Аллель- геннің бірнеше баламалы формаларының түрі


Мутанттарды алудың химиялық әдістері



бет5/23
Дата15.09.2017
өлшемі4,84 Mb.
#33985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Мутанттарды алудың химиялық әдістері

Химиялық мутагендерді әсер етуімен бес классқа бөледі:



  • Нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін азот негізді ингибиторлар; олардың әсері гуанин мен тиминнің синтезделуін әлсіретуде.

  • Нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін азоттың негізгі аналогтары; олар ДНҚ құрамында тиминнің орнына кіреді.

  • ДНҚ молекуласында А – Т негіздері Г – Ц негіздеріне ауысуды тудыратын, тотықтырғыштар, тотықсыздандырғыштар, бос радикалдар:

  • ДНҚ молекулаларының авторепрдукциясы дұрыс жүруін бұзатын алкилдік қосылыстар;

  • ДНҚ мен реакцияға кіргенде, дұрыс редупликацияға кедергі болатын құрамдық жасайтын, аккридин бояғыштары.

Кейінгі жылдары Ресейде кеңінен тараған және қолданылатын алкилдік қосылыстар, негізінде супермутагендер. Оларға этиленимин (ЭИ), диэтилсульфат (ДЭС), диметилсульфат(ДМС), нитрозоэтилмочевина (НЭМ),нитрозометилмочевина (НММ) т.б. жатады. Алынатын пайдалы мутациялардың санын көбейту үшін концентрацияларды аумалыға жақын алуды ұсынылады. Мутагендердің әсер ету тәсілі, мутаген түрі, оның концентрациясы мен экспозициясы ерітіндінің қышқылдығымен температурасы, әсер етілетін органның физиологиялық жағдайы ж.т.б. Пайдалы мутациялар өте сирек болады, мың мутацияларға бір-екі. Ормандық ағаш тұқымдықтарында химиялық мутанттарды құрастыру ХХ-ғасырдың 60-шы жылдарынан басталды. Ф.Л.Щепотьев Донецк ботаникалық бағында еменнің әсемдік және тез өсетін формаларын (жайылып өсетін, жыламсырап тұратын, калонка тәріздес) шығыстық биотттарын (пирамида, жұмыртқа, шар, сопақ тәріздес, бөрікбасты) және басқа тұқымдарын алған.

Воронеждегі орман генетикасының ҒЗИ–да Е.М.Гуляев, О.С.Машкина басқа қызметкерлермен қауымдасуы нәтижесінде кәдімгі қарағай мен бальзамдық теректің хемомутанттары алынды.

Қарағайдың тез өсетін, ерте тұқым беретін, үш қылқанды,сирек қылқанды т.б.

Ормандық ағаштық тұқымдардың тәжірибелік полиплоидиясы

Митоздық полиплоидтар соматикалық жасушалардан пайда болады. Егер полиплоидигендік заттармен (колхицин т.б.) өсімідіктердің вегетативтік бөліктеріне әсер етсе (өскін, өсу орны т.б.), яғни оларды ерітіндіге малып, мутагеннің мақта тампонындағы ертіндісімен ылғалдандырып, инелеп ж.т.б. Бұл тәсілдің кемшілігі – көбінесе миклоплоидтық өсімдіктердің болуы, (яғни жасуша мен ұлпаның әр түрлі плоидтық болуы, негізінде диплодтық немесе тетраплоидтық).

Мейоздық полиплоидтар, будандастырылған редукцияланбаған диплоидтық, тетраплоидтық тіпте тетраплоидтық гаметаларынан, пайда болады. Ондай гаметалар болуға әсер ететін полиплоидтар әлде мутанттық диплоидтық өсімдіктер:

- табиғи әлде жасанды мутанттық диплоидтық формаларды тауып, сұрыптап, будандастырып генетикалық мүмкіншіліктерін қолданып диплоидтық гаметалар алуға болады.

- әр түрлі хромосомдық деңгейде будандастырып және полиплоидтарды еркін тозаңдандырып (2хх4х,4хх2х,2хх3х3хх2х,3хх3х) алуға болады.

Зиготалық полиплоидтарды зигота бірінші бөліну кезеңінде алады. Ондай полиплоидтар колхицин қолданып Populus туыстастарының түрлерінде алынған.

Бастапқы даму кезеңінде полиплоидтық өсімдіктер диплоидтықтардан мына белгілермен өзгеше болады: нашар әлде күшті өсетін жапырақтарымен, алақаны жуандаған қысқа сабақта отыруымен, жапырақтары қоңыр – жасыл болуымен.

Полиплоидтарды сұрыптауды соматикалық жасушалардағы хромосомалар санын есептеу негізінде жүргізеді. Ормандық ағаштардың тәжірибелік полиплоидтарының қасиетттері даму кезеңінде біртіндеп пайда болады. Сондықтан өзгертілген өсімдіктерді зерттеу және сұрыптау бірнеше жылдың ішінде жүргізіледі.

1934ж. Швецияда колхицинмен еменді қолмен полиплоидтаған. Нәтижесінде миклополиплоидты ұлпалар мен тетраплоидты (4п=48) жасушалар алынған. Жақын көрсеткіштерді Ф.Л.Щепотьевта алған. Оның полиплоидтары диплоидтық қандыағаштардан өнімділігімен 55% асып түскен.

Полиплоидтық түрлер келесі тұқымдастарда ашылған: үйеңкілер, атколитандар, жөке ағаштар, жиделер, олардың тәжіррибелік мағнасы зор (Г.Ф.Привалов,1974; Ф.Л.Щепотьев,1982; Н,С.Щапов, В.К.Креймер,1988


Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

  1. Модификация дегеніміз не?

  2. Де-Фриз теориясы маңыздылығы

  3. Мейоздық полиплоидтар дегеніміз не?

  4. Химиялық мутагендер дегеніміз не?

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

  1. “Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы” Силыбаева Б.М, Байганова Ж.Қ, Карипбаева Н.Ш,Полевик В.В Семей-2010 ж

  2. Кентбаева Б.А. Лесосеменное дело. – Алматы, 2006. – 117 с.

  3. Сүлейменов А.А. Орман дақылдары селекциясы. – Астана, 2007. – 23 б.

  4. Набатов Н.М. Лесоводство. – М.: 1997. – 325 с.

  5. Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы.1996.-244 с.




  1. Қосымша әдебиет:

  2. Бегенов А.Б., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1996– 109 с.

  3. Сүлейменов А.А. Орман шаруашылығы: әдістемелік нұсқаулар.- Павлодар: Кереку,2008.- 20 б.

  4. Эйтинген Г.Р. Лесоводство. – М.: 1986. – 426 с.

10 Орман ағаштары интродукциясының



теориялық негіздері

Дәріс жоспары:

  1. Интродукция оның халық шаруашылығындағы маңыздылығы

  2. Ормандық ағаштар тұқымдарының интродукция ерекшеліктері

  3. Интродуценттерді көбейтудің кейбір аспектілері және игеру

Ботаниктердің түсінігі бойынша өсімдіктер интродукциясы дегеніміз адамның іскерлігінің арқасында бір табиғи – тарихи ауданда, бұрын бұл жерде өспеген өсімдіктерді (туыстарды, түрлерді, түршелерді, сорттарды) мәдениеттендіру , сонымен қатар жергілікті тұқымдардан әкелу. Бірақта ормандық интродукцияға орынды болатыны В. И. Некрасовтың түсініктемесі, оның айтуынша: «Интродукция дегеніміз өсімдіктерді жаңа табиғи – климаттық жағдайларға, өскен ареалының сыртына, көшіру немесе өсімдіктерді өсіру алқабы кеңейтілгенде сынаған жерінен көшіру»

Интродукциямен өсімдіктерді жерсіндіру (акклиматизация) және табиғаттандыру (натурализация) түсініктері тығыз байланысты.

Жерсіндіру - өсімдіктер интродукциясының бір түрі,бұл жағдайда популяциялардың жаңа даму жағдайына бейімделуі, индивидуумдердің табиғи жергілікті сұрыптаудың негізінде болатын генетикалық өзгерістеріне байланысты. Бұл өсімдіктерді ауыстыру жағдайлары, негізгі ареалынан басқа жерге аударумен байланысты.

Табиғаттандырғанда интродукция былай өтеді, яғни өсімдіктердің жаңа түрлері жаңа жағдайларда жеңіл өсіп орынды көбейеді, генетикалық құрамы өзгермейді, өйткені климаттық және басқа жағдайлары интродуценттің биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес.

Интродукцияға алғашқы материал талдағанда оның өскен жеріндегі климаттық жағдайларын ескеру керек, өйткені ол көп әсер етеді. Сондықтан ағаш тұқымдарының интродукциясында біраз уақыт Р. Майрдың климаттық аналогтар теориясы басым болған, ол интродукцияның жетістігін табиғи және қолдан жасалған ареалдардың климаттық жағдайларының ұқсастығымен байланыстырады. Бірақ та интродукцияның мүмкіншіліктері туралы нақты көрсеткіштер беретін бұл – тәжірибе. Интродукцияның алдағы тәжірибесін талдау – түрдің жаңа жағдайларға бейімділігінің деңгейін анықтаудың жалғыз тәсілі. Интродуценттердің бейімділік процесін анықтауда ең маңыздысы вегетативтік және генеративтік құрылымдардың дамуындағы маусымдық өзгерістерді зерттеудің нәтижелері.

Ормандық дақылдарға экзоттарды еңгізу болашақта интродукциялық популяцияларды құрастырумен байланысты болады. Экзоттарды интродукциялау жергілікті дендрофлора мен селекцияға алғашқы материал жинаудың бір жолы. Интродукцияда интродукцияланған өсімдіктердің белгілерімен жасанды сұрыптау, сонымен қатар жаңа жағдайдағы төзімділікке сынау, жүргізіледі. Сондықтан интродуценттерді сынау селекциялық- гентикалық негізге қойылу керек. Интродуцияланған түрлерді селекциялық – генетикалық бағалау, популяциялар аралық және популяциялық экзоттардың өзгергенін сынайды және өте жақсы популяциялар мен формаларды сұрыптап жаңа аудандарда көбейткенде қолдану мүмкіншілігін анықтайды.

Ормандық ағаштар тұқымдарының интродукция ерекшеліктері

Ботаникалық орталықтар бағалы көрсеткіштер және жергілікті ағаш өсімдіктерінің коллекцияларын интродукциялық сынауда мол тәжірибе жинады. Ормандық интродукциялық зерттеулердің обьектісі биогеоценоз әлде экосистема негізгі компоненті болып есептелетін екпе ағаштар, ормандық интродукцияның негізгі мақсаты ормандық ценоздарды құрастыру, онымен басты тұқымды ағаш бітімінің жоғары өнімділігін жасау.

Ормандық интродукция міндетті түрде, ормандық дақылдарды отырғызу және өсірумен, байланысты. Орман дақылдары ісінің экологиялық негізі ормандық типология.

Ормандық дақылдардың типін іздегенде бағалы индикатор болатын орманның негізгі типі. Бірақта есте сақтау керек, ормандық дақылдарды құрастырғанда табиғи орман типін көшірмелеу керек. Орынды болады егер басқа түрлерді қолданса, оның ішінде интродукцияланған, егер экологиялық және шаруашылық жағынан тиімді болса. Бұл жағдайда қолдан жасалған отырғылар орманның өркендеген типологиясының жаңа қосындылары болады.

Интродукцияланған түрлерден қолдан жасалған ормандық ценоздарды жоспарлау қиын түседі, өйткені табиғи жағдайларда олардан қандай ормандар болатыны белгісіз , сондықтан егжейлі зерттеулер жүргізу керек.

Ормандық түрлерді орман шаруашылығы мақсатымен интродукциялағанда, экологиялық- фитоценоздық аналогтарды қолдану, табиғи ағаш бітімдерін жәй көшірмелеп ауыстыру емес екендігін ескеру керек.

Табиғат мүмкіншілігінен асып түсетін қолдан жасалған отырғылар ценоздарының өте жоғары өнімділігі, мына жағдайлармен қамтамасыз етілу керек, яғни тез өсетін, төзімді экотиптер мен ормандық ағаш түрлерінің экзоттарымен қамтамасыз етіліп және қолдан құрылған ценоздың барлық қосындылары орынды қарым-қатынаста болу керек.

Өте маңызды жағдай ботаникалық бақтарда, ғылыми – зерттеу орындарында, дендропарктерде, орман шаруашылығы және басқа орындарда жиналған ағаштар мен бұталардың интродукциясы тәжірибесін зерттеу және талдау,. Бұл жағдайда орман дақылдарының ағаш экзоттарына ең бірінші көңіл бөлу керек.

Өте маңызды болады, егер зерттелетін биогеоценозда экзоттардың төзімділігін, тек климаттық жағынан емес, ал аурулардың болуы мен зақымдауы, зиянкестермен зақымдануы, қоршаған өсімдіктер және жануарлармен қарым-қатынасын, экзоттардың өсу мүмкіншілігін зерттегенде ең бірінші маңыздысы ағаштардың маусымдық даму динамикасы мен өсу қимылын зерттеу. Фенологиялық байқауларда фенофазалардың басталуы мен ұзақтығын анықтайды.

Интродукцияланатын түрдің жеке өсу ерекшеліктерін зерттегенде мақсат қою керек, обьективтік көз қарас жағынан, бұл ағаштардың онтогенезде қандай мүмкіншіліктері бар деп.

Зерттеулердің қарастырылған әдістері қолдан жасалған интродуценттердің екпе ағаштарының әр түрлі ормандық өсу жағдайларындағы сапалық және сандық көрсеткіштері туралы мәлімет беріп, сонымен қатар жергілікті орманның өсінділерімен қарым- қатынасын көрсетеді.

Интродуценттерді көбейтудің кейбір аспектілері және игеру

Интродукциялық жұмыстың нәтижесі көбінесе көбейту тәсілі мен өсімдіктерді өсірумен байланысты. Сондықтан орман өсіруші- интродуктор интродуценттің биологиясын мұқият зерттеу керек, өйткені оның негізінде жаңа жерде дұрыс агротехникалық шаралар ұйымдастыру керек болады. Осы уақытта орман өсірушінің алдында мына сұрақтар тұрады, тұқымды егуге дайындау, егудің мерзімдері мен тәсілдері, зиянкестер мен аурулардан егістіктерді қорғау, отырғызатын материалдың түрлерімен, агротехника және өсіру мерзімдері, және оларды мына мәселелермен келістіру, орман дақылдарының типтері және оларды өсіру агротехникасы, екпе ағаштарды орман өсіру тәсілдерімен қалыптастыру ж. т. б. Экзот көбейткенде тұқымдық және вегетативтік көбейтудің орны мен мағнасын анықтау керек.

Сонымен орман дақылдарына интродукциялық тұқымдарды жалпылап енгізгенде бірнеше мәселелерді шешу керек, олар мыналар: селекциялық – генетикалық, өсімдік шаруашылықтық, экологиялық – орман шаруашылықтық және экономикалық. Н. И. Вавиловтың айтуынша интродукцияны ұйымдастырғанда карантинға көп көңіл бөлу керек, өйткені карантиндік қызмет болмаса барлық өте жақсы жүргізілген экспедициялық жұмыстар жоққа кетеді.

Өзін- өзі бақылау сұрақтары:


  1. Өсімдіктер интродукциясы дегеніміз не?

  2. Акклиматизацияның орман тұқымдарына тигізетін маңыздылығы

қандай?

  1. Н. И. Вавиловтың айтуынша интродукцияны ұйымдастырудың негізгі

мәселелері қандай?

  1. Интродуценттерді көбейтудің аспектілері қандай?

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

  1. “Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы” Силыбаева Б.М, Байганова Ж.Қ, Карипбаева Н.Ш,Полевик В.В Семей-2010 ж

  2. Кентбаева Б.А. Лесосеменное дело. – Алматы, 2006. – 117 с.

  3. Сүлейменов А.А. Орман дақылдары селекциясы. – Астана, 2007. – 23 б.

  4. Набатов Н.М. Лесоводство. – М.: 1997. – 335 с.

11-12 Қылқан жапырақтылардың селекциясы



Дәріс жоспары:

  1. Селекция ғылымының даму кезеңдері.

  2. Селекция бағдары және кәдімгі қарағайдың сорттық үлгісі

  3. Көп жапырақты ағаш тұқымдарының селекциясы. Қайың селекциясы

Селекция латынша «Selection» сұрыптау немесе іріктеу деген мағынаны білдіреді. Яғни жаңа сорттармен будандарды шығарумен айналысатын ғылым.

Өнімді сұрыптау, іріктеуге байланысты төрт кезеңге бөлінеді:


  1. Ерте заманғы селекция (қарапайым селекция);

  2. Халықтық селекция;

  3. Өнеркәсіптік селекция;

  4. Ғылыми зерттеу селекциясы.

Қарапайым селекция ең алғаш адамдар егіншілікпен айналыса бастап пайда бола бастады. Ол кезде өте қарапайым түрде будандастыру процесстері жүргізілді. Бірақ селекцияның нақ шырқау кезеңі жүзеге асырылмады.

Халықтық селекция жануарлар мен өсімдіктердің тұқымдарын жақсартумен қатар қолдан сұрыптау әдістері бірте-бірте дамыды.Бұл кезеңде ауа-райының жақсы жағдайына, бейімделген қолдан сұрыпталған жасанды түрлер ене бастады. Халықтық селекция селекцияның алтын кезеңі болып табылады.

Өндірістік селекция 18-19ғ басында үлкен қарқынмен дамып, селекциялық кәсіпорындар құрыла бастады. Мұнда өсімдіктерде дән байлау кезінде жыныс және жыныстық процесстері анықтала бастады. Қолдан ұрықтандыру және жартылай будандастыру процесстерін зерттеу селекциялық тәжірибе үшін маңызды кезең болды.

Ғылыми селекция бұл 19-20ғ қарқынды дами бастаған кезең болып табылады. Мұнда селекцияға ғалымдар үлкен үлес қоса бастады. Ғалымдардың теориялық ілімдері тәжірибе жүзінде асқан кезең қалыптасты. Ғылыми селекцияның ең алғашқы іргетасын Ч.Дарвин «Органикалық дүниенің эволюциясы» ілімін ұсынды. Вавилов селекцияға үлкен үлес қоса бастады. Ол өзінің еңбегінде «өсімдіктер мен жануарларды қалыптастыруға адамның араласуы» болып табылады деп көрсетті. Ол жеміс жидектерді зерттеу арқылы өсімдіктердің көптеген түрлерін шығарды. 20 ғ басында селекция пән ретінде қалыптасты. Селекциялық тәжірибе мекемелері құрылып, жоғарыдәрежеге жете бастыды.

Ең алғаш жаңа сорттар шығарылғанда тек сұрыптау әдістері қолданылды. Ал қазіргі кезде будандастыру мутагенез биотехнология, полиплоидия әдістері қолданылды. Селекция мынандай пәндермен тығыз байланысты:


  1. Жасушаның ішкі құрылымын зерттейтін селекция- цитология.

  2. Тұқым қуалаушылықпен өзгергіштікті селекция -генетика.

  3. Ағзада және өсімдіктерде болатын ішкі құбылыстарды зерттейтін селекция- физиология.

  4. Аурулармен зинкестілерді зерттейтін селекция фитопотология және энтология

Өнімдерді сақтау, өңдеу технологиясы пәндерімен қатар, математика, физика, химия, өндірістік экономика және менджмент негізднрімен тығыз байланысты. Жалпы селекция жаңа сорттарды шығаруға негіз болатын, ерекше әдістерге сүйенетін ғылым.

Селекция бағдары және кәдімгі қарағайдың сорттық үлгісі.

Кәдімгі қарағайдың сорттық үлгісін құрастырғанда орман шаруашылықтық ерекшеліктері мен шаруашылықта қолданылуы ескеріледі. Кәдімгі қарағайдың жақсартылған селекциялық материалы келесі негізгі критерийлерге жауап беруі керек:



  • өте жоғары өнімділік;

  • аурулармен зиянкестерге төзімділік;

  • діңнің жақсы формасы және сүрегінің өте жоғары сапасы;

  • кәдімгі қарағайдың селекция бағдары екпе ағаштар құрастыру мақсаты мен аймаққа байланысты болу.

Селекцияға алғашқы материал

Кәдімгі қарағайдың селекциясына негізгі алғашқы материал болып бұл түрдің түрішілік, популяциялық және формалық әр түрлілігі қолданылады. Pinus туыстастарының ішінен қосымша алғашқы материал ретінде кәдімгі қарағайдың селекциясында бірінші болып мына қарағайлар - қара , Паллас, Кох, калабриялық, жиі гүлді және қытайлық қолданылады.



Кәдімгі қарағайдың климаттық экотиптері.

Әр түрлі климаттық және топырақтық жағдайларда өсіп, оларға оңтайланып, кәдімгі қарағай көптеген климаттық және экологиялық типтер мен формалар құрастырды. Батыс Еуропада 19 географиялық түршелер бөлінген көптеген түршелер мыңнан бірнеше мыңдаған шаршы милге жайылған. Аз тараған Scotica, ол Шотландияда бірнеше ағаш бітімімен дамыған, ол кеңінен тараған түрше, hercynica, оның тараған ореалы Германия мен Чехия жерлері.

Ресей Федерациясы орман шаруашылығында Л.Ф.Правдиннің түрішілік талдауы белгілі. Ол қарағайдың 5 түр тармағын (географиялық раса) бөледі. Кәдімгі ормандық, қармақ тәріздес солтүстік лапландтық, сібірлік, құлындылық. Әр түр тармақтың ішінде климаттық экотиптер мен топырақтық немесе эдофикалық популяциялар бөлінеді, оларды бөлу мүмкін емес.

Қазіргі концепция түрді популяциялар жүйесі ретінде қарастырады. Ең басты түрлерін популяциялық көзқараспен зерттеу – орманшылардың орман ғылымында жаңа сапалы іс . Орман шаруашылығында популяция көбінесе қолданудың, қорғаудың және түрді қайта дамытудың, негізгі көрсеткіші болып табылады. Ағаш өсімдіктерінде популяциялық құрылымның ерекшелігі биоэкологиялық ерекшеліктер мен анықталады. тіршілігінің ұзақтығы ареал кеңдігі.

Ағаш өсімдіктерінде негізінде кәдімгі қарағайдың популяциялары дарақтар сонымен көп, шекаралары анық емес, тек аусыпалы аймақтары бар. Тұқым қуалаушылық қасиеттері мен белгілері ареал шеңберінде физикалық – географиялық жағдайлар өзгерумен біртіндеп өзгереді. Кәдімгі қарағайдың географиялық өзгергіштігін ескере отырып бұрын кеңес елдерінде 85 орман тұқым аудандары бөлінген.

Түрлік әр түрлілігі

Кәдімгі қарағай өте полиморфтік түр. Л.Ф.Правдиннің зерттеуі бойынша, көптеген түрлердің ішінде, 31 бөрікбас пен діннің зерттелген түрімен, 9 қабық құрамымен, 21 қылқанның мөлшері және бояумен, 12 қарағай бөрісінің құрамымен, 3 сүрек сапасымен, 5 дәндер түрімен бөлінген.

П.И.Молотков пен И.Н.Патлай бұл зерттеулерді жалғастырған. Бірақта бұл талдаулар кәдімгі қарағайдың барлық түрлерін көрсете алмайды. Әр ағаш бітімі морфологиялық, анатомиялық, физиологиялық ж.т.б. белгілерімен айырмашылығы бар ағаштардан құрастырылады. Олардың ішінде бағалы қасиеттері бар түрлер кездеседі, яғни сұрыптауға болады.

Кәдімгі қарағайдың селекция әдістері

Сұрыптау кәдімгі қарағайдың негізгі әдісі болып есепетеледі. Селекция әдісі ретінде будандастыруды қолдануға болады, бірақта бұл әдіспен ұзақ өсетін өсімдіктер мен нәтиже алу созылып кетеді, сондықтан бұл әдіс сирек қолданылады. Кәдімгі қарағаймен экспериментальдық мутагенезбен жұмыс жүргізеді, бірақта ғылыми зерттеу орындарында ғана және орман шаруашылығында да көп мағына берілмейді. Вегетативтік көбейтуді жүргізу қиын, сондықтан түрдің селекциясы семьялық және популяциялық деңгейде жүргізіледі. Кәдімгі қарағаймен жұмыс істегенеде , табиғи ағаш бітімдерінде селекциялық есептер жүргізіледе, ол жалпы сұрыптаумен іске асырылады. Сыналатын қауіпті географиялық дақылдарда, жасы өсе келе, өте жақсы климаттиптерді, экотиптерді және түрлерді сұрыптаған дұрыс.

Ормандарда күту жұмыстары жүргізілгенде , түрлік әр түрлілікті ескере отырып, сұрыптау жүргізудің болашағы бар.

Кәдімгі қарағайдағы селекция көрсеткіштері

Кәдімгі қарағайда көп уақытқа дейін селекция тек өте жақсы ағаштар сұрыптаумен жүргізілген, олар генетикалық бағаланбаған, сондықтан көрсеткіштер қарама-қайшы. Барлық өте жақсы ағаштар, өздерінің шаруашылық белгілерін ұрпаққа бермейтіні көпшілікке белгілі. Бұл құбылысты қазіргі генетикамен түсіндіруге болады. Орман ағаштары оның ішінде қарағай, сандық белгілерімен өте жоғары гетерозиготтық деңгейде, ал белгілердің өздері қоршаған ортаның әсерімен қатты өзгереді.ӨЖА клондары орналасқан ормандық тұқымдық алқаптарынан алынған дәндерінен өскен өнімді екпелік ағаштар құрастыру кәдімгі қарағай селекциялық басты бағдары ретінде, сондықтан ұрпағымен сыналған ӨЖА бағалау зерттеулерін жалғастыра отыру керек. Жақсы популяциялар сұрыпталғаннан алынған көрсеткіштер сенім арттырады.

1927 ж. бастап әр елдерде кәдімгі қарағаймен түраралық будандастыру тәжірибелері жүргізілген . Бірақта АҚШ-та жүргізілген зерттеулер, мынаны көрсетті, кәдімгі қарағайдың нәтижелі тез өсетін будандық комбинациялары мыналар екенін: күрделі будандастырудан алынған бірінші ұрпақты аталық-аналықтармен будандастыру кәдімгі қарағай, жиі гүлді қарағай, кәдімгі қарағай., ұрпақ берді, ол аталық-аналықтарынан биіктігімен 10-15пайыз асып түсті.

Қамышен тәжірибе пункттінде түраралық будандастырудың әр түрлі варианттарынан өте жоғары будандық тиімділік алынған. Будандардың кейбір түрлерінің биіктігі кәдімгі қарағайдың биіктігінен әжептәуір асып түскен, мысалы кәдімгі қарағай + қрым қарағай буданының биіктігі 18 жасында 9,7 м, ал кәдімгі қарағайдың ең жоғары биіктігі 8,2мм болған.

Түр ішінде будандастырғанда кейбір жағдайларда болашағы мол қатынастар болады. Сүректің сапасымен, қуаңшылыққа төзімділікпен, шайыры жоғарылылықпен, өміршеңдігімен және иммунитеттілігімен. Өте алыс климаттиптерді будандастыру ұсынылмайды.

Кәдімгі қарағайға химиялық мутагендердің және сәулелердің әсері туралы зерттеулер жүргізілген. Ал суперагенттерді қолданумен жүргізілген тәжірибелерде жақсы көрсеткіштер алынған. Дәндерге этилен амин ерітіндісімен әсер еткенде мутант алынған гетерозистік белгілері бар.



Көп жапырақты ағаш тұқымдарының селекциясы. Қайың селекциясы

А.М.Данченконың (1982) айтуынша Қазақстанда қайыңның кеңінен тараған үш түрі бар, олар: қотыр қайың , ақ қайың -үлпек қайың, ұсақ жапырақты қайың.

Қотыр қайың мен ақ қайынның тарау ареалдары әртүрлі. Ақ қайың солтүстікке, қотыр қайың оңтүстікке тараған. Қотыр қайыңның ең онтүстік нүктесі сицилия, ал ақ қайыңның солтүстік нүктесі Норвегияның солтүстік шығысы.

Қотыр қайың 23-25 м биіктігі бар ағаш, қабығы ромб тәрізді, қоныр-жапырақша, дөрекі және тегіс ақ, сирек қара. Бөрікбасы әдемі, пирамида тәріздестен жұмыртқа тәріздеске дейін, бұтақтары ағаштан салбырап тұрады, еркін өскенді талап етеді.

Бір жылдық өркені қызыл-қоңыр, жалаңаш, үлкен ағаштарда әзер байқалатын сирек мең тәріздестер көрінеді.

Жапырақ сағағы жалаңаш, ұзындығы 1,2-2,5см. Өсімдік бүршігі желімді, үшкірленген. Дән беретін түйіні 2,0-3,5см, қалыңдығы 7-10мм, аяқшасы 10 мм. Піскенше жабылғышы жабысқан. Жемісі ақ, қоңыр, ұзындығы 1,5-2,0 мм, 1,0 мм жалпақтықтағы ұзынша элипс тәріздес, үшкірленген жаңғақша. Қанаты 1,5-2 есе жалпақ.

Ақ қайың -20 м дейін биіктіктегі ағаш, тегіс ақ, сұр жарылғыш, бұдыр, толқын тәріздес, сұр қабығы бар . Бөрікбасы ықшамды, сабақтары қызыл-қоңыр, шайырсыз, темір тәріздес меңшелермен екпе көшеттерімен балақ шыбықтарымен түтіктелген, барқыт тәріздес.

Жапырақтары ромб-жұмыртқа тәріздестен жұмыртқа тәріздеске дейін қысқа үшкірленген 3,2 – 6,5 см ұзындығымен,жалпақтығы 3,2-5,5см, дөңгеленген шеттері екі қатар тіс тәріздес үшкір 5-8 жұпты жүйкелері бар, жас жапырақтары өте түкті, жас жапырақтарын уқалағанда иісі өте қайың татиды, сондықтан жұпар иісті қайың деп аталады.

Жапырақ сағағы түктелген, кейде жалаңаш,ұзындығы 1,0-2,0см. Өсімдік бүршігінің басы домалақ, шайырсыз. Дән беретін түйіні борпылдақ, сырт жабынғышы ашық тұрады. Жаңғақшасы қоңырлау, дөңгелек немесе элипс тәріздес, ұзындығы 2 мм дейін, көлденеңі 1,5-2,0 мм. Қанатшасы бірдей әлде 1,5 есе кең.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет