53
қарастырады. Бағдарламаның болашақ
ұрпақты толерантты әрі өзге
этностардың құндылықтарын құрметтейтін азамат ретінде тәрбиелеудегі
маңызы зор.
Курстың мақсаты: оқушыларға Қазақстанның көпэтносты қоғам ретінде
қалыптасу тарихын белгілі заңдылықтар мен тарихи үдерістер
негізінде
таныстыру. Қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды жолдары мен
шарттарын түсіндіру болып табылады.
Оқыту міндеттері:
– этнос ұғымының адам өміріндегі рөлін, оның басты белгілері мен
қызметтерін көрсету;
– Қазақстан аумағындағы этномәдени үдерістердің
негізгі заңдылықтары
мен ерекшеліктерін түсіндіру;
– этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихын кезеңдер арқылы ашып
көрсету;
– этностардың бай этникалық тарихы, мәдениеті және олардың қоғам
өмірін ұйымдастырудағы қызметтерімен таныстыру;
–
көпэтносты, әрi көпконфессиялы қоғам құрудағы қазақстандық
тәжiрибенің ерекшеліктерін айқындау.
Курстың білім мазмұны келесі тарауларды қамтиды: «Этнос әлемі», «Көне
және орта ғасырлардағы Қазақстанның этносаралық қарым-қатынас мәдениеті»,
«Көпэтносты Қазақстанның қалыптасу тарихы», «Тәуелсіз Қазақстан –
көпэтносты және көпконфессиялы мемлекеттің жаңа үлгісі», «Қазақстан
халқының ортақ салт-дәстүрлері мен мерекелері», «Қазақстан халқының
ассамблеясы және этносаралық қатынастар».
Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы этностар өмірінің әртүрлі
сатыдағы даму деңгейінің барлық
қырларын қарастыратындықтан, пәнаралық
байланыстар орната білудің мүмкіндігі өте мол. Пәнаралық байланыс белгілі
бір
этносқа ортақ фактілер, деректер, түсініктер мен идеялар бойынша
жүргізіліп, оқушылардың оқу материалдарын шығармашылықпен игеруіне, оқу
дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыруға септігін тигізеді.Курс
тақырыптарына байланысты
пәндер тізімінен тек тарих, әдебиет сияқты
гуманитарлық пәндерді ғана емес, жаратылыстану-математика
цикліндегі
пәндерді де көруге болады. Курстың нәтижесінде 8-сыныптың оқушылылары
дайындық деңгейіне қойылатын талаптар бойынша тарихи құжаттармен өздік
жұмыс жасауды, өткен материалдар бойынша жеке
пікірін айта алуды және
дәйектер негізінде өз көзқарасын қорғай алуды, қосымша мәліметтерді өз
алдына іздестіруді үйренеді.