Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ойларды қарастыру


Терминнің қазіргі кездегі мағынасын XIX ғасырдың француз тарихшысы Жюл Мишле айналымға енгізген. Қазіргі таңда Қайта өрлеу термині мәдени гүлденудің метафорына айналды



бет2/5
Дата13.02.2023
өлшемі4,73 Mb.
#168548
1   2   3   4   5
Байланысты:
Аңсабай Ж.
13 геоинформатика Еркош, Сызықтық Еркош, Аспаптар 6 Еркош, Сызық Еркош 10, Тсп лекция 14, 13 Геология Еркош, Авто 6 Еркош, Еркош автомат4, 14 кмж, Береке Алтынгул, 21-5, социология, практика-семинар, Мұсабек М.Ж ҚМЖ, 1-лекция Қазақстан - Конституция, Кешенді жоспар рус, 130 9 сынып

Терминнің қазіргі кездегі мағынасын XIX ғасырдың француз тарихшысы Жюл Мишле айналымға енгізген. Қазіргі таңда Қайта өрлеу термині мәдени гүлденудің метафорына айналды.

Қайта өркендеу дәіріндегі адамдар

Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетінің негізгі ерекшеліктері – шынайылық, гуманистік дүниетаным, көне мәдени мұраларға ден қою, оны қайта «көркейту». Қайта өрлеу адамдарына шіркеулік мораль, феодалдық қатынастар, орта ғасырлық дәстүрлер тарлық ете бастады. Олар өздерін қоршаған табиғат дүниесін басқаша көретін болды, оны пайымдап бағалауы, эстетикалық талғамы, шындық пен өткенге деген көзқарасы өзгерді.

Қайта жаңғыру даналарының басты назарында Платон сияқты көне заман ойшылдарының ілімдерінің болды. А.Ф. Лосев осы орайда тамаша ғылыми тұжырым жасап, бұл жағдайды неоплатонизммен байланыстырды. Оның пікірінше, Қайта жаңғыру дәуірінің өкілдері мәдениетті орта ғасырлық догматтан тазартты, оны қайта қарау арқылы қайта жаңғыртып, жаңа мазмұн берді. Ол мәдениет тарихындағы неоплатонизмнің үш түрін атап көрсетті. Олардың біріншісі — көне замандық — космологиялық, екіншісі — орта ғасырлық — теологиялық, үшіншісі — жаңғырған — антроцентристік неоплатонизм. Көне заманның неоплатонизмі Платон ілімін қайта қарай отырып, рухтың табиғатын, заттар қозғалысын, космостық айналыстың ақиқаттығын космологиялық тұрғыдан түсіндіруге әрекет жасаса, орта ғасырлық неоплатонизм табиғат пен дүниеден жоғары өмір сүретін, жоқтан болмыс тудыратын абсолюттік жан теориясына негізделді.

Қайта өркендеу дәіріндегі адамдар

Жоғарыда атап көрсетілген «антропологиялық жаңғырған неоплатонизм» бір жағынан, көне заман неоплатонизмінің көмегімен материалдық дүниені жоғары көтеріп, орнықтыруға тырысса, екінші жағынан оның орта ғасырлық неоплатонизммен ортақ қасиеттері, белгілері бар. Демек, сұлулық пен әсемдікке толы дүниені аңдап-түсіну — «жаңғыртушылық» дүниетанымдық мақсатгардың бірі болып саналады. Құдай жандандырған дүние әр уақытта да адам назарында болған, оны қатты қызықтырған. Жарық дүниенің құпия сырларын танып-білуде адамның сезімдерінен артық не бар, ендеше бұл қағиданы ескере отырып, жаңғыртушылар «адам көзіне» пара-пар келетін бұл дүниеде еш нәрсе жоқ деп есептеді. Ал бұл жағдай итальяндық Қайта жаңғыру дәуірінің көркемдік сипатта болуына тікелей әсер етті



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет