Алматы экономика және статистика академиясы


Өз-өзін бақылау сұрақтары



бет10/16
Дата19.07.2017
өлшемі2,95 Mb.
#21274
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

1. Мінеттемелер түсінігі

2. Қысқа мерзімді міндеттемелер дегеніміз не?

3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер дегеніміз не?

4. Қысқа мерзімді міндеттемелерді атап беріңіз

5. Ұзақ мерзімді міндеттемелерді атап беріңіз

6. Дивиденттер мазмұны және мәні

7. Артықшылықты акциялар мен қарапайым акциялардың айырмашылығы

8. Дивиденттер бойынша есеп айырысудың есебі

9. Бюджетке төленетін салықтың түрлері

10. Салық дегеніміз не?

11. Корпоративтік табыс салығы дегеніміз не№

12. Корпоративтік табыс салығының объектілері, ставкасы, төлеу мерзімі

13. ҚҚС, объектісі, ставкасы, төлеу мерзімі



Негізгі әдебиеттер

1. Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2008

2. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии», Алматы, 2010

3. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 2008



Тақырып 11. Капиталдың есебі

Дәріс мақсаты: Студенттерге жарғылық капиталдың есебі, оның қалыптасуы мен өзгеруінің тәртібін қарастыру және де резервтік капиталды құру мен пайдалану тәртібін ұғындыру

Дәріс сұрақтары:

1. Жарғылық капиталдың есебі

2. Резервтік капиталдың есебі
Дәріс мазмұны:

1. Жарғылық капиталдың есебі

Капитал – бұл ұйымның активтерінде оның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін қалатын үлес.

Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен кезде оның қатысушылардың салымының сомасына немесе акцияға жазылудан түскен сомаға тең жарғылық қоры құрылтай қүжаттарында көрсетіледі. Жарғылық капиталдың мөлшері, бір акцияның тұрақты құны, жай және артықшылықты акциялардың ара қатынасы, «Алтын акцияның» болуы акционерлер жиналысында белгіленеді және тиісті мемлекетгік органдарда тіркеледі.

Егер бұрын жарияланған көлемін қатысушылар толығымен төлемеген болса, жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешім тіркеуге қабылданбауға тиісті. Жарғылық капиталды азайту туралы шешімге несие берушілер наразылық білдіре алады. Жарғылық капиталға салымдарды төлеу үшін ақша қаражаттары, интеллектуалдық меншікті қоса алғанда материалдық емес активтер, «Ноу-хау», негізгі құралдар, жер иелену құқығы және басқа активтер қабылданады.

Жарғылық қор өткізілген акциялардың тұрақты құны бойынша бағаланады. Сатып-өткізілген акциялар құнының олардың тұрақты құнынан артуы /құрылтай және эмиссиялық табыс / жеке көрсетіледі және акцияларды, олардың түрақты қүнынан төмен бағаға /акция курсы арзандаған кезде/ сатқан жағдайда пайда болатын айырмашылықтың өтеміне пайдаланылады.

«Капитал мен резервтер» бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған. Берілген 5-бөлім мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

5000 – «Жарғылық капитал»,

5100 – «Төленбеген капитал»

5200 – «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар»,

5300 – «Эмиссиялық кіріс»,

5400 – «Резервтер»,

5500 – «Бөлінбеген кіріс (жабылмаған шығын)»

5600 – «Жиынтық пайда (жиынтық зиян)».

5000 «Шығарылған капитал» кіші бөлімі шығарылған капиталды есепке алуға арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:

5010 – «Жарияланған капитал», мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған қарапайым, артықшылықты акцияларының жиынтық атаулы құны, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар мен жарналар көрініс табады;

2. Резервтік капиталдың есебі
ҚР Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы № 2255 Заң күші бар Жарлығына сәйкес АҚ жарғылық капиталдың 10% -нен кем емес мөлшерде өзінің резервтік капиталын құруға міндетті. Резервтік капиталды құру және пайдалану тәртібі жарғы мен белгіленеді. Өндіріс көлемінің өсуіне, құнсыздануға басқа да жағдайларға байланысты жарғылық капитал ұлғайған кезде резервтік капиталда соған сәйкес ұлғаюға тиісті.

Резервтік капитал бөлінбеген табыстан аударымдар жасау арқылы жасалады.

5400 «Резервтер» бөлімшесі резервтерді есепке алуға арналған, ол қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарына және ұйымның есепке алу саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетіледі, және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:

5410 – «Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал», онда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;

5420 – «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв», онда активтерді, негізгі құралдарды қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;

5430 – «Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв», онда материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;

5440 – «Қаржылық активтерді қайта бағалауға арналған резерв», онда қаржылық активтерді, негізгі құралдарды қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;

5450 – «Шетелдік валютаның қайта есептеуге арналған резерв», онда монетарлық бап бойынша туындайтын бағамдық айрамлар көрсетіледі, ол барлық жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бөлігін құрайды, меншікті капитал ретінде ұйымның қаржылық есептілігінде, таза инвестициялардың шығарылуына дейін, одан кейін олар кіріс немесе шығыс ретінде танылуы тиіс;

5460 – «Басқа да резервтер» онда алдындағы топтарда көрсетілмеген басқа да резервтер көрсетіледі.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

1. Ұйымдардың жарғылық қоры дегенімз не

2. Жарығылық қордың қалыптасу көздері

3. Жарғылық қордың ұлғайту жолдары мен тәртіптері

4. Резервтік қордың жасақталу жолдары мен тәртіптері

5. Резервтік қордың мақсаты

6. Ұйымдағы жарғылық қор есебін ұйымдастыру тәртіптері

7. Резервтік қор есебі


Негізгі әдебиеттер

1. Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2006

2. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии», Алматы, 2002

3. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 2005


Тақырып 12. Қаржылық есеп беруді дайындау
Дәріс мақсаты: Ұйымның қаржылық, мүліктік жағдайын және шаруашылық қызметінің нәтижесін анықтайтын көрсеткіштер жүйесі ретінде қарастыру, сонымен бірге қорытынды есептердің өзара байланыстылығы мен қаржылық есеп беруді ұсынуды түсіндіру.

Дәріс сұрақтары:

1. Қаржылық есеп берудің нысандары

2. Бухгалтерлік баланс

3. Табыстар мен шығыстар жөнінде есептеме

4. Ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде есептеме

5. Меншікті капиталдағы өзгеріс



Дәріс мазмұны:

1.Қаржылық есеп берудің нысандары


Қаржылық қортынды есеп жекелеген есеп объектілерінің түрлерін, бұлардың экономикалық мазмұнына қарай ірілендірілген топтарға жинақтаудан туындайтын ұйымның қаржылық жағдайын сипаттаушы көрсеткіштер жүйесінен тұрады. Жинакталған есеп объектілері қаржылық қортынды есептің элементерін құрайды.

Ұйымдардың каржылык жағдайын өлшеп бағалаушы негізгі элементтерге активтер, меншікті капитал және міндеттемелер жатады. Ұйымдардың экономикалык тиімділігін сипаттаушы элементтерге таза пайда немесе шеккен- зиян, ал түскен таза пайданы өлшеу - алынған табыс пен жұмсалған шығындарды салыстырып өлшеу арқылы жүргізіледі. Қаржылық қортынды есеп дайындау барысында осы жоғарыда айтылған элементтер есеп акпараттарын пайдаланушылардың экономикалық шешім кабылдауына ыңғайлы болуы үшін арнайы үлгідегі бухгалтерлік балансқа сабақтастық жолдармен орналасуы керек.

Қаржылық қортынды есептің көптеген элеметтерінің мазмұны «Қазакстандық тұжырымдамалық (концепция) негізде» каралған. Ресми түрдегі осы тұжырымдамалык кұжатта қаржылык қортынды есеп жөніндегі ұғым және оның сипаты, сондай-ак активтерді, пассивтерді, табыстар мен шығындарды, меншікті капитал мен міндеттемелерді танудың мазмұны мен қасиеттері берілген Бұл тұжырымдамада қаржылық қортынды есептің кұрамдас элементтері, капитал қалыптастыру және оның қозғалысы, ақпараттарды танып білудің критерийлері, бұлардың мақсаты мен құрылымы, сондай-ак қаржылық қортынды есептің негізгі элементтерін есеп тәжірбиесінде қолдану жөніндегі ұсыныстар қаралған.

ХҚЕС 1 «Қаржылық қортынды тапсыру» стандартына сай қаржылық қортынды есептің негізгі мақсаты:



  • ұйымның қаржылық жағдайы;

  • ұйымның қызметінің нәтижесі;

  • ұйымның қаржылық жағдайының өзгерісі жөнінде анық және толық ақпараттар даярлау болып анықталған.

Аталған стандарт халықаралық қаржылық қортынды есеп стандарттарына негізделіп, Қазақстан Республикасы 28 ақпан 2007 жылғы «Бухгалтерлік есеп және қаржылык кортынды есеп» жөніндегі Заңына сәйкес каржылық қортынды есеп үлгілерінің барлығын жасау үшін қолданылады.

ХҚЕС 1 «Қаржылық есептiлікті ұсыну» стандарты төмендс жүйеленген негіздерден (1- сүлбе) тұрады.




Қаржылық қорытынды есептің кұрамы



Бухгалтер

лік баланс





Пайда мен залал туралы есебі




Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есебі




Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп



Түсіндірме хат


Каталог: accounting-and-auditing
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бухгалтерлік есеп және аудит» пәні бойынша 5В0
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қаржылық және басқару талдау» пәні бойынша «5В050800-Есеп және аудит» мамандығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет