Қалалық оқушылар Сарайы» мкқк бекітемін «Қалалық оқушылар Сарайы» мкқК директоры



бет5/8
Дата11.10.2023
өлшемі41,31 Kb.
#184771
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Жана жылда жаңарған мінез

Зал « Айна» деп жауап береді
Қар патшайымы: Дұрыс шештіңдер! Әкеліңдер енді... (қолын созады)
Айкүлмес: Шешуін шештіқ қой, ал енді айнаны қайдан аламыз? Сарайға қайта оралуға тура келе ме?
Алиса: Жоқ, оралмаймыз. Мен жолға мықтап дайындалғанмын. (арқасындағы рюкзактан айна алып береді.) Мінекей, алыңыз!
Қар патшайымы: Жұмбақты шешіп, шартты орындадыңдар. Енді сендерге Қоянды кім ұрлағанын айтайын.
Айкүлмес: Кім ол? Тезірек айт!
Қар патшайымы: Сен олай өз Сарайыңда бұйрық берерсің! Ал, мен бұйрықсыз-ақ уәдемде тұрамын. Ол Қасқыр мен Шайтан. Бірақ олардың қайда екенін білмеймін, өздерің іздеңдер. Кім екенін енді білесіңдер.
Айкүлмес: Оларды қайдан іздейміз?!
Қар патшайымы: Мен айттым ғой, менің патшалығымда ылғалға орын жоқ. Барыңдар! Боссыңдар!
5- көрініс


«Сыған» биі
Сыған қыз: Жаңа жылды жек көремін,
Жек көремін әрқашан.
Мерекеде бал ашпайды
Бал ашпайды ешқашан.
Ғажайыпқа сеніп алған,
Сеніп алған адамдар.
Оған сеніп бос жүргенше
Картама бір қараңдар.
(карта салады)

Міне, міне 2 дама түсті. Олардың қысылып тұрған жөні бар және олар маған көп ақша әкеле жатыр. Ех, сол қолым босқа қышымаған екен.


Бірге: Сәлеметсіз бе!
Сыған қыз: Салем-салем сұлуларым! Тек алақанымды майласандар, барлығын айтып беремін. Не болғанын және болашақта не күтіп тұрғанын да айтып беремін!
Айкүлмес: Біз онсыз да не болғанын білеміз! Одан да бізге Қоян досымызды қайдан және қалай тауып алуға болатынын айтыңыз!
Сыған қыз: Пысығын қарай көр мынаның! Бәрін білемін, бәрін айтамын, тек алақанымды майласаңдар болды.
Алиса: Біздің досымызды Қасқыр мен Шайтан ұрлағанын білеміз? А, оларды қайдан табуға болады?!
Сыған қыз: Солай ма?Оларды қайдан табуға болатынын айтамын әрине . Менің қолымдағы дүниедегі ең дәл карталар. Бірақ, алақанды майла дегенді түсінбедіңдер? Ендеше, менің жұмбағымды шешіңдер. Сол затты маған тауып берсеңдер, мен сендерге көмектесемін.
Үлкен де, бала да сыйлаған,
Жайдан- жай беруге қимаған.
Маңдай тер еңбекпен табылған,
Суреттер, таңбалар салынған.
(Екеуі шеше алмай сурет, телефон деп барып залдан сұрайды.)
Айкүлмес: Достар, біз тағы да, жұмбақты шеше алмай тұрмыз. Бізге көмектесіңіздерші.
Алиса: Ендеше, мұқият тыңдаңыздар.
Үлкен де, бала да сыйлаған,
Жайдан- жай беруге қимаған.
Айкүлмес:
Маңдай тер еңбекпен табылған,
Суреттер, таңбалар салынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет