Ұйымдастырыл
ған оқу қызметтері
|
9.20 -10.30
|
1. Дене шынықтыру
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2.Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»
Мақсаты:
Жабайы жануарлар мен олардың төлдері туралы алғашқы түсінік
қалыптастыру.
Жабайы жануарлардың тіршілігі туралы мағлұмат бере отырып, балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Мейірімді болуға тәрбиелеу.
|
1. Дене шынықтыру
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2.Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: «Үшбұрыш. Шаршы. Шеңбер»
Мақсаты:
Балаларды геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйретуді жалғастыру: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, түйсіну және көру арқылы пішін түрлерін зерттеуді жалғастыру. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін дамытуды жалғастыру: шеңбер, шаршы, үшбұрыш; көру және ұстап көру арқылы пішіндерді зерттеуді жалғастыру, оларды қоршаған ортадан табуға баулу; есту және көрулерін дамыту, логикалық ойлауын дамыту; балалар арасында достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
|
1. Көркем әдебиет
Тақырыбы: Л.Н. Толстойдың «Үш аю» ертегісі
Мақсаты: Ертегілерді ойнауға және сахналауға ынталандыру.Тақырыпқа сәйкес ертегі оқып беріп, оның мазмұнын түсінуге,
кейіпкерлерге, оқиғаларға өзінің көзқарастарын білдіруге үйрету. Тілін, ойлау қабілеттерін дамыту. Достыққа, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын:
«Қай аңның үйшігі?»
2.Музыка
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
3. Сурет салу
Тақырыбы: «Тікенекті кірпі»
Мақсаты: балалардың тікенекті кірпі туралы түсініктерін жетілдіру. Қысқа түзу сызықтарды сызу арқылы кірпінің суретін салуға жаттықтыру. Саусақ бұлшықеттерін дамыту. Жануарларға, аңдарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
|
1.Дене шынықтыру
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2. Жаратылыстану
Тақырыбы: «Аңдар қысқа қалай дайындалады?»
Мақсаты:
Балалардың жабайы жануарлар, олардың қоршаған ортадағы өзгерістерге
бейімделу қабілеті туралы түсінігін нығайту және кеңейту.
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер мен жануарлардың мінез-құлқы арасындағы қарапайым байланыстарды анықтау қабілетін дамыту: жүнінің түсін ауыстыру, қысқы ұйқыға кетуі, қысқа қор жинауы.
Балаларды жануарларға мейірімді болуға үйрету.
|
1. Аппликация
Тақырыбы: «Ұзын құлақ ақ қоян»
Мақсаты:
дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға дағдыларын қалыптастыру.
Қоян туралы түсінік беру; қоянның дене бөліктерін атай білуді, қоянның дене бөліктерін қағаз бетінде дұрыс орналастыра білуді үйрету. Жапсыру реттілігін түсіндіру және жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
2.Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»
Мақсаты:
Балалардың жабайы жануарлар туралы, өздеріне таныс жануарлардың сыртқы ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту;
Қоршаған ортаның нысандарына эмоционалды, жағымды, қамқорлықпен қарауды қалыптастыру.
Жануарларға деген қамқарлық сезімдерін тәрбиелеу
|