Қамысты ауданы, Алтынсарин ауылы «Қамысты ауданы әкімдігінің білім беру бөлімнің Алтынсарин орта мектебі» мм 2016ж



бет2/5
Дата08.07.2018
өлшемі0,83 Mb.
#48362
1   2   3   4   5

Қолдану

29-жаттығу. Деңгейлік тапсырмалар.

Арқылы, дейін, шейін, кейін, соң, гөрі, қатар, қабат, үшін, таман, қарай, бері, бұрын, әрі.



  1. Деңгей. Осы септеуліктерді пайдаланып, өзінің арманын туралы әңгімеле.

  2. Деңгей. Осы сөйлемдермен диалог құррып, әңгімелесіңдер.

  3. Деңгей. Осы сөйлемдермен сөйлемдер құраңдар.



12

Демеулік шылаулар.

Біліу

30-жаттығу. Математикалық формуланы қолданып, толық мағыналы сөзге шылау тіркестіріп жаз.

Мысалы:Сен-есімдік, ғана – демеулік.

Үстеу+күшейткіш демеулік

Сан есім + күшейткіш демеулік

Есімше+нақтылау демеулік

Зат есім + күшейткіш демеулік

Көсемше + сұраулық шылау

Есімдік + шектік шылау

Түсіну

31- жаттығу.Сөйлемдерден демеуліктерді теріп жазып, түрлерін ажыратыңдар.

Ірілігі ұстаса, кісіге айналып қарамайтын мінезі бар – ды. Бұл адам ақылды да, қу да,

айлакер де кісі. Дәметкен, мынау қазақ екен ғой. Осы адамдар шақыртусыз – ақ келсе қайтеді? Бұны айтқан Самат – ау деймін. Ертең жаңбыр жауып кетсе ше? Сен түгілі, мен де ол жерге барған емеспін. Жер қадірін білетін еңбекші жұрт бұл өңірге тегін қоныстанбағаны көрініп – ақ тұр.

Тест. Демеулік шылаулар



1.Көп нүктенің орнына демеулік шылауын жазыңыз. Ертеде бір патша болыпты - ...

А) –мыс В) ше

С) –ай D) түгіл

Е) дейін


2.Демеулік шылауларды көрсетіңіз.

А) күшейткіш

В) ыңғайлас

С) кезектес

D) қарсылықты

Е) талғаулықты

3.Көп нүктенің орнына демеулік шылауын жазыңыз.

13

Бұл кітап ...



А) ме В) ма

С) ба D) бе Е) па

4.Болымсыздық демеулік шылауын көрсетіңіз.

А) түгіл В) өйткені

С) әйтпесе D) ше Е) ба

5.Болжалдық демеулік шылауды анықтаңыз.

А) –мыс В) -ық

С) –еу D) -ай

Е) –шы

6.Көп нүктенің орнына болымсыздық демеулігін қойыңыз.



Қонақтар кешікпек ... келмеді де.

А) түгіл


В) -ау

С) -еу


D) пе

Е) ба


7.Күшейткіш демеулік шылауын табыңыз.

А) -мыс


В) па

С) ғой


D) пе

Е) -ай


8.Сұраулық демеулік шылауын табыңыз.

А) ба


В) -ау

С) ғой


D) -мыс

Е) түгіл


9.«Түгіл» демеулігінің түрін ажыратыңыз.

А) болжалдық

В) күшейткіш

С) сұраулық

D) болымсыздық

Е) талғаулықты

10. «-ақ» демеулігінің түрін ажыратыңыз.

А) күшейткіш

В) болжалдық

С) болымсыздық

D) кезектес

Е) ыңғайластық



Қолдану

32- жаттығу. Сурет бойынша демеуліктерді қатыстырып әңгіме жазу.



14

Жалғаулықтар

Білу

33- жаттығу.Семантикалық кесте.

Мысалдар

Ыңғайлас

Қарсылықты

Талғаулықты

Себеп-салдар

Бірде













Немесе













Әрі













Алайда













Дегенмен













Әйткенмен













Менен













Түсіну

33-жаттығу.Сөйлемдерден жалғаулық шылауларды тауып түрлері ажырат.

Қазақта қонақ күтудің де жазылмаған, бірақ дәстүр болып қалыптасқан заңы бар.

Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды немесе жұмысымен айналасады.Ауа ол күні әрі тұнық әрі тәтті, әрі құрғақ.Теңіз біресе ауыр күрсінгендей, біресе жалқау есінегенддей болды.Ол менен жеті жас кіші және жақсы көретін інім.

Тест


1.«Бірақ, дегенмен» жалғаулық шылауларының түрін анықтаңыз.

А) Ыңғайластық шылау.

В) Талғаулықты шылау.

С) Қарсылықты шылау.

D) Себеп-салдар шылау.

E) Шартты шылау.

2.Сөйлемді толықтыратын жалғаулықты табыңыз.

Қазақ халқының қонақжайлығын саяхатшылар ... ғалымдар жоғары бағалаған.

А) Да. В) Пен.

С) Туралы. D) Мен.

E) Сондықтан.

3.Нақыл сөздегі жалғаулықты көрсетіңіз.

«Өнер-білім бәрі де

Оқуменен табылған»

А) Өнер-білім.

В) Бәрі.

С) Де.

D) Оқуменен.



E) Табылған.

15

4.Жалғаулық шылауды табыңыз.



А) Аяқ (пен) жүр.

В) Қол (мен) ұста.

С) Дос (пен) қас.

D) Мұрын (мен) демал.

E) Бас (пен) ойла.

5.Сөйлемнің қазақша дұрыс баламасын табыңыз.

«Я проспал, поэтому опоздал на занятия»

А) Мен ұйықтап қалдым, өйткені сабаққа кешігіп кеттім.

В) Мен ұйықтап қалмадым, өйткені сабаққа кешігіп келдім.

С) Мен ұйықтадым, себебі сабаққа кешігіп келмедім.

D) Мен ұйықтап қалдым, сол себептен сабаққа кешігіп келдім.

E) Мен ұйықтап қалдым, бірақ сабаққа кешігіп келдім.

6.Ыңғайластық жалғаулықты табыңыз.

А) ма, ме, ба, бе.

В) мен, және.

С) егер, егер де.

D) өйткені, неге десең.

E) –ақ, -ау.

7.Талғаулықты жалғаулықты табыңыз.

А) я, болмаса.

В) түгіл, тұрсын.

С) –мыс, -міс.

D) –ақ, -ау, -ай.

E) мен, бен, пен.

8.Сөйлемдегі жалғаулық шылаудың түрін анықтаңыз.

Тұсау кескен адамға да сыйлық беріледі.

А) Сұраулық.

В) Ыңғайластық.

С) Талғаулықты.

D) Кезектес.

E) Қарсылықты.

9.Тиісті жалғаулықты табыңыз.

Қонақ шақырудың ... , дастарқан жасаудың ... өзіндік үлгісі бар.

А) Мен.


В) Және.

С) Де.


D) Бен.

E) Да.


10. «Себебі, сол себепті» жалғаулықтарының түрін ажыратыңыз.

А) Талғаулықты.

В) Ыңғайластық.

С) Қарсылықты.

D) Себеп-салдар.

E) Кезектес.

E) пе.


Қолдану__34-_жаттығу.'>Қолдану

34- жаттығу. Берілген сөйлемдерді қолданып бейнелеу өнері туралы әңгімелеңдар.

Мен бейнелеу өнерін ұнатамын бірақ, .....

М. Әуезов мұражай үйі екі қабаттан және .....

16

35- жаттығу. Жалғаулық шылауларды қолданып Ә. Қастеев туралы пікңр жазыңдар.



Сөз тіркестері

Білу

36- жаттығу. Үзіндіден сөз тіркесін тап.

Кеш бойы Абай Пушкинді қайта оқумен болған еді.Бүгінгі күн анда-санда алаң еткен ол-пұл жайлар болса да Абайдың Пушкинге ең алғашқы рет таныса жақындасып ,туысын тапқандай боп толғана бой ұрған күнінің бірі еді



37- жаттығу. Мына үлгіде көрсетілгендей сөз таптарын орнына қойып, екі-екіден сөз тіркесін жаса

(сын есім) (зат есім)

Мысалы : көңілді кеш

1.сан есім - зат есім

2.сын есім - зат есім

3.үстеу – етістік



38- жаттығу. Берілген тұрақты сөз тіркестерінің синонимдері мен антонимдерін табу.

Синонимдер Антонимдер ________________________________________

туу

қуану


момын

атыл


жомарт

Арасынан қыл өтпеу



Түсіну.

39- жаттығу. .Мына екі бағандағы сөздерді мағынасына сәйкес келетін сөздермен байланыстырып,сөз тіркесін жаса

17

Бағыныңқы

Басыңқы

Бес

тау

Дәптері

арман

Әдемі

аспан

Биік

Үшеу

Асыл

Ғасыр

Ашық

Гүл

Сөз тіркестері бойынша тест сұрақтары

1. Басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесін көрсетіңіз.

А) Суыққа шыдамады. В) Белгілі кісі. С) Жақсы оқиды.

Д) Түрлі бұйымдар. Е) Қиын есеп.

2. Қайсысы сөз тіркесіне қатысты емес?

А) басыңқы сөз В) бағыныңқы сөз С) есімді тіркес

Д) қосарлы айқындауыш Е) етістікті тіркес

3. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

А) Дарқан дала. В) Ғұмырнама. С) Мұзға отырғызып кету.

Д) Кедей – кепшік. Е) Самал жел.

4. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

А) Абысын-ажын. В) Жастық шақтың қызығы. С) Тайға таңба басқандай

Д) Бес саусақ. Е) Жасыл желек.

5. Сөз тіркесін табыңыз.

А) Ашу-ыза. В) Ақ-қара. С) Тиын-тебен. Д) Әдемі қыз. Е) Жолдас-жора.

6. Еркін сөз тіркесін табыңыз.

А) Жүрек жұтқан. В) Жүрегінің түгі бар. С) Жүрегі тас төбесіне шығу.

Д) Жүрегі дүрсілдеу. Е) Тас жүрек.

7. Еркін сөз тіркесін табыңыз.

А) қаһарынан қар жауып. В) Сағы сыну. С) Марат- қоян жүрек..

Д) Қас қаққанша. Е) Қоян жүрек..

8. Сөз тіркесі болу үшін керекті объектіні белгілеңіз.

А) сөйлем В) сөз С) дыбыс Д) буын Е) сөйлем мүшесі

9. Бірыңғай есім сөз тіркестерін табыңыз.

А) үлкен үй, үйді көру. В) жолдасын шақыру, менің үйім. С) сабаққа дайындалу, жаттап алу.

Д) сыйлық алу, үздік оқушы. Е) мөлдір су, оқуға ынталы.

10. Есімді сөз тіркесін табыңыз.

А) Олимпиадаға қатысу. В) Жарыста озу. С) Жарыстың жеңімпазы.

Д) сабақты түсіндіру. Е) Журналға жазу.


Қолдану

40- жаттығу. Мына сөз тіркестерін қатынастырып, сөйлем құрап жаз.

Абай өлеңі, Көкбай ақын, қонақтың бірі,

Әйгерім әні, ерте келген , хатты алды

18

41-жаттығу.Мына сөздерден сөз тіркесін жасап,есімді,етістікті сөз тіркестеріне ажыратып жаз.

Отан, ұлттық, көгілдір,ақ,қазақ,әдейі,

оқушы,жаяу,бала,бағалы



Жай сөйлем түрлері

Білу

42- жаттығу.Жақты сөйлемдерді тап.

  1. Мәскеуге барып келді.2. Бізге өнер – білім керек.3. Ертең серуенге ығамыз.4. Оның айтқанын түсініп болмайды. 5. Менің қарап тырғым келмейді.6. Оның іші пысты.

43-жаттығу. Төмендегі кесте бойынша сөйлемдер құрап жаз, оларға сатылай кешенді талдау жаса.

——– ——- ——–.

——– ——- ——–?

——– ——- ——–!



44- жаттығу. Сөйлемдерді мағынасына қарай сәйкестендіріңдер.

Хабарлы сөйлем Сен ойнайсың ба

Сұраулы сөйлем Алақай,күн шықты

Лепті сөйлем Апам дүкеннен келді

Түсіну

45-жаттығу. Семантикалық карта




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет