Аллель- геннің бірнеше баламалы формаларының түрі


Өзін- өзі бақылау сұрақтары



бет4/23
Дата15.09.2017
өлшемі4,84 Mb.
#33985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1. Тұқым дайындауды аудандастыру.

2. Орман дәндерін басқа жерге ауыстыру.

3. Географиялық дақылдар.


Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

  1. “Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы” Силыбаева Б.М, Байганова Ж.Қ, Карипбаева Н.Ш,Полевик В.В Семей-2010 ж

  2. Кентбаева Б.А. Лесосеменное дело. – Алматы, 2006. – 117 с.

  3. Сүлейменов А.А. Орман дақылдары селекциясы. – Астана, 2007. – 23 б.

  4. Набатов Н.М. Лесоводство. – М.: 1997. – 325 с.

  5. Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы.1996.-244 с.

  6. Қосымша әдебиет:

  7. Бегенов А.Б., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1996– 109 с.

  8. Сүлейменов А.А. Орман шаруашылығы: әдістемелік нұсқаулар.- Павлодар: Кереку,2008.- 20 б.

  9. Эйтинген Г.Р. Лесоводство. – М.: 1986. – 426 с.


2 – модуль Орман тұқымдарының селекциясы

7 Сұрыптаудың түрлері


Дәріс жоспары:

  1. Сұыптау оның орман тұқым ісі шаруашылығындағы маңыздылығы

  2. Сұрыптау түрлері

Генетикалық – селекциялық негізінде ұйымдастырылатын орман тұқым шаруашылығына база болатын ең жақсы екпе ағаштары, оларды селекциялық есептеулер жүргізгенде бөледі. Селекциялық есептеулерді піскен, пісіп келе жатқан және табиғи орта жастағы екпе ағаштарда, ормандық екпелерде, белгілі тұқымдардан құрастырылған, жоғары өнімді интродукциялық ормандық өсімдіктер түрлерінде және селекциялық – тұқымдық объектілерде жүргізеді.

Өте жақсы ағаштар мен екпе ағаштарын сұрыптау үшін табиғи екпелерде селекциялық есептеулер жүргізеді. Өйткені, олар жергілікті климаттық және топырақтық жағдайларға бейімделген және негізгі генетикалық қор болып есептеледі, сондықтан жоғары өнімді екпе ағаштар алуға себепкер болады. Қолданжасалған екпелерде жақсы ағаштарды кейбір арнайы немесе селекциялық жеке мәселелерді шешу үшін алады, мысалы, далалық шөл жерлерін ормандандыру үшін, безендіру ағаштары селекциясында тағы басқа. Өте жақсы ағаштар мен екпе ағаштарын, әсіресе тұқымдық, өте жақсы өнімділік жағынан сол аймақтың және тұқымдық аудандарынан алады. Жапырақтық ормандарда балақ шыбықтарын қолдануға болады. Ағаштарды селекциялық бағалағанда оларды үш категорияға бөледі: өте жақсы, дамыған, нашар дамыған.

Өте жақсы ағаштар – ол бір әлде көптеген шаруашылықта бағалы белгілерімен қасиеттері бар және қоршаған ағаштармен бірге өсіп бір жаста болу керек.

Дамыған ағаштар – олар екпелердің негізгі бөлігі жақсы және орташа бойлы, сапалы және дамыған.

Нашар дамыған ағаштар – төмен сапалы әр түрлі ақаулары бар жоғарғы қабаттың ағаштары, сонымен қатар өсуі нашар, биіктігі мен жуандығы 80 пайызы қалған немесе кебе бастаған.

Екпе ағаштарды да селекциялық бағалағанда үш категорияға бөледі: өте жақсы, дамыған, нашар дамыған.



Өте жақсы екпе ағаштар – бұл осы орман өсімдіктер жағдайында өте жоғары өнімді, жоғары сапалы және төзімді екпе ағаштар. Өте жақсы екпе ағаштарды тұқымдық қорық ретінде бөледі, оларды кесілетін ағаштарға қоспайды. Екпе ағаштарды арнайы селекциялық есептеуден өткізеді. Күту жұмыстарын жүргізгенде нашар дамыған ағаштарды кесіп тастайды.

Дамыған екпе ағаштар – бір ормандық өсімдіктері жағдайында, жоғары немесе орта өнімді және төзімді, жақсы және орта сапалы екпе ағаштары.

Нашар дамыған екпе ағаштары – бір ормандық өсімдіктері жағдайында, төмен өнімді, төзімділігі мен сапасы нашар екпе ағаштары.

Өте жақсы ағаштарды сұрыптау

Өте жақсы ағаштарды (ӨЖА) сұрыптауды фенотипі бойынша жүргізеді. Сұрыптау жүргізетін белгілер селекциясының мақсаттарымен байланысты. Өте жақсы ағаштарды келесі негізгі категорияларға бөледі: а) өте жоғары сапалы ( діңі мен сүректің сапасы бірінші орынға қойылады), б) өте жоғары өнімді ( массасымен), в) құрама (тез өсетін, діңнің көлемі мен сапасы бойынша).

Орманның өнімділігін және сапасын көтеру селекциясында өте жақсы ағаштарды негізгі ормандық өсімдіктер жағдайында алады, ең бірінші өте жақсы екпе ағаштарынан. Олар жақсы өсіммен, тік діңгектігімен, толық сүректігімен, кепкен бұтақ тазалығымен, кемістігі жоқтығымен (өгей бұтақтық, көп сабақтық т.б.), бөрікбасының бір қалыпты дамуымен, қолайсыз жағдайларға, зиянкестерге, ауруға төзімдігімен және механикалық зақымданулардың болмауымен. Бір жастағы, құрамымен таза екпе ағаштарда ӨЖА механикалық жағынан орташа зақымдалғаннан асып түсу керек. Ал ағаш тұрыстарынан биіктігі бойынша 10 пайыз және артық, диаметрі бойынша 30 пайыз және артық болу керек. Ал асып түскен ағаштарды биіктігі 15 пайыздан артық диаметрімен 40 пайыздан артық, бірінші қатарда орман тұқымдық және аналықтар салуға қолдану керек, жастары әртүрлі екпе ағаштарда, өте жақсы ағаштарды әр топтан бөлек алады.

ӨЖА бөлгенде биологиялық ерекшеліктерін ескере отыра аймақтық ғылыми – зерттеу ұйымдары және арнайы тұқым шаруашылықтары ұсыныс береді.

ӨЖА-ға мінездеме беру келесі көрсеткіштермен жүргізіледі:

- шығу тегімен;

- фенологиялық ( ерте-, орташа-, кеш жапырақтайтын);

- морфологиялық (сопақ-, жалпақ бөрік басты);

- жасы және жылдарымен;

- биіктігімен;

- 1.3 биіктегі диаметрімен;

- діңнің көлемімен, м3 (кесте бойынша);

- өсу және даму класымен;

- бөрікбастың жалпақтығымен, м;

- бөрікбастың формасымен;

- бөрікбастың ұзындығымен, м;

- жапырақтану қалыңдығымен – қалың, орташа, сирек;

- діңгектің кепкен бұтақтар аумағымен;

- кепкен бұтақтардың жапырақтануымен;

- діңнің формасымен;

- өсімін көзбен анықтаумен (жақсы, орташа);

- қабығының мінездемесімен ( бояуы, жарылуы);

- гүлдеу, тұқым беру көрсеткіштерімен, екпелердің орта көрсеткіштерін салыстырумен (биіктігі, диаметрі);

- басқа көрсеткіштермен (жеке селекцияда).

ӨЖА бөлуді өте жақсы және дамыған екпелерде жүргізеді, негізінде өте жоғары өнімді ағаш бітімінде, өйткені олардан жақсы генотиптер жиі кездеседі. Бірақта, жоғары бонитетті екпелерден, ӨЖА жинау негізделмейді, өйткені ормандалатын аудан көп болуы мүмкін, ол уақытта төмен бонитетті өсімдіктерден ӨЖА алуға болады.

Арнайы мақсаттарға ӨЖА сұрыптау критерийлері сүріктің айрықша техникалық қасиеттері, арнайы сортименттер шығымы, қабығында танин болуы, тұқымдары мен дәндері өнімділігі мен сапасы, шайырлығы, иммундігі, қолайсыз табиғи және антропогендік факторларға төзімділігі, тіршілік қабылеттілігі, ұзақтығы, тұзға төзімділігі т.б. Ғылыми-зерттеу орындарының ұсыныстарымен анықталады. Бұл жағдайларда сұрыпталатын ағаштардың диаметрі және биіктігі орта көрсеткіштерден артық болуы есепке алынбауы мүмкін.

Орман өсімдіктерінің интродукцияланған түрлерінде, өте жақсыларға, дән беретін, жаңа климаттық жағдайға жоғары төзімділігімен, діңінің өсу сапасының жақсы көрсеткіштерімен және басқа селекциялық көрсеткіштерімен көзге түскен ағаштар жатады.

Өте жақсы екпе ағаштарды сұрыптау

Өте жақсы екпе ағаштарды (ӨЕА) сұрыптаудың негізгі мақсаты – ең жақсы генофондты сақтау. ӨЕА негізінде, орташа жастық, пісіп кележатқан және піскен табиғи ағаш бітімдерінен сұрыптайды. ӨЕА сұрыптағанда барлық ағаштарды есепке алады немесе есепке алатын көлемде салынады. ӨЕА алудың негізгі критерийі пайыздық қатынас, бір жағынан, ӨЖА мен дұрыс дамыған ағаштардың сұрыптауға бір ереже жоқ, ағаштардың түрлері мен селекция мақсаттарына қарай аймақтарында өз сұрыптау көрсеткіштерін жасайды.

Іс жүзінде келесі көрсеткіштерді қолданады: егер 1га ӨЕА келсе, онда жақсы дамыған ағаштардың пайызы жоғары, нашар дамығандар аз, екпе ағаштардың санитарлық жағдайы жақсы, сондықтан оларды өте жақсы екпе ағаштар деп атауға болады. Өртке қарсы іс шаралар қарастырылады. ӨЕА туралы құжат дайындалады

Табиғи сұрыптау ол климаттың, топырақ жағдайының, яғни тегістігінің және тірі ағзалардың әсерінен болатын сұрыптау.



Табиғи сұрыптауды, басқаша айтқанда ағзалардың өмір үшін күрескенде жеңіп шығуын атайды. Ол үш түрге бөлінеді, яғни орталыққа тебетін, орталықтан тебетін, линиялық болып.

Орталыққа тебетін сұрыптау – бұл сұрыптауда дарақтарды көбейткенде көбею орталығының орташа көрсеткіші сақталса, жалпы белгілері популяцияның орташа көрсеткішіне жақындайды.

Орталықтан тебетін сұрыптау – бұл табиғи сұрыптауда негізгі популяция сыртқы ортаның жағдайларына біраз төзімсіз болады, сондықтан дарақтарда орташа көрсеткіштерден өзгерістер болады, олар селекциялық жағынан пайдалы болса сұрыпталып ұрпақтарда сақталады.

Табиғи сұрыптауда түрлер бір бағытта өзгерістер көрсетсе олар сұрыпталып көбейтіледі және линиялық сұрыптау деп аталады.



Жасанды сұрыптау - адамның әсерімен болатын сұрыптау. Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік негізінде жаңа бағалы түрлер мен сорттар қарастырылады, ол сорттар тұқым шаруашылығы үрдісімен сақталып отырады.

Мақсатсыз сұрыптау – селекцияның ерте туындысы, бұл жағдайда адам жақсы түрлерді сақтайды, ал нашарларын жояды.

Әдістемелік сұрыптау – адаммен негізделіп қолданылатын селекция әдісі, өйткені жануарлар мен өсімдіктерді жаңарту немесе олардың жаңа тұқымдарын өсіріп шығару үшін жүргізіледі. Оны тік және жанамаға бөледі.

Тік сұрыптауды бір селекциялық белгімен жүргізеді. Ал жанама сұрыптауды жанама көрсеткіштерімен жүргізеді.

Әдістемелік сұрыптау жалпы және жеке де болады.

Жалпы сұрыптау теориясы

Жалпы сұрыптауда селекция мәселелеріне сәйкес көптеген дарақтарды бөледі , сосын бірге көбейтеді. Оның негізінде фенотиппен бағалау жатыр. Сондықтан бұл сұрыптаудың кемістіктері бар, өйткені фенотиппен сұрыпталған дарақтардың генотипі туралы айту қиын, ал онымен сұрыптаудың тиімділігі байланысты. Ормандық өсімдіктердің гетерогендігін ескере отырып және сұрыптаудың жаңа түрлерін қолдану қиындайтындықтан селекцияда жалпы сұрыптауды кеңінен қолданады. Селекцияға керек тиімді түрлерді алу жағымды жалпы сұрыптау деп , ал нашар түрлерді жою – жағымсыз деп атайды.

Ормандық қорымда жағымсыз жалпы сұрыптауға жатады: күту жұмыстары, яғни құнсыз, ауру және нашар өсімдіктер жойылады; тозаңмен нашар тұқым қуалаушылық қасиеттер беретін өсімдіктерді жою; көшеттерде тырбық және төзімсіз өсімдіктермен екпе көшеттерді сұрыптау.

Жағымды жалпы сұрыптау жүргізгенде орман шаруашылығында әр түрлі әдістер қолданады:

1) жақсы географиялық түрлерді, немесе климатиптерді сұрыптау;

2) бір географиялық ауданда жақсы эдофотиптерді сұрыптау;

3) жақсы екпе ағаштарды сұрыптау;

4) жақсы ағаштарды сұрыптау;

5) ірілігі мен сапасына қарап дәндерді және жақсы екпе көшеттіктерді сұрыптау.

Табиғи дәндерден алынған екпе ағаштарды зерттегенде жергілікті дәндерден алынған өсімдіктер жақсы өсіп сапалылық көрсетті.

Дәндерді бір климаттық ауданнан екінші ауданға әкелгенде климаттық экотиптерді зерттеулерден өткізу керек. Өйткені климаттық өнімділік әр түрлі. Мысалы; солтүстік пен онтүстіктің қарағай бүрлері әр түрлі өнім береді. Сонымен қатар, солтүстіктің қарағайындағы қылқан жапырақтары шютте ауруымен аз зақымдалады.

Осы себепте М.М.Вересиннің (1946) негізгі тоқтамаларына көңіл бөлген дұрыс, олар мыналар:

1) екпеліктердің өсуі мен өнімділігін арттыру үшін дәндерді орманның өнімділігін және өсетін жерін ескеріп, жинаған дұрыс;

2) әр топтың ішінде дәндерді өнімді ағаштардан, жақсы топырақта өскенін ескеріп жинау керек;

3) бір топта дәндер жетпегенде екінші топта қолдануға болады, бірақта алған жердің ағаштары өнімді және топырағы құнарлы болу керек және экологиялық жағдайды ескеру керек.

Өте жақсы екпелерді сұрыптау

Ортадан жоғары сапасы бар екпелерді жағымды сұрыптаумен іріктейді. Ол жұмыстар былай жасалады. Бір географиялық немесе тұқымдық ауданда өнімділігімен, діңінің сырт пішінімен және басқа сапалық көрсеткіштерімен екпеліктер талданады, сосын олар тұқым алуға және өсімдіктер өсіруге қолданылады.



Өте жақсы ағаштар сұрыптау

Негізінде селекция мәселелеріне сәйкес ескі ағаштарды талдайды, оларды сұрыпталған, аналық немесе элиталық деп атайды. Тұқым қуалаушылық қасиеттерін алдын – ала бағаламай – ақ бұл ағаштардың қалемшелерінен ұластыру алқаптарын салады.



Жеке сұрыптау

Жеке сұрыптау дегеніміз әр сұрыпталған өсімдіктердің ұрпақтарын көбейтіп, бөлек өсіру.

Жеке сұрыптаудың негізгі принциптері бірінші рет 1856 ж. Л.Вильморенмен айқындалған. Оның негізгі әдістері педигри әдісі, клондық сұрыптау және айқас тозаңданатын өсімдіктерді сұрыптау.

Педигри әдісі

Педигри (ағылшынша pedigree) – ата – тек шежіресі (генеалогия). Бұл әдісті мал шаруашылығында және өздігімен тозаңданатын өсімдіктерде қолданады. Өсімдіктердің будандық популяцияларында көп қатарлы жеке сұрыптау жүргізе отырып сұрыпталған дарақтарды ұрпағымен бағалайды, сонымен ата – тегі бірнеше жылда белгілі болады.



Клондық сұрыптау

Вегетативті көбейетін өсімдіктердің селекциясында қолданылатын жеке сұрыптау клондық деп аталады: Клон бір вегетативті көбейетін өсімдіктің генетикалық біркелкі ұрпағы. Бұл сұрыптауды жаңа сорттар шығарғанда және тұқым шаруашылығында қолданады. Теректерде, қарағаштар тұқымдастарында ж.т.б. кеңінен қолданылады.



Айқас тозаңданатын өсімдіктерде жеке сұрыптау

Әрқашан айқас тозанданатындықтан және сорттың белгілері ыдырауымен айқас тозаңданатын өсімдіктерде жеке сұрыптауды бірақ рет жүргізуге болмайды.

Сондықтан бұл өсімдіктердің селекциясында көп қайталана жеке сұрыптау қолданылады. Бұл сұрыптау жақсарту ретінде және ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады және жеке өсімдіктерде қолданбайды, ол семьяларда. Семья – ол бір өсімдіктің ұрпағы. Әр өсімдіктің дәндер өнімі бөлек егіледі. Семьялар бір – бірімен салыстырылады, нашарлары жойылады, ол жақсылардан ұрпақ алынып тағы бағаланылады. Сонымен, бұл әдістің мағынасы жақсы семьялардан жақсы өсімдіктер алу.

Жеке - ұялық сұрыптау. Бұл әдісте, бастапқы материалдан алынған өсімдіктер ұрпағы, семья деп аталып, басқа ұрпақтардан бөлек егіледі. Жеке ұялық сұрыптауда екі әдістің жағымды көрсеткіштері бар (жеке, жағымды).

Екі қайтара жеке сұрыптаумен бағалы генотиптерді табуға болады, өйткені жалпы сұрыптама жүргізіледі.



Ұялық топтық сұрыптау. Бір топ семьяның ең жақсы өсімдіктер ұрпағы бөлек егіледі. Топтың ішінде жақсы ұрпақтар алынады, ал қалғандары жойылады. Алынған ұрпақтар бір – бірімен будандастырылады.

Сонымен жақын туыстастық көбею азаяды, ал будандастыру семьялардың арасында болады. Әр топтың ең жақсы ұрпақтары жалпы сұрыптаудағыдай қосылады. Әр топтың жақсы ұрпақтарының қосындысы көбейтіледі.

Бұл сұрыптау ормандық дақылдарда қолданылуы мүмкін. Бірақ, бұл әдіс өте ұзақ жүргізіледі, сондықтан негізгі ормандық дақылдарда қолданғанда 70-100 жыл керек.
Өзін- өзі бақылау сұрақтары:


  1. Өте жақсы ағаштарды сұрыптаудың маңыздылығы қандай?

  2. Клондық сұрыптау оның ерекшелігі

  3. Айқас тозаңданатын өсімдіктерде жеке сұрыптаудың түрлері

  4. Ұялық топтық сұрыптау.



Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

  1. “Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы” Силыбаева Б.М, Байганова Ж.Қ, Карипбаева Н.Ш,Полевик В.В Семей-2010 ж

  2. Кентбаева Б.А. Лесосеменное дело. – Алматы, 2006. – 117 с.

  3. Сүлейменов А.А. Орман дақылдары селекциясы. – Астана, 2007. – 23 б.

  4. Набатов Н.М. Лесоводство. – М.: 1997. – 325 с.

  5. Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы.1996.-244 с.

  6. Қосымша әдебиет:

  7. Бегенов А.Б., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1996– 109 с.

  8. Сүлейменов А.А. Орман шаруашылығы: әдістемелік нұсқаулар.- Павлодар: Кереку,2008.- 20 б.

  9. Эйтинген Г.Р. Лесоводство. – М.: 1986. – 426 с.

8 Өсімдіктерді будандастыру



Дәріс жоспары:

  1. Түр ішілік және түр аралық будандастырудың принцптері

  2. Тәжірибелік селекциядағы будандастырудың түрлері мен тәсілдері

  3. Аралас будандастыру, оның селекция тәжірибесі үшін маңызы

Будандастыру дегеніміз тұқым қуалаушылықтың негізі болатын, табиғатың климат жағдайына төзімді жақсы сорттардың экотипін айтамыз. Түр ішілік және түр аралық будандардың ата аналарын таңдаудың қазіргі мынадай принцптері бар:



  1. Экологиялық географиялық таңдау, бұл заман селекциясының негізі және тиімдісі

  2. Селекцияға қажетті формаларды түрлерді алу үшін айырықша айқындалған белгілеріне қарап сорттарды таңдау.

  3. Ата аналарының белгілеріне қарап таңдау.

  4. Ата анасының генетикалық әр түрлілігі бір жерде қалыптасып және географиялық аймақ орналасқан сорттардың генетикалық жақын болсада туыстықты ескеру керек.

  5. Өте жоғары сорттарды будандастыра отырып нәтижеге жету керек

  6. Генетикалық маңызды қасиеттермен ерекшелінетін сортарды будандастыру

  7. Ата аналық өсіп даму кезеңдерінің ұзақтық айырмасын ескерген жөн

  8. Қысқа төзімді түрлердің физиологиялық айырмашылықтары. Яғни биологиялық ерекшеліктері жағынан толықтыратын күздікформалары (мысалы бидайдың аязға төзімдісорттарын будандастыру)

  9. Әр түрлі потогенді микроорганизмдерге төзімді бейімделушілік қасиеті жоғары өсімдіктер қажет.

2) Тәжірибелік селекцияда будандастырудың бірнеше тәсілдері мен түрлері бар. Оларға мыналар жатады:

  1. Жай будандастыру

  2. Үш еселік будандастыру

  3. Күрделі сатылы будандастыру

  4. Бэккростар тәсілі

  5. Конвергентті будандастыру

  6. Сұыптау

Жай будандастыру кең аудандастырылған екі атаана будандастырылады. (А+В) Бұл тәсіл екіге бөлінеді;

  1. Тікелей

  2. Аналық формаға байланысты тұқым қуалаушылыққа әр түрлі тұқмның пайда болуы рецепрокты дейміз.

Үш еселік будандастыруда белгілердің алмасуын жартылай меңгеруге болады. Келесі ұрпаққа үшінші компонент болып алынған форманың қасиетері елу пайыз болып беріледі.

Будандастырудың күрделі сатылы тәсілі жергілікті сорттармен формаларды будандастырудағы нәтиженің селекциялық материалдарды үзбей жетілдіру әдісі.

Беккростар тәсілі буданда аталықтың немесе аналықтың гендерінің үлесін ұлғайту үшін қолданылатын әдіс. Бұл тәсілдің үш әдісі бар.


  1. Үздіксіз

  2. Үзілді кесілді

  3. Толық беккростар

Конвергентті будандастыру басқа аудандардағы аталық сорттарды жергілікті сорттармен еркін жолмен тозаңдандыру арқылы жоғары рекомбинацияланған күрделі будандардың түрі. Бұл буданды толық және үздіксіз беккроспен біріктіруге болады.

Сұрыптау бірнеше түрлері бар өсімдіктерде негізгі екі түрі қолданылады.



  1. Педигри

  2. Жинақтау

Педигри қайталап себу. Бұл тәсілдің әр түрлі нұсқалары болады.

  1. Үздіксіз сұрыптау

  2. Үзілді кесілді жеке сұрыптау

Үздіксіз сұрыптауда F2 ден F3 ке дейін өсімдіктер белгілерін салалап зерттей отырып қайталап сұрыптайды.

Үзілді кесілді жеке сұрыптауда F2 де біртекті өсімдіктерді сұрыптап төрт бес белгілері бойынша зерттеледі ал F7 жеке жеке сұрыптау жүргізіліп оларды отырғызып сынауды бастайды (F2және F3 қанықтыра будандастырып бөліп алады да бөліп алғанды үш жыл сынақтан өткізеді F7де ең жақсы түрлері будандастырылады). Артынан жеке сұрыпталып сынау жүргізіледі

Бастапқыда будандар деп екі түрді будандастырғаннан алынған ағзаларды атаған. Қазіргі түсінікте будан – гетерозиготтық дарақ, генетикалық әр түрлі аталық – аналықтар немесе генотиптер будандасуымен болатын.

Синтетикалық селекцияның кеңінен тараған әдісі жыныстық будандастыру. Ол табиғи және жасанды болады. Жыныстық будандастырудың мақсаты:

- ағаш өсімдіктерінің әр түрлі ауруларға төзімділігін молайту ж.т.б.

- өсуінің қуаттылығы мен жылдамдығын көбейту.

- ағаштың тығыздық құрамының сапасын жақсарту.

- ағаштар мен бұталардың әсемдік сапасын жоғарылату.

- өнімділігін, жемістерінің сапасын, шайырлығын, бағалы заттардың болуын жоғарылату.

Арнайы тұқымдық алқаптар құрастырылған соң оларда да бақылаулы будандастыру қолданады. Генетикалық көзқарастан ол будандастыру бірнеше проблемаларды шешеді:



  • генетикалық жақсартуға тұқым қуалаушылықты қолдану өте күрделі;

  • жеке ағаштың ұрпақтарын сынауға жалпы комбинациялық мүмкіншілікті бағалау;

  • арнайы комбинациялық мүмкіншілікті бағалау. Ол биклондық тұқымдық участоктерді құрастырғанда керек;

  • тұқымдық алқаптарға келесі ұрпақтар құрастыру үшін дарақтар селекциясына алғашқы материал алу;

  • бірінші және келешек генерациялардың генетикалық ұтысын бағалауда.

Будандастырудың үш түрі бар: комбинациялық, трансгресивтік, гетерозистік

Комбинациялық будандастыруда бір немесе бірнеше түрлердегі екі әлде бірнеше белгілерді қосады.

Трансгресивтік будандастыруда полимерлік гендердің қосынды әсерінің тиімділігі байқалады, ол орынды көбейеді(тиімді трансгрессия) әлде азаяды (тиімсіз) F2 будандық дарақтардың тұқым қуалайтын полимерлік белгісінің әсерімен.

Гетерозистік будандастырудың мақсаты, күшті, өміршең, жоғары өнімді әлде жақсартылған сапалары бар бірінші ұрпақта будандар алу.

Будандастырудың әдістері түрдің биологиялық ерекшеліктерімен, алғашқы материалдың негізіне, болашақ сортқа қойылатын талаптарға байланысты.

Будандастыру жәй және күрделі болады.

Жәй: ♀Ах♂В=FAB, жәй реципроктік: ♀Вх♂А=FBА

Күрделі: сатылы, қайтармалы, қанықтырғыш болып бөлінеді.


Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

  1. Түр ішілік және түр аралық будандастырудың принцптері

  2. Тәжірибелік селекциядағы будандастырудың түрлері мен тәсілдері

  3. Аралас будандастыру, оның селекция тәжірибесі үшін маңызы

  4. Орман тұқымдарын будандастырудың маңыздылығы қандай?



Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

  1. “Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы” Силыбаева Б.М, Байганова Ж.Қ, Карипбаева Н.Ш,Полевик В.В Семей-2010 ж

  2. Кентбаева Б.А. Лесосеменное дело. – Алматы, 2006. – 117 с.

  3. Сүлейменов А.А. Орман дақылдары селекциясы. – Астана, 2007. – 23 б.

  4. Набатов Н.М. Лесоводство. – М.: 1997. – 325 с.

  5. Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы.1996.-244 с.

  6. Қосымша әдебиет:

  7. Бегенов А.Б., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1996– 109 с.

  8. Сүлейменов А.А. Орман шаруашылығы: әдістемелік нұсқаулар.- Павлодар: Кереку,2008.- 20 б.

  9. Эйтинген Г.Р. Лесоводство. – М.: 1986. – 426 с.

9 Мутация және мутагенез, оның орман тұқым селекция тәжірибесіндегі маңызы.



Дәріс жоспары:

  1. Де-Фриз теориясы, мутацияның пайда болу жолдары

  2. Мутанттарды алудың химиялық әдістері

  3. Ормандық ағаштық тұқымдардың тәжірибелік полиплоидиясы

Модификация дегеніміз басқа бір гендердің әлсіреу құбылысын немесе күшею құбылысын айтамыз. Басқа ген өзгергішіндегі көріністі модификатор дейміз, осы модификатордың ішіндегі әлсіз гендердің көрінісін ингибитор (супрессор). Модификатор ішіндегі басқа гендердің күшті күрінісін интенсификатор деп атайды. Ағзада бірнеше белгі күйінде бір уақытта бір геннің әсер ету құбылысын пейоторопия деп атаймыз.

Де Фриз теориясы жалпы мутацияны ашқан ғалым. Кенеттен тұқым қуалай өзгеруін мутация деп атайды. Мутацияны ағзада пайда болуына байланысты екі түрге бөлінеді:


  • Табиғи (биологиялық түрде генеративті мутациялар)

  • Сомалық (жасушаларда пайда болатын мутация)

Де Фриз теориясы:

  • Мутация кенеттен пайда болады

  • Жаңа формалар толық тұрақтанатын мутациялар (константты мутациялар)

  • Мутация сапалы өзгерістер болып табылады

  • Мутация пайдалы немесе зиянды болуы мүмкін

  • Бір мутация қайталап пайда болуы мүмкін

Мутациялық өзгерісті тудыру қабілеті бар (гендерді) агенттерді мутагендер деп атайды.

Мутацияның үш пайда болу жолдары бар:



  • Табиғи өздігінен пайда болған мутациялар

  • Гендердің өзгергіштігіне жағдай жасап, эксперимент нәтижесінде пайда болған индукцияланған мутациялар

  • Адам әрекетінің нәтижесінен пайда болған өзгерген орта тудыратын шартты табиғи мутациялар

Мутациялар хромосомаларының жаңару құрылымына байланысты түрлері:

  • Кеміс мутациялар хромосоманың белгілі бір бөлігінің жоюлуы. Хромосома ұшы жойлса терминалды кеміс түзіледі.

  • Дупликация хромосомалардың бірдей орталықта санының көбеюі. Мұнда бір хромосомадан шығып қалған үзік жойылмай гомологиялық хромосомаға қосылған жағдайда делекцияның бір мезгілде пайда болады.

  • Инверсия хромосома бөлігінде локустардың алмасуының өзгеруі. Бір хромосомада екі үзілудің пайда болуы және үзілген жерлердің төңкеріліп қайта қалпына келуі. Егер инверсияланған үзік тұтас хромосоманың бір шетінде жатса, ол инверсияның парацентрлік деп атайды. Ол хромосоманың центрамераға тиіп жатөан жеріне орналасса перицентрлік деп атайды. Бұл процесстер хромосоманың ішкі өзгерісі болып табылады.

  • Транслокациялық хромасоманың бөлінуі гомологиялық емес хромосомалар арасында орындарының алмасуын айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет