№
|
Тақырыбы
|
Сұрақтары
|
Дәрістер
|
Практикалық сабақтар
|
СӨЖ
|
|
Академиялық жазылым пәні, оның ерекшелігі. Ғылыми стиль туралы түсінік.
|
1.Академиялық жазылым пәнінің мақсаты мен міндеттері. 2.Тілдік қатынастың түрлері: оқылым жазылым, айтылым, тыңдалым, тілдесім. 3.Ғылыми бағытта жазылатын жұмыстардың ерекшелігі 4. Академиялық мәтіннің түрлері және олардың құрылымы
|
1-сағат. Тақырып сұрақтары (1,2) 1-сағат. Тақырып сұрақтары (3,4)
|
1-сағат. Академиялық жазылым түсінігі жайында түрлі әдебиеттерден пікірлер мен анықтамаларды жинап, ол туралы өздері түсінген пікірлермен бөлісу. Академиялық мәтіннің түрлері, формалары: зерттеу туралы есеп, оқу жұмысы, эссе, реферат, ғылыми мақала, ғылыми жоба. Академиялық мәтінде екі жақты мәселені талдау жолдары. Мәселені шешудің жолдарын ұсыну бағытында жазылатын ғылыми жұмыстардың құрылымы.
|
Ғылыми журналдардағы академиялық бағытта жазылған жұмыстарға талдау жасау. Олардың құрылымын айқындау.
|
|
Тақырып таңдау
|
1.Тақырыпқа қойылатын талаптар. 2.Жұмыс тақырыбын таңдау кезінде жиі кездесетін қателіктер. 3.Тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы деген не?
|
1-сағат. Тақырып сұрақтары
|
1-сағат. Тақырыптардың сәтсіз таңдалуы. Тақырып таңдау барысында ойшақырту амалдарын қолдану. Тақыраптар туралы өзара пікір алмасу.
|
Жазба жұмысының тақырыбын таңдау.
|
|
Оқылым және оның түрлері
|
1.Оқылым әрекеті және оның түрлері: Танымдық оқылым; Зерделік оқылым; Ізденімдік оқылым; Көрсетімдік оқылым. 2.Тақырыпқа байланысты әдебиеттерді оқу және жинақтау
|
1-сағат. Тақырып сұрақтары
|
1-сағат. Тақырыпқа қажетті материалдарды қалай табуға болады? Олардың шынайылығын қалай тексеруге болады? Автордың еңбегіне қаншалықты сенуге болады? Әр түрлі ғылыми дерек көздеріне талдау жасау. Кестесін жасауды үйрену
|
Ғылыми тақырыпқа байланысты материалдарды жинақтау. Кез келген әдебиетке талдау жасап келу
|
|
Плагиаттық және одан сақтанудың жолдары
|
1.Плагиаттық туралы түсінік 2.Плагиаттықтан сақтану жолдары. 3.Төл сөз және төлеу сөз 4.Сілтеме және сілтеме берудің жолдары.
|
1-сағат. Тақырып сұрақтары
|
1-сағат. Сілтеменің берілу түрлері (Гарвард және т.б. стильдер) Компьютерлік бағдарламалар (Mendeley, EndNote) Ғылыми мақалалардан мысалдар ала отырып, олардың қандай сілтеме түрімен жасалғандығын анықтау.
|
Ғылыми тақырыптарына байланысты материалдарды жинақтау. Оның ішінен тақырыбына қажетті пікірлер мен идеяларды табу, оларды қорытындылау немесе парафрейз жасау арқылы өз еңбектеріне қолдану
|
|
Зерттеу жұмысын жазудың әдістемесі
|
1.Зерттеу жұмысын жазудың кезеңдері. 2.Зерттеу жұмысының әдістері (сандық және сапалық). 3.Зерттеу сұрағы дегеніміз не және оны қалай құруға болады? 4.Зерттеу болжамы.
|
1-сағат. Тақырып сұрақтары (1,2) 1-сағат. Тақырып сұрақтары (3,4,5)
|
1-сағат. Оқытушымен ғылыми мақалаларды талдау. Мақаланың зерттеу сұрағын анықтау. Сауалнама мен сұхбат құру жолдары жайлы пікір алмасу (онлайн сауалнама жүргізу сайттары e.g. https://www.surveymonkey.com/). Зерттеу жұмысының негіздемесі. (Обоснование исследования) (Үлгісін талдау)
|
Зерттеу жұмыстарына байланысты сауалнама немесе сұхбат сұрақтарын құру Зерттеу жұмысының негіздемесін жазу
|
|
Баяндама жасау
|
1.Баяндама жасаудың жолдары мен тәсілдері. 2.Айтылымы мен жазылымның ерекшелігі. Баяндама мәтінін дайындау жолдары. 3.Баяндама жасау барысында қолданылатын көмекші құралдар. Слайд безендіру жолдары. Слайд шоудың мазмұны мен құрылымы. 4.Аудитория назарын аудару жолдары.
|
1-сағат. Тақырып сұрақтары (1,2) 1-сағат. Тақырып сұрақтары (3,4)
|
1-сағат. Айтылым әрекетінің басқа тілдік әрекеттен айырмашылығы. Баяндама барысында көмекші құралдарды тиімді қолдану. 1-сағат. Баяндама барысында регламент сақтау. Сұрақ қою мен жауап беру.
|
Тақырыпқа байланысты баяндама жасау.
|
|
Параграфты жазу
|
1.Параграф. 2.Параграфтың құрылымы: Негізгі сөйлем, көмекші сөйлемдер, қорытынды сөйлем.
|
1-сағат. Тақырып сұрақтары
|
1-сағат. 1.Ғылыми мақалалардың параграфтарына талдау жасау, салыстыру. 2. Таңдап алынған тақырыптарына қатысты материалдар негізінде параграф жазып үйрену.
|
Жазба жұмыстарының параграфын жазу
|
|
Жазба жұмысында автор пікірінің берілуі
|
1.Дәйектемелер мен мысалдарды қолдану. 2.Аргумент дегеніміз не? 3.Автордың өз ойын беруі. 4.Өзге автор пікірлерін сыни тұрғыдан талдау. 5.Біржақты бағыттағы жазба жұмыстар.
|
1-сағат. Тақырып сұрақтары
|
1-сағат. Ғылыми мақалаларды талдау арқылы ондағы автор ойын анықтау. Сыни тұрғыда мақаларды оқуға, талдауға үйрену.
|
Жазба жұмысында өзге авторлардың пікірлерін сыни тұрғыда қолдану және мысал ретінде делелдер беру
|
|
Кіріспе мен қорытынды
|
1. Кіріспе 2. Қорытынды. Оларды қалай жазуға болады?
|
1-сағат. Тақырып сұрақтары
|
1-сағат. Кіріспені жазудың ерекшелігі. Түйін сөздер. Жазба жұмыстардың кіріспе бөліміне талдау жасау. 1-сағат. Қорытынды бөлімде берілетін мәліметтер. Ғылым мақалардың, кітаптардың, дипломдық жұмыстардың қорытынды бөлімдеріне талдау жасау.
|
Жазба жұмыстарының кіріспе және қорытынды бөлімін жазу
|
|
Түйіндеме
|
1.Түйіндеме туралы қысқаша мәлімет беру. 2.Түйіндемені жазудың ерекшеліктері. 3.Түйіндеменің жазылу құрылымымен танысу. 4.Түйін сөздер.
|
1-сағат. Тақырып сұрақтары
|
1-сағат. Түйіндеме жазу барысында ескеретін жайттар. Мақала түйіндемелеріне талдау жасау. Оқытушымен бірге мысал түйіндеме жазу. Түйіндеменің құрылымы (кіріспе, нәтиже қортынды бөлімдері) мен түрлері (ақпараттық және сипаттамалық).
|
Таңдап алынған тақырыпқа байланысты түйіндеме жазу.
|
|
Қатемен жұмыс
|
1.Ғылыми мәтіндердегі басты стилистикалық қателіктер, оларды жөндеу жолдары. 2.Мәтінді аяқтау және редакциялау. Қатемен жұмыс.
|
1-сағат. Тақырып сұрақтары
|
1-сағат. Академиялық мәтін тілі. Түрлі лексикалық құрылымдарды қолданудың ерекшеліктері. Лексикалық формалар: антонимдер, синонимдер, тұрақты тіркестер (фразеологизмдер). Матасу. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің қолданысы. Жалпы есімдер. Термин сөздер. 1-сағат. Үлгі бойынша жазылған жұмыстарды тексеру. Пікір білдіру.
|
Жазылған жұмыстарды өзара тексеріп, әріптестерінің пікірін білу. Алынған пікірлер бойынша жұмыстарын түзетіп шығу. Жазба жұмысын арнайы плагиаттыққа тексеру үшін өткізу
|
|
Жазылым жұмысының техникалық талаптары
|
1.Академиялық мәтіннің қажетті элементтері (титул парағы, мазмұны, мазмұндық бөлігі, әдебиеттер тізімі).
|
1-сағат. Тақырып сұрақтары
|
1-сағат. Пайдаланылатын әдебиеттермен жұмыс. Библиография дегеніміз не? (пайдаланылатын әдебиеттер тізімі, библиография). Библиографиялық аппаратты ресімдеу ережесі. Қосымшаны қалай қолдануға болады?
|
Жазба жұмыстарының пайдаланылған әдебиеттерін ретке келтіру. Мақалалардың пайдаланылған әдебиеттеріне талдау жасау. Жазба жұмысын электрондық және қағазға басылған нұсқасында тапсыру.
|
|
|
|
|
|
|