Қалас жамалов философия



бет3/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.
КИС 2-курс ОМ каз-конвертирован, Реферат на тему Разговорный стиль речи , Срсп9.Педзерттеу.М.Адилям
Философия ғылым. «Философия ғылым ба?» деген сұрақ төңірегінде айтыстар толастаған емес. Оның ғылым екенін теріске шығаруға ұмтылатын оқымыстылар келесі дәлелдер келтіреді:
- философиялық көзқарастар байқау, эксперимент фактілерімен растауды, дәлелдеуді қажет етпейді, ғылыми білімнің верификациялық белгісін қанағаттандырмайды;
- философиялық пікір, пайымдауларды тәжірибеге сүйеніп жоққа шығаруға болмайды (мысалы табиғаттың даму негізінде өзінен дамушы рух жатыр деген тұжырымның жалғандығын, немесе шындығын анықтау мүмкін емес), сондықтан ғылыми білімнің белгісін қанағаттандырмайды;
- философияда барлық философтар мойындаған бірде-бір ой желісі, ереже жоқ, пікірлер плюралистік сипат алады және әрбір дара ойшыл өзінің жеке философиялық жүйесін жасайды. Философия тілінің, мәселелерінің, тәсілдерінің ғылыми еместігін көрсететін дәлелдер алға шығарылады.
Философияның ғылым екендігін дәлелдейтін пікірлер де кең тараған. Мұнда философиялық танымның рационалды түрі қисынды дәлелденіп, басқа ғылым салаларымен ортақ белгілері көрсетіледі. Жаратылыстану ғылымының жаңалықтарына сүйене отырып, тәжірибеге негізделген философиялық пікір, пайымдауларды жоққа шығаруға болмайтыны байыпталады, ескертіледі (мысалы: ертедегі грек философтарының атомды болмыстың алғашқы негізі деген тұжырымдамасы).
Философияны ғылым ретінде қарастырушылар осы пәнге және оның тақырыптарына әр түрлі анықтамалар береді. Арнайы әдебиеттерде:
- философия қозғалыстың жалпы заңдылықтары және табиғат, қоғам, адам ойының дамуы туралы ғылым;
- философия адам мен әлемнің жалпы қатынастары туралы ғылым;
- философия ғаламның жалпы ортақ бастамасы туралы ғылым деген анықтамалар кең тараған.
Философия тарихында бұл пәннің мәнін анықтауға деген үш түрлі түсінік қалыптасқан: антикалық, дәстүрлі, осы заманғы.
Философияның антикалық түсінігі жалпы ғылым түсінігімен парапар. Түрлі салаларға бөлінбеген, тұтас ғылымның зерттеу объектісі - жалпы болмыс. Осыдан философия діннен тысқары тұрған білімдердің жиынтығы ретінде, аңыздық дүниетанымдық көзқараспен арадағы қайшылықты шешудің жолы есебінде өмірге келеді. Антика заманының физика, биология және басқа ғылым салалары тәрізді философияның да өзіндік мәні ашылған түсінігі болған жоқ.
Арнайы ғылыми білімнің жинақталуына байланысты, зерттеудің нақты тәсілдерінің өмірге енуі, табиғат бөліктерінің заңдылықтары туралы түсініктің дамуына, теориялық ғылымның әр түрлі салаларға бөлшектенуіне ықпалын тигізіп, философия пәнінің осы заманғы түсінігінің қалыптасуына алып келді. XVIII ғасырда механика, астрономия, физика, медицина, математика, химия ғылымдары қалыптасса, XIX ғасырда геология, биология, антропология және т.б. жеке ғылым салалары пайда болды.
«Ғылымдардың атасынан» алғашқы болып жаратылыстану, содан кейін қоғамдық ғылымдар, ең соңынан ой туралы ғылым салалары бөлектенеді. Ақыр соңында философия мазмұнын жеке ғылымдар бөлшектеп бөліп алды, философия ыдырады деген пікір қалыптасты. Дегенмен, ол шын мәнінде физика, химия және т.б. ғылым салалары тәрізді қалыптасып, шыңдалып, өз мәнін табуға «Ғылымның – ғылымынан» бөлектенуге ұмтылды. Ғылыми білім саласындағы еңбектің бөлінісі оның жеке ғылымдармен байланысын, ғылымдар құрылымындағы орны мен ролін өзгерістерге ұшыратады. Философия жаратылыстану ғылымының өзіндік мәселелерін шешумен айналыспайды. Жаратылыстану ғылымдарында орын алатын, бірақ олардың деңгейінде, олардың табиғатына тән ерекше тәсілдермен шешілмейтін жалпы ғылыми, дүниетанымдық сұрақтарды зерттейді.
Ғылыми танымдық сұрақтарды шешумен философияның міндеті шектелмейді. Дүниетанымдық көзқарастың теориялық түрі болған философия жаратылыстану ғылымдарына сүйенеді, бірге дамиды және өзі де олардың дамуына игі әсерін тигізеді. Бұлардың мазмұны қайшылықты емес, мәдениет дамуында олардың әркайсысы өзіндік функцияларын атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет