Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы География 7-сынып Құрметті мұғалім!


Тапсырма Картаны қолданып, Қазақстан аумағында таралған табиғи-аумақтық кешендерді анықтаңыз



бет21/34
Дата07.02.2023
өлшемі4,53 Mb.
#167770
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34
Байланысты:
fo geografiya 7-kl kaz

Тапсырма



  1. Картаны қолданып, Қазақстан аумағында таралған табиғи-аумақтық кешендерді анықтаңыз.




  1. Жергілікті жердің табиғи-аумақтық кешенін жоспар бойынша сипаттаңыз.

Жоспар



1

ТАК атауы

Сипаттамасы

2

Географиялық орналасқан







жері




3

Рельефі




4

Климаты:









қаңтардың орташа










температурасы;









шілденің орташа










температурасы;









орташа жылдық жауын-










шашын мөлшері;




5

Топырағы




6

Өсімдіктер дүниесі




7

Жануарлар дүниесі






Дескриптор Білім алушы

- Қазақстанның табиғи-аумақтық кешендерін анықтайды;


- жоспар бойынша жергілікті жердің табиғи-аумақтық кешеніне
сипаттама береді.

72


Бөлім 3. Физикалық география
Бөлімше 1. Географиялық зерттеу әдістері


Тақырып 1.1 Зерттеу және зерттеушілер


Оқу мақсаты 7.1.1.3 Географиялық дереккөздермен жұмыс істейді: карта,
сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар


Бағалау критерийі Білім алушы

• Географиялық дереккөздерді қолданады




Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі


Тапсырма

  1. Мәтінді оқып, сұраққа жауап беріңіз.



Жер бетіндегі табиғат зоналарының қалыптасуының себептері қандай?


Мәтін
Табиғат зоналарының қалыптасуы.

Табиғат зоналарын ең негізгі сыртқы факторлар қалыптастырады. Олар көп жағдайда күн жылуының таралуына (яғни географиялық ендікке) тәуелді. Тағы бір фактор - аумақтың ылғалдылығының әртүрлілігі.


Жылу мен ылғалдың арақатынасы нәтижесінде әр түрлі табиғи зоналар пайда болады. Мәселен, аумаққа күн жылуы көп түссе, оның біраз ылғалдылығы жеткіліксіз (К=0,3) болса, онда шөлді аймақтар пайда болады. Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Кейде бір зонаның ішінде басқа зоналарға ұқсас жеке үлескілер де кездеседі.
Табиғаттағы зоналылық тек жазықтарда ғана емес, биік тауларда да байқалады. Таудағы табиғат кешендері оның етегінен биік шыңдарына дейін температура мен қысымның төмендеуіне, белгілі бір биіктікке дейін жауын-шашын мөлшерінің артуына, тау беткейлеріне түсетін жарық мөлшерінің әр түрлілігіне байланысты алмасады. Бұл зоналар тауды әр түрлі биіктіктегі белдеулер түрінде көмкере орналасатындықтан, оларды биіктік белдеулер деп атайды. Таудағы биіктік белдеулері жазықтағы зоналарға қарағанда тезірек алмасады. Тау жүйелері экваторға жақын орналасса және неғұрлым биік болса, ондағы биіктік белдеулер саны көп және табиғаты алуан түрлі болады.



  1. Мәтінде берілген мәліметтерді және табиғат зоналары картасын пайдалана отырып, Алтай тауларының биіктік белдеулері сызбасын толтырыңыз.




73


Дескриптор Білім алушы

− − мәтінді оқып, табиғат зоналарының қалыптасу себебін


анықтайды;

− мәтінді және картаны қолданып, Алтай тауының сызбасын


толтырады.
Бөлім 3. Физикалық география
Бөлімше 1. Географиялық зерттеу әдістері


Тақырып 1.1 Зерттеу және зерттеушілер


Оқу мақсаты 7.1.1.5 Географиялық далалық зерттеу әдістерін
қолданады, көрсеткіштерді тіркейді, жинақтайды, өңдейді, талдайды


Бағалау критерийі Білім алушы

• Далалық зерттеу әдістері арқылы


көрсеткіштерге қорытынды жасайды


Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі


Тапсырма



  1. Тақырыптық картаны қолданып:

а. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан табиғат зоналарын анықтаңыз.

b.Қаңтар және шілде айларының жылдық орташа температурасын анықтаңыз.


с. Қазақстанның солтүстігінде табиғат зоналарының қалыптасуына, климат көрсеткіштерінің қалай әсер ететінін түсіндіріңіз.


d.Қазақстанның солтүстігінде өсетін өсімдік түрлерін анықтаңыз.


e. Қазақстанның солтүстігінде мекен ететінін жануарлар түрін анықтаңыз.




Дескриптор Білім алушы



  • тақырыптық карта бойынша Қазақстанның солтүстігінде орналасқан табиғат зоналарын анықтайды;




  • тақырыптық карта бойынша Қазақстанның солтүстігіндегі табиғат зоналарының климаттық көрсеткіштерін анықтайды;




  • Қазақстанның солтүстігіндегі табиғат зоналарының қалыптасуына, климаттық көрсеткішінің арасындағы байланысының әсерін түсіндіреді;




  • Қазақстанның солтүстігінде өсетін өсімдік түрлерін анықтайды;




  • Қазақстанның солтүстігінде мекендейтін жануарлар түрлерін анықтайды.

74



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет