HN3 қышқылы – тотықтырғыш ретінде мына реакцияға түседі:
HN3 + 2HI = I2 + NH3 + N2;
HN3 +3HCl – қоспасы бағалы металдарды да еріте алады, себебі атомдық хлор бөлінеді. HN3 + 3HCl = 2Cl + N2 + NH4Cl; Сутегі азиді қышқылының тұздары азид деп аталады, ерігіштігі галогенидтерге ұқсас. Сілтілік металдар азидтері суда жақсы ериді, тек мына тұздар AgN3, Pb(N3)2, Hg(N3)2 – нашар ериді. Сілтілік және сілтілік-жер металдар азидтері қыздырғанда балқығанға дейін тұрақты. Ауыр металдар азидтері тез жарылады: Pb(N3)2 → Pb + 3N2
Азоттың оттекті қосылыстары
N2O, NO – түссіз газдар, тұз түзбейді, N2O3 – көкшіл қатты зат, NO2 – қоныр газ, N2O4, N2O5 – түссіз кристалл заттар. Азоттың оксидтері тұрақсыз, себебі олар эндотермиялық қосылыстар, бірақ химиялық активті.
Достарыңызбен бөлісу: |