Аббревиатура дербес сөз, бір ұғымның біртұтас дыбыстық айтылуы болып табылады. Оны жазуда қолдану кезінде соңғы әріптің мәнін ашудың қажеті жоқ, өйткені аббревиатураға дұрыс жалғау жалғанбауы мүмкін.
Егер аббревиатураның бір әрпінің мәні ашылса, онда толық атауы қолданылуы қажет, бұл жағдайда қалған әріптердің де мәні ашылуға тиіс. Аббревиатураға септік жалғауын бүтін сөзге қолданатындай жалғау қажет, сол кезде үндестік заңының ережесін қолданған жөн: ұяң дыбыстан соң - ұяң, қатаң дыбыстан соң – қатаң, жіңішке дыбыстан соң - жіңішке, жуан дыбыстан соң жуан жалғау жалғануы қажет және т.с.с.
Әріптік аббревиатураларда дауыссыз дыбыстардың атауы [ы] жуан дауысты дыбыс арқылы айтылады, мыналардан басқа: «к», «г», бұлар әрқашан жіңішке [кі], [гі] болып айтылады.
Мысалы: ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ТОО – товарищество с ограниченной ответственностью) бұл әріптік аббревиатура үш буынмен оқылады [жы шы сы]. Осы аббревиатураны сөйлемде қолдану кезінде оған жуан жалғау жалғанады, өйткені әріпті атау үшін қатаң [с]-мен қолданылатын соңғы [ы] дыбысы, жуан болып айтылады. Мысалы: «Сұңқар» ЖШС-нан, «Бүркіт» ЖШС-ның.
Толық атауларды пайдалану кезінде септік жалғауы соңғы сөзге жалғанады. Мысалы: «Сұңқар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен, «Бүркіт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері.
Дәйексөз. Дәйексөздерді рәсімдеу ережелері
Дәйексөз (лат. Сііо - келтіремін, шақырамын) -түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау, біреудің _ пікіріне сын айту, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады. Дәйексөздің қайдан алынғаны толық көрсетілуі керек.Дайексөз негізінен баспасөзматериалдарында, ғылыми еңбектерде, кітаптар мен әртүрлі қолжазбаларда, баяндамалар және сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйексөздерді ғылыми еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде ғалымдар мен әдебиет, мәдениет, өнер қайраткерлерінің пікірлерінен дәйексөздер алынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға септігін тигізеді.Дәйек сөз көбінесе ықшам түрде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керекті жерін алып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Дәйек сөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті түрде дәйек сөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде анық, нақтылы көрсетілуі тиіс. Эпиграф та дәйек сөздің бір түріне жатады.
Дәйексөздің танымдық қызметін оның қолданысына байланысты бірнеше