Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1. Ағаштар мен бұталар жеміс беруі.
2. Жеміс беру кезеңділігі және оған әсер ететін жағдайлар.
3. Жеміс беруді көтеретін әдістер.
4. Дәндердің пісу белгілері және пісу кезеңдері.
5. Өнім қалыптасуға климаттық жағдайлардың әсері.
Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиет:
“Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы” Силыбаева Б.М, Байганова Ж.Қ, Карипбаева Н.Ш,Полевик В.В Семей-2010 ж
Кентбаева Б.А. Лесосеменное дело. – Алматы, 2006. – 143 с.
Сүлейменов А.А. Орман дақылдары селекциясы. – Астана, 2007. – 42 б.
Набатов Н.М. Лесоводство. – М.: 1997. – 345 с.
Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы.1996.-255 с.
Қосымша әдебиет:
Бегенов А.Б., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1996– 115 с.
Сүлейменов А.А. Орман шаруашылығы: әдістемелік нұсқаулар.- Павлодар: Кереку,2008.- 30 б.
№4 Өнімділікті есептеу және болжамдау
Дәріс жоспары:
Орман дәндерінің өнімін есептеу және болжамдау.
Энтомологиялық әдіс (Г.В. Стадницкий бойынша)
Бүрлердің, жемістердің және дәндердің болатын өнімінің көлемін анықтау үшін және оларды дайындау, өңдеу, сақтау жұмыстарын уақытында ұйымдастыру үшін арнайы көлемдер (0,25-0,50га) қалдырады, олар арнайы және уақытша тұқым участоктерінде орналасады.
Тұқымдық көлемдер ұқсас жағдайлары бар жерлерде орналастырылады, ол жеміс беретін отырғыларға ыңғайлы болу керек.
Өнімді болжамдағанда қысқа және ұзақ мезгілдік болжамдау қолданылады. Қысқа мезгілдік болжамдаумен өнімділікті тез уақытта көзбен бағалап жеміс беру мен өнімділікті келісімді балдармен бағалайды. Ұзақ мерзімдік болжамдауда күрделі іс-шаралар (тұқым есептеу, бұталардан жемістер мен дәндер жинау, жалпы әдіс т.б.) қолданылады және өніміділік сандар қатынасымен есептеледі.
Қысқа мезгілдік болжамдау негізінде фенологиялық бақылаулар қолданылады, сондықтан келесі жеміс беру кезеңдерін ескереді:
-гүлдеу (тозаңдар ұшады және т.б.)
-түйін байлану-жеміс қалыптасу, қылқан жапырақтыларда бүрі өсе бастайды, қарағайда бұл кезең гүлдегеннен кейін келесі жылы болады;
-жеміс пісу.
Фенологиялық байқауларда фенологиялық өлшеуіштер байқалған, оларды бағдар, белгі ретінде қолдануға болады; қарағайдың гүлдеуі шетен, серікгүлмен бір уақытта, шырша мойылмен, емен серігүлмен. Көзбен бағалауды арнайы жерде жүргізеді. Ормандық тұқым плантацияларында көзбен бағалауға А.А. Корчагин (1-кесте) шкаласын қолданады, ал басқа тұқым объектілерінде В.Г. Каппер шкаласын қолданады (2-кесте).
А.А. Корчагин бойынша көзбен бағалау шкаласы
1-кесте
Балдар
|
Белгілер
|
0
|
Жоқ
|
Жемістер жоқ
|
1
|
Өте аз
|
Біреу-екеу
|
2
|
Аз
|
Жемістер саны аздап
|
3
|
Орташа
|
Жемістер саны орташа
|
4
|
Көп
|
Бүрілер көп
|
5
|
Өте көп
|
Бүрілер өте көп
|
В.Г. Каппер бойынша Орман тұқымдарының күтілетін өнімін көз мөлшерімен бағалау шкаласы
2-кесте.
Гүлдену және жеміс беру баллы
|
Баллдың сипаттамасы
|
1
|
2
|
Екпелер үшін
|
0
|
Гүлденбейді және тұқым бермейді
|
1
|
Гүлденуі немесе өнім беруі өте нашар (гүлі, бүршігі немесе жемісі орман шетіндегі ағаштар мен жекелеген ағаштарда болымсыз мөлшерде және екпелерде өте аз)
|
2
|
Гүлденуі және өнімі нашар (еркін тұрған ағаштар мен орман шетіндегі ағаштарда - қанағаттанарлық, ал екпелерде өте нашар)
|
3
|
Гүлденуі, өнімі (еркін тұрған ағаштарда және орман шетіндегі ағаштарда - тәуір, ал орта жастағы және піскен алқаағаштарда қанағаттанарлық)
|
4
|
Гүлденуі немесе өнімі жақсы (еркін тұрған ағаштарда және орман шетіндегі ағаштарда - өте жақсы, ал орта жастағы және піскен алқаағаштарда - жақсы)
|
5
|
Гүлденуі, өнімі өте жақсы (еркін тұрған ағаштарда және орман шетіндегі ағаштарда, орта жастағы) және піскен алқаағаштарда - өте жақсы
|
Бұталар үшін
|
1
|
Гүлденуі, жеміс беруі нашар (гүлдері немесе жемістері бірен-саран кездеседі)
|
2
|
Гүлденуі, жеміс беруі - орташа (гүлімен жемісі жартысында жеткілікті)
|
3
|
Гүлденуі мен жеміс беруі жақсы (бұталардың басым көпшілігі немесе бәрі жақсы гүлденіп, жеміс береді).
|
А.А. Корчагин бойынша жеміс беруді бағалау тұрақты 0,25 га көлемде 15-20 модельдік ағаштарда жүргізіледі. 15-20 ағаштар бойынша көзбен бағалаудан кейін шкаламен жеміс берудің орташа балын шығарады, ол барлық көлемнің орта арифметикалық көрсеткіші болады.
В.Г. Каппер бойынша жеміс беруді бағалау уақытша 0,1-0,5 га көлемде жүргізіледі (көлемде 100 ағаштан көп болмайды).
Бұл шкалалармен көзбен бағалау, дәндер өнімін сандық ретінде есептеп болжуға мүмкіндік бермейді, сондықтан ұзақ мезгілдік болжауда қолданылатын басқа әдістер қолданылады:
- модельдік ағаштар әдісі;
- энтомологиялық, метеорологиялық;
- есептеу бұтақтары тәсілі;
- жалпы есептеу тәсілі.
Кесуге арналған, жас отырғылар, орта жастағы және пісіп келе жатқан табиғи және қолдан жасалған отырғылардағы тұқымдық ағаштардың жеміс беруін есептеу үшін модельдік ағаштар әдісін қолданады.
Есептеу алқабында, 0,10-0,25 га көлемше бөледі, ол жерде барлық жеміс беретін ағаштарды санайды. Көлденеңі орташа, жеміс беруі орташа 5 модельдік ағаштарды таңдап алады. Әр ағаштағы бүрілерді санайды, ол көрсеткішті жеміс беретін ағаштар санына көбейтіп 1 га жерден қанша өнім алуға болатынын, сонымен қатар барлық жерден алынатын өнімді есептеуге болады.
Энтомологиялық әдіс (Г.В. Стадницкий бойынша) (кәдімгі шырша). Бұл әдіспен бүрілердің өнімін, оларды дайындардан 8-12 ай бұрын анықтайды. Зерттеу участогінде 2-3 ағаштардан 300 бүрі жинайды, жылы жерде полиэтилен пакеттеріне салып қояды. 25-30 күннен кейін шырша жапырақ ширатқыш көбелектер санын есептейді, сосын бүріні жарып жұлдызқұрттар мен қуыршақтарды есептейді. Қуыршақтанбаған жұлдызқұрттар пайызын мына формуламен анықтайды
Д = (100 · А) : (А+Н+В+Г)
мұнда А - бүрідегі тірі жұлдызқұрттар саны;
Н - пакеттегі көбелектер саны;
В және Г-тірі және өлген қуыршақтар саны.
Егер қуыршақтанбаған жұлдызқұрттар саны Д<25%-өнім 4-5 балл, 26-65% өнім 2-3 балл, 66-100% < 1 балл.
Жемістік бүршіктер қалыптасқанда ауаның ылғалдылығы төмен болуымен болашақ өнімді болжауға болады, ол метеорологиялық тәсіл. Мысалы, шілде, тамызда ылғалдылық тапшылығы жоғары болса, онда 2 жылдан кейін қарағайдың тұқым өнімі жоғары болатынын күтуге болады, өйткені құрғақ жылы ауа-райы жемістік бүршіктің мол болуына әсер етеді. Оңтүстікте бұл жағдай керісінше ауа-райында болады. Ескеру керек, өнімді жылдардан кейін төмен өнімді жылдар болатынын, ол ауа-райы өзгерістерінен болмайды, ұрпақ бүршіктерінің дамуымен байланысты.
Сынама бұтақтары тәсілі. 10-20 жақсы дамыған ағаштардың, бөрікбасының әр жерінен, бірнеше бұтақтарын кеседі және олардағы жемістер мен бүрілерді есептейді. 1 метр бұтаққа келетін гүлдер, бүрілер немесе жемістер саны гүлдеу және өнімділік көрсеткіші болып есептеледі.
Ең дәл, бірақта өте еңбек сүйгіш, дәндер өнімін есептейтін жалпы есептеу тәсілі. Арнайы көлемде барлық бүрілермен жемістер жиналады. Олардан дәндер алынып массасы анықталған соң, өнімді 1 га есептейді.
Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1. Орман дәндерінің өнімін есептеу және болжамдау.
2. Өнімді қысқа және ұзақ мезгілдік болжамдау.
3. Өнімділікті анықтау әдістері.
Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиет:
“Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы” Силыбаева Б.М, Байганова Ж.Қ, Карипбаева Н.Ш,Полевик В.В Семей-2010 ж
Кентбаева Б.А. Лесосеменное дело. – Алматы, 2006. – 207 с.
Сүлейменов А.А. Орман дақылдары селекциясы. – Астана, 2007. – 38 б.
Набатов Н.М. Лесоводство. – М.: 1997. – 353 с.
Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы.1996.-256 с.
Қосымша әдебиет:
Бегенов А.Б., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1996– 115 с.
Сүлейменов А.А. Орман шаруашылығы: әдістемелік нұсқаулар.- Павлодар: Кереку,2008.- 46 б.
Эйтинген Г.Р. Лесоводство. – М.: 1986. – 450 с.
№5 Тұқымдарды құжаттандыру және тасымалдау
Дәріс жоспары:
1 Партияларды қалыптастыру, бірқалыптылық белгілері.
2. Бөлінген партиялардың құжаттар түрі.
3. Тасымалдау ережелері.
Орман тұқымдары мен көшет материалын республикадан тысқары жерлерге шығару осы саладағы уәкілетті органның фитосанитариялық және карантиндік сертификаттары болған жағдайда жүзеге асырылады.
Орман тұқымдарын тасымалдау (тасу) кезінде олардың бүлінуіне жол бермеу үшін орман тұқымдарын белгілі бір ылғалдылыққа дейін жеткізіп, кептіреді де, 5-6 қабат қағаз немесе мата қаптарға, ағаш жәшіктерге және басқа ыдысқа тығыздамай салады. Ыдысқа салынған орман тұқымдарының бір орнының массасы 50 килограмнан аспайды.
Қап-жәшіктің әрбір орыны орман тұқымдарының түр атауы, массасы, паспортының нөмірлері мен күні, жөнелтуші мен алушы ұйымдардың атаулары мен мекен-жайлары көрсетілген ішкі және сыртқы заттаңбалармен жабдықталады.
Орман тұқымдық алқаптарының мәселесі тұқымдардың егістік сапаларын зерттеу, олар бірқалыпты тұқымдардан алынған орта үлгілерді талдаумен анықталады.
Дайындалған бүрілер, жемістер, дәндер біркелкі белгілерімен, бөлек партияларға, күші бар стандарттардың талаптарына сәйкес, арнайы массаларымен дайындалады. Бір тұқымдық участоктен, алқаптан немесе бір селекциялық категорияның отырғыларынан, бір топтық орманнан жиналған бір айдың ішінде және бірыңғай жағдайда сақталатын бүрілерді, жемістерді, дәндерді бөлек партияларға біріктіреді. Құжаттармен куәлендірілген бір түрдің немесе түршенің, бір қалыптағы тұқымдары, массасы белгілі тұқымдар партия деп аталады. Өте жақсы ағаштар мен отырғылардан немесе бөлек ағаштардан және өте бағалы түрлердің бұталарынан бүрілер, жемістер, дәндер жинағанда массасы кішкентай партиялар құруға болады (1/25 бөлігі - стандартпен белгіленген партия массасынан).
Егуге арналған, бүрілердің, жемістердің және дәндердің әр партиясына стандартқа сай паспорт толтырылады, онда бүрілерді, жемістерді, дәндерді қандай жерде жинағаны және жинаған жер туралы мәліметтер келтіріледі.
Орман егу және көшет материалын өсіру кезінде тек тексерілген және кондициялы орман тұқымдары ғана пайдаланылады. Себу үшін пайдалануға жататын орман тұқымдары олардың жаппай өсіп-өнуін ынталандыру және топырақтағы өсімталдығын арттыру мақсатында себу алдындағы өңдеуден өтеді.
Тұқымдарды себу алдында өңдеудің мынадай тәсілдері қолданылады: тұқымды стратификациялау (тұқымның өніп шығуын жеңілдету) (тұқымды тоңазыту), тұқымның сыртқы қабаттарына механикалық, жылумен және химиялық әсер ету, тұқымдарды микроэлементтермен және өсу стимуляторларымен өңдеу, дыбыспен, ультрадыбыспен және магнитпен әсер ету, тұқымдарды дәрілеу және улау.
Паспортты толтыруға жауаптылар: орман мекемесінде –орманшы,орманшы көмекшісі; орман шаруашылығында - бас орманшы, инженерлер. Паспорт нөмірленеді, мөрмен, жауапты адамның қолымен бекітіледі.
Іс жүзіндегі стандарттарға сәйкес паспортпен қатар зат таңба толтырылады. Бір данасы ішіне салынады, ал екіншісі ыдыстың сыртына бекітіледі.
Бүрілердің, жемістердің, дәндердің партияларын, қалдықтарын араластыруға тиым салынады.
Дәндердің орта үлгілерін тексеруге жібергенде және партияның бөлігін басқа жерге жібергенде, паспорттың көшірмесін жібереді.
Дайындалған дәндердің партияларының паспорттары, сонымен қатар сырттан алынған тұқымдардың паспорттарының көшірмелері кәсіпорынның арнайы ісінде сақталады.
Егуге дайындалған дәндердің сапасы, бағалау және әдістемелік стандарттарға сәйкес, тексеруден өтеді.
Бағалау стандартында өнгіштік және тазалық көрсеткіштерін анықтайды, ол сапа класының белгілері. Ал әдістемелік стандарттында үлгілер алу ережелері, дәндердің егістік сапаларын анықтау нұсқаулары келтіріледі . Дәндердің сапа класын анықтау талдауын бақылау тұқымдық станциясы жүргізеді. Сақталынбайтын дәндердің талдауын, тұқым станциясында дайындық өткен, орман шаруашылығы маманы жүргізеді. МСТ 13056.10 - 68 негізінде талданған дәндердің әр партиясына , орман тұқым станциясы «дәндер кондициялы деген куәлігін» береді, ол мекемеде сақталады және арнайы журналға енгізіледі.
Дайындалған дәндерге паспорт жасалса және оларды дайындағанға жалақы төленсе, ол мекеме есебіне жазылады. Ал жоспардан артық дайындалған дәндер, өнім болмаған жылдарға арналып, ұзақ сақталуға қалдырылады.
Дәндердің сапасы өнгіштігімен, өну энергиясымен, өміршеңдігімен, сапалылығымен, тазалығымен, шаруашылықта қолдануға болатындығымен және 1000 дәннің массасымен анықталады. Керек болса қосымша, ылғалдылығы және энто - фитозиянкестермен зақымдалуы анықталады.
Барлық іс - шараларда керек және сыртқы жіберілетін дәндер есепке алынады.
Транспорттаудың алдында ылғалды дәндерді кептіреді. Артқанда, тасымалдағанда және түсіргенде дәндер суланбау және ақауланбау керек. Дәндердің бір орнының массасы 50 кг аспау керек. Әр орынның ыдысына арнайы зат таңба салынады, ал сыртына дәннің түрі аталған, массасы, паспорттың нөмірі мен құжаттық көрсеткіштері көрсетілген, орман шаруашылығы мекемесі аталған құжат бекітіледі.
Әр түрдің дәндері арнайы ыдыста тасымалданады:
- қылқан жапырақтылар дәндері (шырша, қарағай, бал қарағай, май қарағай)- полиэтилендік және темір ауа кірмейтін баллондарда, егер олар болмаса тығыз қосақталған қаптарда;
- жапырақты ағаштардың және бұталардың ұсақ дәндері, оның ішінде мына түрлердің – аюбадам, тал, шетен, қандағаш, көктерек, қарақат, терек, тұт ағашы - полиэтилендік және темір ауа кірмейтін баллондарда, немесе шыны шишаларда;
- шәмкіш, ырғай, жөке ағашы, дәнек жемісті, шекілдеуікті дақылдардың, раушан гүлінің, самырсындық қарағайлардың дәндерін
- қосақталған тығыз қаптарда, фанералық немесе ағаш жәшіктерінде;
- самырсындық сібір қарағайының дәндерін 0° төмен 12 - 15° С жоғары температурада тасымалдауға болмайды;
- қайың және құмды бекітетін түрлер (сексеуіл, соран т.б.) қатты қаптарда, бірақ та тығыз салмай;
- шаған, үйеңкі дәндерін - фанера немесе ағаш жәшіктерінде;
- орман жаңғақ, жаңғақ дәндерін тығыз қаптарда немесе ағаш жәшіктерінде;
- егістік талшын дәндерін дымқыл құм немесе шымтезек салынған ағаш жәшіктерде;
- шамшаттың дәндерін күзде құрғақ 40 кг көп емес ыдыстарда.
Көптеп теміржол әлде су көлігімен дәндерді тасымалдағанда ыдыста ұстайтын жерлер болу керек. Дәндер салынған ыдыстар тиелгенше көлеңкеде болу керек.
Тиелетін дәндер - піскен, сортталған, жақсы ыдысқа салынған, сапалылығы 70% төмен емес, ылғалдылығы 60-65% болу керек. Жеткізілген дәндердің сапасы туралы акт жасалады.
Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1. Партияларды қалыптастыру, бірқалыптылық белгілері.
2. Бөлінген партиялардың құжаттар түрі.
3. Тасымалдау ережелері.
Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиет:
“Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы” Силыбаева Б.М, Байганова Ж.Қ, Карипбаева Н.Ш,Полевик В.В Семей-2010 ж
Кентбаева Б.А. Лесосеменное дело. – Алматы, 2006. – 160 с.
Сүлейменов А.А. Орман дақылдары селекциясы. – Астана, 2007. – 45 б.
Набатов Н.М. Лесоводство. – М.: 1997. – 345 с.
Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы.1996.-344 с
№6 Орман тұқым дайындамаларын аудандастыру
және орман дәндерін басқа жерлерге ауыстыру
Дәріс жоспары:
Орман тұқымдық аудандастырудың маңыздылығы
Географиялық дақылдар аудандастыру ерекшеліктері
Мәдени орман құруға арналған дәндердің географиялық тегі негізгі жағдайлардың біреуі, өйткені орман дамытуға көп әсер етеді. Тұқым қуалаушылық қасиеттерінің әр түрлі болатынын ескермей дәндерді бір жерден екінші жерге ауыстыру өткен замандарда көп елдердің орман шаруашылығын нашарлатқан: дақылдар өлген, төмен отырғылар немесе аз бағалы қисық діңді, бұтақты отырғылар пайда болған.
Орман тұқымдық аудандастыру (ОТА) –табиғи жағдайларды ескере отырып, елдің көлемін бөлу, өйткені эволюция үрдісінде сол жерлерге сәйкес генетиптік құрамдар қалыптасқан, ОТА-ның негізгі мәселесі - жоғары өнімді және төзімді орман отырғыларын өсіру үшін түрлердің географиялық өзгергіштігін ұтымды қолдану.
Ауданның, көлемінде дәндер жылжытылғанда құрастырылған отырғылардың өсуі нашарламаса, өміршеңдігі төмендемесе, ол орман тұқымдық деп аталады. Климаттық қалыптасқан жағдайларымен популяциялардың генотиптік құрамы бір ормандық тұқымдық аудан ОТА-ның негізгі бөлігі. Әр ауданда белгілі экологиялық - географиялық тегі бір популяциялардың дәндері қолданылады, бірақ та ауданның климаттық жағдайларына бейімделген, яғни жергілікті және қатар популяцияларға тән болып.
Жергілікті дәндер – ол бір орман тұқымдық ауданда жиналған дәндер, басқалары шет аудандық деп аталады.
Табиғи аймақтарға байланысты табиғи сұрыптаудың әсерімен түрлер эволюциялық өзгерістерге ұшырады. Ағаш өсімдіктері сыртқы жағдайлардың әсеріне байланысты физикалық және физиологиялық өзгерістерге ұшырайды, сондықтан түршелер, климаттық және эзафиттік экотиптер деп аталуды қалыптастырды. Ағаш түрлерінің түр ішілік өзгергіштігін зерттеуінің орынды әдісі географиялық дақылдар құрастыру және олардың өсіп-дамуын байқау.
Географиялық дақылдар - шет аудандық егістік және отырғылық материалмен құрастырылған дақылдар, олар бір қалыпты экологиялық жағдайларда салыну керек. Ғылыми - нақтыланып ұсынылған шешімдерді іске асыру ауыстырылатын түрлердің дәндерінің сапасы мен қолдан жасалған отырғылардың өнімін көтереді. Шет аудандардың дәндерінің негізінде құралған географиялық дақылдардың өсуін, төзімділігі мен әрі қарай дамуын зерттеу, олардың болашақ шекараларын анықтайды. Географиялық дақылдарда түрішілік өзгергіштікті зерттеу керек, олардың өсу және дамуын салыстыра отырып, керек аймаққа орынды түрлерді қалыптастыруға болады.
Ағаш тұқымдастарын ауыстыру.
Орманды қалыптастыру және жаңарту процесстері, орман құрамы тұқымдастарын ауыстыру уақытында немесе бір ағаш тұқымдасын басқа ағаш тұқымдасымен ауыстырғанда, байқалады. Ағаш тұқымдастарының ауыстырылуы табиғи жолмен өте ұзақ процессте жүзеге асады. Қарағай, емен, қайың және көктерек секілді жарық сүйгіш тұқымдастар шырша, самырсын, жөке және т.б. көлеңке сүйгіш ағаштармен алмасады. Ғасырлар бойы табиғи жолмен алмасатын ағаш тұқымдастары адамның шаруашылық әрекеттері барысында алмасатын ағаштарда өте баяу жүреді. Климаттың біртіндеп өзгеруі бір тұқымдастың пайда болуына алып келсе, екіншісін жоғалтады. Табиғаттың әсерінен болатын тұқымдастардың өзгеруі ауа-райының жағдайына байланысты. Вегетатциялық құрғақ кезеңнің басталуы тұқым шашуды жоғарлатса, көп жағдайда қылқанды ормандарда өрттердің пайда болыына алып келеді. Осының салдарынан жарық сүйгіш және көлеңке сүйгіш қылқанды ормандар қайың және көктеректермен алмасады.
Орман құрамының үлкен ролді орман тұқымдастардың биологиялық және экологиялық: тұқым шашу әдісі, қоректену маңызы, вегетатциялық көбею мүмкіндігі, табиғаттың және қоршаған ортаның қолайсыздығы үлкен ролді атқарады. Қайың мен көктерек жыл сайын көп тұқым шашады. Ал, қарағай мен шыршаның көптеп тұқым шашуы 5 жылда бірақ рет болады. Қылқаны және жапырақты тұқымдастардың тұқымы мен ұрықтары (қарағай, шырша, көктерек, самырсын және т.б.) желдің көмегімен алысқа ұшу үшін кішкентай икемделген қанатшалары болады. Ал,емен, шәмшәт дәндері ауыр болғандықтан ағаш маңында таралады. Сондықтан олардың тұқым шашу қабілеті төмен. Көптеген ағаш тұқымдастары вегетативтік жолмен (қайың, көктерек, жөке, емен, және т.б.) жаңаратын болса, ал басқалары тек тұқыммен (шырша, қарағай, балқарағай) жаңарады.
Қазіргі дәуірде орман құрамының өзгеруіне адамның шаруашылығы үлкен әсерін тигізеді. Үлкен аумақтарда қылқанды ормандарды кесу, жапырақты ормандардың пайда болуына әкеледі. Мал жайылу барысында емен ағашы қанды қара ағашпен, көктерекпен, қайыңмен алмасады. Ағаштар өскен аймақтарды құрғату оның түпкілікті құрамының өзгеруіне алып келеді. Егер құрғату барысында таза қарағайдың орнына қайың, шырша, көктерек пайда болады. Қылқанды орманда кең таралған орман өрттері олардың бірінші кезекте қайың мен көктеректің алмасуына алып келеді. Шыршалы сүректі жаппай кесу немесе өртке орануы бұл аймақта барлық қоршаған орта факторлары өзгеріп, жаңа факторлар кең аланқайларда пайда болады. Топырақтың бетіне көп көлемде жарық, ылғал түседі. Осының салдарынан тек тірі жан-жануарлар ғана емес топырақ құрамыда өзгереді. Көлеңке сүйгіш мүктердің, шөптердің, бұталардың орнына жарық сүйгіш шалғындық шөптер пайда болады. Шырша, қайың және көктеректің биологиясы өте әр түрлі. Жапырақты ормандар жыл сайын көп көлемде тұқым берсе, шыршалардың жақсы тұқым беруі 4-5 жылда бір рет келеді. Қайың мен көктерек тұқымдары шыршаның тұқымдарына қарағанда алыс аймақтарға ұшады. Көктерек пен қайың жарық сүйгіш болғандықтан алғашқы жылдары жылдам өссе, ал шырша көлеңке сүйгіш және баяу өседі. Сонымен шыршаның жас өскіндері көктемгі кеш үскіріктерден зардап шексе, ал жапырақты тұқымдастар ауаның төменгі ауытқу температурасына төтеп бере алады.
Биологиялық нұсқау бойынша шырша, көктерек және қайыңның егер кесілген немесе өртенген жерлерінде жапырақты ағаштар тез жетіліп жас көктерек және қайың секілді өскіндері дами түседі, олар шыршаның өсуіне қолайлы жағдай туғызады. Топырақ жамылғысындағы жерді бекітіп тұрған астық тұқымдастар жоғалып, ал ауаның температурасы көп-көп төмендейді. Осы уақыт аралығында көктерек пен қайыңның тұқым беретін жылдары олардың көлеңкесінде шырша өсе бастайды, өйткені олар күннің көзін сүймейді. Көктерек пен қайың ұзақ өспейтін тұқымдар, сондықтан оларда тез өлуі басталады, ал шырша көп жылдық болған соң, оларда енді ғана өсіп дамуы басталады.
Қарағай көбінесе қайыңмен және көктерекпен сирек ауыстырылады. Бұл ауыстыру көбінесе қарағай ағаштарын кездесуден кейін таза құмды топырақтың бөлінуі кезінде пайда болады. Қарағайдың тұқымы шөбіне аралып, оның өскіні шықпай қалады. Тығыз өскен шөп жамылғысы күшті көлеңкелейді, сондықтан қарағайдың өскіні өспей қалады. Содан кейін қайың өз дәндерін шашып өседі. Емен тұтастай кесуден кейін, жиі көктерекпен, жөке, ақ бүк ағашы және басқа да жұмсақ жапырақты тұқымдастарымен ауыстырылады. Бұның тұқымы ауыр болғандықтан, ағаштың ұшар басының шекарасына ғана түседі, сондықтан мұнда ауыстырылуы болады. Қайың, көктерек және т.б. түрлердың тұқымы ашық жерлерге еркін түсіп, жас өскіндер тез биікке өседі. Еменнің өскіні жарық сүйгіш және көбінесе ол көктерек, қайың, тал, т.б. ағаштардың көлеңкесінде қалып, өліп қалады. Бұған қарамастан, емен балақ шыбық қасиетіне ие, қартайған кезде ол оны кейде бермейді.
Бұл жағдайлардың бәрі емен ағашының орнына жұмсақ жапырақтылардың өсуіне әкеп соғады.
Тұқымдардың ауысуын бағалай отырып, келесі жағдайларды айта кеткен жөн. Қылқан жапырақтылардың ауысуы - сапалы өзгеру, бірақта экономикалық және орман қамтамассыздандыру маңызы төмендейді. Бұл бағалы қылқан жапырақты ағаштардың жоғалуын баяндайды және орман өсімдіктер ортасында бұл төмен жақты көрсетеді. Тұқымдардың ауысуын орман шаруашылығын жүргізілуіне байланысты талқылауға болады. Қылған жапырақтылардың ауысуы болатын жерлері көп болып кетсе, онда орман шаруашылығы деңгейі төмендейді. Сонымен қатар тұқымдардың ауысуы оң нәтижелер береді, мысалға шыршаның қайыңмен ауысуында топырақ жақсарады. Кесілген қалдықтардың аурулары күресу. Сондықтан ағаш тұқымдастарының ауысуының экономикалық бағасы орманның әр түрлі ерекшеліктеріне байланысты қарастырылады. Барлық талдаулар орман шаруашылығына бүкіл жағдайлар жасау керегін көрсетеді.
Орман шаруашылық тәжірибесінде үш негізгі орманды қайта қалыпына келтіру әдістері бар: табиғи, жасанды және аралас (табиғи және жасанды).
Орманның табиғи қайта қалыпына келуі - табиғи жолмен орманның жаңа буынының пайда болуы. Орманның табиғи қайта қалыпына келуінде мынадай байлықтарды қолға алуға болады: орманды тазарту жұмыстарында құнды тұқымдарды сақтап қалу, арнайы тұқымдық ағаштарды қалдыру, тұқымдардың өсіп жетілуі үшін топырақты дайындап, байытып өңдеу, орманды жер телімдеріне ағаш отырғызу үшін қоршауға алу. Орман тұқымдық қайта қалыпына келу және вегетативтік көбею секілді табиғи жолмен жүретін түрлерін бөліп қарастырылады. Тұқымдық қайта қалыпына келуі дегеніміз - жас өркіндер тұқымнан пайда болып, табиғи жолмен жаңару, ал вегетативті көбею деген- жас өркендердің түбірлерінен, сол сияқты ағаш бөліктері мен бұталардан өсіп шығуы.
Жасанды қайта қалыпына келу немесе орманды қайта қалыпына келтіру дегеніміз - ертеде болған ағаш алқаптарында орман жолақтарын отырғызу. Орманның аралас қайта қалыпына келуі дегеніміз - белгілі бір алаңда табиғи және жасанды жолмен жүруі. Мысалы: тұқымдық табиғи қайта қалыпына келуі ағаш отырғызу немесе егуде бірдей бір жерде өсе береді. Әрбір қайта қалыпына келтіру әдістерінің кемшіліктері бар. Сондықтан әдістерді қолдануда және таңдауда ауданның табиғи және экономикалық жағдайларын, ағаш тұқымдастардың шаруашылық құрлымын және орман экологиясы еске алынады. Егерде табиғи қайта қалыпына келу жолы жүзеге аспаса, жасанды әдістерді қолға алған абзал. Орманның табиғи қайта қалыпына келуі әсіресе қылқанды ормандарға тән болып келеді. Тұқымдық қайта қалыпына келу жапырақты ормандарға тән, әрі жақсы өседі. Қайта қалыпына келу шаралары көбінесе ағаштардың тұқым таратуы, тұқымның өсіп шығуы, кейін жетілуіне тікелей қатысты. Аталған этаптардың әрбір тұқымдастардың орманшылық құрлымы, орман ішіндегі экологиялық жағдайлармен байланысты.
Тұқым шашу немесе репродуктивті мүмкіндігі - ағаштар мен бұталардың өсуі мен дамуындағы маңызы, олардың гүлдеген уақытындағы тұқым қалыптасу кезеңі болып табылады.
Табиғи аймақтардағы тұқым шашу процестері климаттың мезгілдік қозғалысымен байқалып, жыл сайын қайталанады. Мұндай процесс биологиялық және экологиялық факторлардың әсеріне тәуелді. Биологиялық жағдайлар ішінен ағаш және бұта тұқымдастарының түрлік және тұлғалық ерекшеліктері маңызға ие. Үздік мұрагерлік құрамы бар ағаш және бұта тұқымдастарының гендік тасымалдағышы бар түрлері көп мөлшердегі тұқым береді.
Ағаштың жас ерекшелігіне байланысты оның тұқым шашу қабілеті анықталады. Бұл негізінен қоршаған орта мен белгілі бір ағаш түрінің дара ерекшеліктеріне байланысты. Негізгі орман түзуші тұқымдастардың репродуктивті мүмкіндігінің бастамасы (еркін өсетіндер) тығыз өсетін екпелерге қарағанда екі есе ерте өсіп шығады. Жалғыз өскен кәдімгі қарағайдың тұқым шашу кезеңі 10-15 жыл, еуропалық шырша немесе сағызқарағай 15-20жыл, сібір балқарағайы немесе балқарағай 20-30 жыл, қайың ұрықтары 8-19 жыл, емен 20-30 жыл, көктерек 12 жыл. Жас ерекшеліктері тұқым мен ұрықтың өнімділігіне тығыз байланысты.
Биологиялық кешендегі географиялық ортамен көрсетілген экологиялық факторлар (климаттық, орографиялық, топырақ, биотикалық және антропогендік) ағаштардың репродуктивті қуатының көп қатарлы процесін анықтайды. Климаттық жағдайлар орман екпелерінің тұқымдық өнімділігін бастапқы стадиясына тікелей әсер етеді. Өнімнің негізгі ұрықтану және тозандану процессі жүрген уақытта қаланып, ал гүлдену ауа- райының қолайлығына байланысты болады. Жаңбырлы әрі суық ауа- райы гүлдену уақытында тозанданудың уақытында кедергі келтіріп, ұрықтануғада әсерін тигізеді.
Ағаштың ұшар басына түсетін күн сәулесі тұқымдардың мол таралуына әсер етіп, ұрықтар мен тұқымдарда қоректік заттардың жиналуына әсер етеді.
Таулы ормандарда жер бедері мен орографиялық фактор тұқым таралуда үлкен маңызға ие болса, ал топырақ құрамы өнімділік сапасына әсері мол. Бонитеттің жоғарғы класстағы бітімі (IV-V) класстағыға қарағанда (I-III) класстағы тұқымды бірнеше есе жақсы ұстайды. Биотикалық факторлар көптеген фауналардың өмір сүруінің әр түрлілігімен байланысты тұқымдар мен ұрықтардың өнімділігін жоғарлатады немесе төмендетеді. Көптеген орман құстары (бал қарағайша, тоқылдақ, бақылдақ торғай, жорға торғай) ұрық пен тұқымның көп мөлшердегі өнімін жояды. Жәндіктер тозандануға әсер етсе, олардың көбі (жапырақ масасы, біз тұмсық) негізгі орман түзуші тұқымдастардың тұқым мен ұрықтарына зиян келтіріп, кейде өнімнің азайуына дейін әкеледі.
Адамның шаруашылық және рекреациалық іс-әрекеті тұқымның таралуына мол әсері бар. Яғни мақсатты түрде ағаштар мен бұталардың репродуктивті қабілеттерін көбейтеді. Ол үшін кең көлемдегі орман шаруашылық шараларды: сүректердің орналасуын сирету, топырақты қопсыту, арам шөптермен күрес, минералды тынайтқыштарды қосу, зиянкестермен күрес және саңырауқұлақ ауруларымен күрес жұмыстары экологиялық факторлары өзгере отырып іске асады. Сол сияқты мал жаю, рекреациялық мақсатта орманды асыра пайдалану тұқымдар мен дәндердің өнімділігі азаюына әкеледі.
Бұталар мен ағаштардың тұқымы мен дәнінің көп мөлшерде өнім берген жылын, тұқымдық жыл деп атайды. Бір жылы көп өнім берген ағаштардың келесі жылы жақсы өнім беруі екі талай. Себебі келесі жылға тұқым шашуға және гүлденуге ағаш құнары азаяды. Қоректік заттардың жинақталуы әдеттегідей фотосинтез процессінде жүріп, құрғақ жылдары жақсы байқалады. Негізгі орман түзуші ағаштардың ішінде бірнеше жылда қайталанып келетін мол өнім беретіндігі келесідей: емен 4-8 жыл, еуропалық шырша 3-7 жыл, майқарағай 6-8 жыл, кәдімгі қарағай 3-5 жыл, сібір балқарағайы 3-8 жыл. Қайың мен көктерек жыл сайын мол тұқым шашады. Тұқым шашудың мұндай қайталанып келуі биологиялық және экологиялық жағдайлардан басқа ормандардың географиялық орналасуымен байланысты. Мысалы: Кольск түбегінде қолайсыз экологиялық факторлар әсерінен кәдімгі қарағайдың мол тұқым шашуы 10-15 жылда болады.
Ұрықтар мен тұқымдардың пісіп жетілуі шартты тәуелді түрде болып, тұрғылықты жеріне, ағаш тұқымдарына, ағаштың өсетін аумағы мен ауа-райының қолайлығына байланысты. Сондықтан әр ағаш тұқымы өз уақытында пісіп жетіледі. Мысалы: көктем мен жаздың бас кезінде- терек, дала шегіршіні; жазда- аққайың, орманжаңғағы, ал, күзде- емен немесе барлық қылқанды жапырақты ағаштар.
Ағаш тұқымдарының таралуы әр түрлі жолдарменен таралады. Желмен таралатын тұқымдардың көбі қылқанды жапырақты ағаштар (шырша, қарағай, балқарағай) және жалпақ жапырақты ағаштар (ақ қайың, тал, көктерек). Сумен таралатын тұқым түрлері (қанды ағаш, емен, терек). Ормандағы ағаш пен өсімдік тұқымдарының таралуына жануарлар мен құстар өте көп әсер етеді. Олар сыртқы терісімен және ең бастысы – асқорту аппаратынан егер тұқым қортылмай шықса.
Өнімді жинауды ұйымдастыру, рационалды жоспарлау, орманды қайта қалыпына келтіру жұмыстарын жүргізу, орман тұқымдық шикізаттарын дайындау үшін кететін шығынды шығаруды жыл сайын фенологиялық бақылау арқылы жүргізіледі. Фенологиялық бақылау барысында ағаштар мен бұталардың тұқым шашуын болжайды. Фенологиялық бақылау үстінде гүлдеудің уақытын, тұқымдардың қалыптасуын, бүр мен тұқымдардың пісуін тіркеуге алады. Жаппай тұқым шашу кезде ағаштар мен бұталардың 50%-нан астам тұқымдарын жинап алып, өнімділігін анықтайды.
Көп жағдайда ағаштағы тұқым мен өнімділікті қарапайым көз мөлшерімен анықтайды. Егерде тұқым мен жеміс дәл ормандағыдай қалың емес, оның бір бөлігі және жалғыз тұрған ағаштағыдай болса, онда ол өнімі жоқ жыл болып есептелінеді. Ал, орманның бір бөлігі мен жалғыз тұрған ағаштағыдай емес орташа болса, онда қанағаттандырарлық өнім болады. Ағаштың әр бұтасы жаппай өнім беретін болса онда оны өнімі мол жыл деп атаймыз. Кемінде соңғы он жыл ішіндегі тұқым дайындау көлемін талдау барысында статистикалық әдістерді қолданады.
Қарағай тұқымының өнімділігі шамамен гектарына 0,3 тен 19кг, шырша-158кг/га, балқарағай- 80кг/га, қайың-47кг/га, емен-650кг/га. Егерде қарағайды алатын болсақ 1кг-да шамамен 150 мың тұқым, шыршада 130 мың, қайыңда 1,5 млн. тұқым болса, көктемде 1га-на қанша тұқым түсетінін ойлаңдаршы. Сондықтан, жерге түскен тұқымға күннің түсу энергиясымен қолайлы температура, ылғалдылық пен жеткілікті оттегі қажет. Қарағайдың тұқымына орташа температура алатын болсақ 25-30º , өсуі 5-30ºс-де басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |