16.Ерте токсикоздар. Нозологиялық формалары. Клиникалық классификациясы. Клиника. Диагностика Госпитализация типін нұсқау арқылы госпитализацияға көрсеткіш.
Жүкті әйелдердің токсикозы (құсу) - жүктіліктің асқынуы болып табылады, ол әдетте жүктіліктің бірінші жартысында көрінеді және диспепсиялық бұзылулармен және метаболизмнің барлық түрлерінің бұзылуымен сипатталады.
Ерте токсикоз деп жүктіліктің алғашқы триместрінде дамитын (алғашқы күнінен 11-13 апта аралығында) токсикоздарды айтамыз.
Нозоологиялық формалары: жиі сілекей ағуы, құсуы, сондай-ақ токсикоздың сирек кездесетін түрлері жатады: жүкті әйелдердің хореясы, остеомаляцияия, жүкті әйелдердің бронх демікпесі, дерматоздар, тетания, бауырдың жедел майлы дистрофиясы және т. б.
Клиникалық классификациясы. Ауырлық дәрежесі бойынша: • жеңіл • орташа • ауыр немесе шамадан тыс.
Жеңіл дәрежесіне тән: күніне 3-5 рет құсу, пульс 80-90, АД 120-110, дене массасының 1-3кг азаюы (до 5 % исходной массы), температура жоқ, сарғаю жоқ, гипербилирубинемия жоқ, терінің құрғауы +, стул күнделікті, диурез 900-800мл, кетонурия +,++.
Орташа дәрежесіне тән: күніне 6-10рет құсу, пульс 90-100, АД 110-100, дене массасының 3-5 кг түсуі (аптасына 1-1,5кг, 6-10 % исходной массы), температура сирек жоғарылауы субфебрилитет, 5-7% науқастарда сарғаю, гипербилирубинемия 21-40мкмоль/л, терінің құрғауы ++, стул 2-3 күнде бір рет, диурез 800-700мл, кетонурия +,++,+++.
Ауыр дәрежесіне тән: күніне 11-15 рет/тоқтаусыз құсу, пульс 100ден жоғары, АД 100ден төмен, дене массасының 5кг нан жоғары түсуі(аптасына 2-3кг, свыше 10 % исходной массы), температура жоғарылауы жиі, сарғаю 20-30% науқастарда, гипербилирубиемия 21-60мкмоль/л, тері құрғауы +++, стул кідіруі, диурез 700мл төмен, кетонурия +++,++++.
Клиникасы: Шағымдар:
• жеңіл дәрежеде – күніне 4-5 ретке дейін құсу, жүрек айну, апатия және жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі
• орташа – күніне 10 ретке дейін / одан да көп құсу, сілекей ағу, әлсіздік, апатия, іш қату.
• ауыр – тәулігіне 20 ретке дейін / одан да көп құсу, сілекейдің көп бөлінуі, бас ауруы, бас айналу, айқын әлсіздік, апатия, оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, іш қату.
Физикалық тексеру:
• жеңіл дәреже – орташа тахикардия, артериялық гипотензия.
• орташа дәрежесі – тері құрғақтығы, субфебрильді дене температурасы, тахикардия, артериялық гипотензия.
• ауыр дәрежесі – терінің құрғауы және салбырауы, субфебрильді температура, ауыздан ацетон иісі; ауыр тахикардия, артериялық гипотензия, «шаң ізі» симптомы (саусақпен теріні жүргізгенде қабыршақтанған эпидермиялық қабыршақтардың жолағы).
Диагностика:
Амбулаторлы жағдайда негізгі зерттеулер: шағымдарын және анамнез жинау; физикалық тексеру. Қосымша зерттеулер: ОАК, ОАМ, БАК, құрсақ қуысы органдарының УЗИ, бүйректің УЗИ.
Стационарда негізгі зерттеулер:ОАК,ОАМ, кетон денелерін анықтауға зәр анализі, БАК, қанның қышқыл-негіздік көрсеткіштері, УЗИ құрсақ қуысы органдарының. Қосымша зерттеулер: бүйректің УЗИ, ФГДС, гепатит маркерлеріне қан, құрсақ қуысы мен бас миының КТ және МРТ, қалқ безінің УЗИ, көз түбін тексеру.
Зертханалық зерттеулер:
Жеңіл дәреже: норма
Орташа дәреже: жеңіл анемия; метаболикалық ацидоз; зәрде ацетонның болуы
Ауыр дәреже: Ht жоғарылауы (42%-дан астам) және лейкоцитоз (9х109/л жоғары).
БАК: қалдық азот, мочевина, билирубин деңгейінің жоғарылауы, жалпы ақуыздың аздап төмендеуі, альбуминдердің, холестериннің, калийдің, хлоридтердің азаюы.
ОАМ – протеинурия, цилиндрурия, уробилинурия, эритроцитурия, лейкоцитурия, өт пигменттерінің пайда болуы.
Кетон денелерін анықтауға арналған зәр анализі: зәрдің ацетонға реакциясы күрт оң.
Аспаптық зерттеу:
Құрсақ қуысы мүшелерінің, бүйректің УДЗ; ФГДС, КТ, МРТ брюшной полости, қалқанша безі УДЗ
Достарыңызбен бөлісу: |