Қалалық оқушылар Сарайы» мкқк бекітемін «Қалалық оқушылар Сарайы» мкқК директоры


Сахнаға Айкүлмес пен Алиса шығады



бет8/8
Дата11.10.2023
өлшемі41,31 Kb.
#184771
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Жана жылда жаңарған мінез
Мәдене мұра, 11-15 АйданаБОӘ, Вопрос 161, Дәріс GCP, GLP, новый год 2023 (1), новый год 2023 (1), osh sor fizika emn 10-klass kaz, КЛАССИФИКАЦИЯ ПОЧВ. ПГР
Сахнаға Айкүлмес пен Алиса шығады
Айкүлмес: Қоянжан, тірі екенсің ғой!
(Қоянға ұмтылады, Шайтан мен Қасқыр жолдарын бөгейді)

Қасқыр: Сен бізді алдадың? Олар бізді қалай тез тауып алды?


Шайтан: Тоқта, тоқта! Бұл Айкүлмес ханшайым ғой. Саған жалғыз кел дегенбіз. Мынаны неге ерітіп келдің?
Алиса: Біріншіден, хатта Патшаның күзетін ертуге болмайды делінген. Ал екіншіден, мен... мен мына ақша салынған қапты арқалап келдім.
Шайтан: Мұның артында бір шикілік бар. Қасқыр, байла үшеуінде.
Осы кезде сирена мен ұшқан тікұшақтың дауысы естіледі. Сахнаға барлық кейіпкерлер шығады.
Патша: Түстіңдер ме қолға!
Ақылшы: Аса мәртебелім, бұлармен не істеуге бұйырасыз?
Патша: Менің патшалығымнан қуып шығыңдар!
Қар ханшайымы: Мұз қылып қатырайық!
Сыған қыз: Дуалап, сиқырлап тастайық.
Батпақ перісі: Батпаққа батырайық.
Қасқыр: Жоқ, жоқ менің еш кінәм жоқ. Шайтан азғырды деген осы ғой. Бәрін бүлдірген мынау. Кешіріңдерші мені!
Шайтан: Әрине, адамдар не бүлдірсе де шайтан азғырды дей салу да оңай. Ылғи бізді кінәлайсыңдар. Өздеріңнің бастарың қайда? Жамандай берген соң, біз де тек жамандық істейміз. Бір мезгіл мақтап, мерекеге шақырсаңдар, бұл іс болмаған болар еді.
Патша: Сонда осының бәрін тек мерекеге шақырмаған үшін істедіңдер ме?
Қасқыр: Әрине, қарнымыз аш.
Шайтан: Көңіл көтеруге де кет әрі емеспіз!
Қоян: Жарайды, достар. Маған ештеңе болған жоқ қой. Кешірейік оларды. Мерекелік көңіл күйді бұзбайық.
Айкүлмес: Мен де қарсы емеспін. Оның үстіне, көп нәрсе менің қырсық мінезімнің кесірінен болды. Әке, мен енді бостан бос жыламаймын. Әрқашан сізді тыңдайтын боламын!
Патша: Шын айтып тұрсың ба? Қандай қуанышты хабар! Айкүлмес ханшайымның өзгеруіне байланысты бәрін де кешірдім. Осы тұрған баршаңды Сарайға жаңа жылдық мерекеге шақырамын!
Патша:
Жаңа жылым, жарқын жүзді жандарым,
Ақылшы:
Жаңа жылым, әрбір атқан таңдарым!
Қар ханшайымы:
Үміт артқан болашаққа ақ жарқын,
Сыған қыз:
Сөнбесінші әр үйдегі шамдарың.
Қасқыр:

Жаңа жылым, тіршілігім, тынысым,


Шайтан:
Жаңа жылым, күнделікті жұмысым!
Айкүлмес:
Бесігінде ұйықтап жатқан маужырап,
Сәбиімнің бұза көрме тынышын!
Алиса:
Жаңа жылым, бейбіт күнім, жаратқан,
Жаңа жылым, достық үнін таратқан!
Батпақ перісі:
Елің үшін, жерің үшін кең байтақ,
Бәрі:
Жаңа жылда, жаңа күнмен қанаттан!
Жаңа жыл құтты болсын!
Финалдық би



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет