Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ойларды қарастыру



бет4/5
Дата13.02.2023
өлшемі4,73 Mb.
#168548
1   2   3   4   5
Байланысты:
Аңсабай Ж.
13 геоинформатика Еркош, Сызықтық Еркош, Аспаптар 6 Еркош, Сызық Еркош 10, Тсп лекция 14, 13 Геология Еркош, Авто 6 Еркош, Еркош автомат4, 14 кмж, Береке Алтынгул, 21-5, социология, практика-семинар, Мұсабек М.Ж ҚМЖ, 1-лекция Қазақстан - Конституция, Кешенді жоспар рус, 130 9 сынып

Көркем өнер туындылары

Қайта өрлеу дәуірі өнерінің алғашқы суретшілерінің бірі — ұлы суретші Джотто (1267—1337) болды. Ол Римдегі антикалық өнермен жан-жақты танысты және сонда жүріп "Новичелла" (қосымшадағы 1-сурет) атты мозаикалық шығармасын жазды. [2] «Иуда ишараты» (қосымшадағы 2-сурет) — талантты суретшінің ең әйгілі шығармасы. Көп адам қатысқан бұл композициядағы басты тұлғалар — Христос пен Иуда. Христос бейнесінен ізгіліктің, адамгершіліктің, сабырлылықтың белгілерін байқайтын болсақ, ал екінші бір кейіпкер Иуданың бойынан бір көргенде-ақ озбырлық пен сатқындық қасиеттерін жазбай танисыз. Екі жүзділік, күншілдік, зұлымдық сияқты жағымсыз қылықтар кейіпкердің жүзінен де, қимылынан да айқын көрінеді, ізгілік пен зұлымдық арасындағы ымыраға келмейтін күрес — шығарманың негізгі идеясы. Орасан зор шеберлікпен жазылған бұл туынды Джоттоның есімін бүкіл Италияға әйгілі етті. Көзінің тірісінде-ақ ол «Флоренцияның ұлы азаматы» деген абыройлы атаққа ие болды. Қайта жаңғыру кезеңінде талай өнер саңлақтары өздерінің өшпес туындыларымен әлемді таң қалдырды. Егер орта ғасырларда әлемнің кіндігі — құдай деп саналса, ендігі жерде адам құдай дөрежесіне көтеріліп, мадақталды.

Көркем өнер туындылары

Қайта жаңғыру дәуірі мәдениетінің өкілдерінің ішінде сол дәуірдің тынысын терең сезінген, сол бір аласапыран кезең мен жарық дүниенің әсемдігін, адамның жан-дүниесін өнер туындылары арқылы бере білген алып тұлға —Леонардо да Винчи (1456—1519 жылдары). Өз заманында ол айналыспаған ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің бірде-бір саласы болмаған. Ол — әрі мүсінші, әрі суретші, әрі математик, әрі инженер, әрі геолог, әрі философ, әрі ақын, әрі физик т.б. болған. Сегіз қырлы, бір сырлы Леонардо да Винчи ұшу аппаратының қанатын, токарь станогының жобаларын жасады. Леонардо да Винчи сонымен қатар ғылымның әр саласына байланысты жазылған әр тақырыптағы ғылыми трактаттардың авторы

Қорытынды

Қайта өрлеу дәуірінде тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды. Бұл дәуір адамзат тарихындағы сындарлы заман болды. Еуропа бастан кешірген бұл өтпелі кезең — қоғамдық-саяси және мәдени өмірде елеулі орын алды: Экономика саласында — бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың алғашқы қорлану заманы, отарларды жыртқыштықпен бөліп, басып алынған халықтарды айуандықпен тонау заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды. Саясат саласында — тәуелсіздік үшін күрес заманы болды. Жаңадан қалыптасып келе жатқан жас буржуазия мүдделері басымдылық танытып «бюргерлік мәдениеттің» барған сайын ұлттық сипатқа ие бола бастау заманы. Толассыз соғыстар, отаршылдардың айуандық әрекеттері және соның нәтижесінде тереңдей түскен таптық қақтығыстар, халыққа қырғидай тиген түрлі аурулар эпидемиясы, талай дарынды еркін ой иелерін отқа жаққан инквизиция оттары, толассыз діни соғыстар — осылардың бәрі Еуропа халықтарының өткен тарихы, дәуір сипаты болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет