Анықтама мектепішілік жоспарғаа сәйкес 2022 жылдың 24 қаңтар мен


Жаратылыстану – математикалық пәндер бірлестігінің онкүндік жоспары



бет2/2
Дата02.04.2022
өлшемі22,98 Kb.
#137700
1   2
Байланысты:
Онкүндік анықтама 2020 миф

Жаратылыстану – математикалық пәндер бірлестігінің онкүндік жоспары



Іс-шараның атауы

Мерзімі

Өткізу түрі

Жауапты

1

Онкүндіктің ашылуы

24.01.2022ж
Сағат
13.00-13.30

ZOOM платформасы

Смагулова М
Абдіманап Р.А
Мұқаева А.Қ

2



«Математика –менің көзіммен»
(Интелектуалды ойын)
8- сыныптар

25.01.2022ж
11.25-12.10

ZOOM платформасы

Мұқаева А.Қ



3



«Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.Мәндес теңдеулер.Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу»
6 «В» сынып
(Ашық сабақ)

26.01.2022ж
Сағат
9.45-10.30

ZOOM платформасы

Наушина Г.Ж

4



“Әй, осы математика”
5- сыныптар
(Сайыс сабақ)

27.01.2022ж
Сағат
15:15-16.00

ZOOM платформасы

Сіргебаева Л.Т



5



«Егер чемпион боламын десең...»
9- сыныптар



27.01.2022ж
Сағат
15.15-16.00

ZOOM платформасы

Абдіманап Р.А

6

«Математикалық турнир»
10 сынып



28.01
Сағат
14.20-15.05

ZOOM платформасы

Кемелжанова Ү.М






«Сұйықтар мен газдардағы қысым. Паскаль заңы»
7 «Б» сынып
(Ашық сабақ)

28.01.2022ж
Сағат
13.30-14.15

ZOOM платформасы

Ержанова.Ұ.Т

7

«Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру»
5 «Б» сынып
(Ашық сабақ)

31.01.2022ж
Сағат
8.50-9.35

ZOOM платформасы

Тотыбаева Л.Н

8

«Тізім /List/»
9 «А» сынып
(Ашық сабақ)

01.02.2022ж
Сағат
12.15-13.00

ZOOM платформасы

Смагулова.М.К




«Энергия. Энергияның айналу және сақталу заңы»
9 «Б» сынып
(Ашық сабақ)

02.02.2022ж
Сағат
11.25-12.10



ZOOM платформасы

Абилгазина С.Қ

8

«Квест»
9- сыныптар



31.01.2022ж
Сағат
12.15-13.00

ZOOM платформасы

Исабай Е.Ш

9

« Миф фестивалі»
Апталықтың жабылуы
(қорытындылау)



02.02.2022ж
Сағат 12:30

ZOOM платформасы

Жумадилова Д.Ы



Қаңтардың 24–жұлдызында 13:00 де апталықтың ашылу салтанаты ZOOМ платформасы арқылы 5-11 сыныптар арасында өткізілді. Апталықтың ашылуы құттықтау бейнежазбасы арқылы басталды. Бірлестік мұғалімдері мен мектеп оқушылары қатысқан апталықтың ашылу барысында түрлі ойындар ұйымдастырылды. Қашықтықтан оқуға қарамастан ұстаздар мен оқушылар іс-шараға белесене, қызыға қатысып, сұрақтарға жауап беріп ұтыстар алды. Сонымен қатара ұстаздар мен оқушылар бірлесе тілектер тілеп, игі лебіздерін білдірді. Оқушыларды апталықтың жоспарымен таныстырып өтті. Апталықтың ашылуына барлық математика, информатика, физика пәнінің мұғалімдері атсалысты.
2022 жылдың қаңтар айының 25 жұлдызында жоспар бойынша 8- сынып оқушыларымен «Математика –менің көзіммен» интелектуалды ойын өткізілді. Бұл ойынға cегізінші сынып оқушылары белсене қатысты., Іс-шараны математика пәнінің мұғалімі Мұқаева Арай апай жоғары деңгейде ZOOМ платформасы арқылы өткізді. Оқушыларға сәттілік тілеп,қолдау жасап оқушылардың қызығушылығын оятын,жылы лебіздерін де тыңдап өтті.
2022 жылдың қаңтар айының 26 жұлдызында «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.Мәндес теңдеулер.Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу»
6 сынып оқушыларымен ашық сабағы өткізілді. Сабақты математика пәнінің мұғалімі Наушина Г.Ж апай жоғары деңгейде өткізді. Балалар сабаққа аса қызығушылықпен қатысты, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың қызығушылығын тудыратын тапсырмалар берілді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, үнемі кері байланыс жасап отырды . Оқушыларға есептер шығарту барысында зум платформасының әртүрлі мүмкіндіктерін жақсы пайдалана алды. Ғалия апай сабақ беру барысында жақсы тәжірибе көрсетті.


2022 жылдың қаңтар айының 27 жұлдызында 5 сыныптармен “Әй, осы математика”
атты сайыс сабағын математика пәнінің мұғалімі Сіргебаева Л.Т өтті. Сабаққа оқушылар өте қызығушылықпен қатысты. Оқушылар сұрақтарға жауап беруде белсенді болды. Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың қызығушылығын тудыра тапсырмалар берілді.
Осы күні математика пәнінің мұғалімі Абдіманап Р.А апай «Егер чемпион боламын десең...» атты 9-сыныптармен сыныптан тыс іс-шара өткізді. Әр түрлі сұрақтар қойылды, логикалық тапсырмалар берілді. ZOOM платформасы арқылы оқушыларды топқа бөліп әртүрлі сайыстар ұйымдастырылды.. Сабақ өте қызықты өтті.
2022 жылдың қаңтар айының 28 жұлдызында математика пәнінің мұғалімі Кемелжанова Үміт апай 10- сыныптармен «Математикалық турнир» тақырыбында сайыс сабақ өтті. Сыныптар топқа бөлініп, топтарының атын қойып, ұранын айтып әр топ өздерін таныстырып өтті. Математика , физика және информатика пәнінен жасырылған ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға ағылшын тілінде жауап берді .Сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын,белсенділіктерін байқадық, сабақ әдемі көңіл күймен, оқушыларды бағалап, олардың өз ойларын айтумен аяқталды.
Осы күні физика пәнінің мұғалімі Ержанова Ұлмайраш апай «Сұйықтар мен газдардағы қысым. Паскаль заңы» 7 «Б» сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді.
Қашықтықтан оқытудың біраз әдіс-тәсілдерін қолдану, кері байланыс алу, оқушыларды бағалау барысында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Оқушылар да сабаққа белсене қатысты. Сабақ өте қызықты өтті.
2022 жылдың қаңтар айының 31 жұлдызында «Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру» тақырыбында математика пәнінің мұғалімі Тотыбаева Л.Н 5 «Б» сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Өз інің іс-тәжірибесімен бөлісе отырып Лаззат апай сабақты өте жоғарғы деңгейде өткізді.Бірнеше платформаларды пайдаланды, оқушылардың сабаққа қатысуы өте белсенді болды. Тест тапсырмаларын орындау барысында оқушылар өздерін бағалай алды. Оқушыларды қашықтықтан оқыта отырып өте сапалы білім беріп жатқаны байқалды, Сабақ соңында оқушылар өз көңіл күйлерімен бөлісті.
Дәл осы күні информатика пәнінің мұғалімі Исабай Е.Ш «Квест» 9- сыныптар арасында интелектуалды ойын өткізді. Сайыс барысында түрлі тапсырмалар беріліп,оқушылар әртүрлі макеттер құрастырып, логикалық тапсырмаларды шешіп, компьютермен түрлі тапсырмалар орындап аса белсенділікпен сабаққа қатысты. Сонымен қатар көрермен болған оқушылармен де «Лото» ойыны ойнатылды.
2022 жылдың ақпан айының 01 жұлдызында информатика пәнінің мұғалімі Смагулова Мақпал апай «Тізім /List/» тақырыбы бойынша 9 «А» сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Бұл сынып информатика пәнін ағылшын тілінде өтетін сынып. Мақпал апай сабақты өте жақсы дайындықпен өткізді. Сабақтың барлық кезеңдерінде әртүрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың сабаққа деген ынталарын арттыра білді, сабаққа оқушылар аса белсенділікпен қатысты. Сабақта кері байланыс болды, оқушыларды әртүрлі әдістер қолдана отырып бағалады
2022 жылдың ақпан айының 02 жұлдызында физика пәнінің мұғалімі Абилгазина Сагымкул апай «Энергия. Энергияның айналу және сақталу заңы» тақырыбы бойынша 9 «Б» сынып оқушыларымен ашық сабақ өтті. Оқушылар “Kahoot” программасын пайдаланып оқушыларға тест тапсырмалары берілді. Сабақтың соңында оқушылар сабаққа қатысты өз ойларын айтты. Сабақта әр түрлі әдістер қолдана отырып оқушыларды ынталандыра білді. Сабақ тартымды өтті.
Жаратылыстану-математикалық (математика, информатика, физика пәндері) бірлестігінің апталығы қашықтықтан өткізілуімен ерекшеленді. Соған қарамастан апталыққа мұғалімдер ат салыса қатыса отырып өз тәжірибелерімен бөлісті және оқушылардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын оята білді..


Қорытынды, марапттау кеші 03 ақпан күні информатика пәнінің мұғалімі Жумадилова Динара апай өткізді..Бұл күні жеңімпаздардың, белсенді қатысушылардың тізімдері анықталды. Апталық іс-шараға қатысушыларға Watsapp желісі арқылы телеграмма жіберіліп марапатталды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет