Алтын Орда хандары


Г.А.Федоров – Давыдов «Общественный строй Золотой



бет12/14
Дата24.08.2020
өлшемі52,21 Kb.
#76698
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Алтын Орда

1. Г.А.Федоров – Давыдов «Общественный строй Золотой

Орды» М-1973, стр 71

2. Н.Қазыбек «Алтын Орданыңқұрылуынан құлауына дейiн»

А-1998, 32-бет

3. Осы тiзiмдегi 2шi әдебиет, 31-бет

4. Салих Закиров «Дипломатические отношения Золотой

Орды с Египтом» Москва 1966, стр 74

5. Осы тiзiмдегi 2шi әдебиет, 27-бет

6. Осы тiзiмдегi 4шi әдебиет, 74-бет.

7. Қ.Салғараұлы «Хандар кестесi» А-92, 35-бет.






Жәнiбек хан

(1341-1357)





Жәнiбек – Жошы ұрпағы, Мөңке Темiрдiң немересi болып келетiн Өзбек ханның екiншi ұлы. Отыз жылдай ел басқарған Өзбек хан Алтын Ордада исламды мемлекеттiк дiн етiп, халықты имандылыққа, қайырымдылық пен салауаттылыққа баулығаны белгiлi. Жәнiбек әкесiнiң бастаған iсiн негiзгi бағыт етiп ұстады. Ол атақты ғалым Сейд Шериф Әбдiлхамидұлынан тәрбие алады. Дiн жолына берiк болды, ғалымдармен кездестi, көреген, қайырымды, әдiл және өте қарапайым едi. 1*

Жәнiбек заманында Алтын Орда ханы Ресей княздерiн арнаулы жарлық шығарып бекiтетiн-дi.

Карамзиннiң, Соловьевтың еңбектерiнде Жәнiбек хан 1347-1353 жылдар аралығында Литва княздiгiмен арадағы келiспестiктi Мәскеу князi пайдасына шешкендiгi, Мәскеу, Нижний Новгород, Градише, Суздаль княздерiн тағайындағаны айтылады.

Ол кезiнде Алтын Орданың астанасын Едiл өзенi бойынан Жайықтағы Сарайшыққа ауыстырған.

«Жәнiбекке дейiн Алтын Орда халқы қайық, кеме дегендердi бiлмейтiн. Ол алғаш рет кеме жасатып, онымен теңiздiң арғы бетiндегi тамаша жерлердi, елдердi халқына таныстырады» 2*

Жәнiбек хан кезiнде Гүлстан iрi портты қалаға айналады. 1347 жылы осы Гүлстан (бүгiнгi Атырау қаласының маңы болуы мүмкiн-М.Абсеметов) портында Жәнiбек Венеция саудагерлерiмен сауда келiсiмiн жасаған. 3*

Жәнiбек хан батыс пен шығыстағы шетелдермен байланысты баянды ете алған Алтын Орданың соңғы басшысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет