Қалалық оқушылар Сарайы» мкқк бекітемін «Қалалық оқушылар Сарайы» мкқК директоры


Музыка қосылып, мұңайған Қасқыр шығады



бет2/8
Дата11.10.2023
өлшемі41,31 Kb.
#184771
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Жана жылда жаңарған мінез

Музыка қосылып, мұңайған Қасқыр шығады

Шайтан: О, жалғыз жорытқан батырым менің. Маған бір істі тыңдыру үшін дал сендей жан жетіспей тұр еді.


Қасқыр: Рахат шығар, асыққан шайтанның ісі демекші, бірден іске кірістің ғой. Ал мен орманда жападан жалғыз, тоңып-шашырап, аштан өлейін деп жүрмін. Шайтан: Жыланбашы, а! Алда жаңа жыл! Мына балаларды сыйлықтар, дәмді дастархан күтіп тұр . Ал бізді, ай, білмеймін, не күтіп тұрғанын?
Қасқыр: Неге білмейсің? Әрине, бізге ештеңе де болмайды.
Шайтан: Неге? Бәрі де болады! Сен естіген жоқсың ба? Патша өзінің жылауық қызы Айкүлмес ханшайымға бал ұйымдастырмақшы. Әрине, Патша сарайында ән-би, дәстүрлі дастархан да болады.
Қасқыр: А? Не? Бал?
Шайтан: Әй, қойшы. Сен түсініп болғанша?! Ааа, саған былай түсіндірейін. Онда көп қонақ жиналады. Айтпақшы, ішінде Қоян да бар.
Қасқыр: Қоян дейсің бе? Ол семіз бе? Екеуімізге жете ме?
Шайтан: Әрине! Ол Патша сарайында тоқшылықта тұрады. Типа, Айкүлмес ханшайымның досы екен. Жүр, мен саған бәрін түсіндірейін.
2-көрініс


Екеуі кетеді. Сахнаға жылап Айкүлмес ханшайым мен Патша шығады.

Патша: Қызым менің, Айкүлмесім менің, дегеніңнің бәрін істейін, тек жыламашы.


Айкүлмес: Ештеңе қажет емес, шаршадым бәрінен!
Патша: Қоян досың қайда? Соңғы кезде аздап болса да соған көңілің ауып жүр еді?
Айкүлмес: Одан да жалығып біттім. Сарайдың
қақпасының алдына қуып шықтым.
Патша: Олай болмайды, қызым! Ей, Ақылшы, Қоянды Сарайға кіргізіңдер! Ақышы: Құп болады!
Айкүлмес: Менің ішім пысты... (жылайды)
Патша: Қызым, тәтті жейсің бе, әлде торт алдырайын ба? Ааа, мүмкін жаңа көйлек алып берейін бе? Жо-жоқ, алде Мальдивыға барып демаласың ба?
Таптым, таптым, соңғы шыққан Айфон 14 Про Макс алдыртайын!
Айкүлмес: Қажет емес! Керегі жоқ! Ештеңе де алмаймын!
Патша: Қажет пе, жоқ па, мен кішкентай артистерді алдырып қойдым. Мүмкін солар көңіл-күйіңді көтерер? Ей, музыкант, қанекей, қос музыканы!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет