2012 жылы Қазақстан тарихы пәні бойынша ОЖСБ-дан ең жоғары көрсеткішті Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары көш бастаса, ең төменгі балды Қызылорда, Алматы облыстары мен Алматы қаласы еншілеген[16] (19 – сурет).
19 - сурет – 2012 жылғы ОСЖБ көрсеткіштері
ОЖСБ (оқу жетістіктерін сырттай бағалау) 2013-2014 оқу жылында «Дүние жүзі тарихы» пәнінен өткізілді.
«Дүние жүзі тарихы» пәнінен республика бойынша орташа – 9,36 балды құрады. Жеке аймақтақтар бөлісіндегі көрсеткіш төмендегі кестеде көрсетілген.
16- кесте – Дүние жүзі тарихы бойынша ОЖСБ көрсеткіштері
Облысы
|
ОЖСБ қатысқандар
|
Орташа балл
|
Дүние жүзі тарихы
|
Барлығы
|
Оқыту қазақ тілінде
|
Оқыту орыс тілінде
|
Жалпы
|
Оқыту қазақ тілінде
|
Оқыту орыс тілінде
|
Ақмола
|
1520
|
657
|
863
|
11,78
|
|
|
Алматы
|
2930
|
2077
|
853
|
10,36
|
|
|
Ақтөбе
|
1493
|
1135
|
358
|
8,33
|
|
|
Атырау
|
957
|
720
|
237
|
7,65
|
|
|
Батыс Қазақстан
|
933
|
541
|
392
|
9,54
|
|
|
Маңғыстау
|
917
|
827
|
90
|
8,51
|
|
|
Шығыс Қазақстан
|
2128
|
1178
|
950
|
12,43
|
|
|
Жамбыл
|
1887
|
1391
|
496
|
8,38
|
|
|
Қарағанды
|
1841
|
619
|
1222
|
8,20
|
|
|
Қызылорда
|
1544
|
1348
|
196
|
8,96
|
|
|
Оңтүстік Қазақстан
|
5205
|
4430
|
775
|
7,00
|
|
|
Қостанай
|
1377
|
276
|
1101
|
10,52
|
|
|
Павлодар
|
1305
|
447
|
858
|
8,08
|
|
|
Солтүстік Қазақстан
|
1124
|
280
|
844
|
8,23
|
|
|
Астана қ.
|
971
|
319
|
652
|
12,97
|
|
|
Алматы қ.
|
1281
|
336
|
945
|
13,49
|
|
|
Қазақстан Республикасы
|
27413
|
16581
|
10832
|
9,36
|
8,89
|
10,08
|
Дереккөз: Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы
|
Дүние жүзі тарихы пәні бойынша ОЖСБ-дан ең жоғары көрсеткішті Алматы, Астана қалалары, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары көш бастаса, ең төменгі балды Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары еншілеген [17]. Ең жоғары көрсеткіш (Алматы қаласы) пен ең төменгі көрсеткіштің (Оңтүстік Қазақстан) айырмашылығы 6,5 балды құрайды (20-21 – сурет).
20 - сурет – 2014 жылғы ОСЖБ көрсеткіштері
21 - сурет –Дүние жүзі тарихы бойынша ОЖСБ
көрсеткіштері (орташа балл)
Қорытындылар мен ұсыныстар:
Аталған аймақтар бойынша «Дүние жүзі тарихы» пәнінен орташа ұпай нәтижесі қанағатанарлық емес және оның себептерінің кең түрдегі сараптамасын талап етеді. Мониторингтік зерттеулер нәтижесінде келесідей себептері аталып өтіледі:
дүние жүзі тарихы пәні бойынша оқушылардың үй тапсырмасын жүйесіз орындаулары;
оқушылардың жеке жұмыс жасау дағдыларының жеткіліксіздігі;
тарих пәні бойынша оқушылар оқу барысының нәтижесін бақылау тиімсіздігі: тарихи деректер мен материалдарды оқыту барысында қиыншылықтардың анықталуы, білім мен біліктілігінің кемшіліктері, білім мен біліктіліктерін түзету бағыттарын анықтау;
тарихи білім мазмұнының әртүрлі білім-біліктерін (функционалдық біліктілік) игеруді қамтамасыз ететін оқыту барысындағы оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру формалары мен әдіс-тәсілдерінің тиімсіздігі.
«Қазақстан тарихы» мен «Дүние жүзі тарихы» пәндерін оқу әдістемесі мен тәжірибесі
Қазіргі қоғам мұғалімдерден үздіксіз, жүйелі де берік білім беруді іске асыру міндетінің орындалуын талап етуде. Әр мұғалім осы бағытта оқу үрдісінің жалпы мазмұнын білу, кәсіби терең білімнің болуы және білім беру құжаттарымен жұмыс істей білу талаптарын орындап, іске асыра білуі шарт. Білім берудегі негізгі міндеттердің бірі – білім беруді жетілдіру, талапқа сай оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру. Білім беру – оқушылардың ғылыми білімдер жүйесін меңгеру, танымдық дағдысы мен ынтасын, дүниеге көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық қабілеті мен күшін, адамгершілік қасиеттерін дамыту үрдісі.
Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.
Тарих пәнін оқытудағы негізгі мақсат – ұрпақтарды өз елінің тарихымен таныстыру. Оқушылардың танымдық қабілетін өсіруде адамгершілік қасиеттерін дамытуға әсер ету. Еліміздің әр азаматы тарихтан біз келешекте қандай қоғам құруды мақсат қыламыз, өткеннен қандай үлгі, өнеге алуымыз керек деп сұрақ қойып, жауап алуымыз қажет. Ата-бабамыздан мирас болған тарихымызды білу, тану, табиғатын сақтау тәуелсіз еліміздің әрбір азаматының борышы. Осындай үлкен істі жүзеге асыруда тарихшы ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше зор.
Тарихты оқыту әдістемесі – тарихты оқытудың міндеттері, мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдардың бір саласы. Мектепте «Тарих» курсын оқытудың басты мақсаты – оқушыларға адамзат дамуының ежелгі заманынан бастап бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру, бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени-тарихи тәжірибесінің негізін оқытып меңгерту. Тарих пәнін тиімді жүpгізy жолдарының бipi – күнделікті сабақ жоспарын ғылыми-әдістемелік тұрғыда жасап, ұстаздың тәжірибе жемісіне сүйене, отырып, жүзеге асыру. Инновациялық тәсілдер арқылы сапалы біліммен, жан-жақты дамыған дүние танымы кең, шығармашылық ізденіспен жұмыс істейтін жеке тұлғаны қалыптастыру. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына зор көңіл бөлу қажет. Сабақ мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы, - дейді В.А. Сухомлинский. Білімнің сапасы көпшілік жағдайда мазмұнға сәйкес әдістемені дұрыс таңдап ала білуге байланысты. «Тарих» курсын тәрбиелеу құралын ретінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту, тірек-сызбалар арқылы оқыту, Ж. Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту, М. Жанпейісованың модульдік технологиясы, Б. Тұрғанбаеваның дамыта оқыту технологиясы, жобалау технологиясы, ұжымдық оқыту технологиясы, т.б. сияқты оқытудың түрлі әдістемелері мен технологиялары кеңінен қолданылады.
3.1 «Қазақстан тарихы» мен «Дүние жүзі тарихы» пәндерін оқытуды жетілдіру бойынша еліміздің ғалымдары әзірлеген әдістемелік құралдар
Ұлттық тарихи сананы қалыптастыру үшін келешектің кепілі жас жеткіншекті оқыту мен тәрбиелеу орасан зор орын алады. Қоғамның тарихи санасының жаңғыруы – күрделі үдеріс. Елімізде тарихи сананы жаңғыртып жаңартудың өзектілігі отандық тарих ғылымы мен тарих философиясына жауапты міндеттер жүктейді. Қазіргі кездегі халықтар мен елдердің арасындағы бәсекеге қабілеттіліктің бір түбірі осы рухани-философиялық, өркениеттік және мәдени мұра мен тарихи санада жатқанын ескерсек, қазіргі тарихи сананың жаңаруында тарихи білім мен ғылым ерекше орын алады.
«Тарих» пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Тарих сабақтарында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді, отаншылдыққа, халықтарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелейді; еңбекке, аға ұрпақтың еңбек және жауынгерлік дәстүріне тәрбиеленеді; діннің қызметін дұрыс түсінуге, оны дұрыс бағалауға, бейбітшілікті сақтауға үлес қосуға, адамзат жасаған кұндылықтарды құрметтей білуге тәрбиеленеді; эстетикалык, экологиялык, экономикалық т.б. тәрбие алады.
«Қазақстан тарихы» оқулықтарының авторы Қ.М. Жүкеш ұсынған «Азаматтану», «Демократия негіздері» қолданбалы курсы оқушылардың біліктілігін жетілдіруде өзіндік маңызды орын алады.
«Азаматтану», «Демократия негіздерін» оқытудың жалпы білімдік мақсаты – құқықтық, демократиялық мемлекетке айналдыру үшін еліміздің заңдарын қастерлейтін, өз құқықтарын қорғай алатын, ойларын еркін айтып, еркін әрекет жасай алатын елінің нағыз патриотты бола білетіндей ұрпақ тәрбиелеу. Оқушыларды рухани байытып, білімін арттырып дүние танымын кеңейту болып табылады.
Осы еңбекте «Демократия негіздерін» оқытудың келесі міндеттері көрсетілген:
Қазақстан қоғамының даму заңдылықтарын және оның саяси жүйесін оқыту арқылы Отанын сүйетін, саяси сауатты азаматты тәрбиелеу;
оқушыларды қоғам өмірінде болып жататын оқиғалар мен құбылыстар арасында дұрыс бағдар ұстай білуге үйрету;
қажетіне қарай, қалыптасқан ахуалда азаматтық тұрғы ұстана білудің қажеттігін сездіру [18].
оқушылардың өзіндік қасиеттерін дамыту, туған жері мен туған мәдениетін сүюге, тарихи ой-санасын жетілдіру, қаланың мәселелеріне адамгершілік, белсенділік позициясы тұрғысынан қарауға, еліміздің тарихы мен қазіргі жағдайына сыйластықпан қарауға, патриотизмге, азаматтылыққа тәрбиелейтін тарих пәнінің бір саласы – Сыртқы саясат. Осы салада мұғалімдерге көмек ретінде келесі құралды ұсынуға болады.
Тарихшы-әдіскер ғалым С. Дүйсеннің «Сыртқы саясат» әдістемелік құралы – ел болашағын айқындайтын білімді ұрпақ Отандық тарихтан тек жүйелі білім алып қана қоймай, саяси үдерістердің, құбылыстардың мәнін дұрыс түсініп, өмірде белсенді әрекет ете алатын саяси сауатты азаматтар болу сияқты тарихи-саяси білім беруге арналған. Бұл әдістемелік құралды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» мұғалімдерге тарих пәнін оқытуда көмекші құрал ретінде ұсынады.
Н. Жансейітова Астанатану – мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. – Астана, 2008. – 81 бет.
Бұл оқу-әдістемелік құралда Астананың тарихы мен қазіргі жағдайы туралы материал берілген.
Бүгінгі таңда Астана қаласының №1, 2, 4, 35, 38, 44, 45 жалпы білім беру мектептері «Астанатану» қолданбалы курсы мен № 4, 27, 32, 39 т.б. жалпы білім беру мектептері «Сыртқы саясат» таңдау курстарын жүргізеді. Астана қаласы білім департаментінің берген мәліметтеріне қарағанда осы таңдау курстарын жүргізу жылдан жылға көбейіп келе жатқанын көреміз. Ол дегенін сұраныстың жылдан жылға артып келе жатқанын және де осы таңдау курстарының нәтижесінің бар екенін көрсетеді.
Еліміздің әдіскер ғалымдары (Т. Тұрлығұл, Б. Адырбек, Б. Сәрсекеев, Қ. Құнапина, А. Көпекбай, Б. Әбдіғұлова т.б.) әдетте, пәннің ерекшелігіне қарай 7 мен 10-ның арасында оқу-әдістемелік құрал қажет деп есептейді. Тарих пәнінен терең әрі тиянақты білім алу үшін 7-8 әдістемелік құрал қажет[19]. Олар: оқулықтар, әдістемелік материалдар, дидактикалық материалдар (оқу карталары, түрлі кестелер мен сызбалар, көрнекі құралдар, хрестоматия, оқу кітабы, сөздік және т.б.). Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26-қыркүйектегі «ҚР жалпы білім беретін мектептеріне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындау және басып шығарудың мақсатты бағдарламасы» деп аталатын қаулысы негізінде мектептерді жаңа буын оқулықтарымен қамтамасыз ету, оқу-әдістемелік кешенді жабдықтау ісі жүзеге асырылуда.
3.2 «Қазақстан тарихы» мен «Дүние жүзі тарихы» пәндерін оқытуды жетілдіру бойынша іс-тәжірибе
Оқыту тиімділігін арттыру мақсатында мұғалімдер түрлі әдістемелер мен технологияларды қолданады. Соңғы жылдары оқушылардың оқу үрдісінде өзара қатынас белсенділігін арттыру (интерактивті әдіс) әдісін ынталы мұғалімдер кең қолдануда. Яғни жұппен, топпен, сыныппен тарих сабақтарында өз беттерінше жұмысты орындау дағдыларын қалыптастыру. «Тарих» курсын оқыту процесіне М. Қозыбаев, Ж. Қасымбаев, К. Нұрпейіс, С. Жолдасбаев, Т. Садықов, Б. Сәрсекеев, Т. Тұрлығұл, М. Қойгелді, тағы басқалардың оқулықтары, мектеп мұғалімдері Р. Сәуенова, Р. Бекіш, О. Локтионованың, т.б. авторлық бағдарламалары, Ә. Жүнісбек, М. Жанпейісованың, авторлық технологиялары және Р. Құсайынова, Б.Әбдіғұлова, М.Байдолда, Қ.Күлiпбаева, Н.Нұғыманова, М. Шәймерденова, Т. Тұрлығұл, Қ. Құнапина,Ә. Көпекбай,Б. Адырбек, Б. Сәрсекеевтің жаңа әдістемелері енгізілген.
Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар республика мектептерінде тарих пәндерінің көпшілік мұғалімдері сабақты сапалы деңгейде өтілуіне, онда оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарын, практикалық іс-әрекеттерін тиімді қолдануға көңіл аударуда.
Бүгінгі таңда республиканың көптеген жалпы білім беру мектептері вариативтік компонент есебінен тарих пәнін тереңдетіп оқытуға арналған қолданбалы және таңдау курстары жүргізіледі: «Көшпенділер әлемі», «Қазақстан мәдениеті», «Мәшһүртану», «Тарих беттері», «Өмір пәлсапасы», «Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы», «Алаштану», «Дінтану», «Халықаралық сауда жолдары», «Қазақстан әлемдік қауымдастықта», «Ұлы жиһангерлер», «Экстремизм мен терроризмнің әлемге қаупі», «Әлихантану», «Тарихқа саяхат», «Қазақ хандары», «Түркітану», «Шығыс мәдениетінің тарихы», «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары», «Қазақ шежіресі», «Ұлы тұлғалар тарихы», «Тарих шежіресі», «Ұлы дала тарихы», «Алматытану», «Жетісу – біздің өлке», «Яссауитану», «Елтану», «Тарих тұлғалар», «Қазақстанның ежелгі қалалары», «Бабалар тарихы-асыл қазына», «Қазақ тарихының іргелі мәселелері», «Тарихи өлкетану», «Қазақ елінің тарихы», «Әлемнің жеті кереметі» т.б. сияқты қолданбалы курстар тарихты терең оқып білуге септігін тигізеді.
Солардың ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген «Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы» (8-сынып), «Алаштану» (9-сынып), «Дінтану негіздері» (9-сынып) қолданбалы курстарының оқу бағдарламалары әзірленіп республиканың жалпы білім беру мектертерінде жүргізілуде.
Ақмола облысы Степногорск қаласы С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінде қоғамдық – гуманитарлық бағдарлау бағытындағы 10 сыныптың тарихи-қоғамтанулық оқыту бағдарында 2009 жылдан бастап «Алаштану» қолданбалы курсы оқытылып келеді.
Мақсаты: Алашордалықтардың өнегелі өмірі мен халқы үшін жасаған еңбегі, ғылыми, шығармашылық жұмыстары, қазақ тарихындағы ерекше алатын орны туралы оқушыларға тиянақты білім беру, сол арқылы алаш зиялыларының тұлғасын терең тануға бағыттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектесу, іздену, зерттеу жұмыстарына баулу.
«Алаштану» қолданбалы курсы жастардың бойына тұлғалық сипатын қалыптастыру, отансүйгіштік, ұлтжандылық, азаматтық қасиеттерді ұялатуға курстың атқаратын рөлі зор. Мектеп оқушылары бойында осындай қасиеттерді қалыптастыру үшін Алаш зиялылары өмірі мен қызметін, шығармашылығын оларға үлгі - өнеге ету оң нәтиже берері сөзсіз.
Алаш зиялылары туралы мағлұматтар алып, олардың тарихта алатын орны, азаматтық келбетін көрсету.
Ұлтжандылыққа, адал да өткір, рухы биік қыр ұлдарын пір тұтып бағалай білуге, халқының тарихын қадірлеуге намысты болуға тәрбиелеу.
Оқушылардың білімдіктерін дамыту, жеке іздену, зерттеушілікке дағдыландыру. Отан тарихын білуге деген құштарлығын ояту.
Қазіргі білім беру оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын, олардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана алатындай білім, білік, іскерлік, дағдыларын қалыптастыруда ұстаздарға көптеген оқыту технологиялары, түрлі заманауи әдістерін қолдана білуіне басты назар аударуды талап етілуде. Болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша қарым – қатынас (жаңа базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, оқу әдістемелік кешендерге көшу, т/б с.с), жаңаша ойлау қалыптасуда.
Оқытудың қандай жолы қолданылса да, қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншісі, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы.
Әлемнің озық заманауи әдіс – тәсілдері мен технологиялары қатарына «жобалау әдісі», «өздігінен білім алу», «топтап оқыту», «кейс әдісі», «диалогтық оқыту», «кіріктірілген білім беру», «ATL дағдыларды қалыптастыру әдістері», «іс-әрекетті зерттеу (action research)», «lesson study», «үш өлшемді әдістемелік жүйе», «сындарлы оқыту» технологиясы т.б. көптеген әдістерді қолданып оқыту кең қолданылады.
Солардың ішінде Астана мен Алматы қаласының білім департаменттері берген мәліметтерден байқағанымыз тарих пәні мұғалімдерінің көпшілігі сындарлы оқыту технологиясы, диалогтық оқыту, топтық оқыту т.б. көптеген әдістерді қолданады. Мысалы, сын тұрғысынан ойлау технологиясын Астана қаласының тарих пәні мұғалімдері: №70 мектеп – лицейі Ә. Құдабаев, №59 мектеп – лицейі Ө. Шнанов, №65 мектеп-гимназиясы П. Байташева т.б. Алматы қаласының тарих пәні мұғалімдері: №146 орта-мектебіне Ғ. Іргебаев тірек – сигналдар арқылы оқыту (кестедегі тарих), Қ. Қанысбекова диалогтық оқыту (театрландырған), Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кенті М. Мақатаев атындағы №13 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Б. Медеуова алгоритмдік оқыту технологиясымен жұмыс жасайды. Алматы қаласы №159 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Г. Асанбекова инновациялық, интерактивтік оқытуды тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ойлау қабілеті мен іскерлік деңгейін, ізгілікті тұлғалық қасиеттерін үнемі арттыру бағытында үлкен шығармашылықпен, тынымсыз ізденімпаздықпен жұмыс істейді. Атап өткен ұстаздардың барлығы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы базасында біліктілікті арттыру деңгейлік курстарынан өткен, жаңашыл, танымал педагогтардың еңбектері мен тәжірибелерімен таныса отырып, оқушы тұлғасын жан-жақты дамытудың әдіс-тәсілдерін, жолдарын игерген және тиімді қолдана біледі. Оның нәтижесі ретінде бүгінгі таңда оқушылары республикалық пән олимпадалары мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары және ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары сапалық көрсеткішке қол жеткізіп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |