Қамиева Г. Б. Орта ғасырлар тарихы оқу құралы АҚтау 2019



Pdf көрінісі
бет10/35
Дата08.02.2023
өлшемі1,41 Mb.
#167869
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Байланысты:
ҚАМИЕВА Г.Б.-ОҒТ-ОҚУ ҚҰРАЛЫ-2019

Жанна д’ Арк,
шетел басқыншыларына қарсы халықтық күресті басқарып, соғыс барысында 
түбегейлі өзгеріс жасады.
Жанна д

Арк 1412 жылы Францияның нақ Лотарингиямен шектес 
Домреми деген кішкене селода туды. Ол ағылшындар және бургундықтар 
басып алған аумақтар арқылы Шинондағы VІІ Карлге келіп жетті.
Сәуірдің аяғында Жанна армиясымен Орлеанға келеді. Қала түбіндегі 
ағылшындардың бекіністері бір-бірінен біраз қашықта орналастырылды, 
өйткені қаланы айнала қоршау үшін жаудың армиясы жеткіліксіз болды. 
Француздар небары төрт күннің ішінде бұл кішкене қамалдарды бір-бірлеп 
алып үлгеріп, ағылшындардың қоршауынан Орлеанды босатты. 8 мамырды – 
Орлеанның қоршаудан босаған күнін қазіргі кезде де Орлеанда мерекелеп 
өткізеді.
Орлеаннан айырылып қалудың қаупі қаншалықты болса, оның түбіндегі 
жеңістің Франция үшін маңызы зор болды.
Луарадағы қалаларды алғаннан кейін Жанна VІІ Карлмен Реймске барып, 
оған салтанатты түрде тәж кигізуді (коронация) өткізді. Ағылшындардан 
мүлдем тәуелсіз болған француз мемлекетінің королі ретінде VІІ Карлдың 
беделі мен жағдайы енді тек халқының алдында ғана емес, сонымен қатар бүкіл 
Еуропаның басқа елдерінің билеушілері мен халықтарының алдында да 
әжептәуір көтеріле түсті. VІІ Карл мен оның маңындағылардың тарапынан 
Жаннаға барған сайын сенімсіздік өрістеді.
63 


Реймске жасалған жорық, тәж кию және корольдің Шампаньды алуы 
герцог Бургундскийдің ағылшындармен одағын әлсіретті. Алайда Парижге 
батыл шабуыл жасау жөнінде Жаннаның қыркүйекте кіріскен әрекеті 
сәтсіздікпен аяқталды. Парижде ағылшындардың үлкен гарнизоны тұрды және 
қаланы бірден күшпен ала қою да оңай бола қоймады; корольдің армиясына 
кейін шегінуге тура келді. 
1430 жылы мамырда, бургундықтар қоршаған қаланы босатуға келіп, 
Компьен түбінде болған ұрысқа қатысқан Жанна тұтқынға алынды. Герцог 
Бургундский тұтқын қызды ағылшындарға 10 мың сом алтынға сатты. 1430 
жылдың аяғында Жаннаны, ағылшындар иеліктерінің орталығы Руанға әкеліп, 
инквизиция сотына тапсырды. Қаланың епископы, ренегат Бове Кошон 
басқарған шіркеу соттары оны діннен безген, сиқыршы деп айыптады. 
Жаннаны өлім жазасына кесіп, 1431 жылы 30 мамырда отқа өртеді. Жаннаның 
қаншама көмегі тиген VІІ Карл оны құтқарып алу үшін ешбір шара 
қолданбады. Тек 1455 – 1456 ж.ж. қоғамдық пікірдің көрсеткен қысымының 
нәтижесінде ғана VІІ Карл 1431 жылғы сот үрдісін қайта қарауды бұйырды, 
сөйтіп Жанна өзіне тағылған нақақ айыптардан ақталды.
Ағылшындардың және оларға дем берушілердің үміт артқан есептеріне 
қарамастан Жанна д’ Арк өлімі оларды құтқара алмады. 1435 жылы герцог 
Бургундский VІІ Карлмен одақтасып, келісім жасады. Бұдан кейін ағылшындар 
Париж бен Руаннан, Нормандиядан, Бордодан біржолата айырылды. Олардың 
қолында 1558 жылға дейін тек Кале қаласы ғана қала қалды.
Жүз жылдық соғыс 1453 жылы аяқталды. Францияның мемлекеттік 
тәуелсіздігі қайтадан толық қалпына келтірілді және ағылшын корольдерінің 
француз тағы мен француз жерлеріне көз алартып, ұмтылушылықтарына 
мүлдем тиым салынды. Бір орталыққа біріккен Француз мемлекетінің соғыс 
үзіп кеткен қалыптасу үрдісі қайтадан басталды.
ХІ Людовиктің экономикалық саясаты. Француз ұлтының қалыптаса 
бастауы. ХV ғасырдың 40-жылдарынан бастап орталық өкіметті нығайтуды 
бастау жұмысы шаруаларға жаңа ауыртпалықтар әкелді. Король ХІ Людовиктің 
(1461 – 1483 
ж.ж.) ел билеген 22 жылының ішінде, көбіне шаруалар төлеген тек 
бір ғана корольдік талья үш еседен астам жоғарылады. Алым-салықтар 
деревняның кедей тобын мейлінше ауыр күйзеліске ұшыратып, жалпы алғанда 
шаруаларды титықтатты. ХV ғасырдың аяғында шаруалардың еңбек сүйгіштігі 
бидай мен шарап, ет және басқа азық-түлік өнімдерін өндіру жөнінде 
Францияның бұрынғы атақты молшылығын қайта қалпына келтірді. Соның 
нәтижесінде егін жақсы шыққан жылдары астық Англия, Нидерландия және 
Испанияға шығарылып сатылды; жоғары сапалы шараптардың экспорты да 
үздіксіз өсе берді. Міне осылардың барлығы шаруалар шаруашылығы 
өнімділігінің өскендігін көрсетті. Ал барлық рангадағы француз феодалдары 
әлдеқашаннан бері-ақ жер жыртуды тоқтатты және қала халықтарының жер 
иеленуі де ХV ғасырда мүлдем азайды. 
Соғыстың нағыз қиын жылдарының өзінде де ауыл шаруашылығына 
қарағанда, француз қолөнері біраз жақсы жағдайда болды. Мықты биік 
дуалдармен қорғанған қалалар, деревняның басына түскен сұрапыл тонаулар 
64 


мен ойсырата қырып-жоюды біле қойған жоқ. Сондықтан да қолөнер саласы тез 
бұрынғы қылпына келді; оның бер жағында, елдің экономикасын дамытуға 
тырысқан ХІ Людовик, қалаларға көбірек қамқорлық жасады және әсіресе, 
өндірістің – жібек тоқу, металлургия және металл өңдеу, кітап басу, шыны 
бұйымдары мен жұқа жүн маталарын өндіру (шұғаға қарағанда арзандау және 
оны екінші дәрежеге ығыстырған), т.б. салаларына ерекше қолдау көрсетіп 
отырды. Ол қолөнершілер мен көпестерге әртүрлі ерекше жеңілдіктер мен 
айырықша құқық берді және Германия мен Италиядан мамандар шақыртып 
алдырып отырды. Оның экономикалық саясатында, әсіресе, кеден тарифтері 
жөнінде болашақ меркантилизмнің (елге сырттан ақша келтіру мақсатымен 
отандық өнеркәсіп пен саудаға мемлекет тарапынан қамқорлық жасаушылық) 
белгілері көріне бастаған-ды. Бірақ ол негізінде тек сырттан бұйымдар 
әкелулерге ғана ақша жұмсамай, оларды өз ішінде өндіруге, сөйтіп шет елдерге 
қымбат металдарды, әсіресе, алтынды шығаруды мейлінше азайтуға 
жұмыстанды. ХІ Людовик көбіне мемлекет қазынасын өсіру тұрғысынан 
цехтық жүйені нығайтуға көп күш жұмсады, өйткені шебер деген атақ 
корольден сатып алынатын. Ол бұл жүйені осыған дейін ерікті қолөнері 
үстемдік еткен көптеген оңтүстік қалаларға да таратты. Негізгі шеберлер 
цехтарда толық үстемдік жасады, ал көмекші шеберлер оларға бағынып, 
құқықсыз жағдайда болды. Олардың бірлестіктеріне – серіктестеріне – тиым 
салынды.
Франция үшін ХV ғасырдың екінші жартысы – жалпы ұлттық нарықты 
өркендетуде үлкен роль атқарған жалпы француздық, провинциалдық және 
жергілікті жәрмеңкелердің шарықтап гүлдену кезеңі болды. 
Ең ірі көтерме саудалар лиондық және нормандық (Руана мен Канда) 
жәрмеңкелерде жүргізілді; содан соң тауарлар жергілікті маңызы бар 
жәрмеңкелерде қайта сатылды.
ХІ Людовик Атлант жағалауындағы маңызды порттардың – Бордо мен 
Ла-Рошелидің саудалық ерекше жеңілдік құқықтары мен өзін-өзі басқаруларын 
сақтады. Көбіне ірі көпестік капиталдардың қалыптасатын теңіз саудасы да 
өркендеп, гүлденді.
ХV ғасырдың 30-жылдарында француз армиясының жеңістеріне 
байланысты соғыстың және ұзаққа созылған феодалдық өзара 
адауыздықтардың кезінде кідіріс тапқан Францияның орталық өкіметін 
нығайту үрдісі енді қайтадан басталды. Король өкіметі бұл кезде ұлттық бірлік 
пен мемлекеттік тәуелсіздікті бейнелеуші орган болып табылды. 
1481 жылы Францияға көптен бері-ақ француз көпестерінің Левант пен 
Италия және Африканың солтүстік жағалауымен сауда-саттық жүргізулерінде 
үлкен роль атқарған ең ірі Марсель сияқты Жерорта теңіздік порты бар Прованс 
қосылды. Осылардың барлығын жинақтай келе, ХІ Людовик билігінің аяқ 
кезіне таман елді мықты орталық өкіметі бар біріңғай мемлекетке біріктіру 
негізінен аяқталды. ХІ Людовик қайтыс болғаннан кейін 1491 жылы – VІІІ 
Карлдың Анна Бретонскаяға үйленуі себепті Бретань Францияға қосылды 
(Бретань Францияның құрамына 1532 жылы біржолата кірді). Францияның 
құрамынан тыс ХV ғасырдың аяғында тек Лотарингия мен Франш-Контэ, 
65 


Руссильон мен Савойя ғана қалды. Олардың Францияға қосылуы ХІХ ғасырдың 
ортасына дейін созылып келді. Аяқталуы әлі ертелеу бола тұрғанымен, екі 
халықтың бірлесіп, тұтасу үрдісі де біраз ілгері басты. ХІV – ХV ғасырларда-ақ 
Солтүстік Францияда париждік диалектінің негізінде, кейіннен одан әрі дами 
түскен қазіргі замандағы жалпы француз тілі – біріңғай тілге айналып 
қалыптасты. Алайда оңтүстікте прованс тілінің жергілікті диалектілері өмір 
сүре берді және солтүстік француздық тіл әлі де оларды ығыстырып шыға 
алмады.
Дегенмен, Франция ХVІ ғасырдың қарсаңында Батыс Еуропаның 
экономикалық қарым-қатынастары дами түскен, бай қалалары мен өскелең 
мәдениетті қоғамы бар, бір орталыққа бағынған мемлекеттірінің ең ірілерінің 
бірі ретінде келіп кірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет