Аллель- геннің бірнеше баламалы формаларының түрі



бет11/23
Дата15.09.2017
өлшемі4,84 Mb.
#33985
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

Тұқым өнгіштігі деп тұқымдардың мұрттанып, өніп (көгеріп), жетілген өскіндер беру қабілетін айтамыз.

Бұл жұмысты орындау барысында студенттер 2 апта бойы тұқымдарды өсіру аппаратында стандартқа сәйкес белгілі мерзімде өскіндерін есепке алып бақылау арқылы жүргізеді.

Тұқым өнгіштігін бақылауға алынған тұқымдардың жалпы саны бойынша, олардың өну мөлшеріне қарай процентпен есптелінеді.

Тұқым өнгіштігімен қатар, олардың өсу қуаты да анықталады. Тұқымның өсу қуаты деп – тұқымдардың кесілген мерзімде тез және біркелкі өсіп шығу қабілетін айтамыз. Тұқым өнгіштігін анықтау шарттары 5 – кестеде келтірілген.



Орман тұқымдарын көгертіп -өсіруге арналған аппараттар

Тұқымдарды жарықта, тұрақты суландырып, көгертіп - өндіруге. Копенгаген және Любенберг аппараттары мен Осиевский құралы қолданылады.

Төменде бізде бар аппараттың сипаттамасын келтіре кеткенді жөн көрдік.

Копенгаген аппараты – металлдан жасалған, екі түбі бар, ағаш жәшікке орнатылған ванна. Үстіне цинктелген темір немесе тот баспайтын құрыштан істелген подностар қойылады.Әр подноста арнайы 24 біркелкі орналасқан тесіктер бар.

Ваннаға подностан 3-4 см төмен су құйылады, оның жылытуы электр тоғымен жүргізіледі. Ваннаны, подносты пайданалар алдында металлдан жасалған щеткалармен ысып, жуады, содан кейін қайнаған ыстық сумен шайып тастайды.

Подностағы тесіктердің бетіне білтелерін суға малып жұмсақ мақтадан істелген дөңгелек төсеніштер, ал олардың үстіне фильтрлі қағаздар қойылады.Осы дөгелек қағаздардың бетіне тұқымдарды орналастырып, беттерін, үстінде ауа өткізетін тесіктері бар, қақпақтармен жабады. Аппараттағы су күніне 6 сағат бойы 20 градустан 30 градусқа дейін жылытылады және әр 7 күн сайын ауыстырылып тұрады.
Жұмыстың орындау тәртібі

Алдыңғы зертханалық жұмыстағы таза тұқымдарды араластырып, өнгіштігін анықтауға талғап іріктемей сынама аламыз (оның саны тұқым түріне байланысты 5-кестеде келтірілген).

Ә сынамадан 100 тұқым алынады.Тұқымдар мен қолданылатын құрал саймандарды неғұрлым таза, стерильді жағдайда жүргізуге тырысу қажет.Ол үшін құрама тақтасын, пинцеттерді спиртпен сүртеді, мата төсеніштер мен фильтрлі қағаздарды 1-2 минут қайнап тұрған ыстық суда ұстайды,ал тұқымдарды ұсақ торлы елеушке салып ағын суға біраз ұстап, тазалайды. Жұмыс барысында тұқым мен төсеніштерді қолмен ұстамаған жөн. Тұқымдарды фильтрлі қағаздарға пинцет арқылы төмен көрсетілгендей етіп қояды:

оооооо 6


оооооооо 8

оооооооооо 10

оооооооооооо 12

оооооооооооооо 14

оооооооооооооо 14

оооооооооооо 12

оооооооооо 10

оооооооо 8

оооооо 6

100 дана
Бұл келтірілгендей болмаса, тұқым қойылатын қағазды қарындашпен тең 4 бөлікке сызып, әр қайсысына 25 тұқымнан (6,5,4,3,2) пинцетпен қоюға болады. Тұқымдар бір-біріне жанаспай жатуы шарт.Тұқым қойылған фильтрлі қағаздар аппараттағы төсеніштерге де пинцет арқылы қойылады.




Жарықта, температура алмасуы 20-30оС тұқым өнгіштігін анықтау шарттары

5 кесте


Түрлердің тұқымда

ры

Сына

ма саны,

100 дана


Көктету алдындағы дайындық

Бақы

лау күн-

дері

Анықтау мерзімі, тәулік

Өну қуа-ты

Өнгіштігі

1

2

3

4

5

6

Қотыр қайың

4

-

3,5,7,10,15

7

15

Үлпек қайың

4

-

3,5,7,10,15

7

15

Кәдімгі шегіршін

3

Дәндерін қанатшаларынан ажыратады

2,3,5,7,10

5

10

Бұтақты қарағаш

3

Дәндерін қанатшаларынан ажыратады

2,3,5,

3

5

Кәдімгі глединия

3

Тұқымдарын скарификациялап, 6-18 сағатқа суға салады

2,3,5,7

5

7

Кәдімгі емен

3

Ағын суға жуып,қабығын аршып,жарнақтарының 1/3 дән ұрықтарына қарсы кесіп тасталынады

5,7,10,15,20

7

20

Кәдімгі шырша

4

-

5,7,10,15

10

15

Шренк шыршасы

4

-

5,7,10,15,20

10

20

Татар ұшқаты

4

-

7,10,15,20,25,30

10

30

Тал (барлық түрлері)

4

-

1,2,3,4,5

2

5

Сары қараған

4

Тұқымдары ағын суға жуылады

5,7,10,

15,20


7

20

Сібір балқарағайы

4

-

5,7,10,

15


7

15

Боз жиде

3

Сүйектері 4 тәулік суда жібітіліп,тұқымдары алынады,оларды 2-3 сағат суда ұстап,тамыршасының шеті тұқым қапшығынан босатылады

2,3,5,7,

10


3

10

5 кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

Итшомыр шырғанақ

4

-

7,10,15,20, 25,30

10

30

Терек

4

-

1,2,3,4,5

2

5

Сібір майқарағай

4

-

5,7,10,15,20

7

20

Қара сексеуіл

4

Жемістері 24-48 сағат суда жібітіліп,ұрықтары босатылады

1,2,3

1

3

Кәдімгі қарағай

4

-

3,5,7,10,15

7

15

Тұқымдарды өсіру кезінде төменгі шарттарды орындаған жөн:

1) күн сайын 6 сағат бойы төсеніш температурасын біртіндеп 20 градустан 30 градусқа жеткізу керек. Ол үшін аппараттардағы судың температурасын 24 градустан 36 градусқа жылытамыз.Тәуліктің қалған уақытында төсеніш температурасы 20 градус деңгейінде болуы керек.

2) төсеніш ылғалдылығы бір деңгейде болуы қажет, өте кеуіп кетпей не тым суланып кетпей;

3) тұқымдар мен төсеніштерде көгерген өңез пайда бола бастаса, оларды таза алынады:

а) әр күн сайын - өсіру мерзімі 5 күнге дейінгі тұқымдарға (бұтақты қарағаш,тал,терек,сексеуіл);

б) өсіру мерзімі 7 ағын сумен әбден жуамыз, кейде фильтрлі қағаздар мен мата төсеніштерін жаңалап, ауыстырамыз;

4) тұқым өсірілетін бөлме температурасы 15 градустан төмен болмауы керек.

Тұқымдарды төсенішке орналастырғаннан кейінгі, келесі күн тұқымның өсіп-өнуінің бастапқы күні деп есептелінеді.

Тұқымдарды өсіру кезіндегі бақылаулар әр жүздік бойынша жеке есепке алынады:

а) әр күн сайын - өсіру мерзімі 5 күнге дейінгі тұқымдарға (бұтақты қарағаш, тал, терек, сексеуіл );

б) өсіру мерзімі 7 күн тұқымдарына – 2,3,5,7 күндері (кәдімгі гледичия,ақ қараған,т.б.);

в) 3,5,7,10 және 15 күндері (кәдімгі қарағай, кәдімгі шырша, қотыр қайың, т.б.);

г) 5,7,10, ал ары қарай әр 5 күнде - өсіру мерзімі 20-25 күн тұқымдарына (емен,каштан,жаңғақ,тұт,т.б.);

д) 7,10 – күндері, ары қарай әр 5 күн сайын - өсіру мерзімі 30-40 күн тұқымдарына (үшқат,шырғанақ, т.б.).

Жақсы өскен тұқымдар санына тамыршаларының ұзындығы тұқымның ұзындығынан кем еместерін жатқызамыз.Ал тұқымдары өте ірі түрлердің (емен,пісте,т.б.) тамыршаларының ұзындығы тұқым ұзындығының жартысынан кем болмағандарын есепке аламыз.

Бақылау күндерінде жақсы дамыған тұқымдарды және шіріп кеткендерін әр жүздік бойынша талдау карточкасына есепке алып,төсеніштен алып тастаймыз.

Бұдан кейін төсеніштерде қалған тұқымдарды санап, олардың сандарын да талдау қағазына жазамыз; бөлшектің алымына өскен тұқымдар санын, ал бөліміне - өспегендерін көрсетеміз.

Ең соңғы есеп жасайтын күні өспей қалған тұқымдарды төсеніштен алып,ұзынынан скальпельмен кесіп,әр жүздік бойынша:сау, дұрыс өспеген, қатты, шіріп кеткендері, жарнақсыздары, бос дәнділері, энтомологиялық зиянкестермен зақымданғандары – деп бөліп талдау қағазына сандарын жазамыз. Өсіру нәтижелері бойынша тұқым өнгіштігін, өсу қуатын әр сынамаға орташа арифметикалық мәнін есептеп процентпен бүтін дәлдікпен көрсетеміз.

Тұқым өнгіштігін апнықтауда әр сынаманың нәтижелерінің айырмашылығы 6 – кестеде келтірілген ауытқу мүмкіндіктен аспауы керек. Ауытқу мөлшерін әр 4 сынама тұқым жүздігі бойынша есептелінеді.Ол үшін тұқымдардың әр 100 сынамасы бойынша орташа арифметикалық мәнімен салыстырамыз. Егер бір жүздік тұқым көрсеткіші берілген ауытқудан асып кетсе, оның көрсеткішін есепке алмаймыз; ал өсу қуаты мен тұқым өнгіштігін қалған 3 сынама бойынша анықтаймыз.Егер ауытқу көрсеткіштері 2 сынама бойынша келтірілген ауытқу мөлшерден артық болып кетьсе, талдау дұрыс жүргізілмеді деп санаймыз.Мұндай жағдайда тәжірибе жұмысы қайталанып,жаңадан өткізіледі.



Құрал –саймандар мен материалдар:

1) Сұрыпталған таза тұқым;

2) Құрама тақтасы;

3) Дайындалған Копенгаген аппараты;

4) Білтелерімен тігулі мата төсеніштері;

5) Дөгелек фильтрлі қағаздар;

6) Пинцеттер;

7) Скальпельдер.



  1. кесте Тұқым өсірудегі рұқсат етілген ауытқулар, %


Орташа арифмети-калық

өнгіштігі,

%

Рұқсат етілген ауытқу, %



Орташа арифметикалық өнгіштігі, %

Рұқсат етілген ауытқу, %

4 сынама 100

тұқымнан

3 сынама 100 тұқымнан

4

сынама

100 тұқым-нан

3 сынама 100 тұқым-нан

99;2

5

4

81-83;18-20

15

14

98;3

6

5

78-80;21-23

16

15

97;4

7

6

77;24

17

15

96;5

8

7

73-76;25-28

17

16

95;6

9

8

71-72;29-30

18

16

93-94;7-8

10

9

67-70;31-34

18

17

91-92;9-10

11

10

64-66;35-37

19

17

89-90;11-12

12

11

56-63;38-45

19

18

87-88;13-14

13

12

51-55;46-50

20

18

84-86;15-17

14

13









7 Зертханалық жұмыс. Тұқым Өміршеңдігін анықтау


Бұл әдіс тұқым ұрығының бояулардың түсін өз бойына сіңіру қасиетіне байланысты жасалған. Бұл жағдайда кейбір бояулар өлі клеткаларды ,енді біреулері – сау клеткаларды бояйды.

Тұқым өміршеңдігі деп тірі тұқымдардың жалпы талдауға алынған тұқымдар санына проценттік қатынасын айтамыз.

Ұрықтың боялу көлеміне, орнына, түсіне байланысты тұқым өміршеңдігіне тұжырым жасалынады.Бояу қолдану әдісі ұзақ тыныштық сақтайтын тұқымдарға пайдалынады, ал кейде тез арада өнетін ағаш түрлеріне де (қарағай,шырша,т.б.) қолданады.



Тұқым өміршеңдігін анықтау үшін келесі бояу ертінділері қолданылады: индигокармин (ұрықтың өлі клеткаларын көк түске бояйды), йод (қылқанды ағаш түрлерінің тірі клеткаларын көкшіл-сұр түске бояйды), тетразол (тірі клеткаларды қызыл түске бояйды).Кейбір ағаштар мен бұталар түрлеріне тұқым өміршеңдігін анықтау шарттары 7 – кестеде келтірілген.
7 кесте - Тұқым өміршендігін анықтау шарттары

Ағаш не бұта түрінің атауы


Бояу


Концент-

рациясы,

%

Ұрықты бояуда ұстау мерзімі, сағат

Жарық түсу жағдайы

Кәдімгі өрік

ИК

0,05

2

Ж

Кәдімгі бөрі қарақат

ИК

0,05

2

Ж

Шие (барлық түрлері)

ИК

0,05

2

Ж

Кәдімгі алмұрт

ИК

0,05

2

Ж

Кәдімгі шырша

ЙЙК

-

0,5

Ж

Шренк шыршасы

ИК

0,05

3

Ж

Үшкіржапырақты үйенкі

ТЗ

0,05

24

Қ

Татар үйенкісі

ИК

0,05

2

Ж

Ұсақжапырақты жөке

ИК

0,05

2

Ж

Сібір балқарағайы

ЙЙК

-

0,05

Ж




ИК

0,05

2

Ж

Сібір майқарағайы

ИК

0,05

2

Ж

Самырсын қарағай

ИК

0,05

2

Ж

Кәдімгі қарағай

ЙЙК

-

0,05

Ж




ИК

0,05

2

Ж

Алма барлық түрлері

ИК

0,05

2

Ж

Кәдімгі шаған

ИК

0,05

2

Ж

Қысқартылған белгілер:

ИК – индигокармин;

ТЗ – тетразол;

ЙЙК – йод ерітіндісі;

Ж – жарықта;

Қ – қараңғыда.

Тұқымдарды талдауға дайындау

Таза тұқымдардан 400 данасын немесе ірі тұқымдардан 300 данасын бөлек-бөлек 100-ден санап аламыз.Олардың ұрықтарын шығарып алу алдында арнайы дайындықтан өткіземіз.Мысалға, үшкіржапырақты үйеңкі тұқымдарын қанаттарынан босатамызда 18-24 сағатқа суға ісіндіруге салып қоямыз.Алманың немесе алмұрттың тұқымдарын суда 3-4 тәулік бойы ұстаймыз.Қарағай мен шырша тұқымдарын 18-24 сағат суға саламыз, одан соң өсіру аппаратында 48 сағат ұстаймыз.

Ұрыққаптары немесе тұқым қабықтары қатты болғанда, олар суландыру алдында скарификацияланады немесе қатты қабықтарынан босатылады.

Индигокармин ерітіндісімен кәдімгі қарағай тұқым ұрықтарын бояу:

1) таза тұқымдар тобынан 100 данадан 4 жеке жүздіктер санап алып, оларды 18 сағатқа әрқайсысын бөлек стакандарға ісінуге суға салып қоямыз. Тұқымдардың ұрықтарын шығару кезінде жарамсыз болып қалғандарын айырбастау үшін 5 – жүздік болғаны жөн,олар да бөлек суы бар стаканға салынады;



  1. Тұқым ішіндегі ұрықты алу үшін скальпельмен ұрықты бойлатып тұқымды ортасынан 1 мм –ге жанатып екіге бөлеміз.Ланцет өте өткір болуы керек және ұрықты алу кезінде өте сақтықпен,абайлап істеген жөн. Алынған ұрықтарды таза суы бар стаканға салып отырамыз.Механикалық жолмен зақымдалған тұқымдар есепке алынбайды,оларды 5-жүздіктегі тұқымдардан толықтырамыз.

  2. Стакандарға суды төгіп, орнына индигокармин ертіндісін құйып, 2 сағат осы бояуда ұстаймыз.

  3. Ұрықтарды 2 сағаттасын сумен шайып, жуамыз да талдауға шыны үстіне төгеміз.

Өміршеңді тұқымдарға ұрықтары боялмағандарын және ұрық тамыршасының ұшынан бастап 1/3 бөлігінен азы боялғандарын жатқызамыз.

Ал тіршілік нышаны байқалмайтын, өлі тұқымдарға – ұрықтарына қарап келесілерін жатқызамыз:

а) жарнақтары боялғандарын;

б) ортасында боялған белдіктері барларын;

в) ұрық тамыршасының ұшынан бастап 1/3 бөлігінен көбі боялғандарын;

г) толық боялғандарын.

Бұларға тұқымдары бос, шірігендері де әр жүздікбойынша қосылып, есепке алынады.

Тұқым өміршеңдігін орташа арифметикалық мәнін тауып, бүтін дәлдікпен проценттеп есептейміз:


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет