Анемиялар. Анемия


Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер



бет11/23
Дата25.09.2022
өлшемі114,83 Kb.
#150627
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
кан курамы.анемия.

Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер

Қан (гр. haemo ;лат. sanguis — қан) — организмдегі ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің клеткаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан организмнің инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.
Ағзаның ішкі ортасына қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа жатады.
Қанның қызметі:

  1. адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бірімен-бірін өзара байланыстырады;

  2. оттегін өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазарта-ды;

  3. қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді;

  4. ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т. б. мүшелерге тасымалдайды;

  5. дене температурасының тұрақтылығын сақтайды;

  6. ағзаны зиянды микробтардан қорғайды;

  7. ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды;

  8. жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін реттейді;

  9. қорғаныштық қызмет атқарады (қанды ұйыта алады).

Қанның құрамы. Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4,5-5 л. Қанның құрамы — плазмадан{55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады . Ересек адам организмінде шамамен бес литр қан болады. Қан — ағзадағы дәнекер тканінің бір түрі. Оның негізгі бөлігі клетка аралық сұйық зат — плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары — эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары — тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы клеткалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді.
Қан плазмасы (қан сарысуы) — қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі. Егер қанды ыдысқа құйып тұндырса, ыдыста 3 қабат айқын білінеді. Соның ең үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты плазма. Ал астыңғы қызыл түсті қабаты — қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су; 7-8% нәруыз (белок); 0,12% глюкоза; 0,7 0,ұ% май; 0,9% тұз болады. Бұлардан басқа сүтқышқылы, ферменттергормондар бар. Плазмадағы нәруыздар (7-8%) 3 топқа бөлінеді: альбуминдер (4,5%); глобулиндер (1,7-3,5 %) және фибриногендер (0.4). Фибриноген нәруызы қанның ұюына қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет