Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору



Pdf көрінісі
бет33/94
Дата24.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#133145
түріАналитические материалы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   94
Байланысты:
авторлык багдарламалар

Назарбаев Зияткерлік мектептерін 
(бұдан әрі - НЗМ) ашу жөніндегі жоба іске қосылды.
НЗМ жүзеге асыратын барлық бағдарламалар, халықаралық деңгейде 
бәсекеге қабілетті Қазақстанның зияткерлік элитасын тәрбиелеу үшін іргетасты 
қалыптастыруға, жас қазақстандықтардың старттық зияткерлік әлеуетін және 
мықты денсаулығын қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, олар орта 
білімнің барлық жүйесін реформалауға бағытталған [21].
Білім беру саласында қызмет көрсетудің жоғары сапасы мен НЗМ 
қызметінің нәтижелілігіне қол жеткізу үшін балаларды қолдау мақсатында 
арнайы іс-шаралар өткізіледі. Олардың бірі елімізде және шетелде физика
математика, химия, биология, сонымен қатар ағылшын тілінен (тілдік курстар) 
элективті курстарды ұйымдастыру болып табылады.
Назарбаев зияткерлік мектептерінің үлгілік оқу жоспары инварианттық 
және вариативті бөліктерден тұрады. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік 
бөлігі мектеп және оқушы компоненттерінен тұрады. Мектеп компонентінің 
ерекшелігі 1-12-сыныптардың оқушыларына элективтік курстар шеңберінде 
таңдауы бойынша білім беру курстарын үйренуге мүмкіндіктер болып 
табылады. Назарбаев зияткерлік мектептерінде элективтік курстар дегенде 


55 
білім беру бағдарламаларын іске асырудың ұйымдастыру формасы түсініледі. 
Элективтік курстар мектепте кадрлық ресурстарды ескерумен оқушылардың 
білім беру сұраныстарының негізінде қалыптастырылады. Элективтік курстар 
(ағылшын тілінен аударғанда
 Elect-
«таңдау», «қалау») - бұл оқушы өз бетінше 
бағытын таңдайтын оқу үшін міндетті курстар.
Жалпы білім беру дайындығын қамтамасыз ететін оқу курстарынан және 
жеке пәндер бойынша тереңдетілген дайындықты қамтамасыз ететін бейіндік 
курстардан айырмашылығы элективтік курстар әрбір оқушының жеке білім 
беру мүдделерін, сұраныстарын және бейінін қанағаттандыруға ықпал етеді. 
Элективтік курстар оқушыға оны қызықтыратын салада қосымша білім беруге 
бағытталған.
Элективтік курстар мынадай бағыттарды қамтиды:
– үлгілік оқу жоспарының оқу пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп
кеңейтуге бағытталған
 пәндік курстар
;
– бірнеше оқу пәндері бойынша білімдерді қамтитын
пәнаралық 
(кіріктірілген) курстар
;
– зияткерлік мектептердің жаратылыстану
-математикалық
бағытына 
сәйкес келетін
 техникалық-технологиялық курстар
;
– оқушылардың жобалау-зерттеушілік дағдыларын дамытуға және оларды 
ғылыми-зерттеу іс-әрекетімен айналысуға үйретуге бағытталған курстар;
– оқушыларды, тұлғаны толық үйлесімді әрі қарай дамытуын анықтайтын, 
толеранттылық, жалпы адами құндылықтар, адамның құқықтары мен 
бостандықтарын құрметтеу негізінде, мәдениеттер диалогын, көпұлттық, көп 
мәдениетті және көп конфессиалды қазақстандық қоғамды құрметтеуді 
тәрбиелеуге бағытталған
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет