Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән


§ 4. Жануарлардың интеллектті әрекеті



Pdf көрінісі
бет23/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э
§ 4. Жануарлардың интеллектті әрекеті
Жануарлардыа интеллектті әрекеттерінін негізін жеке заттар арасындағы күрделі байланыстарды бейнелеуі мен
олардың жасалу тәсілдері арқылы түсіндіруге болады. Оны мынадай тәжірибеден аңғарамыз. Тәжірибе кұралы екі
түтіктен тұрады, Қарғаның көзінше бір түтікке жіпке байланған ет салынады. Қарға еттің бірінші түтік-тен екінші
түтікке өткенін әйнектен байқап, етті бірден екінші түтік ұшынан тосып алады. Мұндай әрекеттер итте, жыртқыш құстар
мен мысықта кездеееді, Тәжірибе жоғары сатыдағы жануарлардың заттар арасындағы қатынасты барлап, олардың
қимыл-қозғалысына қарай әрекеттер жасайтындығын көрсетеді. Жоғары сатыдағы жануарлар психикасын қоректік
заттармен бірге түрлі нәрселердің түр-түсі мен қимыл-қозғалыстары да қызықтырып, олар бақылау жасайды. Әсіресе,
сүтқоректілердің. осындай әрекетін И. П. Павлов жануарлардың риясыз және табанды талпынысы десе, ал Н. Ю.
Войтонис жәндіктердің “әуестену импульсі” деп атаған, Мұндай әрекеттер маймылдардың белгілі бір нәрсе бейнесін
қабылдау деңгейі мен көзінің көргіштігін арттырады, олардың мінез-құлқы мен дағдысының басқа жануарлармеи
салыстырғанда күрделене түсуіне әсер етеді. Мұндай ерекшеліктер маймылдың өз тірішлік ортасына беймделіп, сан
алуан жеміс-жидектермен, өзге де нәрселермен қоректенуіндегі бағдарлау рефлексі мен ізденімпаздық әрекетік
жетілдіре түсетін биологиялық факторға байланысты.
Маймыл кұлқынадғы үнемі жан-жағын “зерттеу” әрекеті оның инстинктін дамытады. Алдыңғы аяқтарының
қысқарып, таньш құралына айналуы қолдың көмегімен маңындағы заттарды ұстап-тұтатьш қимыл-әрекеттерін
жетілдіреді. Мұндай әрекеттер май-мылдың орталық жүйке жүйесінде басқа жануарларда жоқ көптеген уакытша
байланыстардың жасалуына ықпал етеді. Белсенді бақылау, ажырату рефлекстері нәтижесінде маймылдарда біршама
пайымдау тәсілдері пайда болады.Әрине, белгілі жағдайда оларда инстинктті құлық та байқалады. Американдық
зерттеушілер Г. Харлоу,, М. Харлоу, С. Суамк жаңа туған маймыл баласын жасанды “анаға” теліген. Тәжірибе былайша
жүргізілген:; макака маймылының жаңа туған баласын өз анасының бойындай етіп темірден “маймыл” — тұлып жасап,
тордың ішіне бірге қойған. Ал екінші маймыл баласын сондай тәсілмен жұмсақ матамен қапталған “анаға” теліген.
Жұмсақ “ананы” еншілеген маймыл баласы көп уақытын оның жанында өткізген (2-сурет). Қауіп-қатер төне қалса, соған
барып тығылған. Ал металдан жасалған “маймыл” — тұлъшты еншілегені оны қатты өгейсіп, жетімсіреген. Жұмсақ
матадан жасғалған тұлып жаңа туған маймылға сенім ұялатып, ол өзін қауіпсіз сезінген. Ал темір тұлып ондай әсер
тудырмаған. Ересек маймылдың инстинктті құлқы тәменгі сатыдағы жануарлардан әлдеқайда ерекше, Мысалы,
шимпанзенің туа берілетін инстинктті әрекеті — өзіне уя жасауы. Бақылау барысында маймыл “құрылыс” заттарын
таңдауда практнкалык талдау жасай алатынын көрсеткен. Бұл тәжірибеде маймылдың ұя салуы кеміруші жәндіктердің
ұя жасауы-мен салыстырылған. Олардың екеуіне де бұтақтар, қағаз берілген. Екеуі де ұяларын бір жүйемен жасайды.
38


Ұясының түбіне қатты бұтақтар-ды төсесе, ал ішіне жұмсақ нәрселер салған. Олардың екеуі бірдей ұяларын алдымен
берілген жұмсақ заттардан жасай бастайды да біршама мерзімнен кейін қатты бұтақтар берілсе, жасаған ұяларын
ысырып тастап, оны қатты бұтақтардан тұрақтатып, қайтадан жұмсақ заттарды ішіне төсеп салады Мұндай әрекеттерден
біз маймылдың ұя салуы инстинктті әрекет болғанымен, қоршаған ортасына бейімделу екенін анғарамыз. Маймылдың
мұндай шартты байланысқа негізделген әрекеті стереотипті (таптаурын болған) әрекет деп саналады.
“Рафаэль” деген маймылмен жүргізілген бірсыпыра тәжірибеден мынадай жайттар байқалған, Жәшік ішіне жеміс
қойылып, оның алдында от жанып тұрады. Рафаэльдің жәшіктегі жемісті алып жеуге ұмтылған әрекеті нәтижесіз
аяқталады Ақыры байқаусызда бөшке шүмегіне алдыңғы аяғы тиіп кетіп, одан су ағады. Аққан су жанында тұрған отқа
тиіп, оны сөндіреді. Рафаэль жемісті алып жейді. Келесі-де тәжірибе осы ретпен қайталанып, сулы бөшке тек алысырақ
ит-еріліп қойылады. Бірнеше нәтижесіз әрекеттен кейін Рафаэль бөшкедегі суды ұрттап алып, оны шашып, отты
сөндіреді, Одан кейінгі тәжірибеде жеміс судың ортасына қойылады. Ал сулы бөшке судың арғы жағындағы аралға
қойылады. Маймыл су іздеп, сол-қылдақ көпірмен аралдағы бөшкеге ұмтылады. Жанып тұрған оттың айналасындағы
суды пайдалануға маймылдың пайымдау “ақылы” жетпейді. Ал биологиялық тұрғыдан маймылдың мұндай қылығы
өзінің тіршілік әрекетіндегі мақсатына жетуі деп саналады (3-сурет).
3-сурет.
39


Ал енді маймылдың адам әрекетіне еліктеп, шүберекті сулап, оны сығып, еденді сүрту ісін бақылайық. Ол еденді
“сыпырғанда” бір үйіндіні екіншісіне қосып шашады. Жинап қоюды білмейді, Маймылдағы еліктеу процесі —
интеллектілік тұрғыдан әлі де толық дәлелденбеген жайт. Жануарлар дуниесінін тіршілігіндегі қимыл-козғалыетың даму
жолы инстинктті әрекеттен дағдыға, одан интеллектті әрекетке ауысады. Сөйтіп, дамудың мұндай жолында олардың
кейбір түрінде кейде инстинкт басым болса, ал басқалары-ның жеке тәжірибелерінде ассоциациялар жасалып отырады.
Жануарлардың қарым-қатынас жасау “тілінің” үйілесіп тіршілік ететін аралар қарым-қатынасымен салыстырғанда
едәуір күрделі болып отыратындығы байқалады. Ганглийлік жүйке жүйесі бар жән-діктер күрделі инстинктті даралық
әрекеттерімен бірге “тіл” арқылы д тіршілік етуге бейімделіп әсерленеді. Омартаға шырынымен оралған ара ауада өзінің
ырғақты қимылы (“биі”) арқылы ұялас араларды шырын алуға болатын гүлдер жөнінен хабарлар етеді. Ал
құмырсқалардың “тілі” одан да күрделірек деуге болады. Олардың әрбі қозғалысы нақты белгіні білдіріп, жемін әкелуге
“шақыруы”, қорек-талап етуді білдіруі мүмкін. 
Гангляйлік жүйелі жәндіктерд “тілі” олардың сырткы қалпын өзгертіп, дыбыстық белгі, не нәрсенің иісі, не
өзгелерге жанасулары арқылы “хабар” береді.Жәндіктер қауымдастығындағы тиісті ха-барларды өңдеп, өзгелерге
жеткізуде ешқандай құпия сыр болмағанымен, олардың қимыл-әрекеті түрлі әсерлер тудырып сол тіршілік жағдайына
ыңғайландырады. Мысалы, тырналар өздерінің ұшу сапарында белгілі жерге келіп жайылған кезде қауіпсіздігін қорғау
үшін жан-жаққа бақылаушылар қояды, төтенше қауіпті жағдай туса олар жайылып жатқандарына қиқулап хабарлап,
бұрынғы бағыты-мен ұшып кете береді. Бұл — жануарлардың эволюциялық дамуын-дағы тіршілік әрекеттерінің
қайталануы. Жоғары сатыдағы жануар-лардың үйірінде әсіресе, құстар мен сүтқоректілердің өзара “тілдесуі” — қажетті
шарт, жануарлардың кез-келген тобындағы дара өкілдердің бір-бірін “түсінуі” үшін әр алуан дыбыстар мен неше түрлі
қимыл-қозғалыстар жасау арқылыі жүзеге асып отыр-атын тіршілік бейнесінің белгісі (4-сурет)
40


1
4
5
6
4-сурет, 
Тауықтың доминантрық және келісу
 
позалары:
1, 2—әтеш пен тауықтын доминанттық позасы, 3—өте агрессивті поза, 4—қарсылықсыз табынға қосылу позасы, 5
— келісу позасы, 6— шакыру позасы.
Жер бетіндегі әр түрлі табиғат кұбылыстарының өзгеріп отыруы мен ауысуы барлық жан-жануарларға асер етеді.
Соның нәтнжесшде тіршілік иелері қарапайым тітіркенуден бастап адамның акыл-ой дәрежесіне дейін көтеріліп, сырткы
орта жағдайына ынғайланады. Мысалы, температураның өзгеруіне карай организмдегі химиялық реакция
жылдамдайды. Температура төмендесе, бірклеткалы қарапайым жәндіктер қырылады. Ал жоғары
 
сатыдағы
жануарлардыд әрекеті күрделеніп, тіршілік ортасының кенеттен езгеруіне бейімделеді. Тасбақалар мен ұсақ кемірушілер
жаздың ыстығында да, қыстың суығында да жерді қазып, өзінің өмір тіршілігіне қажетті температураға ыңғайланады.
Жануарлардың ин-стинктті әрекетгері мен интеллектті тіршілігі — олардың даралық тәжірибесінде қалыптаскан
дағдыларының тізбегі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет