Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы Cтуденттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өндеу Пән: физиология Пән коды



бет2/4
Дата11.02.2018
өлшемі0,79 Mb.
#37555
1   2   3   4

Әдістемелік өндеу №8.

1. Тақырыбы: Қанды зерттеудің клиникалық тəсілдері. Қан топтары /АВО жүйесі, резус-сəйкестік. Қан құю ережелері. Қаналмастырушы ерітінділер.

2. Мақсаты: қан топтары және резус-сəйкестік бойынша зерттеудің клиникалық тәсілдерін, қан құю ережелерін оқып үйрену, қаналмастырушы ерітінділердің негізгі топтарымен танысу.

3. Тапсырма

1. Сабақтың тақырыбы бойынша әдебиеттер дайындау.

2. Теориялық материалды зерттеу және талдау.

3. Сабақтың тақырыбы бойынша презентация дайындау.

4. Презентация материалын қысқаша және анық баяндау.

5. Презентация бойынша сұрақтарға жауап беруге дайын болу.

6. Сабақтың тақырыбы бойынша жағдайлық есептерді шешу.

4. Орындау түрі

1. Презентация дайындау және қорғау.

2. жағдайлық есептерді шешу.

5. Орындау және бағалау критерийлері (тапсырманы орындау талаптары): № 1 қосымшаны қараңыз.

6. Тапсыру мерзімі: 7-ші аптада.

7. Әдебиет: № 2 қосымшаны қараңыз.

8. Бақылау

Сұрақтар

1. Қанды зерттеудің қандай клиникалық әдістері Сізге белгілі?

2. Қан топтары бойынша бөлудің негізінде не жатыр?

3. Резус-фактор дегеніміз не?

4. Қан құюдың негізінде қандай ережелер жатыр?

5. Сіз қандай қан алмастырушы ерітінділерді атай аласыз?


Әдістемелік өндеу №9.

1. Тақырыбы: Аралық бақылау. Модуль №3.

2. Мақсаты: №3 модуль бойынша теориялық және тәжірибелік материалдарды игеру бойынша қорытынды шығару.

3. Тапсырма: тест тапсырмаларын шешу және практикалық машықтарын көрсету.

4. Орындау түрі: тест тапсырмаларына жазбаша жауап беру және практикалық машықтары бойынша сұрақтарға ауызша жауап беру.

5. Орындау және бағалау критерийлері (тапсырманы орындау талаптары): № 1 қосымшаны қараңыз.

6. Тапсыру мерзімі: 8-ші аптада.

7. Әдебиет: № 2 қосымшаны қараңыз.

8. Бақылау

Сұрақтар

    1. Тыныс алу жүйесі туралы қандай түсінікті білесіз және оның организм үшін маңызы қандай?

    2. Тыныс алу үрдісінің қандай кезеңдері бар?

    3. Тыныс алу циклі дегеніміз не? Оның реттелуі қалай іске асады?

    4. Сыртқы тыныс дегеніміз не?

    5. Тыныс алу үрдісіндегі тыныс алуға қатысатын бұлшықеттерінің қандай рөл атқарады?

    6. Дем алу және дем шығару механизмі қандай?

    7. Плевра, плевралық қуыс дегеніміз не? Тыныс алу үрдісінде қандай рөл атқарады? Плевралық қуыстағы қысым қандай? Пневмоторакс дегеніміз не?

    8. Қандай өкпенің сиымдылығы және көлемі бар, оларды анықтаудың қандай әдістерін білесіз?

    9. Өкпелік және альвеолалық вентиляциясы дегеніміз не? ТМК анықтаудың қандай әдістері бар?

    10. Өлі кеңістік дегеніміз не және оның маңызы қандай?

11. Өкпенің максималды вентиляциясы қай кезде болады? Өкпенің қосымша қоры дегеніміз не? Оларды есептеу әдісі қандай?

    1. Өкпенің құрылымдық-қызметтік бірлігі қалай аталады?

13. Атмосфералық, шығаратын және альвеолярлы тыныс құрамы қандай? . Анықтамасы және салыстыру.

14. Ауаның бір ортадан екінші ортаға диффузиялануын қамтамасыз ететін заңдылықтар қандай?

15. Өкпедегі газ алмасу қалай жүреді? Альвеолалық ауаның парциалдық қысымы және қандағы газдардың кернеуі дегеніміз не?

16. Қанның оттегіні тасымалдауы қалай жүреді? Қанның оттегілік сиымдылығы дегеніміз не, қалыпты жағдайда нешеге тең?

17. Қанның көмірқышқыл газын тасымалдауы қалай іске асады? . Карбоангидразаның бұл үрдісте маңызы қандай?

18. Тыныс орталығы қайда орналасқан? Оның құрылымы қандай?

19. Қандағы газдың тұрақтылығын қамтамасыз ететін жүйеге не кіреді?

20. Өкпенің жасанды вентиляциясы дегеніміз не?

21. Қандай жағдайларда өкпенің жасанды вентиляциясы қолданылады?

22. Өкпені жасанды вентиляциялау үшін қандай әдістер қолданылады?

23. Жасанды тыныс дегеніміз не?

24. Жасанды тыныс кезінде қандай әдістер қолданылады?

25. Ағзаның сұйық ортасының жалпы сипаттамасы қандай? Жасуша ішілік және жасушадан сыртындағы сұйықтықтар дегеніміз не?

26. Қан жүйесіне не кіреді?

27. Қан қандай қызметтер атқарады?

28. Қан қоймасы (депо крови) қызметін қай органдар атқарады, оның маңызы қандай?

29. Қанның құрамы қандай?

30. Плазма дегеніміз не және оның құрамы қандай?

31. Қан плазмасында қандай белоктар бар? Олардың мөлшері мен маңызы.

32. Организм үшін қанның осмостық қысымы және қышқылды-сілтілі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін қандай функционалдық жүйелер бар?

33. Эритроциттер дегеніміз не? Олардың саны қанша? Қандай қызметтер атқарады?

34. Эритроциттердің тұну жылдамдығы қанша? Сіз ЭТЖ анықтайиын қандай әдістерді білесіз?

35. Гемоглобин дегеніміз не? Ол ненің құрамында болады? Қалыпты жағдай да Нв саны неше?

36. Гемолиз дегеніміз не? Гемолиздің қандай түрлері бар?

37. Лейкоциттер дегеніміз не? Қандағы саны нешеге тең, қандай қызметтер атқарады?

38. Лейкоцитарлы формула дегеніміз не?

39. Қан қандай иммундық қасиеттерге ие?

40. Тромбоциттер дегеніміз не, қандағы саны нешеге тең, қандай қызметтер атқарады?

41. Гемостаз дегеніміз не? Гемостаздың қандай этаптарын білесіз?

42. Гемокаогуляция жүйесі дегеніміз не?

43. Қан ұюы сатылары туралы заманауи көзқарасдың мәні неде?

44. Қанның фибринолиздік жүйесі дегеніміз не?

45. Қанның ұюға қарсы механизмінің маңызы неде?

46. Антикоагулянтар дегеніміз не: табиғи және жасанды?

47. Қанның сұйық жағдайын реттеу қалай іске асады?

48. Қан топтарын алғаш сипаттап жазған кім?

49. Қан топтары бойынша бөлудің негізінде не жатыр?

50. Агглютининдер мен агглютиногендер дегеніміз не?

51. Қандай қан топтары белгілі, олардың айырмашылығы қандай?

52. Топтық ерекшеліктерін ескере отырып қан құюдың қандай әдістері белгілі?

53. Резус-фактор дегеніміз не?

54. Резус-фактор ескере отырып қан құюдың қандай әдістері бар?

55. Резус-қайшылық дегеніміз не?

56. Қан құюдың негізінде қандай ережелер жатыр?

57. Сіз қандай қан алмастырушы ерітінділерді атай аласыз?

58. Қанды зерттеудің қандай клиникалық әдістері Сізге белгілі?



Тесттер

Бір дұрыс жауапты таңдаңыз:



1. Пневмоторакс дегенiмiз бұл... .

  1. плевралық қысым атмосфералық қысымға тең болуы

  2. плевралық қуыстағы терiс қысым болуы

  3. плевра қуыстағы оң қысым болуы

  4. плевра қуысында көмiрқышқыл газының мөлшерiнiң көбеюi

  5. плевра қуысында қанның болуы

2. Пневмография – бұл әдiс... тiркейдi.

  1. көкiрек қуысының тыныс алу қозғалыстарын

  2. өкпе экскурсиясын

  3. тыныс алу көлемдерiн

  4. диафрагманың қозғалыстарын

  5. қабырға аралық бұлшықеттердiң жиырылуы

3. Эйпноэ- бұл... тыныс алу.

  1. қалыпты жағдайда

  2. жиi

  3. сирек

  4. бұлшықет жұмысында

  5. үзiлмелi

4. Тыныс алу орталығын қоздыратын өзгешелiк фактор болып... есептеледi.

  1. көмiрқышқыл газ

  2. оттегi

  3. адреналин

  4. ацетилхолин

  5. азот

5. Пневмотахометрия әдiсiмен... анықтайды.

  1. тыныс алу бұлшықеттердiң күшiн

  2. тыныс алу көлемдерiн

  3. қандағы газдардың мөлшерiн

  4. тыныс алу қозғалыстарын

  5. плеврааралық қуыстағы қысымды

6. Қалыпты жағдайда бiр минутта тыныс алу жиiлiгi...тең.

  1. 16-20

  2. 5-10

  3. 20-25

  4. 27-35

  5. 40-50

7. Дем алу сыйымдылығына ...кiредi.

  1. қалыпты тыныс ауа, резервтiк дем алу көлемi

  2. қалыпты тыныс ауа, резервтiк дем шығару көлемi

  3. резервтiк дем шығару, қалдық ауа көлемi

  4. қызметтiк қалдық ауа көлемi және қалыпты тыныс ауасы

  5. қалдық ауа көлемi, өкпенiң тiршiлiк сыйымдылығы

8. Өкпенiң тыныс алуда пассивтi роль атқаруын меңгеретiн ...моделі.

  1. Дондерс

  2. Дуглас

  3. Холден

  4. Баркрофт

  5. Сеченов

9.Тыныс алу тоқталады, егер... кесiп тастаса.

  1. сопақша мидың астынан

  2. Варолиев көпiршенiң алдыңғы шетiнен

  3. Варолиев көпiршенiң төменгi шетiнен

  4. жұлынның белдiк бөлiмiнiң деңгейiнде

  5. аралық мидың деңгейiнен

10. Өкпенiң функциональдық бiрлiгi болып ...саналады.

  1. ацинус

  2. бөлiк

  3. альвеола

  4. сегмент

11. Қан плазмасының құрамындағы ақуыздарға... жатады.

  1. фибриноген, глобулин, альбумин

  2. глобулиндер, миоглобин, фибрин

  3. фибриноген, карбгемоглобин, альбумин

  4. миоглобин, оксигемоглобин, альбумин

  5. фибриноген, метгемоглобин, альбумин

12. Оксигемоглобин - гемоглобиннiң ... қосылысы.

  1. оттегімен

  2. көмір қышқыл газымен

  3. иiсті газбен

  4. глюкозамен

  5. сумен

13. Қанның ұюына кедергi жасайтын зат- … .

  1. гепарин

  2. норадреналин

  3. адреналин

  4. кальций

  5. пепсин

14. Қан жүйесiне... жатады.

  1. қан жасаушы және қан бұзушы мүшелер, циркуляциядағы қан, олардың қызметін реттеушi аппарат

  2. циркуляциядағы қан, жүрек, қан тамырлары, олардың қызметін реттеушi аппарат

  3. қан жасаушы және қан бұзушы мүшелер, қан, жүрек

  4. циркуляциялайтын қан, қан жасаушы және қан бұзушы мүшелер, реттеушi аппарат, жүрек

  5. циркуляциялайтын қан, қан депосы, жiлiк майы, қан тамырлар

15. Қаның түстiк көрсеткiшi ... сипаттайды.

  1. эрироциттердiң гемоглобинге қанығу дәрежесiн

  2. эритроциттердiң темiрге қанығу дәрежесiн

  3. қандағы гемоглобин мөлшерiн

  4. эритроцит санының лейкоциттерге қатынасын

  5. пiшiндi элементтер мен плазма қатынасын

16. Эритропоэтиндер... пайда болады.

  1. бүйректе, бауырда, көк бауырда

  2. жүректе, көк бауырда, бүйрек үстi бездерде

  3. көк бауырда, гипофизде, бұлшықеттерде

  4. өкпеде, ас қазанда, iшекте

  5. iшекте, гипототаламуста, қызыл сүйек майында

17. Тромбоциттер ... .

  1. ретрактоэнзим, серотонин бөлiп шығарады, тромбопластин құрылуына жағдай жасайды

  2. антидене бөлiп шығарады, оттегiнi тасмалдайды, топтық өзгешелiкке ие болады

  3. аллергиялық реакцияларға қатысады, серотониндi бөлiп шығарады, суды тасымалдайды

  4. тромбопластиннiң пайда болуына жағдай жасайды, фагоцитоздық қызметке ие болады

  5. серотонин және гепарин бөлiп шығарады, қан ұюына кедергi жасайды

18. Карбоксигемоглобин – бұл гемоглобиннің ... қосылысы.

  1. иiстi газбен

  2. көмiр қышқыл газымен

  3. оттегiмен

  4. глюкозамен

  5. сумен

19. Биологиялық гемолиз ... байқалады.

  1. сәйкес келмейтiн қанды құйғанда+

  2. эфир, сiлтiлi,қышқылдың әсерiнен

  3. жоғары t°-ның әсерiнен

  4. плазманың осмостық қысымының төмендеуiнен

  5. электрлiк тоқтың әсерiнен

20. Ересек адамдарда қанның жалпы мөлшерi ...тең.

  1. 6,5-7% дене салмағынан – 4-5 л+

  2. 3-5% дене салмағынан – 1,5-2 л

  3. 9-10% дене салмағынан – 7-8 л

  4. 11-12% дене салмағынан – 8-9 л

  5. 13-15% дене салмағынан – 10-12 л


Кредит-2

Әдістемелік өндеу №1.

1.Тақырыбы: Жүректің қақпақшалық аппараты. Қанның систолалық жəне минуттық көлемі. Электрокардиография. ЭКГ-ң физиологиялық негіздері.

2. Мақсаты: жүректің қақпақшалық аппаратын, қанның систолалық және минуттық көлемін оқып үйрену,электрокардиография әдісін меңгеру.

3.Тапсырма

1. Сабақтың тақырыбы бойынша әдебиеттер дайындау.

2. Теориялық материалды зерттеу және талдау.

3. Сабақтың тақырыбы бойынша презентация дайындау.

4. Презентация материалын қысқаша және анық баяндау.

5. Презентация бойынша сұрақтарға жауап беруге дайын болу.

6. Сабақтың тақырыбы бойынша тесттер құрастыру.

4. Орындау түрі

1. Презентация дайындау және қорғау.

2. Тесттер құрастыру.

5. Орындау және бағалау критерийлері (тапсырманы орындау талаптары): № 1 қосымшаны қараңыз.

6. Тапсыру мерзімі: 9-шы аптада.

7. Әдебиет: № 2 қосымшаны қараңыз.

8. Бақылау

Сұрақтар

1. Жүректiң жиырылу жиiлiгi 75-ке тең болғанда жүрек циклiнiң ұзақтығы ... тең болады.

2. Жүрек бұлшықетiне сипатты жиырылу... .

3. Жүрекшелер мен қарыншалар арасында ... қақпақшасы орналасады.

4. Инотропты әсерден жүректің ... өзгередi.

5. Электрокардиограмма сипаттайды... .

6. ЭКГ-дағы Р тiсшесi ... көрсетедi.

7. ЭКГ-дағы Q тiсшесi ... көрсетедi.

8. ЭКГ-дағы R тiсшесi ... көрсетедi.

9. ЭКГ-дағы S тiсшесi ... көрсетедi.

10. ЭКГ-дағы Т тiсшесi ... көрсетедi.

11. Атриовентрикулярлық қақпақшалардың жабылуына байланысты ... пайда болады.

12. Фонокардиограмма ... сипаттайды.

13. Жүрек қарыншалары диастоласының ... кезеңдерi болады.

14. Қанның систолалық көлемі дегеніміз - бұл ... .

15. Қанның минуттық көлемі дегеніміз – бұл ... .


Әдістемелік өндеу №2.

1. Тақырыбы: Қан тамырларда қанның ағысын қамтамасыз ететін факторлар. Қан қысымын өлшеудің ережелері жəне оның нəтижесін талдау.

2. Мақсаты: қан жүйесінің гемодинамикалық ерекшеліктерін оқып үйрену, артериялық қысымды өлшеу әдісін және ережелерімен танысу.

3. Тапсырма

1. Сабақтың тақырыбы бойынша әдебиеттер дайындау.

2. Теориялық материалды зерттеу және талдау.

3. Сабақтың тақырыбы бойынша презентация дайындау.

4. Презентация материалын қысқаша және анық баяндау.

5. Презентация бойынша сұрақтарға жауап беруге дайын болу.

6. Сабақтың тақырыбы бойынша жағдайлық есептерді құрастыру (кейс-стади).

4. Орындау түрі

1. Презентация дайындау және қорғау.

2. Жағдайлық есептерді құрастыру (кейс-стади).

5. Орындау және бағалау критерийлері (тапсырманы орындау талаптары): № 1 қосымшаны қараңыз.

6. Тапсыру мерзімі: 9-шы аптада.

7. Әдебиет: № 2 қосымшаны қараңыз.

8. Бақылау

Сұрақтар

1. Гемодинамикалық қандай ерекшеліктерін атауға болады?

2. Қан тасымалдаушы арна тамырларының құрылымы қандай?

3. Артериялық және венозды тамырлардың айырмашылығы неде?

4. Микроциркуляторлы арнадағы қан тамырлаының морфологиялық және фунционалдық жіктелуі қандай?

5. Әртүрлі қантамырлары мен қанның қозғалысын қамтамасыз ететін факторлар қандай?

6. Артериялық қысымды өлшейтін қандай әдісті білесіз?

7. Коротков әдісі бойынша артериялық қысымды өлшеу кезінде қандай ережелерді сақтау керек?

8. Систолалық қысым дегеніміз не, ол көрсеткіш қалыпты жағдайда қаншаға тең?

9. Диастолалық қысым дегеніміз не, ол көрсеткіш қалпты жағдайда қаншаға тең?

10. Пульстік қысым дегеніміз не, ол көрсеткіш қалыпты жағдайда нешеге тең?
Әдістемелік өндеу №3.

1. Тақырыбы: Аралық бақылау. Модуль №4

2. Мақсаты: №4 модуль бойынша теориялық және тәжірибелік материалдарды игеру бойынша қорытынды шығару.

3. Тапсырма: тест тапсырмаларын шешу және практикалық машықтарын көрсету.

4. Орындау түрі: тест тапсырмаларына жазбаша жауап беру және практикалық машықтары бойынша сұрақтарға ауызша жауап беру.
5. Орындау және бағалау критерийлері (тапсырманы орындау талаптары): № 1 қосымшаны қараңыз.

6. Тапсыру мерзімі: 10-шы аптада.

7. Әдебиет: № 2 қосымшаны қараңыз.

8. Бақылау

Сұрақтар


  1. Жүректің қан айдау қызметі неге байланысты?

  2. Жүрек бұлшықетінің қандай физиологиялық қасиеттері мен ерекшеліктері бар?

  3. Кардиомиоциттер, олардың құрылысы қандай?

  4. Жүректің систоласы және диастоласы дегеніміз не?

  5. Жүректік цикл дегеніміз не? Жүрек оралымының фазалық құрылымы қандай?

  6. Жүрек қызметінің реттелуі қалай іске асады?

  7. Жүрек қызметінің жүйкелік реттелуі қалай іске асады?

8. ВЖЖ симпатикалық бөлімінің жүрек қызметіне әсері қандай?

9. ВЖЖ парасимпатикалық бөлімінің жүрек қызметіне әсері қандай?

10. Жүрек қызметінің реттелудің интракардиалды механизмдерінің мәні неде?

11. Жүрек қызметінің гуморалдық реттелуі қалай жүреді?

12. Гемодинамика нені оқытады?

13. Гемодинамиканың қандай ерекшеліктерін атауға болады?

14. Қан тамырлар арнасының құрлысы қандай?

15. Артериялық және веноздық қан тамырларының айырмашылығы қандай?

16. Артериямен қанның ағуын не қамтамасыз етеді?

17. Венамен қанның ағуы қалай жүреді?

18. Ағзадағы қанның қозғалысын реттейтін артериолалардың маңызы қандай?

19. Микроциркуляторлық арнадағы қан тамырлардың морфологиялық және функционалдық жіктелуі қандай?

20. Артериовенозды анастамоздар дегеніміз не?

21. Транскапиллярлы зат алмасу қалай іске асады?

22. Микроциркуляторлық арнадағы қанайналым қалай іске асады?

23. Көлемі әртүрлі қантамырларындағы қан ағысын қандай факторлар қаматамасыз етеді?

24. Қанның минуттық көлемі қанша?

25. Қанның сызықтық жылдамдығы дегеніміз не?

26. Қан айналымының көлемдік жылдамдығы дегеніміз не?

27. Артериялық қысымды өлшейтін қандай әдісті білесіз?

28. Коротков әдісі бойынша артериялық қысымды өлшеу кезінде қандай ережелерді сақтау керек?

29. Систолалық қысым дегеніміз не, ол көрсеткіш қалыпты жағдайда қаншаға тең?

30. Диастолалық қысым дегеніміз не, ол көрсеткіш қалпты жағдайда қаншаға тең?

31. Пульстік қысым дегеніміз не, ол көрсеткіш қалыпты жағдайда нешеге тең?

32. Артериялық пульс және оның параметрлері, қалыпты жағдайда?
Тесттер

Бір дұрыс жауапты таңдаңыз:

1. Жүректiң жиырылу жиiлiгi 75-ке тең болғанда жүрек циклiнiң ұзақтығы ... тең болады.



  1. 0,8 сек.

  2. 0,4 сек.

  3. 0,6 сек.

  4. 1,0 сек.

  5. 1,1 сек.

2. Жүрек бұлшықетiне сипатты жиырылу...

  1. жеке дара

  2. тоникалык

  3. тетаникалык

  4. пластикалык

  5. фазалык

3. Инотропты әсерден жүректің ... өзгередi.

  1. күшi

  2. жиiлiгi

  3. қозушылығы

  4. өткiзгiштiгi

  5. жиырылғыштығы

4. Электрокардиограмма сипаттайды:

  1. қозу мен өткiзгiштiктi

  2. қақпақшалардың жабылғанын

  3. жиырылғыштық пен өткiзгiштiктi

  4. жиырылғыштық пен тонусты

  5. тонус пен жүрек дүрсiлiн

5. ЭКГ Р тiсшiсi ... көрсетедi.

  1. екi жүрекшенiң қозғанын

  2. қарыншаларда қозу процесiнiң аяқталуын

  3. қарыншаларда қозудың басталуын

  4. сол жак жүрекшенiң қозғанын

  5. қозудың жүрекшеден қарыншаға ауысуын

6. Жүрек қызметiн ... тежейдi.

  1. К- иондары

  2. Са- иондары

  3. адреналин

  4. тироксин

  5. глюкокортикоидтар

7. Атриовентрикулярлық қақпақшалардың жабылуына байланысты ... пайда болады.

  1. 1 тон

  2. 2 тон

  3. 3 тон

  4. 4 тон

  5. I және II-тондар

8. Жүрек бұлшықеттерiнiң қызметтерi ... бағынады.

  1. «бәрi немесе ештеңе емес» заңына

  2. күш заңына

  3. жекелеп өткiзу заңына

  4. аккомадация заңына

  5. конвергенция заңына

9. Фонокардиограмма ... сипаттайды.

  1. жүрек дыбыстарды

  2. кеуде бөлiгiнiң ығысуын

  3. электрлiк құбылыстарды

  4. механикалық құбылыстарды

  5. контрасты зат енгiзгенде жүрек көлемiн

10. Жүрек қарыншалары диастоласының ... кезеңдерi болады.

  1. босаңсу және қанға толу

  2. ширығу және айдап шығару

  3. ширығу және босаңсу

  4. қанға толу және айдап шығару

  5. қанға толу және босаңсу

11. Ренниннiң бөлiнiп шығуы жоғарылағанда қан қысымы ... .

  1. жоғарылайды

  2. өзгермейдi

  3. төмендейдi

  4. кенет төмендейдi

  5. фазалық түрде өзгередi

12. Қан қысымының кенет төмендеуi ... байқалады.

  1. артериолаларда

  2. артерияларда

  3. веналарда

  4. капиллярларда

  5. венулаларда

13. Флебограмма әдiсi деген – бұл ... тiркеп жазып алу.

  1. веналардың пульстiк толқындарын

  2. артериялардың пульстiк толқындардың

  3. жүректiң биопотенциалдарын

  4. көкiрек қуысының тыныс алу қозғалыстарын

  5. қан қысымының қисығын

14. Қанның қысымын... әдістерімен анықтауға болады.

    1. Фик, реография

    2. Рива-Роччи, флебография

    3. Коротков, сфигмография

    4. Грольдман, капилляроскопия

    5. Вальдман, осциллография

15. Систолалық қысым деген-бұл ... .

  1. жүректен тамырларға қан айдап шығарылған кезде пайда болатын максимальдi қысым

  2. веналармен қолқа қысымының айырмасы

  3. диастола кезiндегi тамырлардағы минимальды қан қысымы

  4. қолқа мен капиллярлардың қысым айырмашылығы

  5. айшық қақпақшалар жабылған кездегi пайда болатын қысым

16. Тамырлар бойымен қан жылжыған кезiнде қан қысымының төмендеуi ... байланысты.

  1. қан тамырлар кедергiсiне

  2. қан тамырларды созылуына

  3. қан тұтқырлығының жоғарлауына

  4. плевра қуысының терiс қысымына

  5. қанның осмостық қысымына

17. Реограмма арқылы ... баға берiледi.

  1. қанның толуына және тамырлардың тонусына

  2. қанның толуына және систолалық қысымға

  3. қанның толуына және диастолалық қысымға

  4. қанның толуына және пульстiк қысымға

  5. қанның толуына және ортаңғы қысымға

18. Қанның қысымы ... төмен болады.

  1. веналарда

  2. венулаларда

  3. артериолаларда

  4. капиллярларда

  5. қуысты веналарда

19. Қан қысымы ең жоғары капиллярлар ... кездеседі.

  1. бүйректе

  2. мида

  3. өкпелерде

  4. бауырда

  5. терiде

20. Веналар ... атқарады.

  1. тасымалдауды, сыйымдылықты

  2. қоректенуді, бөлiп шығаруды

  3. тыныстықты, алмасуды

  4. бөлiп шығаруды, тасымалдауды

  5. қоймалықты, тыныстықты



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет