Әкесі Өзбек хан орнына отырған Жәнібек әділеттілік пен қайырымдылықты,қасиеттілік пен тақуалықты елдің қалыпты өмірін енгізіп,орнықтырды.Жәнібектің тұсында,Өзбекханбардағыдай, АлтынОрданыңқуатыкемелiнекелiп, билiгi мейiлiншекүшейдi. 4*
Берке мен Өзбек хандар кезiндегiдей жиi болмаса да, Жәнiбек Египет сұлтандарымен дипломатиялық байланысты жалғастырды. Елдер аралық байланыстың дамуына 1345 – 1350 жылдар арасында дүниежүзiн шарлаған оба (чума) ауруының үлкен кедергiсi болды. Ауру 1346 жылы Қытайдың 13 миллон тұрғынын қырса, тез арада Каспий мен Қара теңiз жағаларын қамтыды. Аз уақытта Египет пен Сирияны, Грецияны жайлады. Генуя сауда кемелерiмен бұл ауру Италия, Франция, Англия, Германия елдерiн шарлап кеттi. 1349 жылы Скандинавия елдерiне тарап үлгерген оба, солар арқылы Новгород пен Псков жерiн шарпыды. Сөйтiп, мемлекетаралық дипломатиялық және экономикалық байланыстар мен Жiбек жолындағы сауда керуендерiнiң жүрiсi бiрнеше жылдар бойына үзiлдi. 5*
Жәнiбек өз жанына елдегi кемеңгер ақылгөйлердi, билер мен шешендердi, ақындар мен жыршы-термешiлердi, халыққа беделдi жақсылар мен жайсаңдарды жинапты, олармен ел басқару iсiнде ақылдасып отырыпты. Ауыз әдебиетi аңыздарында Жиренше шешен, Асанқайғы Жәнiбектiң ақылшылары болды деген сөз бар. 6*
Сол кезеңде Жәнiбектiң тапсыруымен ғалым Рабғузи Сарайшықта «Қисса сүл әмбия» тақырыбындағы атақты ғылыми еңбегiн жазып бiтiредi. (Ғалым еңбегi 1901 жылы шағатай-татар тiлiнде Қазан қаласында баспадан шыққан)
Осылайша ол халқына әз-Жәнiбек атанады.
Жәнiбек хан Сарайшықтағы аңызға айналған Аққу көлiн осы кезеңде жасатса керек.1357 жылы Жәнiбек елiне жәбiр жасағаны үшiн Әзiрбайжанды басқарып отырған Мәлiк Әшiр ханды шабады, Иранның Тебриз қаласын басып алады.
Әбiлғазының шежiресiнде Жәнiбек бұл сапарында 400 түйеге тиелген олжаны Сарайға жөнелтедi. Осы сапардан қайтар жолда Жәнiбек қатты сырқаттанады. Тiрi қала алмасын сезген ол халқымен бақұлдасып, көп өсиет айтып, баласы Бердiбектi өзiнiң орнына тағайындауды ұсынады.
Жәнiбек 1357 жылы қайтыс болып Сарайшыққа жерленедi. 7*
Достарыңызбен бөлісу: |