века. – Алма-Ата: «Наука», 1958. -294 с.; Толыбеков С.Е. Общественно-экономический строй казахов в ХVІІ-ХIХ веках. – Алма-Ата: «Казахское государственное издательство», 1959. 448 с.; Сүлейменов Р.Б., Моисеев В.А. Из Истории Казахстана ХVІІІ века (о внешней и внутренней политике Аблая). – Алма-Ата: Нука, 1988. – 144 с.; Бекмаханова Н.Е. Легенда о Невидимке (Участие казахов в Крестьянской войне под руководством Е.Пугачева в 1773-1775 годах). - Алма-Ата: «Казахстан». 1968. - 190 с.; Соныкі, Россия «Казахстан в освободительном движении». Последняя четверт ХVІІІ – первая половина ХІХ века – М., 1996, – 304 с.; Шоинбаев Т.Ж. Добровольное вхождение казахских земель в состав России. - Алма-Ата, 1982. – 279.

18 Қозыбаев М.Қ. Жауды шаптым ту байлап. –Алматы: «Қазақстан». 1994. – 192 б.; Соныкі, Өркениет және ұлт. – Алматы: Сөздік. 2001. –369 б.; Қасымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств в ХVІІІ первой четверти ХІХ вв. Хан Жантөре (1789-1809) Т. 3. Алматы: «Білім», 2001. –301 с.; Алдамжар З.А. Тарих: пайым мен тағылым. –Алматы: «Арыс» 2000. –288 б.; Есмагамбетов К.Л. Что писали о нас на Западе. –Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 52 с.; Соныкі, Азат рухтың күрескері. –Алматы: «Өркениет», 2003. –176 б.; Мұқтар Ә.Қ. Азаттық таңы жолында (Қазақстанның батыс өңірі: ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы және ХІХ ғасырдың бірінші ширегі аралығындағы тарихи жағдайлар). – Алматы: «Ғылым», 2001, – 257 б.; Соныкі, Тарих тұңғиығындағы тұлғалар. (XVIII-XIX ғғ.). Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: «Арыс». 2008. – 240 б.; Артықбаев Ж.О. Казахское обшество в ХIХ веке: тенденции и инновации. Караганда, 1993. –330 с.; Соныкі, Материалы к истории правяшего дома казахов. – Алматы: Ғылым, 2001. – 204 с.; Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің Қазақстандағы мемлекеттік басқару мекемелерінің тарихы. – Алматы: Қазақ Университеті, 2000. –324 б.; Соныкі, Әбілқайыр хан (1693-1748). – Астана. 2007. –216 б.; Абдиров М.Ж. Завоевание Казахстана царской Россией и борьба казахского народа за независимость (из истории военно-казачьей колонизации края в конце XVI - начале XX веков). – Астана. 2000. – 300 с.; Ахметова Ұ.Т. Арынғазы хан (1786-18833), – Ақтөбе: «А-Полиграфия» ЖШС, 2004. – 168 б.; Кенжалиев И. Мақамбет. – Орал. 2003. – 182 б.; Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. – Алматы: Санат, 1999. – 336 с.; Соныкі, Родословные казахских ханов и кожа ХVIII- ХIХ в.в. (история, историография, источники). – Алматы: ТОО «Print - S», 2003. – 178 c.; Соныкі, Батыры как феномен истории казахского народа. // Казахстанская правда. – 1992. 25 сентября.; Ахмет А.Қ. Қаратай хан. – Алматы: «Арыс», 2007. – 176 б.

19 Бекмаханов Е.Б. К вопросу о социальной природе батыров (XIX в.). // ВАН КазССР. 1947. № 8. С. 62-64.

20 Бижанов М. Социальные категории казахского общества XVIII века в трудах русских ученых./Казахстан в XV-XVIII веках: Вопросы социально-политической истории. (Отв.редактор Б.С.Сулейменов). –Алма-Ата. 1969.-203с.

21 Есмағамбетов К.Л. Батырлар тарихы – рухани байлығымыз. //Қазақ тарихы ғылыми-әдістемелік журналы. 2007. №4, 65-66 бб.

22 Абдоллаев Н,. Сатыбалды Е. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар институты: әлеуметтік сипаты мен қоғамдық қызметіндегі ерекшелік (XVII-XVIIIғғ.). // әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің хабаршысы. Тарих сериясы. –Алматы. -2008. -№4. 12-13 бб.

23 Дауытбекова М. Қазақ қоғамындағы батырлар институтының тарихи бастаулары. // 10 лет независимости Казахстана: итоги и перспективы развития. // Материалы международной научной конференции. 20-24 февраля 2001 г. Ч. II. – Алматы. 2001. – 932 с.

24 Рысбеков З.Т. Жоламан Тіленшіұлы – ұлт азаттық қозғалыс көсемі // «Отан тарихының келелі мәселелері» республикалық ғылыми-теориялық конференциясының материалдар жинағы. – Атырау. - 2008. 211-214 бб.; Мұқтар Ә.К. Елдестірмек елшіден. Тағы да табын Бөкенбай батыр туралы. // Ана тілі газеті. - 2008 жыл 13 наурыз. 12 б.; Соныкі, Бөкенбай батыр. // Алтын орда газеті. 2008 жыл 1-7 мамыр. 28-29 бб.; Соныкі, Жоламан батыр. // Алдаспан. – 2008 жыл. № 3,4. 2-4 бб.; Байдосов З. Табын Бөкенбай батырдың бейіті табылды. // Ақтөбе газеті. – 2003 жыл 20 қараша. 18 б.; Жетпісбай Н.Ы. Бөкенбай батыр жөнінде. // Алаш. Тарихи-этнологиялық ғылыми журнал. – 2006. № 1. 71-81 бб.; Соныкі, Табын Бөкенбай батыр: XVIII ғасырдың алғашқы жартысындағы көрнекті мемлекет қайраткері. // Ақтөбе газеті. 2006 жыл 7 желтоқсан 16-17 бб.;

25 Рысбеков З.Т. Жоламан Тіленшіұлы – ұлт азаттық қозғалыс көсемі // «Отан тарихының келелі мәселелері» республикалық ғылыми-теориялық конференциясының материалдар жинағы. 28-29 ақпан 2008 жыл. – Атырау. - 2008. 211-214 бб.

26 Оразбаева А. Дәстүрлі қазақ қоғамына тән билер институты. – Алматы: Дайк-Пресс, 2004. – 206 б.

27 Жақсығалиев Ж. Әбілқайыр ханның саяси-мәмлегерлік қызметі: 07.00.02.- Тарих ғылымдарының кандидаты ... диссертациясы. – Орал, 2003. – 183 б.

28 Исмурзин Ж.А.Батырұлы Қайып хан және оның әулетінің тарихы (1745-1860жж.): 07.00.02.- Тарих ғылымдарының кандидаты ... диссертациясы. - Орал, 2008. – 189 б.

29 Құрманалин С.Б. 1847-1858 жылдардағы Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі: 07.00.02.-Тарих ғылымдарының кандидаты... диссертациясы. – Орал, 1999. – 173 б.

30 Джампеисова Ж.М. Функционирование традиционных властных институтов казахов в колониальной системе Российской империи: дис... канд. ист. наук: 07.00.02.- – Алматы, 2004. – 159 с.

31 Исенов Ө. Қазақ қоғамындағы тархандар институты тарихы (ХVІІІ-ХІХ ғғ.): 07.00.02.- Тарих ғылымдарының кандидаты ... диссертациясы. - Қостанай, 2009. – 159 б.

32 Кекілбайұлы Ә. Он екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Өлке». – Т.3. 1999. – 400 б.; Есенберлин И. Кочевники. Историческая троилогия. Книга 3. Хан Кене. – Алма-Ата: Жазушы. – 1986, - 232 с.

33 Вяткин М.П. Батыр Сырым. – М.-Л.: Издательство АН СССР, 1947 – 390 с.

34 Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. – Алматы: Санат, 1999. – 336 с.

35 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. –Алматы. 1976. Т.II. – 152 б.

36 Назарбаева Г., Әбжанов Х. Қазақстан: тарих, тұлға, теория. – Алматы: - 2004, - 344.

37 Ерофеева И. Символы казахской государственности. – Алматы. – 295 с.

38 Толыбеков С.Е. Общественно-экономический строй казахов в XVII-XVIII веках. – Алма-Ата: Казахское государственное издательство, 1959. – 346.

39 Аполлова Н.Г. Присоединение Казахстана к России в 30-х годах ХҮІІІ в. – Алма-Ата: АН ССР, 1948. – 254 с.

40 Шоинбаев Т.Ж. Добровольное вхождение казахских земель в состав России. - Алма-Ата, 1982. – 279 с.

41 Жетпісбай Н.Ы. Бөкенбай батыр жөнінде. // Алаш. Тарихи-этнологиялық ғылыми журнал. – 2006. № 1. 71-81 бб.

42 История Казахстана в русских источниках ХVІ-ХХ веков. Журналы и служебные записки дипломата А.И.Тевкелева по истории и этнографии Казахстана (1731-1759гг.) / Составление, транскрипция, скорописи ХVІІІ в., историографический очерк и коментарии И.В.Ерофеевой. Т. 3. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 484 с. +8с. вкл.

43 РФ ОрОММ. 1-қ., 1-т., 1-іс.

44 Мұқтар Ә. Қ. Тарих тұңғиығындағы тұлғалар. (XVIII-XIX ғғ.). Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: «Арыс». 2008. – 240 б.

45 Абдиров М.Ж. История казачества Казахстана. – Алма-Ата: «Казахстан», 1994. – 160 с.

46 Асау Барақ. Табын тарихына кіріспе. – Алматы: «Аманат-ТТ», 2004. –320 б.

47 Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Табын II том. Бірінші кітап. – Алматы: «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы. 2006. – 424 б.

48 РФ ОрОММ. 166-қ., 1-т., 3-іс.

49 РФ ОрОММО. 6-қ., 10-т., 4789- іс.

50 РФ ОрОММ . 6-қ., 10-т., 2335-іс.

51 РФ ОрОММ . 6-қ., 10-т., 7132-іс.

52 РФ ОрОММ. 6-қ., 10-т., 4789- іс; 4854- іс.

53 ҚР ОММ. 4-қ., 1-т., 2-к., 4890- іс.

54 ҚР ОММ. 4-қ., 1-т., 1774 —іс.

55 РФ ОрОММ. 166-қ., 1-т., 3-іс.

56 ҚР ОММ. 4-қ., 1-т., 2-к., 4427-іс.

57 РФ АОММ 1-қ., 8-т., 27- іс.

58 Есмағамбетов К.Л. Азат рухтың күрескері. –Алматы: «Өркениет», 2003. – 176 б.


Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер
1 Х.Досмұхамедов еңбектеріндегі азаттық күрес мәселелері // III республикалық “Досмұхамедов оқуларының” материалдары. Т.2. - Атырау, - 2003. 10-13 бб.

2 Қазақ хандығы тұсындағы қазақ-орыс қатынастары. // «Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы: проблемалар мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми конференция материалдары. - Атырау, - 2004. 114-116 бб.

3 Қазақ батырларының әлеуметтік шығу тегінің зерттелуі // Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің хабаршысы. -2008. -№2 (11). 82-86 бб.

4 Батырлар институтының қазақ қоғамындағы орны // М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің хабаршысы. -2008. -№4 (32). 183-188 бб.

5 Қазақ батырлары тарихының Х.Досмұхамедов шығармаларында зерттелуі // «КСРО аймағындағы түрік-мұсылман халықтарын заман талабына бейімдеудің тарихи» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. -Ақтөбе, -2008. 246-248 бб.

6 Қазақ батырларының қазақ мемлекеттілігін сақтаудағы рөлі // Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің хабаршысы. - 2009. -№1 (12). 118-121 бб.

7 Жас ұрпақты тәрбиелеуде батырлар тұлғасының алатын орны // «Ұлттық-мәдени мұраларды білім мазмұнына енгізудің ғылыми-әдістемелік мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы. -Атырау, - 2009. 75-77 бб.

8 Батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны (Бөкенбай батыр және оның әулетінің негізінде) // «Тарихтан тағылым: Бөкенбай Қараұлы – тұғыры биік тұлға» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. Гуманитарлық зерттеу мәселелері (Ғылыми мақалалар жинағы) -Ақтөбе, -2009. - №8. 68-76 бб.

9 Бөкенбай батырдың қазақ хандығының саяси өміріндегі қызметі // Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің хабаршысы. - 2009. -№ 4 (15) 81-84 бб.

РЕЗЮМЕ

автореферата диссертации Кайргалиевой Гулфайруз

на соискание ученой степени кандидата исторических наук по специальности 07.00.02 – Отечественная история (История Республики Казахстан)
Институт батыров и его место в традиционном казахском обществе

(на примере династии Бокенбай батыра)
Диссертационное исследование посвящено анализу формирования, становления, роли в традиционном казахском обществе социального образования «институт батыров». Данная проблема рассматривается на примере жизни и деятельности ярких представителей национально-освободительного движения в истории Казахстана XVIII-XIX веков, - батыров Бокенбая Караулы, Тленши Бокенбайулы, Жоламана Тленшиулы.

Актуальность темы исследования обусловлена тем, что, институт батыров как определенная социальная группа традиционного казахского общества в указанных задачах и хронологических рамках не являлась объектом специального исследования. В условиях суверенного Казахстана в свет вышли ряд публикации освещающих в той или иной мере сведения о казахских батырах, боровшихся за национальную независимость. В диссертации делается вывод, что эти исследования характеризуют отдельных батыров и не представили комплексную картину института батыров.

Цель исследования – анализ формирования и развития института батырства как специфической особенности традиционного казахского общества на примере рода Бокенбай-батыра.

В диссертационной работе в качестве главных определены следующие задачи:

- определить роль и специфику института батырства на основе исторических событий XVIII-XIX вв.;

- выявить социальную природу института батыров на основе анализа его возникновения, формирования и эволюционного развития, а также конкретизировать события формирования, развития, причины исчезновения традиционного института на примере рода Бокенбай-батыра;

- проанализировать и систематизировать труды по исследованию жизни и деятельности Бокенбай-батыра и его потомков;

- показать роль батыров в политической жизни страны, сохранении политической стабильности в исследуемый период истории и обосновать значение батыров в патриотическом воспитании молодежи современного Казахстана,

- охарактеризовать отличительные черты института батыров от других социальных групп традиционного казахского общества, как институт биев, тарханов, старшин и т.п.

Исторические рамки исследования охватывают период XVIII-XIX веков.

Научная новизна исследования. В диссертационном исследовании впервые определены логика эволюции данного института; на основе множества аргументов обоснованна неверность суждений и выводов некоторых исследователей о казахских батырах как руководителях реакционных движений, защитников старого, отжившего строя; объяснены причины усиления роли батыров в XVIII-XIX вв.; проведено сопоставление института батыров с другими социальными образованиями и выявлены его специфические особенности; систематизированы научные публикации по роду Бокенбай-батыра; проанализирована полководческая, дипломатическая деятельность Бокенбай-батыра; изучена взаимосвязь освободительной борьбы, начатой потомками Бокенбай-батыра Тленши и Жоламаном, с национально-освободительными восстаниями под руководством Сырыма Датова, Исатая и Махамбета, Кенесары Касымова;

Положения, выдвигаемые на защиту. На основе исторической методологии и современной методики исследования обосновать, что:

- институт батыров, зародившийся в средневековье, последовательно прошел стадии своего формирования, расцвета и упадка ;

- батыры выполняли в обществе несколько функций: воинскую, полководческую, дипломатическую, миротворческую. В диссертации сделан вывод о том, что в хронологических рамках исследования батыры активно участвовали во внутренней и внешней политике казахских земель;

- батыры были общественными деятелями, наиболее активно проявившими себя в освободительной борьбе, взявшими в свои руки формирование ополчения и руководство им;

- батыр Бокенбай Караулы в числе известных народных батыров отличился активным участием во внутренней и внешнеполитической жизни казахского ханства, решении политических проблем;

- сын Бокенбай-батыра Тленши-батыр принимал активное участие в борьбе казахов Младшего жуза под руководством Сырыма Датова против колониального угнетения;

- до конца жизни боролся против колониального гнета России потомок Бокенбай-батыра Жоламан Тленшиулы.

Теоретическая и практическая значимость исследования.

Диссертантом сделан вывод о том, что его исследование восполняет существующий пробел в изучении проблематики института батыров в традиционном казахском обществе, вводит в научный оборот новый материал и обосновывает ряд важных теоретических выводов.

Материалы данного исследования могут быть использованы в практике преподавания при изучении традиционных социальных образований в истории Казахстана, жизни и деятельности отдельных исторических личностей, батыров, истории национально-освободительной борьбы, при подготовке факультативов, спецкурсов и спецсеминаров.


SUMMARY

an abstract of the dissertation on receiving of a candidate's scientific in historical sciences speciality 07.00.02 – History of the Country (History of the Republic of Kazakhstan)

Kairgaliyeva Gulfairuz

Institute of batyrs heroism and its place in a traditional Kazakh society

(on an example of a dynasty of Bokenbay batyr)
Study of thesis is devoted to the analysis of formation, making, role in development of the traditional Kazakh society such social origin, as “the establishment of batyr's heroism”. The given problem is under consideration on the basis of the life and activity of the representatives of the same kin, which left a noticeable trace in a history of Kazakhstan, XVIII-XIX centuries, such heroes as: Bokenbay Kazauly, Tlenshi Bokenbayuly, Zholaman Tlenshiuly.

Activity of the theme. Research wore theme actuality. Depended on the despite of presence in Kazakhstan's Historiography works on studying the batyr's heroism as a certain social group, formation and development of the given group as the special was not an object of special study yet. After 1991 year large number woks devoted to Kazakh batys heroes fighting for independence of the people has appeared. But these studies concerned only separate heroes and were not aimed at complex study of the establishments of batyr's heroism.

The object of the stud. Analysis formation and development the establishment batyr's heroism as a specific feature of the traditional Kazakh society (community) on the example. Bokenbay batyr's kin, taking the special place in the history of the social and political development of our country.

The given object of the study makes dependent on the following problems of the research:



  • to define a role specific of the establishments of batyr's heroism on the basis of historical events of the XVIII-XIX centuries.

  • to reveal a social origin the establishments of the batyr's heroism on the basis of the analysis of its occurrence, formation and evolutionary development, and also to concretive formation, development reasons of disappearance of the establishment

  • batyr's heroism in a history on an example Bokenbay batyr's kin

  • to analyze and to systematize works on study of the life and activity of Bokenbay batyr and his descendants.

  • To show a role of batyr heroes in political life of the country, presentation of political stability at the present stage of the development of a society, importance of heroes in a patriotic education of the younger generation independent Kazakhstan.

  • To show peculiarities of the establishment of batyr's heroism from such social formations in the traditional Kazakh society, as the establishment of batyr's heroism.

The historical frameworks. Comprises the period of the XVIII-XIX centures

Scientific novelty of the study. In the study of the thesis for the first time is determined evolution of the establishment of batyr's heroism.

Erroneous idea of opinions of some scientists on Kazakh heroes as on the leaders of reactionary movements, defenders of the old obsolete system is proved, the reasons of strengthening of herois' role in XVIII-XIX centures are explaeind, the comparison of the establishment of batyr's heroism with other social formation is carried out and its srecific features are revealed; scientific works on Bokenbay batyr's kin are systematized, regimental and diplomatic activity of Bokenbay batyr is analysed, intercommunication liberation movement, begun by Bokenbay batyr's descendants Tlenhi and Zholaman, with national-liberation rebellions under the leadership Syrym Datov, Isatay and Machavbet, Kenesary Kasymov is investigated.



Situations which are put forward for the defence:

  • establishment of batyr's heroism originated in the middle ages, consistently has passed stages of the formation, grooving and decline;

  • Heroes carried oit in a society some fundions military, regimental, diplomatic, peacemaking. In the historical period spread allover by the present study, heroes actively participafed in internal and externak politics of the country;

  • heroes were the public figures who have shoun most activity in liberation movement, tacn in their hands formation emergency volunteer corps and management by them;

  • hero Bokenbay Karauly among well-knovn national heroes was distinguished by active participation in internal and external life of kazach khan primacy, decision of political problems;

  • the son of Bokenbay batyr, Tlenhi took an active part in the struggle of Kazakh people the Yoenger zhuz under the leadership Syrym Datov against colonial oppression;

  • Zholaman Tlenhiuly the descendant of Bokenbay batyr up to the end of his life struggled against colonial oppression of Russia.

Theoretical and practical importance of the study. The study of the thesis fills an existing gap in a study of problematic establishment of batyr's heroism in a traditional Kazakh society, intraduces in a scientific expression a new material and gives proof of a number of an important theoretical conclusions.

The materials of the given research can be used in practice of teaching at study traditional social origins in a history of Kazakhstan, life and activity of the separate historical individuals, heroes, history of national-liberation movement for preparation 0f special courses, optional courses and special seminars.



Басуға 31.03.2010 ж. қол қойылды

Шартты баспа табағы 1,5

Көлемі 60х90 1/16.

Офсет қағазы. Таралымы 100 дана

Тапсырыс № 41

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік

университетінің БАҚ және баспа орталығында басылды

090000, Орал қ., Сарайшық к., 34






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет