Аллель- геннің бірнеше баламалы формаларының түрі



бет12/23
Дата15.09.2017
өлшемі4,84 Mb.
#33985
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

Б

Ө = ---- х 100% ,

Ж
мұнда Ө - тұқым өміршеңдігі;

Б – боялған ұрықтар саны;

Ж – жалпы тұқым саны.
Тұқым өміршеңдігін анықтауда бояуға алынған әр сынама нәтижелерінің айырмашылығы жоғарыда келтірілген (6 кесте) ауытқу мөлшерден аспауы керек.

Егер тұқым өміршеңдігі стандартта көрсетілген 3-топтан 5% төмен болған жағдайда, талдауды қайтадан жасайды.

Кәдімгі қарағай тұқымдарының ұрықтарын йодты калий ерітіндісімен бояу:

1) таза тұқымдардан талдауға 100 данадан 4 жүздігін бөлек-бөлек санап алып, бөлме температурасындағы суға 18 сағатқа салып қоямыз;

2) содан кейін тұқымдардың ұрықтарында көбіре крахмал жиналуы үшін олардың әр жүздігін жеке өсіру аппаратында 48 сағат бойы ұстаймыз;

3) тқымдардың ұрықтарын әр жүздік бойынша найза тәрізді ланцетпен бөліп алып, су құйылған стакандарға саламыз.Ұрықтарды айырып болысымен стакандардағы суды төгіп, 20-30 минут ерітіндіде ұстаймыз.Оның құрамында 100 см3 тазаланған су, 1,3 г калий йоды және 0,3 г кристаллды йод.

Ұрықтарды бөлген кезде, олардың бостарын, шірігеннен өсе алмайтын тұқым сандарын есептейді;

4) 20-30 минут уақыт өткеннен кейін бояу ерітіндісін еппен төгеміз де, ұрықтарды суда шайқап жуамыз, сосын ақ қағазға немесе шыныға төгіп, ұрықтардың боялғандарын және боялмағандарын санаймыз.

Өміршеңді тұқымдарға жататындардың ұрықтары:

а) қарадан сұр түске дейін толық боялады;

б) тамыршалары күнгірт немесе сұр түске, ал жарнақтары сарыға боялады;

Өміршеңсіз тұқымдарға жататындардың ұрықтары:

а) жарнақтары қара немесе сұр түске, ал тамыршалары – сарыға боялады;

б) тамыршаларының ұштары қара немесе сұр түске, ал ұрықтың қалған жерлері – сарыға боялады;

в) сары түске боялғандары.

Өміршеңсіз тұқымдар санына бос және шіріп кеткендерін қосамыз. Осыдан кейін тұқым партиясының өміршеңдік проценттін есептейміз.Нәтижелері талдау қағазына түсіріледі.

Құрал – саймандар мен материалдар:

1) Қолданылатын бояу ерітінділері;

2) Бояуға және жууға арналған ыдыстар;

3) Скальпельдер;

4) Алдын – ала дайындалған тұқымдар;

5) Тұқымдарды құрғатуға арналған фильтрлі қағаздар;

6) Қоқыс салатын ыдыс.
8 Зертханалық жұмыс. Тұқым сапалылығын кесу арқылы анықтау
Тұқым сапалылығы – деп кесу әдісі мен анықталатын сау тұқымдардың талдауға алынған тұқымдарға проценттік қатынасын айтамыз. Бұл тәсіл тұқымдары өте баяу өнетін, өміршеңдігін табу әдістері әлі анықталмаған ағаш пен бұта түрлеріне қолданылады.Тұқым сапалылығы кесу арқылы анықталады, оны анықтаудың техникалық шарттары 8 – кестеде келтірілген.

8 кесте – Тұқым сапалылығын анықтау шарттары

Ағаш пен бұта түрінің аты

Тұқымның кесу алдындағы дайындығы

Тұқым сапалылығының нышандары

Долана (барлық түрлері)

Тұқымы құрғақтай немесе 4-5 тәулік суда ұсталып кесіледі

Ұрығы ақ түсті

Жүзген (барлық түрлері)

Бүтін тұқымдары 4 тәулік бойы суда жібітіледі

Ұрығы шымыр,ақ немесе ақсары түсті

Емен (барлық түрлері)

Тұқымы құрғақтай кесіледі

Жарнақтары сау, қатты

Кәдімгі үшқат

Бүтін тұқымдары 3-4 тәулік суда ұсталады

Ұрығы шымыр,ақ түсті

Татар және шағанжа- пырақты үйеңкі

Қанатшаларымен бірге 1 тәулік суда жібітіледі және 20 градуста 20-30 күн бойы ылғалды құмда не ағаш үгіндісінде ұсталынады

Ұрығы шымыр, сары немесе ақса- ры түсті, маланба-

ған


Ат каштаны

Тұқымы құрғақтай немесе 2-3 тәулік суда ұстаған соң,кесіледі

Ұрығы ақ немесе ақсары түсті


Жаңғақ

Тұқымы құрғақтай немесе 5-6 тәулік суда ұсталып, кесіледі

Ұрығы шымыр, ақ немесе ақсары түсті

Пісте

Бүтін тұқымдары 3-5 тәулік суда жібітіледі

Ұрығы шымыр, ақшыл-жасыл неме се ақ сары түсті



Еменжаңғақтардың сапалылығын анықтау

Талдауға 100 данадан 3 жүздік шошқажаңғақтары санап алынады. Олардың әр қайсысының қабықтары аршылып, жарнақтары сызық бойымен скальпель арқылы екіге бөлінеді.

Әр бір осылай кесілген еменнің шошқажаңғақтары сапалылығы бойынша жарамды және жарамсыз – деп екі топқа бөлінеді.

Жарамды шошқажаңғақтарға жататындары:

а) жарнақтары қатты, жылтыр сарғыш-ақ немесе қызғылт түсті және тұқым тамыршасы мен алғашқы бүрі барлары;

б) күңғірт-қоңыр сызықшалар мен қара-көк дақтардың көлемі жарнақтардыың 1/4 бөлігінен аспағандары;

в) өскін мұрттары сынғаны мен сынбағандары, егер жоғарыдағы талаптарға сай болса.

Жарамсыздарға жататын шошқажаңғақтары:

а) жарнақтарының 1/4 бөлігінен көп жерінде қара-көкшіл дақ барлары және олар ұрық қасына өте жақын орналасқандары;

б) зиянкестермен зақымданғандары;

в) саңырауқұлақтармен зақымданғандары;

г) кеуіп, солып немесе босап кеткендері;

д) суық немесе ыстыққа ұшырағандары;

е) ұрығы өлгендері.

Тұқым сапалылығының есептеулері тұқым өнгіштігі мен өміршеңдігінің есептері сияқты жасалынады. Жұмыс аяғында «Шошқажаңғақтардың сапалылығын анықтау актісі» толтырылады.

Құрал – саймандар мен материалдар:

1) еменнің шошқажаңғақтары;

2) скальпельдер;

3) қоқыс салатын жәшік


9 Зертханалық жұмыс. Тұқым сапасының көрсеткіштері және тұқым сапасы туралы құжаттар
Талдау қағазы бойынша ең алдымен барлық графаларының орташа арифметикалық мәндері (әр бір бақылау күндерінде өскен тұқым саны, бүкіл талдау мерзімінде өскен тұқым саны,т.с.с.) есептелінеді.Содан соң мыналар:

1.Шаруашылықтық (техникалық) тұқым өнгіштігі - өскен тұқым сандарының өсіруге алынған тұқым сандарына проценттік қатынасы бойынша есептелінеді:



п х 100

Шар.өнг.= ----------- , мұнда

П

п - өскен тұқым саны,

П -өсіруге алынған тұқым саны.

Осы көрсеткіш пен тұқым тазалығы арқылы тұқым сапасының тобы анықталады.


2. Абсолюттік тұқым өнгіштігі – барлық бақылау мерзімінде өскен тұқым сандарының өсіруге алынған тұқымдардың ұрықтары өнгендеріне проценттік қатынасы бойынша анықталады:

Бұл көрсеткіш әдетте ғылыми зерттеулерде қолданылады.


п х 100

Абс.өнг.= ----------- , мұнда

П - б

б – бос тұқымдар саны.



3. Өсу (өну) қуаты - өскен тұқымдардың проценттік санын көрсетеді, бірақта бүкіл мерзім бойынша емес, тек оның 1/2 - 1/3 бөлігінде. Мысалға, кәдімгі қарағайдың өнгіштігінің мерзімі 15 күн, ал өсу қуаты тек 7 күнде анықталады (5 кесте).

4. Тұқымның орташа тынымы (тыныштық сақтауы) – тұқымдардың өсу жылдамдығымен сипатталады.Оны мына формула бойынша есептейміз:
п х в +...+п х в

Т.о.т. = --------------------, мұнда

п1 + п2 + ... пп

п - өскен тұқым саны

в – бақылау күні
5.Шаруашылық жарамдылығы дегеніміз – орташа үлгідегі таза өнгіш тұқымдардың проценттік мөлшерінің көрсеткіші.Оны тұқым өнгіштігінің тазалығына көбейтіп және 100-ге бөліп есептейміз:
өнгіштік% х тазалық%

Шар.жар.= ---------------------------

100

Зерттелген тұқым партиясының шаруашылық жарамдылығы мен өсу қуаты тұқым талдау қағазының тиісті графаларына түсіріледі.Ал тұқым сапасының басқа көрсеткіштері талдау карточкасының бірінші бетіндегі бос шеттеріне жазылады.

Тұқымның шаруашылық өнгіштігі мен тазалығы бойынша, егер соңғысының мәні стандартта көрсетілгеннен кем болмаса, тұқым сапасының тобы анықталады (9 кесте).

Өнгіштігі бойынша стандартты, бірақ ластанған тұқымдар қайта тазартуға ұсынылады, ол туралы талдау қағазында көрсетіледі.

Стандартты тұқымдарға «Тұқым сапасы туралы куәлік» бланкасы, ал стандартқа сай емес тұқымдарға – «Тұқым талдау нәтижесі» толтырылады.

Тұқымдық сапасы туралы мөлшерлері анықталмаған тұқымдарға «Анықтама» қағазы беріледі.


9 – кесте. Тұқым сапасының тобын анықтау үшін стандарттық мөлшерлері (нормалары)


Тұқым түрінің атауы


Сапа тобы


Өнгіштігі,%тен кем емес

Өміршеңдігі, сапалылығы,%-тен кем емес

Тазалығы,%-тен кем емес

Кәдімгі қарағай

1

2

3



95

85

65



95

85

65


92


Кәдімгі шырша

1

2

3



85

75

60



85

75

60


90


Шренк шыршасы

1

2

3



80

65

50



80

65

50


93


Сібірлік балқарағай

1

2

3



70

55

40



70

55

40


93


Сібірлік майқарағай

1

2

3



45

30

20



45

30

20


80


Самарсын қарағай

1

2

3



-

-

-



85

70

50


96


Қотыр қайың

1

2

3



55

35

25



-

-

-


25


Кәдімгі шаған

1

2

3



-

-

-



85

70

50


90


Үйеңкі

1

2

3



-

-

-



85

75

60


93


Алма

1

2

3



-

-

-



90

80

65


93

10 – зертханалық сабақ

Тақырып: Қайың дәндерінің толық дәнділігін анықтау

Жұмыс мақсаты: негізгі түсініктерді, терминдерді игеру; толық дәнділік әдістерімен танысу; қайың дәндерінің толық толық дәнділігіне іс жүзінде талдау жүргізу.

Дәндердің толықтылығының мағнасы, егуге жарамдылық және сапалылықпен, бірдей.



Дәндердің толықтылығы – пайыздық көрсеткішпен есептелген, талдауға алынған барлық дәндердің жалпы санына қабығы толық дәндердің, сан қатынасы. Қайың дәндерінің толықтылығын анықтау үшін негізгі екі әдіс бар, оларды П.Л.Богданов пен С.Н.Новашин дайындаған.
І.Богданов әдісі (дәндерді езу).

Жұмыс тәртібі:

1.Оқытушыдан массасы 1 г қайыңның дәндер өлшемін алу керек.

2.Өлшемді екі фракцияға бөлу керек:

- таза дәндерге;

- қоспаларға.

3.»Таза» дәндердің пайызын мына формуламен анықтау керек:

М1

Т = -------- х 100 , бұл жерде



М

Т – «таза» дәндер, %;

М1 - өлшемнің салмағы, г;

М – таза дәндердің салмағы, г.

4.Өлшенген таза дәндерді торланған бюкске салып 5 -10 минут қайнап жатқан суда ұстау керек;

5.Қайнатылған дәндерден 4 рет 100 данадан есептеп алынады.

6.Дәндерді төртке бөліп шыны үстіне салу керек.

7.Екінші шынымен дәндердің үстінен басу керек.

8.Езгенде толық дәндерден ақ ұрық (жарнақ пен тамырша) шығады, ал бос дәндер өзгермейді (олардан су шығады).

9.Толық дәнді тұқымдардың санын есптеу керек.

10.Төрт есептеудің орта арифметикалық мағнасын анықтау керек.

11.МСТ 13657-68 негізінде тұқымның сапа классын анықтау керек (10 кесте).



10 – кесте. Тұқымның сапа классын анықтау

(МСТ 13857-68)Түр аталуы

Класс

Өніштігі,% төмен емес

Тазалығы,% төмен емес

Қотыр қайың

1

2

3



55

35

25



25

25

25


12. Зертханалық жұмыстарға арналған дәптерге істелген жұмыстар туралы жазбалар жасау керек.



ІІ.Новашин әдісі (дәндерді күн сәулесінде қарау).

Жұмыс тәртібі:

1.Таза дәндер өлшемінен қайыңның 400 дәнін алу керек (100 данадан 4 рет).

2.Дәндерді бюкске салып үстінен спирт құйып 24 сағат ұстау керек.

3.Ұстау мерзімі өткеннен кейін 5-6 мг глицерин қосып тағы 1 тәулікке қалдыру керек (глицерин сіңген дәндер жылтыр болады).

4.Дәндерді жүздеп шыныға салып арнайы шыны немесе көзбен қарап есептейді, сосын дәндердің келесі түрлерін бөледі:

- толық дәндерді – дамыған дән қабықты толық толтырған;

- толық дамымаған – дамымаған дән;

- бос – қоңыр түсті ұрықтанбаған екі тұқым бүрісі көрінеді;

- аурулар немесе зиянкестермен зақымданған.

5.Төрт есептеудің орташа арифметикалық толық дәнділігін есептеу керек.

6.МСТ 13857-68 негізінде қайың дәндерінің сапа классын анықтау керек.

7.Зертханалық жұмыстарға арналған дәптерде істелген жұмыстар туралы жазбалар жасау керек.


Материалдар мен құралдар:

1.МСТ 13857-68 . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1 дана;

2.Қотыр қайыңның дәндері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4 г;

3.Пинцеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . .. .. . . . . . . . 4 дана;

4.Инелер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4 дана;

5.Талдау тақташалары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4 дана;

6.Торлы бюкстер . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1 дана;

7.Аспаптық шынылар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . 8 дана;

8.Спирт (96 %) . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10-15 мг;

9.Глицерин . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5-6 мг;

10.Үлкейткіш шыны . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2 дана;

11.Электрлі таразы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1 дана;

12.Электрлі плита . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . .. . . . 1 дана;

13.Су құйылған ыдыс . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . 1 дана.




Әдебиеттер

  1. Кентбаева Б.А. Лесосеменное дело. – Алматы, 2006. – 120 с.

  2. Сүлейменов А.А. Орман дақылдары селекциясы. – Астана, 2007

Тәжірибелік сабақ 2 сағат
Дәдердің өміршеңдігін анықтау. Қолданылып жүрген әдістермен жалпы танысу.
Бақылау сұрақтары:

  1. Орман тұқым дәндерінің физиологиядық ерекшеліктері

  2. Орман тұқымдарының морфологиясы

  3. Орман тұқым ісі пәнінің орман шаруашылығындағы маңыздылығы. Пәннің негізгі бағыттары мен міндеттері.

  4. Ағаш бұталардың жемiстенуi, оларға әсер ететiн әр түрлi факторлар /генотиптiк және экологиялық/.

  5. Орман ағаштарының жемiстену кезеңдiгi, оларға әсер ететiн факторлар, жемiстену кезеңдiгiн өзгерту шаралары.

  6. Орман тұқымдарын санау әдiстерi (жаппай жинау, моделдi ағаштарды статистикалық сынақ жүргізу)

  7. Орман тұқымдарын санау әдiстерi (жерге түскен жемiс пен тұқым)

  8. Орман тұқымдарын санау әдiстерi (салыстырмалы бағалау)

  9. Орман тұқымдарын санау әдiстерi (фенологиялық әдiсi, сынақ бұтақтары бойынша санау және болжау).

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

  1. “Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы” Силыбаева Б.М, Байганова Ж.Қ, Карипбаева Н.Ш,Полевик В.В Семей-2010 ж

  2. Кентбаева Б.А. Лесосеменное дело. – Алматы, 2006. – 117 с.

  3. Сүлейменов А.А. Орман дақылдары селекциясы. – Астана, 2007. – 23 б.

  4. Набатов Н.М. Лесоводство. – М.: 1997. – 325 с.

  5. Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы.1996.-244 с.

  6. Қосымша әдебиет:

  7. Бегенов А.Б., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1996– 109 с.

  8. Сүлейменов А.А. Орман шаруашылығы: әдістемелік нұсқаулар.- Павлодар: Кереку,2008.- 20 б.

  9. Эйтинген Г.Р. Лесоводство. – М.: 1986. – 426


Тәжірибелік сабақ 4 сағат
Дәндерді кесу әдісімен сапалылығын анықтау.Сынамалар алу, дәндерді кесу. Сапасыздық белгілері.

Бақылау сұрақтары:

  1. Орман тұқымдарын өнiмдiлiктi болжау (қысқа уақытқа – фенологиялық бақылау)

  2. Орман тұқымдарын өнiмдiлiктi болжау (ұзақ уақытқа – метеорологиялық, энтомологиялық, статистикалық-санақ, генеративтi бүршiктер бойынша)

  3. Орман тұқым iсi селекция-генетика негiздері.

  4. Орман тұқымдарының селекциялық категориясы.

  5. Алқа ағаштармен ағаштарды селекциялық бағалау.

  6. Орман тұқым учаскелерiн ұйымдастыру жолдары (тұрақты және уақытша)

  7. Орман плантацияларын ұйымдастыру әдiстерi, оларды өсiру мен пайдаға асыру.

  8. Орман тұқым учаскелерi және плантациялар, жыл сайын тұрақты жемiс берулерi үшiн оларға жағдай жасау.

  9. Мамандандырылған орман тұқым шаруашылығын ұйымдастырудың артықшылығы.

  10. Орман тұқымдарын дайындау және аумақтарға көшiрудi ғылыми дәлелдеу.

  11. Орман топтарында және жеке ағаштарда селекциялық санақ /инвентаризация/ жұмыстарын өткiзу.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

  1. “Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы” Силыбаева Б.М, Байганова Ж.Қ, Карипбаева Н.Ш,Полевик В.В Семей-2010 ж

  2. Кентбаева Б.А. Лесосеменное дело. – Алматы, 2006. – 117 с.

  3. Сүлейменов А.А. Орман дақылдары селекциясы. – Астана, 2007. – 23 б.

  4. Набатов Н.М. Лесоводство. – М.: 1997. – 325 с.

  5. Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы.1996.-244 с.

  6. Қосымша әдебиет:

  7. Бегенов А.Б., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1996– 109 с.

  8. Сүлейменов А.А. Орман шаруашылығы: әдістемелік нұсқаулар.- Павлодар: Кереку,2008.- 20 б.

  9. Эйтинген Г.Р. Лесоводство. – М.: 1986. – 426 с


Тәжірибелік сабақ 4 сағат
Қайың дәндерінің толықтылығын анықтау.Езу \Богданов бойынша\ әдісімен, сәулелеу \Новашин бойынша\ әдісімен.

  1. Орманның генетикалық қорын бөлу және сақтау.

  2. Резервтегі қорды сақтау формалары.

  3. Резервтегі тұқым қорын сақтау.

  4. Орман тұқымдарының өнiм беруiн зерттеу әдiстерi және олардың сапалығын бағалау.

  5. Орман тұқым шикi заттарын дайындау (жер бетiнен жинау техникасы, кесiлген ағаштардан)

  6. Орман тұқым шикi заттарын дайындау (өсiп тұрған ағаштардан бұталардан жинау әдiстерi)

  7. Орман тұқым жұмыстарды механикаландыру, орман тұқым шикiзатын қабылдау мен санау, тұқым алуға шикiзат дайындау.

  8. Қылқанды ағаш түрлерi бүрлерiнен тұқым алу, теориялық себептерi.

  9. Бүрiкептiргiштер, типтерi, құрылысы және жұмыс ретi, әр түрлi бүрiкептiргiш өнiмдiлiгi.

  10. Самырсын, балқарағай, майқарағай ағаштары бүрлерiнен тұқым алу.

  11. Қанатсыздандыру, тазалау және тұқым сорттау.

  12. Орман тұқым шикiзаты тұқымдарының шығымдылығы, шырынды жемiстерден тұқым алу.

  13. Тұқым сақтау және көшiру.

  14. Қылқанды және жапырақты ағаш түрлерi тұқымдарын сақтағанда шығымдылық сапасын жоғалтпау үшiн атқарылатын шаралар.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

  1. “Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы” Силыбаева Б.М, Байганова Ж.Қ, Карипбаева Н.Ш,Полевик В.В Семей-2010 ж

  2. Кентбаева Б.А. Лесосеменное дело. – Алматы, 2006. – 117 с.

  3. Сүлейменов А.А. Орман дақылдары селекциясы. – Астана, 2007. – 23 б.

  4. Набатов Н.М. Лесоводство. – М.: 1997. – 325 с.

  5. Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы.1996.-244 с.

  6. Қосымша әдебиет:

  7. Бегенов А.Б., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1996– 109 с.

  8. Сүлейменов А.А. Орман шаруашылығы: әдістемелік нұсқаулар.- Павлодар: Кереку,2008.- 20 б.

  9. Эйтинген Г.Р. Лесоводство. – М.: 1986. – 426

Тәжірибелік сабақ 3 сағат
Дәндердің сапа классын анықтау. Дәндердің абсолюттік өнгіштігін, шаруашылық жарамдығын, орта тұқымдық тыныштығын есептеу.


  1. Тұқым сақтау қоймалары, олардың құрылысы және типi, тұқым сақтауда атқарылатын шаралар.

  2. Орман тұқымдарын қаптау және тасмалдау.

  3. Тұқымдарды топтамаға бөлу және паспорт беру.

  4. Тұқым партиясы, орташа үлгі және біртектілігінің белгілері.

  5. Тұқым себу сапалық көрсеткiштерi мен оларды анықтау әдiстерi (тазалығы, 1000 тұқым салмағы, ылғалдығы, өсу энергиясы, тiршiлiк қабiлетiлiгi, жарамдылығы, болмысы, шаруашылық жарамдылығы, тұқымның орташа тыныштық күйi, сапалық деңгейi)

  6. Тұқым себу сапасын анықтауға қолданылатын аспаптар мен аппараттар, құжаттар және стандарттар.

  7. Орман тұқымдарын бақылау станциялары, олардың жұмыстары және мақсаттары.

  8. Орман тұқым карантинiн бақылау жұмыстарын өткiзу.

  9. Тұқым тыныштық күйi, түрлерi және оларды өсуге дайындау әдiстерi, тұқымда өтетiн биологиялық үрдiстер.

  10. Стратификация және тұқым себуге дайындау әдiстерi.

  11. Орман тұқымдарын пайдалану тәртібі

  12. Орман тұқымдарының сапасына бақылау жасау

  13. Орман тұқымдарының күтілетін өнімін көз мөлшерімен бағалау жолдары (В.Г.Каппер заңы бойынша)

  14. Массасы бойынша шағын партиядан орташа үлгі белгіленген массаның тең жартысын құрайтын тұқым үлгісі бойынша сұрыптау

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

  1. “Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы” Силыбаева Б.М, Байганова Ж.Қ, Карипбаева Н.Ш,Полевик В.В Семей-2010 ж

  2. Кентбаева Б.А. Лесосеменное дело. – Алматы, 2006. – 117 с.

  3. Сүлейменов А.А. Орман дақылдары селекциясы. – Астана, 2007. – 23 б.

  4. Набатов Н.М. Лесоводство. – М.: 1997. – 325 с.

  5. Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы.1996.-244 с.

Қосымша әдебиет:

  1. Бегенов А.Б., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1996– 109 с.

  2. Сүлейменов А.А. Орман шаруашылығы: әдістемелік нұсқаулар.- Павлодар: Кереку,2008.- 20 б.


Тәжірибелік сабақ 2 сағат
Тұқымдардың сапалық құжаттарын толтыру.

  1. Орман тұқымдарын есепке алу

  2. Тұқым сапасын анықтау үшін орташа үлгілер іріктеудің актісі

  3. Тегіне байланысты тұқымдарды себу алдында өңдеуді өткізу ерекшеліктері

  4. Орман тұқымдарының сапа сәйкестігі туралы куәлік

  5. Орман тұқымдарын талдау нәтижесі

  6. Жеміс ағаштарын күту шаралары (күзі және көктемгі күту)

  7. Жеміс ағаштарын күту шаралары (қысқы және жазғы күту)

  8. Жапырақты ағаш түрлерінің орман тұқымдары

  9. Орман тұқымдарын себу үшін өткізуге және пайдалануға жататын техникалық шарттар

  10. Сібір шыршасының (Picea obovata Lebed) орман тұқым шаруашылық ерекшелігі

  11. Сібір самырсыны (Adies sibirica Ltdeb) орман тұқым шаруашылық ерекшелігі

  12. Шренка шыршасы орман тұқым шаруашылық ерекшелігі

  13. Кәдімгі арша, зеравшан, түркістан және басқа да аршалары орман тұқым шаруашылық ерекшелігі

  14. Батыс бозаршасы орман тұқым шаруашылық ерекшелігі

  15. Шығыс биотасы(Biota orientalis Endl) орман тұқым шаруашылық ерекшелігі

  16. Үлпек қайың орман тұқым шаруашылық ерекшелігі

  17. Дала үйеңкісі (Acer campestre L.) бүрлерiнен тұқым алу, теориялық себептерi.

  18. Бұталы туша қурай бүрлерiнен тұқым алу, теориялық себептерi.

  19. Салпыншақ қайың бүрлерiнен тұқым алу, теориялық себептерi.

  20. Кәдімгі долана бүрлерiнен тұқым алу, теориялық себептерi.

  21. Аюбадан: кәдімгі, қызыл, қара бүрлерiнен тұқым алу, теориялық себептерi.

  22. Шие: бұталы, далалық, кәдімгі бүрлерiнен тұқым алу, теориялық себептерi.

  23. Шегіршін: жылтыр; жапырақты, қарағаш; ұсақ жапырақты, бұжыр жапырақты бүрлерiнен тұқым алу, теориялық себептерi.

  24. Ақ күміс тал, тал бүрлерiнен тұқым алу, теориялық себептерi.

  25. Сорақ: Палецкий; қара-черкез; Рихтер, геок черкез (Рихтер черкез) бүрлерiнен тұқым алу, теориялық себептерi.

  26. Қарақат: қызыл; қара бүрлерiнен тұқым алу, теориялық себептерi.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиет:

  1. “Кентбаева Б.А. Лесосеменное дело. – Алматы, 2006. – 117 с.

  2. Сүлейменов А.А. Орман дақылдары селекциясы. – Астана, 2007. – 23 б.

  3. Набатов Н.М. Лесоводство. – М.: 1997. – 325 с.

Қосымша әдебиет:

  1. Бегенов А.Б., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1996– 109 с.

  2. Сүлейменов А.А. Орман шаруашылығы: әдістемелік нұсқаулар.- Павлодар: Кереку,2008.- 20 б.

  3. Эйтинген Г.Р. Лесоводство. – М.: 1986. – 42

Осы тұқым партиясы паспортының № және толтырылған күні

Тұқымның дайындалған жері (алынған) орман тұқым ауданының, кіші ауданының индексі, шаруашылығы, орманшылығы

Тұқым массасы

Тұқымның селекциялық санаты (сорты, жақсартылған, жақсы)

Тұқым сапасы

Тұқым шығыны, кг

Жыл басына кондициялы тұқымдардың қалдығы, кг

Тұқым сапасы туралы құжаттың толтырылған күні және №

Тұқым сапасы туралы құжаттың қолданылу мерзімі

Сапа сыныбы, өнгіштігі % (сапалығы, өміршеңдігі)

Тұқымның жұмсалуы немесе есептен шығарылуы туралы құжаттың № және берілген күні

Жұмсалғаны барлығы оның ішінде өткізілді

Есептен шығарылды (кондициялы емес)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


































А Қосымша

(міндетті)



Орман тұқымдарын есепке алу кітабы
Ескерту: Орман тұқымдарын есепке алу кітабы нөмірленуге, жіппен байлануға және тұқым дайындаушы - орман иеленушінің (орман пайдаланушының) мөрімен куәландырылуға тиіс.

 

Б Қосымша

(міндетті)


Паспорт № _____

 

200___ж. массасы ____________________ (_____________________) кг

(жазбаша)             (цифрлармен)

_____________________________________________________________________________________________ тұқым партиясына жасалды.

(тұқымның толық қазақша және латынша түрлік атауы)

1. Осы тұқым партиясын _________________________________________________________________________________________________

(бағыныстылығын көрсетіп, осы партияны

_______________________________________________________________________________________________________________________

дайындаған шаруашылықтың атауы)

2. Шаруашылықтың мекен-жайы және пошта индексі

_______________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

3. Электронды поштаның адресі ___________________________________________________________________________________________

4. Тұқымдар, жемістер, бүрлер жиналған уақыт ________________ 200_ж.

(айы, жылы)

5. Тұқым, жеміс немесе бүршік жиналған орын:______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

(орман тұқымы ауданының, кіші ауданының индексі,

______________________________________________________________________________________________________________________

мемлекеттік орман иеленуші, орманшылық)

Орман тұқымы объектісінің санаты _________________________________________________________________________________________

(ОТП, ТОТУ, УОТУ, кеспеағаш және т.б.)

Сортты немесе жаңартылған тұқымдар ____________________________________________________________________________________

(плантация немесе учаске №, орам, телім)

6. Алқаағаштардың, плантацияның, учаскенің таксациялық сипаттамасы:

орманның құрамы _________________, бонитеті ___________________________________________________________,

түрі жас тобы ___________________________________________________________________________________________________________

(балауса, орта жастағы, пісіп келе жатқан, пісіп жетілген)

Селекциялық топ ________________________________________________________________________________________________________

Тұқымның орман өсіруге құндылылығы _____________________________________________________________________________________

(қалыпты, жақсартылған, сортты)

Басқа мәліметтер ________________________________________________________________________________________________________

7. Таулы жағдайлар үшін мыналар көрсетіледі:

1) теңіз деңгейінен биіктігі ________________________________________________________________________________________________

2) бөктері (шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік) ________________________________________________________________________________

8. Тұқымдарды, жемістерді немесе бүршектерді жаппай дайындау алдында алқаағаштарға кім және қашан алдын ала тексеру жүргізді

_______________________________________________________________________________________________________________________

9. Бүршіктен тұқым қандай әдіспен және қашан алынды, бүршік кептіргіштің түрі, температурасы және т.б.______________________

10. Қылқан жапырақтылар тұқымы қандай әдіспен және қандай механизмді қолданып қанатсыздандырылды және тазартылды

_______________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

11. Тұқым құрғақ және шырынды жемістерден қандай әдіспен алынды

______________________________, тұқым қандай әдіспен тазартылды

_______________________________________________________________________________________________________________________

12. Тұқым тазарту қашан аяқталды _________________________________________________________________________________________

(күні, айы, жылы)

13. Тұқым қайда сақталуда _______________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

(егжей-тегжейлі көрсетілсін: арнайы тұқым сақтағышта,

______________________________________________________________________________________________________________________

ыңғайландырылған, суық немесе жылы үй-жайда орларда, жертөледе,

______________________________________________________________________________________________________________________

кенеп жабылып және т.б.)

14. Тұқым қандай ыдыста сақталады _______________________________________________________________________________________

(бөтелкеде, қапта, жәшікте және т.б.)

15. Тұқым қай жылдың жоспарына дайындалған ____________________________________________________________________________

16. Тұқым қандай мақсатпен дайындалды __________________________________________________________________________________

(өз шаруашылығында себу үшін, өткізу

_______________________________________________________________________________________________________________________

үшін, тәжірибелік мақсаттар үшін және т.б.)

 

М.О.                          Мемлекеттік орман иеленуші
Заттаңба

 

1. Тұқымның түрлік атауы ________________________________________________________________________________________________

2. Тұқымның селекциялық құндылығы _____________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

(қалыпты, жақсартылған, сортты)

3. Орман тұқымы ауданы, орман өсірілетін аймақ, кіші аймақ __________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

4. Орам, телім нөмірі ____________________________________________________________________________________________________

5. Орман тұқымы объектісінің санаты және нөмірі ____________________________________________________________________________

6. Шаруашылық (ұйым) атауы _____________________________________________________________________________________________

7. Дайындау жылы мен айы ______________________________________________________________________________________________

8. Паспорттың нөмірі мен берілген күні ____________________________________________________________________________________

9. Партияның бастапқы массасы ______________________________ кг.

10. Ыдыстың орын саны және түрі _________________________________________________________________________________________

11. Ыдыстыреттік нөмірі __________________________________________________________________________________________________

12. Осы ыдыстағы тұқым массасы _________________________________________________________________________________________

(тұқымның, пайдаланылуына қарай

_______________________________________________________________________________________________________________________

бастапқы және кейінгі)

13. Тұқымның кондициялылығы туралы куәліктің нөмірі және оның берілген күні, __________________________ тұқымның сапа сыныбы

________, қолданылу мерзімі _____________________________________________________________________________________________

(тұқым сапасын қайта тексеру кезінде)

Тұқым сақтауға жауапты тұлғаның лауазымы және қолы

 

Тұқым сапасын анықтау үшін орташа үлгілер іріктеудің

____ актісі

 

______________________________________________________________________________________________________________________

(орман иеленушінің, орман пайдаланушының атауы)

______________________________________________________________________________________________________________________

(аудан, облыс, мекен-жайы))

тиесілі тұқым сапасын анықтау үшін үлгілер іріктеп алу жөнінде өкілетті мен _____________________________________________________

(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

200__ ж. _______________ комиссия мүшелері ______________________________________________________________________________

(айы, күні)

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

(әрқайсысының лауазымы,

______________________________________________________________________________________________________________________

тегі, аты, әкесінің аты)

қатысуымен және ______________________________________________________________________________________________________

(орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы

______________________________________________________________________________________________________________________

аумақтық органның өкілі)

қатысып тұруымен ______________________________________________________________________________________________________

(сақтау орыны)

сақтаулы мына партиялардан тұқым қарап, орташа үлгілерді іріктеп алдым.



р/с



Тұқымның түрлік атауы

Тұқымның өнім берген жылы

Тұқымды дайындау мақсаты (өз қажеті, өткізу және басқалар)

Тұқым партиясының нөмірі

Тұқым партиясының массасы, кг

1

2

3

4

5

6





































7

8

9

10

11

12

Ыдыс түрі және орындардың әр тұқым партиясы бойынша нөмірі

Паспорт нөмірі және көшірмесінің берілген күні

Дайындау орны (тұқым қайдан және қашан алынды)

Орташа үлгінің массасы, г

Тұқымға қанша рет анализ жасалады

Тұқым сапасы туралы соңғы құжаттың нөмірі және берілген күні мен осы құжатты берген мамандандырылған ұйымның атауы





































Үлгілер орман тұқымдарының сапасын анықтау үшін жіберілді.

______________________________________________________________________________________________________________________

(уәкілетті органның мамандандырылған органының атауы, күні)

Үлгілер іріктеу жөніндегі

уәкілетті тұлға (лауазымы) _________________________________________________________________

(Т.А.Ж., қолы)

 



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет