Білім беру саласы: "денсаулық"
Бөлімі: Денешынықтыру
Мақсаты: әр жаққа жүгіруге жаттыққтыру.
Міндеттері: балаларды залды айналып жүгіруге, мұғалімнің белгісі бойынша қлзғалыс бағытын ауыстыруға үйрету; кеңістікте бағдарлау дағдысын дамыту; ұжымда тату ойнай білуге тәрбиелеу.
Жасы:3-4 жас
Өткізілетін орны:топ бөлмесі, зал, ауладағы спорт алаңқайы.
Құрал-жабдықтар: аюдың баскиімі, себеттер.
Ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау Мұғалім орманның (алаңқайдың іші) ішінде аюдың отырғанынтүсіндіреді. Алаңқайдың қарсы жағында балалардың үйшігі орналасқан. Балалар саңырауқұлақ жиап , орманға қарай жүріп, төмендегі өлең жолдарын айтады:
Ну орманға келемін,
Жидектерді теремін.
Аю келіп, ақырса,
Жылдам қашып кетемін.
Осы сөздерден соң аю ақырып, балаларды қуа бастайды. Ұсталғандарын өзіне алып кетеді.